Источник: ИС Параграф WWW
https://online.zakon.kz, дата последнего изменения документа: 2012.09.17
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 cәуірдегі
№ 384 қаулысымен
бекітілген
«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тұтынушының тұрғылықты жері бойынша мекенжайлары «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін кент, ауыл (село), ауылдық селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі - селолық округтің әкімі) жүгінеді.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетіледі. Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағы және жергілікті өкілді органдардың (маслихаттардың) шешімдері негізінде ұсынылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің, орталықтың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
уәкілетті органда - он жұмыс күні ішінде;
тұрғылықты жері бойынша селолық округ әкіміне - он бес жұмыс күні ішінде;
орталықта - он жұмыс күні ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты (талон алғанға дейін) - 30 минуттан аспайды;
3) тұтынушыға өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты - 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
Орталықтың жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет:
тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайында;
залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.
Уәкілетті органның, селолық округ әкімінің және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі - еркін.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1427 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) салық төлеушіні тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
5) жұмыс орнынан анықтама;
6) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке шот бар екендігін растайтын құжат.
12. Мемлекеттік қызмет тұтынушыға қажетті құжаттарды ұсына отырып еркін нысанда жазылған жазбаша өтініші бойынша көрсетіледі.
13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті толтырылған өтініш пен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жері бойынша селолық округтің әкіміне тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат жазылған уәкілетті органның стендісінде орналастырылған.
14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:
уәкілетті органда немесе селолық округтің әкімінде - тұтынушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;
орталықта:
өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні;
сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған жауапты инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
15. Әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру:
уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне жеке өтініш не пошталық хабарлама арқылы;
орталыққа өзі барған кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
16. Тұтынушының құжаттарды тапсыру кезінде толық емес және (немесе) жалған мәліметтер ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату және (немесе) тоқтата тұру үшін:
1) тұтынушының қайтыс болуы;
2) тұтынушының ауылдық елді мекеннен көшіп кетуі;
3) тұтынушының мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарынан жұмыстан шығуы негіздеме болып табылады.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтен бас тарту, тоқтату (тоқтата тұру) үшін негіздеме анықталған жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде тұтынушыға бас тарту, тоқтату (тоқтата тұру) себептерін көрсете отырып хабарлама береді.
Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсеткен кезде уәкілетті орган мемлекеттік қызметтен бас тарту, тоқтату (тоқтата тұру) үшін негіздеме анықталған жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бас тарту, тоқтату (тоқтата тұру) себептерін көрсете отырып, кейіннен тұтынушыға жіберу үшін орталыққа хабарлама жібереді.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның, селолық округ әкімінің және орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік міндетін орындау барысында заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және ол сыпайылық, толыққанды ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижесі
18. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның, селолық округ әкімінің және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі және шағымды дайындауда жәрдем көрсетілетін мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері осы стандартқа 1, 4, 5-қосымшаларда көрсетілген.
Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары бойынша түсіндіріледі.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкілетті органның басшысының атына беріледі.
22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі уәкілетті органның, облыс әкімі аппаратының, орталықтың ақпараттық стендісінде көрсетілген уәкілетті органның, облыс әкімі аппаратының, орталықтың басшысының атына немесе селолық округтің әкіміне беріледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс әкімі аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 6-қосымшаларда көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш және талап беру себебі көрсетіледі.
25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күні, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.
ҚР Үкіметінің 2012.17.08. № 1059 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу бойынша
әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізбесі
Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімдері
Р/с №
|
Уәкілетті органның атауы
|
Уәкілетті орган орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №), электронды поштаның мекенжайы
|
Телефон нөмірі
|
Жұмыс кестесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 [email protected]
|
8-71638 2-10-48
|
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін
|
2
|
Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz
|
8-71644 2-13-76
|
3
|
Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz
|
8-71641 2-25-34
|
4
|
Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 [email protected]
|
8-71643 2-45-69
|
5
|
Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 [email protected]
|
8-71646 2-14-26
|
6
|
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 [email protected]
|
8-71642 2-15-44
|
7
|
Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 [email protected]
|
8-71639 2-21-29
|
8
|
Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 [email protected]
|
8-71633 2-37-44
|
9
|
Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 [email protected] [email protected]. kz
|
8-71647 2-16-57
|
10
|
Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Жақсы ауданы, Жақсы ауылы,Достық көшесі, 3 [email protected] [email protected]
|
8-71635 2-13-00
|
11
|
Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz
|
8-71648 9-17-02
|
12
|
Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Зеренді ауданы, Зеренді ауылы,Бейбітшілік көшесі, 64 [email protected]
|
8-71632 2-11-68
|
13
|
Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 [email protected]
|
8-71637 2-11-83
|
14
|
Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 [email protected]
|
8-71640 9-17-43
|
15
|
Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 [email protected]
|
8-71651 3-11-10
|
16
|
Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22 [email protected]
|
8-71631 2-19-75
|
17
|
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы,8 наурыз көшесі, 24 soczachita@ kokshetau. online.kz
|
8-71636 4-27-68
|
18
|
Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Степногор қаласы, 4-шағын аудан [email protected]
|
8-71645 6-26-33 6-20-30
|
19
|
Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі,9 а [email protected]
|
8-71623 1-92-76 1-92-78
|
следующая страница>