Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ардақты бар Назипа деген ханым,

Газет-журнал жүзінде жұртқа мәлім,

Оқыса, сондай әйел шығар ед деп,

Оқығандар бағалар сөздің дәмін.

Неше күн қыдырсаң да таба алмайсың,

Семейдің одан адал жанын.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Дайындаған:

Г.Тобықбаева

кітапхана меңгерушісі


Мекен жайымыз:

А.Байтұрсынов атындағы көше, 38

Семей қаласы

www.shakarimschool.kz




Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын

мамандандырылған мектеп

Ұлы есімдердің құрметіне

қала көшелерінің аты берілген


Назипа Құлжанова

(1887-1934 ж.ж.)

(әдебиеттер тізімі)

Семей – 2013 жыл



Нәзипа Құлжанова – Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі. 1887 жылы 27 шілдеде А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды ұлы тұлғаларды дүниеге әкелген киелі Торғай өңірінде туған. Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. 1905 – 20 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен. 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, “Азамат серіктігі” ұйымына мүше болған. Орыс география қоғамы Семей бөлімшесінің атынан 1914 жылы 26 қаңтарында Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай және 1915 жылы 13 ақпанында Петроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне қаржылай көмек көрсету мақсатында әдеби кештер ұйымдастырды. “Қазақ”, “Сарыарқа” және “Алаш” газеттеріне әйел мәселесіне байланысты мақалалар жариялады. 1917 жылы Семей облысы қазақ съезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енді. 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамының мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі ОК-нің құрамына мүшелікке енген. “Мектептен бұрынғы тәрбие” (Орынбор, 1923), “Ана мен бала тәрбиесі” (Қызылорда, 1927) әдістемелік кітаптарын шығарды.

1992 жылдың 30 желтоқсан күнгі №1335 Семей қалалық әкімшілігінің басшысының шешімімен 1898-1924 жылдары Митрофанов, 1924-1992 жылдары париж Коммунасы атындағы көшені Нұрғали мен Назипа Құлжановтардың атымен атауға шешім шығарды. Бұл көше Құлжановтар жұмыс істеген М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің маңында орналасқан.


Әдебиеттер тізімі:
Ахметова Л. Қарлығаш қаламдастар. - Алматы : Қазақ университеті, 1993. - 112 б.
Бейсенбайұлы М. Ардақты бар Назипа деген ханым // Абай.-1996.-№3.-Б89-91
Жәрімбетова Н. Екеуі де еліне еңбек етіп еді, алайда қостанайлықтар Құлжановтар атын елемей отыр // Егемен Қазақстан. - 2008. - 13 мамыр.- Б.6.
Ерсәлімов Б. Орысша оқыған алғашқы қазақ қызы // дидар.-2012.-27 желтоқсан.
Кашляк В., тусумбаева Т. Летопись Семипалатинских улиц.-Семипалатинск,1998.-86 с.
Кәріпжанова Г. Қазақтың қайраткер қызы // Егемен Қазақстан.-2012.-26 желтоқсан.

Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш журналист // Дидар. - 2011. - 3 маусым.- Б.8.


Қазақ әдебиеті кеші // Абай.-1993.-№8.-Б.35-36

Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы: Екінші том.(ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейінгі кезең) /Құраст.:Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы:Рауан, 2008. -Б.106-112


Қазақша бастапқы ойын // Абай.-1992.-№2.-Б.9-10.
Нұғманбекова Р. Халық Құлжанованы қашан да қадір тұтады // Дидар.-2012.-27 желтоқсан.
Программа Киргизского Литературного-вокального-музыкального благотворительного вечера // Абай.-1992.-№2.-С.8
Программа: қазақша ойын/ән-күй,өлең-жыр // Абай.-1992.-№4.-Б.37
Саматов М. Потанин докладынан //Абай.-1992.-№ .-Б.6-7
Селкебаева А. Нәзипа Құлжанова: қоғамдық саяси және ұстаздық қызметі // Қазақ тарихы. - Алматы, 2011. - N 2.- Б.29-30.
Семипалатинск: киргизский ечер // Абай.-1993.-№4.-С.38
Шарипова М. Ардақты бар Назипа деген ханым// Семей таңы.-2012.-6 қараша

Ардақты бар Назипа деген ханым, Газет-журнал жүзінде жұртқа мәлім, Оқыса, сондай әйел шығар ед деп

Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі ок-нің құрамына мүшелікке енген. “Мектептен бұрынғы тәрбие” (Орынбор, 1923), “Ана мен бала тәрбиесі” (Қызылорда, 1927) әдіс

34.55kb.

25 12 2014
1 стр.


Ана деген – ардақты есім

Анасы бар адамдар еш қашан қартаймайды. Ана мейірімінің орны бөлек. Қазіргі кезде көп балалы аналар аз кездеседі. Бұрын заман қиындықтарына қарамай қай ұлт болсын 10, 11 немесе ең

37.36kb.

25 12 2014
1 стр.


Торгаева Э. А., Алипова Р. Т., Ахметова А. М., Оразбекова С. Т

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде дүние жүзінде екі миллиард адам су тапшылығынан зардап шегеді. Көптеген ғалымдар суды зерттей келе ол тек тіршілік көзі ғана емес

58.67kb.

04 09 2014
1 стр.


«Манхадж» деген не? Дағуатты жүргізудің шариғи шарттары бар ма?

Сондай-ақ, «манхадж» сөзінің астарынан «жол», «Аллаһтың үкімдерін жер бетінде орнатудың әдісі» дегенді де түсінеміз

49.08kb.

16 12 2014
1 стр.


ҚҰран мен сүннетте белгілі бір орынның Қасиетті екеніне нұСҚау болмаса да, оны қасиетті немесе киелі деп жариялау туралы

Тараудың басында тағы да бір рет кейбір үзінділерді келтіреміз, оқырман бізді іс жүзінде жоқ нәрсе туралы сөз етіп жатыр деп ойламауы үшін

55.12kb.

25 12 2014
1 стр.


Ерлер мен пірлер: «Төрт батырға» тағы бір үңілгенде

Тіпті Кеңестің тұсында да балам өскенде бай болсыншы деген ата-ана некен-саяқ болған шығар. Әрине, ешкім ұл-қызының мұқтаждықпен күн кешкенін қаламайды

68.47kb.

14 10 2014
1 стр.


Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Меирбекова Назипа Нүгербекқызы 2 «Б»класс. Қазақ тілі Эпиграф «Қыс мезгілі өзінше тамаша!» Сабақтың тақырыбы

Тәрбиелік: Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, балаларды көркемдікке тәрбиелеу

56.02kb.

14 10 2014
1 стр.


Бақтыбай Жолбарысұлы (1842-1902 ж ж.)

Аңламас қарияның балларын сондай күшті аңдардың атымен атауында гәп бар. Күш пен айланың заманында аю,жолбарыс сияқты батыр туса екен деп армандаған болуы керек,бірақ оның ұрпағына

86.63kb.

14 12 2014
1 стр.