Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 6страница 7
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 10.05.2012 14:36:28
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

394 қаулысымен



бекітілген

 

 

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес

медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) көрсетеді. Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 24-бабының 1-тармағы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысының 1-тармағы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6714 тіркелген) негізінде ұсынылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің: http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, орталықтың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны арқылы алуға болады.

5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметтер көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар):

1) жасы он сегізден асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге;

2) психоневрологиялық патологиясы бар немесе тірек-қимыл аппаратының функциясы бұзылған мүгедек балаларға;

3) жалғыз тұратын бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен қарттарға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

уәкілетті органға - он жеті жұмыс күні ішінде;

орталыққа - он жеті жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет құжатын (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты уәкілетті органда 15 минуттан, орталықта 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті органның:

демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

2) орталықтың:

күн сайын үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде: мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет:



1) тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның үй-жайларында көрсетіледі, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгілері ілінген ақпараттық стенділер бар, мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсету үшін жағдай көзделген;

2) залында анықтама бюросы, кресло, толтырылған бланк үлгілері ілінген ақпарат стенділері бар орталықтың үй-жайында көрсетіледі, мүмкіндіктері шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсетуге жағдай көзделген.

Уәкілетті органның және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай келеді, күзету және өртке қарсы сигнал берумен жарақтандырылған, үй-жайға кіру режимі - еркін.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:

1) тұтынушының жазбаша өтініші, ал кәмелеттік жасқа толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдарға - заңды өкілінің (баланың ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе белгіленген нысандағы медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) баланың туу туралы куәлігі немесе тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі;

3) ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру және тұтынушының әлеуметтік жеке коды туралы куәлігі қосымша ұсынылады;

4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

5) белгіленген нысан бойынша медициналық карта;

6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

7) жасы он сегізден асқан адамдарға - еңбекке қабілетсіздігін тану туралы сот шешімі (болған жағдайда);

8) зейнеткер жастағы адамдар үшін - зейнеткер куәлігі;

9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соларға теңестірілген адамдар үшін Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысы және соларға теңестірілген адамдардың мәртебесін растайтын куәлік.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.

12. Уәкілетті органда өтініш пен медициналық картаның нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.



Орталықта өтініш пен медициналық картаның нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған өтініштің, медициналық картаның нысандары мен басқа да құжаттар электрондық поштасының мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стенділерінде орналасқан.



Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде құжаттар «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:



1) уәкілетті органда - өтініш берушінің тіркелген және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

2) орталықта:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты жеткізу:



1) уәкілетті органға жүгінген кезде - тұтынушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өзі келген кезде не пошта байланысы арқылы;

2) орталыққа жүгінген кезде - тұтынушы тұрғылықты жері бойынша орталыққа өзі келген кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік және мемлекеттік емемс мекемелерге (ұйымдарға) мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылады:



1) әлеуметтік қызмет көрсету үшін қабылдауға тұтынушыда медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы;

2) осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың бірінің болмауы;

3) көрінеу жалған құжаттама беру.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген себептер бойынша бас тарту себебін жазбаша жауаппен дәлелдейді және құжаттар пакетін алғаннан кейін он алтыншы жұмыс күні құжаттарды қайтарады және кейін тұтынушыға беру үшін бас тарту себебін көрсете отырып, орталыққа хабарлама жібереді.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары



 

17. Уәкілетті орган мен орталық қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның, орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, оның заңды мекенжайы, электрондық поштасының мекенжайы, телефон нөмірі осы стандартқа 1, 4-қосымшаларда көрсетілген.



Орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефондары арқылы түсіндіріледі.

21. Көрсетілген қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайларда шағым осы мемлекеттік қызметті көрсетудің ұйымдастырылуына жауапты мемлекеттік орган басшысының атына беріледі, олардың атауы, жұмыс кестесі және электрондық мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген.

22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым, кабинет нөмірі уәкілетті органның, облыс, Астана мен Алматы қалалары әкімі аппаратының, орталықтың ақпараттық стендісінде көрсетілген уәкілетті органның, облыс, Астана мен Алматы қалалары әкімі аппаратының және орталық басшысының атына беріледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімі аппаратының, орталықтың телефоны мен орналасқан мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 5-қосымшаларда көрсетілген.

23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушының қолы қойылған болуға тиіс. Шағым берілгенде қызметіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру және талап ету себептері көрсетіледі.

25. Жазбаша шағым берген өтініш берушіге берілген шағымға жауап алуға болатын күні және уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурсы: http:/www.enbek.gov.kz.

 

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен



қызмет көрсететін мемлекеттік және

мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік

мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет

көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша

 

 

Уәкілетті органдардың тізбесі

 

Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімдері

 

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақкөл ауданы,Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетовкөшесі, 81 [email protected]

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 [email protected]

8-71646 2-14-26

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 [email protected]

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 [email protected]

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 [email protected]

8-71633 2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 [email protected] [email protected]. kz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жақсы ауданы,Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 [email protected] [email protected]

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Зеренді ауданы,Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 [email protected]

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 [email protected]

8-71637 2-11-83

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP @kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Целиноград ауданы,Ақмол ауылы,Гагарин көшесі, 15 [email protected]

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 22 [email protected]

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@ kokshetau. online.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Степногор қаласы,4-шағын аудан [email protected]

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 а [email protected]

8-71623 1-92-76 1-92-78

 


следующая страница>


Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес

Сқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі уәкілетті орган), сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет

1023.67kb.

25 09 2014
7 стр.


Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес

Сқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі уәкілетті орган), сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет

997.53kb.

25 12 2014
7 стр.


«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті

Алар бөлімі (бұдан әрі уәкілетті орган) көрсетеді, олардың тізбесі, мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламентіне 1 қосымшада көрсетілген, сондай-ақ баламалы негізде

289.97kb.

15 10 2014
1 стр.


«5» қаңтар 2005 жылғы «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы №27 қаулысымен бекітілген

«Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Мемлекеттік мекеме», қалалық бюджеттен қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым болып табыла

122.69kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсететін Мемлекеттік қызмет стандарттарының тізімі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының

3134.45kb.

05 09 2014
19 стр.


«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті

Жеке тұлғалар: оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасыны

266.98kb.

13 10 2014
1 стр.


Мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік органдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтеріне

Мемлекеттік қызмет алушылардың әлеуметтік сауалнама жүргізілуі және/немесе мемлекеттік қызмет көрсету карточкаларының негізінде есептеледі қанағаттанушылығы жөнінде ақпарат

36.96kb.

12 10 2014
1 стр.


2013 жылғы 14 ақпандағы №23 аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

99.08kb.

17 12 2014
1 стр.