Перейти на главную страницу
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1271 қаулысымен
бекітілген
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті:
2) байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің департаменттері (бұдан әрі - Департаменттер) көрсетеді.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Департаменттер республикалық бюджеттен қаржыландырылатын объектілерге және шетелдің қатысуымен өнеркәсіп объектілеріне береді;
3) мекенжайлары www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген олардың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) көрсетеді.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны аумақтық бөлімшелері (аудандық, қалалық) ауданның (қаланың) аумағында орналасқан объектілерге береді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 45) тармақшасы, 62-бабының 8-тармағы және «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Комитеттің, Департаменттердің, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурсында, байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің, Департаменттердің және мекенжайлары www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшелердің ғимараттарында орналастырылған стенділерде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Комитеттің, Департаменттің, аумақтық бөлімшенің ресми бланкісінде (қағаз тасымалдағышта) беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) Кодекстің 62-бабының 8-тармағында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 838 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесінде және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесінде көрсетілген объектілерге көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап - 15 жұмыс күні (он бес жұмыс күні);
2) құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің барынша рұқсат етілген уақыты 30 минуттан (отыз минут) аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алу кезінде барынша рұқсат етілген уақыт 30 минуттан (отыз минут) аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмей, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Комитетте, Департаменттерде, аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған.
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды:
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарына хабарлама ресімдеу үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдастыру-құқықтық нысанын растайтын құжаттарды;
3) объектінің мақсатты қолданылуын және меншік құқығын немесе пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты растайтын құжаттарды;
4) зертханалық зерттеулердің хаттамаларын ұсынады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің нысанын Комитеттің, Департаменттің, аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды адамынан немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсының мекенжайы бойынша алуға болады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің толтырылған нысанын мемлекеттік қызметті алушы байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің, Департаменттердің немесе мекенжайлары www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшелердің кеңселеріне ұсынады.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға:
1) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрін;
2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
3) құжаттарды қабылдау күнін (уақытын);
4) тікелей өтініш берген тұлғаға немесе оның ресми сенімді тұлғасына (өкіліне) мемлекеттік қызметті алу күнін және орнын;
5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттар қабылданғаны туралы осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
15. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру тікелей өтініш берген тұлғаға немесе оның ресми сенімді тұлғасына (өкіліне) жүзеге асырылады, ол туралы тиісті жазба жасалады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген толық құжаттар пакетінің ұсынылмауы;
2) егер өтініште көрсетілген объект санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісі болып табылмаса.
Комитет, Департамент немесе аумақтық бөлімше құжаттар тапсырылған сәтінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарлайды.
17. Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитеттің, Департаменттің, аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
2) сыпайы және әдепті болу;
3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдікке және көпке созуға жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
4) мемлекеттік қызметті тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитеттің, Департаменттің, аумақтық бөлімшенің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің, Департаменттің немесе мекенжайы www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды тұлғасы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға көмек көрсетеді.
Комитеттің, Департаменттің немесе аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғасы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитеттің, Департаменттің немесе аумақтық бөлімшенің басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Комитеттің, Департаменттер басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада, ал аумақтық бөлімшенікі - www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
22. Комитеттің, Департаменттің немесе аумақтық бөлімшенің қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Комитеттің, Департаменттің немесе аумақтық бөлімшенің басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Комитеттің, Департаменттер басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада, ал аумақтық бөлімшенікі - www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым, байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің, Департаменттердің немесе мекенжайлары www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшелердің кеңселеріне жазбаша еркін нысанда пошта арқылы не қолма қол ұсынылады.
25. Қабылданған шағым, байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің, Департаменттің және мекенжайлары www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшелердің кеңселерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі.
Мемлекеттік қызметті алушыға шағымының қабылданғанын растау үшін осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі бойынша қосымша ақпаратты байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің, Департаменттердің немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық бөлімшелердің кеңселерінде алуға болады.
