Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

Ю. А. ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ № 8 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Олар Отан үшін шайқасты»

Тарих пәнінің мұғалімі:



Жаханова Р. М.

Байқоңыр қаласы



Тақырыбы: «Олар Отан үшін шайқасты «

(Ұлы Отан соғысының 65жылдығына арналған іс - шара)


Мақсаты: -Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мәні

туралы мағлұмат беру;

-Ұлы Отан соғысындағы ардагерлеріміздің киелі есімін таныстыра отырып, оқушылардың рухани білімін, өмірге деген құштарлығы мен ой-өрісін кеңейту;

-Отан үшін жан қиған ағалар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып,

оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

-оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау және отансүйгіштікке, батылдық пен шыншылдыққа баулу, қиындықты жеңуге, достарына адал болуға, табиғатты, туған елін сүюге тәрбиелеу.


Тәрбие жұмысының түрі: тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының әдісі: үлгі алу, сұрақ-жауап,
Көрнекіліктері: мультмедиялық проектор, плакат, газет – журналдар, қанатты сөздер.

Барысы:


Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсысымыз үшін жақында қымбат мереке 1941-1945 жылдарындағыҰлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын. Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің катарымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкімде ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл- біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

Солай болғандықтан да өскелең жас ұрпақты, сіздерді аға буынның майдан тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу - міндетіміз.

Вальс ойнап тұрады. Сахнада түлектер жұптасып билеп жүр. Олар жай, ақырын әңгімелесуде.




Кенеттен музыка тоқтап, сырттан авиабомба, снарядтардың жарылған дыбысы естіледі. Қыздар қорыққандарынан қолдарымен басын бүркіп тұр. Ал жігіттер оларды құшақтарына қысып, қорқыныштан сақтағысы келеді.

Бәрі жан-жақта. Радиотораптан диктор Левитанның қатқыл дауысы естіледі.

« Кеңес үкіметінің ақпараттық бюросынан 22 маусым сағат таңғы 4-тер шамасында фашистік Германия еш хабарлаусыз Кеңес Одағына шабуыл жасады».

Оқушы: Соғыс!Соғыс!Соғыс!

1-жүргізуші:Адамдардың тыныш өмірі бұзылды. Арман, махаббат, бақыт- бәрі өртке өртенгендей бір сәтте сөнді де қалды.





Музыкалық әуен. Сахналық қойылым: ақ түсті көйлек киген қыз балалар сүйіктілерін құшақтап, жылап тұр .



Қойылым: «Ананың баламен қоштасуы»
АНА: О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!
Баласы: Анам! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам! Анам! Жан анам!
Қыз: О, сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш боп қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Жоқ. Тығылмаңыз! Биік боп, еш оқ пен гранатты аямай жауды жеңіп оралуға тырысыңдар!Қайта орлуға тырысыңдар! Сау бол!!!(Қыздар орамалдарын бұлғап, шығарып салады)

Күтші мені! Мен оралам,

Тек қана күт.

Көңілің түскен

Жаңбырлы күндері күт!

Қарлы борандарда күт,

Қапырық ыстықта күт!

Кешке ұмытып

Басқалар күтпегенде күт.

Алыстан хат келмегенде күт,

Барлығы күтуден шаршағанда күт.

Күтші мені, мен оралам!


Қыздың солдатқа жазған жауабы:
«Сенің жақын арада елге аман оралатыныңа мен сенемін. Бәлкім, жағдайың онша емес те шығар. Бірақ ақ жүзіңдегі күлкі табы сол қалпында қаларына да сенемін. Бұның түс емес екенін, сенің елес емес екеніңді ұғамын. Сен оралғанда қуанышпен алдыңнан шықсам,сен менің бетімнен сипап, құшағыңа аласың. Солай болатынына сенемін.Жақын болмаса да, түбі оралатыныңа сенемін»
Оқушы: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті.

