Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2008 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
14 - қосымша
"Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала
мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау "
мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
-
Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: "Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: жартылай автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет мынадай негіздемелер бойынша ұсынылады:
1)Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" Заңының 31-бабының 1- тармақ;
2)Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізілімін бекіту туралы" қаулысының 4-бөлімінің 90-тармағы;
4. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде мемлекеттік орган "Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты" Мемлекеттік қызмет көрсету орны:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №19
5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны:
отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала
мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларына көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 20 минут.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімін (медициналық карта, белгіленген үлгіде толтырылған өтініш хат) алуға тұтынушының алғаш өтініш жасаған кезінен бастап - 30 жұмыс күні;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 30 минут;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері - 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекетік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі
– бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттар, Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми сайты (www.karatoba.westkaz.kz). Бұл стандарт «Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының 1 қабатындағы дәліздегі қабырғада орналасқан, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №19.
10.Жұмыс кестесі – күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, үзіліс уақыты сағат 13.00-14.30 дейін, аталған мемлекеттік қызыметті алу үшін алдын-ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.
11. Осы мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылатын қолайлы жағдайлар:
1) бөлмеде мемлекеттік және орыс тілдерінде арыздардың үлгілері көрсетілген жазу үстелдері мен орындықтар қойылған;
2) кабинеттердің қасында күтуге орындықтар қойылған;
3) жаз мезгілдері тұрақты температураны сақтау үшін ауа тазартқыш орналасқан.
4) өрт қауіпсіздігі талаптары сақталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, қажетті құжаттардың тізбесін аудандық мәслихаттың шешімімен анықталады.
13.Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруға өтініш бланктері берілмейді. Өтінішті еркін нысанда арыз берушінің өзі толтырады.
14.Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжатты тапсыратын жауапты адамның кабинетінің мекенжайы мен нөмірі: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны: 31-1-91.
15.Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат – қабылдау күні көрсетілген маманның берген қолхаты.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – өтініш беруші жеке жолыққан кезінде мамандар қортындысын хабарлайды.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға немесе бас тартуға негіздемелердің толық тізбесі:
1) осы стандарттың 12-тармақшасында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінің толық болмауы;
2) өтініш иесі әлеуметтік көмек алуға бір жылда екі реттен артық алған жағдайда.
3. Жұмыс қағидалары
18. Аппарат мамандары жұмыс барысында мынандай қағидаттарды басшылыққа алады: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты ақпарат беру, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшадағыға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21.Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның телефонының, кабинетінің нөмірі:
Тұтынушы егер аппарат мамандарына шағымданған жағдайда, Аппарат басшысы шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №19, 2 қабат, 7 кабинет, телефоны: 31-5-35.
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның кабинетінің нөмірі:
Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы .Қаратөбе ауданы әкімінің аппаратында қабылданады, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №19, 2 қабат, 3 кабинет, телефоны: 31-6-33.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжаттың атауы: азаматтың жазбаша жүгінуін кіріс журналына тіркеп, тіркеу туралы талон немесе азаматты жеке мәселесімен қабылдау бойынша қабылдау уақыты көрсетілген карточка беріледі. Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, және қарауға жатады. Қарау мерзімі 15 күнтізбелік күн. Шағымның қаралу барысы туралы мәліметтерін бөлімнен білуге болады, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны: 31-1-91.
6. Байланыс ақпараты
24. Байланыс мәліметтері: Тұтынушыларды қабылдау Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
1) Жауапты маман:
Мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны: 31-1-91, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін.
2) Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының жетекшісі:
Мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №19, 2 қабат, 7 кабинет, телефоны: 31-5-35, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін.
Жоғары тұрған ұйымдардың байланыс мәліметтері:
1) Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №19, 2 қабат, 7 кабинет, телефоны: 31-5-35.
25.Қосымша ақпарат: _______________________________
«Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
ҚОСЫМША
Кесте.Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi.
Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi
|
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi
|
Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi
|
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.Мерзімділігі
|
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының % үлесi
|
|
|
|
1.2 қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт кеткен тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1 қызметтi ұсыну үрдiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтыну-шылардың % (үлесi)
|
|
|
|
2.2 құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсiмдеген жағдайдың (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % (үлесi)
|
|
|
|
3. Қолжетiмдiлiк
|
3.1 қызметтi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|
3.2 тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бiрiншi реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесi)
|
|
|
|
3.3 интернет арқылы қолжетiмдi қызметтерiнiң ақпарат % (үлесi)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерiсi
|
4.1 қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың % (үлесi)
|
|
|
|
4.2 белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың % (үлесi)
|
|
|
|
4.3 шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтыну-шылардың % (үлесi)
|
|
|
|
4.4 шағымдану мерзiмiне қанағат-танған тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1 қызметкерлердiң сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)
|
|
|
|