Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Денсаулық сақтау қызметкерлері

кәсіподағының IX съезінде

2010 жылдың 28 сәуірінде бекітілді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ФИЛИАЛЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер




    1. 1.1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері қоғамдық бірлестігінің филиалы өзінің ішкі құрамындағы бастауыш ұйымдармен бірге кәсіподақ құрылымы болып табылады және он бастауыш ұйымын біріктірсе, өз жұмысын атқара береді.

    2. 1.2. Филиалды құру туралы шешім Кәсіподақ Орталық Кеңесі шақырған құрылтай конференциясында қабылданады. Құрылтай конференциясының шешімі өткеннен кейін он күн ішінде Кәсіподақ Орталық Кеңесіне тіркеу үшін жіберіледі.

    3. 1.3. Филиал осы Ереже негізінде әділет органдарында есептік тіркеуге тұрады және банкілерде есеп шотын ашу, Кәсіподақ Орталық Кеңесі белгілеген үлгідегі бланкілерге, мөрге ие болуға құқы бар.

    4. 1.4. Филиал өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағының Жарғысына және осы Ережеге сәйкес атқарады.

    5. 1.5. Филиалдың қызметі мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, саяси және де басқа да қоғамдар, ұйымдардан тәуелсіз, олардың алдында есеп бермейді және бақылауға алынбайды, олармен қарым-қатынасын әлеуметтік серіктестік принциптері бойынша атқарады.

    6. 1.6. Филиал өз еркімен кәсіподақтардың аумақтық бірлестігіне кіре алады.



  1. Филиалдың органдары




    1. 2.1. Кәсіподақ филиалының конференциясы кемінде бес жылда бір рет шақырылады. Кезектен тыс конференция филиалдың сайланбалы органының ынтасымен немесе Кәсіподақ Орталық Кеңесінің шешімі бойынша шақырылады.

    2. 2.2. Конференцияны шақыру, оның өтетін күні мен орны, күн тәртібі туралы шешім ашылуға дейін кем дегенде бір ай, кезектен тыс конференциядан екі жеті бұрын хабарланады. Өкілеттік мөлшер және делегаттарды сайлау тәртібін Кәсіподақтың тиісті филиалының Кеңесі тағайындайды. Конференция, сайланған делегаттардың үштен екі бөлігі қатысқанда, құқықты деп саналады.

2.3. Филиалдың конференциясы:

  • өзінің сайланбалы органының және тексеру комиссиясының атқарған жұмысы туралы есебін тыңдайды;

  • филиалдың сайланбалы органдарының мүшелерін сайлайды немесе олардың өкілеттігін бекітеді;

  • филиалдың тексеру комиссиясының мүшелерін сайлайды;

  • облыстық ұйымның төрағасын сайлайды;

  • филиалға қатысты басқа да мәселелерді, филиалды жою мәселесінен басқасын, шешеді.

2.4. Кәсіподақ филиалының конференция аралығындағы басқарушы органы Төраға басқаратын Кеңес болып табылады.

2.4.1. Кеңес мәжілістері қажетіне қарай, бірақ жылына кем дегенде екі рет өткізіледі және ол мүшелерінің жартысынан артығы қатысқан жағдайда құқықты болып саналады.



      1. 2.4.2. Кеңес:

  • өзінің жұмысын Кәсіподақ және бастауыш ұйымдар алдында тұрған міндеттеріне сай ұйымдастырады, олардың жұмыстарын біріктіреді, іс жүзінде көмек көрсетіп, қолдайды, олардың және Кәсіподақ мүшелерінің құқылары мен мүдделерін тиісті мемлекеттік және сот органдары, жұмыс берушілер алдында қорғайды.

  • ұжымдық келіссөздер жүргізеді, жұмыс берушілер немесе олардың өкілдерімен келісім жасайды және орындалуын бақылайды;

  • қажетті жағдайларда қосымша сайлау өткізіп немесе Кеңес мүшелігіне бастауыш ұйымдар ұсынған адамдардың өкілеттігін растайды;

  • филиал төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқталғанда оларды тағайындайды немесе қызметінен босатады;

  • күнделікті жұмысты ұйымдастырып және жүргізу үшін Атқару комитетін сайлайды;

  • филиал төрағасының ұсынысымен оның орынбасарын сайлайды;

  • бастауыш ұйымдардың кәсіподақ қажетін өтеуге есепке алу не алып тастау туралы шешім қабылдайды;

  • филиал конференциясын шақырып, бастауыш ұйымдар конференцияға делегаттарды және өкілдерін тікелей ұсыну принципімен Кеңес құрамын жасақтау тәртібі мен мөлшері туралы ұсыныс береді;

  • өзінің жарғылық және құрамына кіретін бастауыш ұйымдардың қызметіне сәйкес басқа да сұрақтарын шешеді;

  • өз қызметі туралы филиалдың конференциясына және Кәсіподақ Орталық Кеңесіне есеп береді;

    1. 2.5.Атқару комитеті:

2.5.1.Атқару комитеті мәжілістері қажетіне қарай бірақ кем дегенде үш айда бір рет өткізіледі және ол осы мәжіліске мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, құқықты болып саналады.