Қазақстаннан мйданға1 миллион 196 мың 164 адам шақырылды. Соның әрбір төртіншісі шабуыл алаңында көз жұмды. Қазақстанда 20-дан астам 30 түрлі ұлт өкілдерінен тұратын атқыштар дивизиясы құрылған болатын.

Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

Ән. «Бейбітшілік сақталады» (хор)

1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар аралығында құрылған әскери орталықтар түрлі және шешуші шабуылдарға қатыстырылды.


2-жүргізуші: Қамқорсыз өмір бір күн ішінде 4 жыл , 1418күнге айырбасталды. 1418 күн бойы жан-жағында қан, өлім, ауырлық пен жақындарынан айырылу. Жігіттер мен қыздардың қаза болуы


«Солдат»

Оқ борады күні-түні,

Жатты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ оқты алып.
Қойылым «От басында»

Солдаттар өзара әңгіме құрып, попури айтып, ертеңгі күнге дайындық жасап отыр



1-жүргізуші: Соғыста олар тек соғысып қана қоймай, қимай шығарып салған

ардақты ана, сүйікті жар, сәбилерін, Отанын, үйін де естерінен шығармады. Хат жазып тұрды.



2-жүргізуші: Мәскеу түбіндегі шайқаста генерал Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясының аты шықты.


1- жүргізуші: Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.

Оқушы:


Қасарысты жиырма сегіз,

Тынбай атты гранатты.

«Отан» деген отты лебіз-

Жандарынан жалын атты.

Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде,-

Ерлік даңқы- жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.


Оқушы: Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 Панфиловшының 23-і қаза тапты, 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
Орыс, қазақ , қырғыздан,

Құрылған бұл шағын топ.

Жауға үрей туғызған,

Жайпап түсер жалын боп.

Даңқ қосып даңқыңа,

Сұрапылға төтеді.

Борыштарын халқына,

Ерлігімен өтеді.

Оқушы:

Жиырма сегіз, жиырма сегіз- бір ғалам,



Анау жаудың танктері лаулаған.

Ресей кең, Отан кең; артымызда Москва.

Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам шегінуге



Қойылым «Бауыржан Момышұлы»

Генерал: Генерал үстел басында жергілікті картадан көз алмай қарап отыр.

Бауыржан кіруге рұқсат сұрап, қасына жайғасты. Генерал «Әуелі тамақтанып алайық, сосын ұрыс тактикасын зерттейміз», - деп айтқанша болмай.

Бауыржан: Тамағымнан бір тамшы су да өтер емес,- дейді

Генерал: Жоқ, сонда да әуелі тамақтанғаныңыз дұрыс.( Қара нан мен шайды екеуі бөлісіп жеп алады). Кейін генерал оған ұрыс тактикасын түсіндіріп, сөзінің соңында: Ал, Бауыржан, іске сәт! Сен маған осы жерде тірідей керексің! Аман оралуыңа тілектеспін,- деп шығарып салады.
Ән «Ел қорғауға әзірміз» ( ұлдар орындайды)
1- жүргізуші: Қазақстандықтар өздерін батылдықпен және батырлықпен көрсете алды. Осылайша жеңіс күні жақындай түскен еді. 512 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Соның бірі, Ленинградтағы шайқаста жау оғын өз кеудесімен жауып,ерлік көрсеткен жерлесіміз Сұлтан Баймағанбетов.
Оқушы:біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен айтады.

Даламыздың даңқысын,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін.

Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

2-жүргізуші: Мәншүк Орал облысының, Орда ауылында дүниеге келді. 1942 жылы 20 жастағы Алматы медицина университетінің студенті өз еркімен соғысқа аттанады. «Менің орным сонда. Өз елімді жаудан қорғау менің азаматтық борышым» деп есептеледі.