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды беру»
1-қосымша
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беруді жүзеге
№ |
Атауы |
Орналасқан жері |
1. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті» ММ |
010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, тел. 8-7172- 74-30-66 [email protected] |
2. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» ММ |
010000, Астана қаласы, «Сарыаарқа» ауданы, Желтоқсан көшесі, 46-үй. тел.8-7172-317139 [email protected] |
3. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» ММ |
050002, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 5. тел.8-727-382-35-15 [email protected] |
4. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ |
020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 14 а. тел.8-7162-26-55-36 [email protected] |
5. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ |
030012, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Саңқыбай батыр даңғылы, 1 тел.:8-7132-55-77-29 [email protected] |
6. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» ММ |
040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85-А. тел.8-7282-21-05-60 [email protected] |
7. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ |
060007, Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А. тел.8-7122-35-40-39 [email protected] |
8. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ |
070002, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы (Независимости) 17. тел.8-7232-76-59-87 [email protected] |
9. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» ММ |
080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, 13. тел. 8-7262-45-08-83 [email protected] |
10. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ |
090001, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д.Нұрпейісова көшесі, 19. тел.8-7112-51-27-66 [email protected] |
11. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ |
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2. тел.8-7212-41-14-53 [email protected] |
12. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ |
110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113. тел.8-7142-54-36-50 [email protected] |
13. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» ММ |
120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Чайковский көшесі, 10. тел. 8-7242-23-72-20, 23-81-46 [email protected] |
14. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ |
130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 «В» шағын ауданы, 46-үй. тел.8-7292-50-19-09; [email protected] |
15. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ |
140002, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 70/2. тел.8-7182-55-18-82; [email protected] |
16. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ |
150009, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Бейбітшілік көшесі, 236. тел.8-7152-52-14-37; факс 52-14-45; [email protected] |
17. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ |
160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Д. Қонаев гүлзары, 27. тел. 8-7252-39-02-69; [email protected] |
18. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті» ММ |
010000, Астана қаласы, Сарыаарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а тел.8-7172-93-24-28; [email protected] |
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау объектісінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды беру»
2-қосымша
____________________________________
____________________________________
Басшысының Т. А.Ә.
____________________________________
Өтініш берушінің Т. А.Ә.
____________________________________
Өтініш берушінің мекенжайы
____________________________________
Өтініш берушінің байланыс телефоны
Сізден _____________________________________________________________________________________
___________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
_________________________________________________________________________________
объектінің мақсаты
_________________________________________________________________________________
объектінің атауы
тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.
_____________________
қолы, күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау объектісінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды беру»
3-қосымша
ТАЛОН
1. Сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі: ____________________________________________
_________________________________________________________________________________
2. Қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары: _____________________________________
_________________________________________________________________________________
3. Құжаттарды қабылдау күні (уақыты), кіріс № _______________________________________
_________________________________________________________________________________
4. Мемлекеттік қызметті алу күні және орны __________________________________________
_________________________________________________________________________________
5. Құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары ___________________
_________________________________________________________________________________
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды беру»
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдық мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы | |||
1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
|
|
|
2. Сапасы | |||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
3. Қолжетімділігі | |||
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен бастап тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі | |||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
5. Сыпайылығы | |||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау объектісінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды беру»
5-қосымша
_____________________________________________________
ТАЛОН
Кіріс № _____________________________________________________________________________________
(қабылдау бөлмесі маманының Т.А.Ә.)
_________________________________________________________________________________
(қолы)
Байланыс телефондары: _____________________
Сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызмет стандарты
25 12 2014
1 стр.
«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
11 10 2014
1 стр.
Бұдан әрі – санитариялық қағидалар профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді
09 10 2014
1 стр.
Осы Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға міндетті болады
23 09 2014
5 стр.
Ызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары
04 09 2014
4 стр.
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру»
16 12 2014
1 стр.
Санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне с
25 12 2014
6 стр.
А, ғимараттарын жобалауға, салуға, еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, стерилдеуді және дезинфекциялауды жүргізу жағдайларына, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыру
04 09 2014
3 стр.