2.5.2. Атқару комитеті:

- Кәсіподақ съезінің, филиал конференциясының және өз шешімдерін орындау үшін нақтылы әрекеттерді анықтап, оның орындалуын қадағалайды;

- өзінің өкілдерін мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілермен келіссөз жүргізу үшін жолдайды;

- бастауыш ұйым және мүшелерінің мүдделеріне өкілеттік етіп, олардың мақсаттарын тиісті мемлекет және сот органдары, жұмыс берушілер алдында қорғайды, сотқа шағым өтінішін жолдайды;

- мекемелердің, кәсіпорындардың, экономикалық және қаражат жағдайын, олардың әлеуметтік саясатын, сол жағдай мен саясаттың кәсіподақ мүшелерінің өмір деңгейіне, жалпы жағдайына тигізетін әсерін зерттеп, осы негізде ұсыныстар дайындайды;

- заң талаптарына сәйкес өз мүшелерінің құқықтарын және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау үшін ереуілдер, жиналыстар, митингілер, көше шерулерін, демонстрация және тағы басқа бұқаралық акциялар ұйымдастырады;

- аумақтық деңгейде денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясат қалыптастырып, оны іске асыру жұмыстарына қатысады;

- жұмыспен қамту туралы аумақтық бағдарлама құруға қатысады, еңбек туралы заң және еңбекпен қамту туралы заң құжаттарында көзделген мақсаттардың орындалуын қадағалайды және саладағы мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардан жаппай жұмыстан босату кезінде зардап шеккен адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау шараларын ұсынады;

- бастауыш ұйымдардың Жарғыны ұстану, жоғары Кәсіподақ органдарының шешімдерін орындау туралы жұмыстарын қалыптастырып, қаражат тәртібін бақылайды;

- Кәсіподақ Жарғысы мен жоғары органдардың шешімдеріне қайшы келетін төменгі кәсіподақ ұйымдары мен органдары қаулыларының күшін жояды және ол туралы кәсіподақ мүшелерін мәлімдейді;

- бастауыш ұйым төрағасының Жарғыны және Кәсіподақ органдарының шешімдерін орындау үшін жеке жауапкершілігі туралы сұрақты қарайды. Кәсіподақ Жарғысын өрескел бұзған жағдайда оны қызметінен алу не кәсіподақ комитетінің толық құрамын мерзімінен бұрын қайта сайлау туралы шешім қабылдайды;

- Кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқыту жұмыстарын ұйымдастырады және атқарады; жұмыс тәсілдерін зерттеп, оңды тәжірибелерді насихаттайды;

- қаражат қызметін атқарады, Кәсіподақтың бекітілген смета бойынша ақшалай қаражатпен және Кәсіподақ мүлкін пайдаланады;

- Кәсіподақ Орталық Кеңесіне уақытында статистикалық және қаражат жөніндегі деректерін беріп тұрады, қаражат саясаты тарапындағы шешімдерді не белгіленген мөлшердегі Кәсіподақ алдындағы өз міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

- Кеңес мәжілісін шақырып, оның өткізілуін ұйымдастырады;

- Кәсіподақ Жарғысында көзделген және өзіне филиал Кеңесі жүктеген басқа да жұмыстарды атқарады.
- филиалдың кәсіподақ бюджетін және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының сметасын бекітеді, сондай-ақ филиалдың жалдамалы қызметкерлерінің санын бекітеді;

- бастауыш ұйымның төрағасын сайлау туралы шешімін бекітеді. Қарастырылған кандидатура бекітілмеген жағдайда қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды;

- Кәсіподақ өкілі қызметі енгізу туралы шешім қабылдайды;

2.6. Конференция, Кеңес мәжілісі және атқару комитеті шешімдері, Жарғыда басқа тәртіп көрсетілмесе делегаттардың, Комитет /Кеңес/ мүшелерінің көбінің даусымен қабылданады.

