Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ана деген – ардақты есім

Анасы бар адамдар еш қашан қартаймайды. Ана мейірімінің орны бөлек. Қазіргі кезде көп балалы аналар аз кездеседі. Бұрын заман қиындықтарына қарамай қай ұлт болсын 10, 11 немесе ең аз деген де 6 бала өмірге әкеліп өсірген. Сол көп балалы аналардың бірі Жібек Нәбиқызы 1939 жылы туған.

Хмельницкий аулының тұрғыны Жібек Нәбиқызы 11 баланың анасы. Жолдасы Қайдар Темірбекұлы екеуі барлық балаларын тәрбиелеп өсірді. Қазіргі кезде балаларынан өсіп тараған 11 немересі бар. Көп уақыт қажымай еңбек атқарып жүріп балаларына білім алуына жағдай жасап тәрбие берген ана 55 жасында Алтын алқасын алып марапатталған. Ұл қыздарына өнегелі тәрбие берген ана әрі немелерінің асыл әжесі. Жібек әжеміз жастарға үлгі боларлықтай батыр ана. 9 басына өмірдің дұрыс жолын көрсетіп қиыншылықтан қорықпай өмірдің сан қилы жолдарын өткізіп балаларының қызығын көріп отыр. Қазіргі таңда батыр анаға жетер жастар барма? Жібек әжеміз жастарға өзінің жолын тілейді әр баланың өзінің несібесі бар демекші қазіргі кезде мемлекет тарпынан қамқорлық көсетіп отырғанда өмірге ана болып балаларының көп болуын және барша халықты 8 наурыз мейрамымен құттықтап ел тыныштығын тілейді.

Ұзақ жылдар ауылшаруашылық саласында жұмыс істеп, «ІІІ Дәрежелі Еңбек Даңқы» Орденімен марапатталған.

Қадыс Жазира.

Аға лейтенант Әлия

Аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Әлия Аймульдина әріптестері арасында құрметке ие. Мұның басты себебі оның өз қызметін тиянақты түрде атқаруына тікелей байланысты.

Әлия Аймульдина бөлімдегі білікті, білімді мамандардың бірі. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мамандығы бойынша, Алматы қаласындағы құқық және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын аудандық сотта аудармашы болып бастап, бөлім қызметкерлеріне қазақ тілі пәнінен дәріс те берді.

Көші-қон тобындағы Әлия Аймульдинаның жұмысының жауапкершілігі жоғары. Аптаның әр күнінде де бұл араға келетін адамдардың қатары үзілмейді. Алыс-жақын шетелдерден ауданға келген адамдарды тіркеуге алады. Және де Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін шетелден келген азаматтардың құжаттарын ресімдеумен де ішкі істер бөлімінің көші қон тобы шұғылданады. Осы жұмыстарға қоса заңсыз миграцияны анықтаумен де шұғылданады. Мәселен, 2009 жылы Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзған 148 адам жауапкершілікке тартылса, оның ішінде 72 адам елімізден шығарылған. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға қатысты 57 және де алыс жақын шетелдерде тұрақты тұруға қатысты 84 құжатты талапқа сәйкес ресімдеп, құзырлы органдарға жолдаған. Дәлірек айтқанда, осы жұмыстармен аудандық көші-қон тобы шұғылданып келеді.

Әлия Аймульдина – ардақты ана. Жолдасы Ахмер Аймульдинмен бірге екі баланы тәрбиелеп өсіруде.
Білікті маман

Еңбек жолын осыдан үш жыл бұрын бастаған Астаева Айда аз уақыттың ішінде білікті мамандардың қатарынан табыла білді.

Жоғары білімді. Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразиялық Университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі кезде аудандық әділет басқармасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі маман болып қызмет істейді. Бұған дейін аудандық оқу бөлімінде жетім балалардың құқығын қорғау жөніндегі жұмыстармен шұғылданған. Дәлірек айтқанда атқарып келе жатқан жұмыстарының жауапкершілігі жоғары. Оқу бөлімінде жетім балалардың құқын қорғау жұмыстарымен шұғылдана жүріп, күрмеуі қиын небір қиын жұмыстарға тап болды. Себебі жетім балалардың тағдыры жеңіл-желпі қарайтын жұмыс емес. «Жетім көрсең жебей жүр» дегендей тағдырдың теперішін жастай тартқан жас өспірімдердің жағдайына үлкен жауапкершілікпен қарап, өзіне жүктелген міндетті әр кезде де тиянақты орындады. Ал, әділет басқармасындағы қызметін де оңай деп айта алмайсың. Жылжымайтын мүліктің заңды иесін анықтап, оны мемлекеттік тіркеуге алу қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі. Мұнда келетін адамдардың саны да өте көп. Астаева Айда болса әр адамның өтінішіне назар аударып, заңдық тұрғыдан кеңесін беріп, өзіне жүктелген міндетті тиянақты түрде атқарып келеді.