Өлең «Мәншүк»

1-жүргізуші: Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Талдысай елді мекенінде дүниеге келді. Соғыс басталғанда Әлия 15 жаста еді. Нәзік әрі әлсіз Әлия атқыштар мектебін үздік бітіріп, Ленинград түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапты




Өлең «Әлия»

Музыкалық әуен: «Әлия» сөзі Б. Тәжібаев, музыкасы С. Бәйтереков



1-жүргізуші: Сұрапыл соғыста қаза болғандарды еске алуға 1-минуттық үнсіздік. (сағат дыбысы естіледі)




Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Сүйінші , халқым сүйінші,

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан ата-бабамыз!

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той мереке!


2-жүргізуші:

Жеңіс күні- адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы

9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Өлең «Бақытты балалық шақ»



2-жүргізуші: Әйел-солдат: ана, апа. Сүйікті жар. Қаншама қиындық пен жоғалту олардың үлесінетиді.Майданнан ұлын, аға-інісін, жолдасын күтті. Сөйте тұра, бала да тәрбиелеп, егін баптап , станок жанында тұрды. Ал кейбіреулері ер адамдармен бірге қан майданда айқасты.



Левитанның сөзі:

Кеңес үкіметінің ақпараттық бюросынан! 8 мамыр 1945 жылы Берлинде Германияны капитуляциялау туралы акт жасалды. Кеңес одағының фашистік Германияға қарсы Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды!



1-жүргізуші: Біз сол сұм соғысты жеңдік. Үйімізге сүюге, өмірге қуануға оралдық.


Ашық сабақ Тақырыбы: «Олар Отан үшін шайқасты» Тарих пәнінің мұғалімі: Жаханова Р. М

Отан соғысындағы ардагерлеріміздің киелі есімін таныстыра отырып, оқушылардың рухани білімін, өмірге деген құштарлығы мен ой-өрісін кеңейту

76.48kb.

16 12 2014
1 стр.


Ашық сабақ 3 «А» сыныбы Темірханова Ш. С. ән-күй пәнінің мұғалімі Тақырыбы

Көрнекілігі: Н. Тілендиевтің суреті, табиғат суреттері мен ою-өрнектер, домбыра аспабы, ою дәптер, бейне таспа, үн таспа

75.15kb.

12 10 2014
1 стр.


Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы:Үш арыстың үлгілері

Орындаған: №68 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі : Елғондиева Сайран

34.69kb.

14 10 2014
1 стр.


10 «А» сынып оқушысы

Біз, 10 «А» сынып оқушылары, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дәмелі Тасболатқызымен бірге қыркүйектің он тоғызыншы жұлдызында «Тіл тірегі – шешендік сөздер» атты ашық сабақ өткіздік

10.81kb.

17 12 2014
1 стр.


Ю. А. Гагарин атындағы №8 мектеп Математика пәнінің мүғалімі Таубаева Сауле Абайқызы Сабақ тақырыбы

Сабақ тақырыбы: a2 – b2 = (a – b)(a + b) формуласын қолданып, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

77.33kb.

25 12 2014
1 стр.


7-сынып. Физика. Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Ерпаизова Куланда Еділқызы Физика-информатика пәнінің мұғалімі Сабақ тақырыбы: §43. Қысым. Сабақ мақсаты

Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері туралы түсінік беру

74.14kb.

09 10 2014
1 стр.


Ашық сабақ 3-сынып Сабақтың тақырыбы

ОҚО, Төлеби ауданы, «Қаратөбе» негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анарбекова Бибігүл Рысқұлбекқызы

44.47kb.

08 10 2014
1 стр.


Тарих пәнінің мұғалімі: Жолдыбаева Раушангуль Турсынахуновна Тақырыбы: XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығының қоғамдық құрлысы

Мақсаты: xv-xviiiғғ.Қазақ хандығының басқару жүйесі, ұлыстық құрамы, әлеуметтік құрамы, заң, салық, міндеткерлік түрлері туралы түсінік беру

24.18kb.

25 12 2014
1 стр.