Ұлық мереке тойланады

13 наурызда сағат 11.00-äå аудандық мәдениет үйінде пайғамбарымыз Мұхаммед мұстафа (с.ғ.с.) туған күніне орай ұйымдастырылып отырған, мәуліт мерекесніе арналған мәдениі шара өткізіледі. Биылғы Мәуліт мерекесінде әдеттегідей ұлық Пайғамбардың атына мадақ айтылады. Діни өлеңдер шырқалып, ислам дінінің асыл қасиеттері жөнінде уағыз айтылады. Бұдан кейін мәдениет үйінде басталған діни шара аудандық мешітте жалғасын табады.

Құрметті жамағат, осыған орай сіздерді қасиетті Мәуліт мерекесіне шақырамыз.

Аудандық «Қызыр» атындағы мешіт.


Байқау өтеді

10-шы наурыз күні сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі «Наурыз аруы» байқауы өтеді. Қазақ қыздарының бойындағы асыл қасиеттерді тереңінен көрсететін байқауға өзінің бағын сынауға талпынған кез-келген арудың қатысуына болады. Байқаудың талабы – қазақ аруларының өнерін көрсету, салт-дәстүрді насихаттау. Байқау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өтеді.



Құрметті арулар, біз сіздерді арулар байқауына қатысуға шақырамыз. Сондай-ақ байқауға көрермен ретінде аудан тұрғындарын да шақырамыз.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Ана деген – ардақты есім

Анасы бар адамдар еш қашан қартаймайды. Ана мейірімінің орны бөлек. Қазіргі кезде көп балалы аналар аз кездеседі. Бұрын заман қиындықтарына қарамай қай ұлт болсын 10, 11 немесе ең

37.36kb.

25 12 2014
1 стр.


Ардақты бар Назипа деген ханым, Газет-журнал жүзінде жұртқа мәлім, Оқыса, сондай әйел шығар ед деп

Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі ок-нің құрамына мүшелікке енген. “Мектептен бұрынғы тәрбие” (Орынбор, 1923), “Ана мен бала тәрбиесі” (Қызылорда, 1927) әдіс

34.55kb.

25 12 2014
1 стр.


Есім хан (1598-1628 (1645) ж ж. билік құрған)

Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырла

46.1kb.

25 12 2014
1 стр.


№36 орта мектеп

Сабақтың мақсаты: топта жағымды психологиялық жағдай қалыптастыру,топ мүшелерінің ана тіліне, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру

53.54kb.

25 12 2014
1 стр.


Спорт деген бір сиқЫР, спорт деген саясат «Спорт деген бір сиқыр»

«Спорт деген бір сиқыр», «спорт деген саясат» деген сөздердің ойдан шығарылмағанын ескерсек, салауатты өмір салты, спортқа баулу мәселесі басты назарда ұсталатын маңыздылардың бірі

14.09kb.

09 10 2014
1 стр.


1. Заттың атын білдіретін сөздерді не деп аталады? а етістік ә үстеу б сан есім в зат есім

Жылы күркеде отырып,бәріміз шіл сорпасын іштік в Ертең қаладан сүйікті әжем келеді

56.21kb.

04 09 2014
1 стр.


Студент мемлекет қайраткері. Реттік сан есім

Мақсаты: Реттік сан есім туралы білімдерін тереңдету, сөздік қорларын молайту, жүйелі түрде ауызекі сөйлеуге машықтандыру

73.93kb.

12 10 2014
1 стр.


Ерлер мен пірлер: «Төрт батырға» тағы бір үңілгенде

Тіпті Кеңестің тұсында да балам өскенде бай болсыншы деген ата-ана некен-саяқ болған шығар. Әрине, ешкім ұл-қызының мұқтаждықпен күн кешкенін қаламайды

68.47kb.

14 10 2014
1 стр.