2.7. Филиал төрағасы:

- филиалдың Атқару комитетінің жұмысын ұйымдастырады;

- филиал атынан, оның және кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер алдында және басқа да органдар мен ұйымдарда өкілеттейді;

- штаттағы аппарат жұмысын басқарады, Кеңес жалдамалы жұмыскерлерімен еңбек келісімдерін жасайды және бұзады;

- қаражат қызметін, Кәсіподақ ОК белгіленген өкілеттік мөлшерінде ақшалай операциялар атқарады банк мекемелерінде есеп және басқа шоттарын ашады;

- қолданылып жүрген заңдарда көзделген, Кәсіподақ басқарушы органдарының, конференциялар шешімдерін, Кәсіподақ мүдделері мен мақсаттарын орындауда өз құқығы шеңберінде басқа да әрекеттер жасайды.



- негізгі жұмысынан босатылған кәсіподақ комитетінің төрағаларымен филиалдың Атқару комитеті атынан еңбек келісімдерін жасайды немесе бұзады;

- жарғылық міндеттемелердің орындалуына жеке жауапкершілікте.

2.8. Филиал қызметінің мерзімі шектелмейді, филиал органдарының өкілеттігі бес жыл.


3.Филиалдың кәсіподақ қаражаты мен мүлкін

пайдалану тәртібі, қаржылық қызметі


    1. 3.1. Филиалдың Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағы тапсырған басқаруындағы меншігі және ақшалай қаражаты болады.

    2. 3.2.Филиалдың ақшалай қаражаты мынадай көздерден құрылады:

  • кәсіподақ мүшелерінің әр айлық жарнасынан;

  • шаруашылық кәсіптен тапқан пайда;

  • ақшалай және басқадай құнды қағаздардан және басқа көздерден.

    1. 3.3. Кәсіподақтың филиалы сайланбалы органдары арқылы өзінің қарамағындағы мүліктер және қаражаттармен өз еркімен пайдаланады.

    2. 3.4. Филиалдың төрағасы өзіне қарасты ұйымдардан мүшелік жарналарды толық жинау мен оларды бөлуге, Кәсіподақ Жарғысының 7.6. тармағына сай міндетті түрде аударылатын жарнаның мөлшерін сақтау тәртібі үшін жеке жауапкершілікте.

    3. 3.5. Кәсіподақ Орталық Кеңесіне қаржылық есептер жарты жылда бір рет беріліп тұрады.




  1. Тексеру комиссиясы



    1. 4.1. Тексеру комиссиясы филиалдың конференциясында сайланады және Кәсіподақ съезінде бекітілген Ережеге сай қызмет атқарады.


5.Филиалдың жұмысын тоқтату тәртібі
5.1. Филиалдың жұмысы конференцияда Кәсіподақ Орталық Кеңесінің шешімімен егер оған кіретін бастауыш ұйымдардың саны Кәсіподақ Жарғысында белгіленген саннан аз болса тоқтатылады.

5.2. Конференция шешімі егер оған қатысып отырған делегаттардың ¾ бөлігі жақтап дауыс берсе, кворум болған жағдайда қабылданады.

5.3. Конференция хаттамасы шешім қабылданғаннан кейін үш күн ішінде Кәсіподақ ОК жіберіледі.

5.4. Филиал Орталық Кеңестің шешімімен қайта құрыла алады.

5.5. Филиалдың қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда құрамында Кәсіподақтың Тексеру-Бақылау комиссиясының мүшесі бар филиалдың тексеру комиссиясы жою туралы шараларды ұйымдастырады.

Тексеру комиссиясының қорытындысы Орталық Кеңесте бекітіледі.

Жойылғаннан қалған мүлік пен ақшалай қаражат Кәсіподақ Жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады.

5.6. Қабылданған шешім туралы тиісті әділет органдары мәлімдендіріледі.




  1. Қорытынды ереже




    1. 6.1. Филиал Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағының құрылымдық бөлімі бола тұрып, өз жұмысын осы Ереже негізінде және Кәсіподақ Жарғысына сай атқарады.

Филиалдың жеке балансы, банктерде есеп және басқа да шоттары, белгіленген үлгідегі бланктері, штамптары болады.

    1. Филиал осы Ережеде, белгіленген құқықтар мен өкілеттіктер шеңберінде өз бетімен әрекет жасау құқына ие.

    2. Осы Ережеге түсінік беру Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағының Орталық Кеңесінің құзырына жатады.

Қазақстан республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағЫ ҚОҒамдық бірлестігінің филиалы туралы ереже

Азақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері қоғамдық бірлестігінің филиалы өзінің ішкі құрамындағы бастауыш ұйымдармен бірге кәсіподақ құрылымы болып табылады және он баст

77.01kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған салалық келісім

Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бір тараптан, және қызметкерлер өкілі – «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіпо

136.02kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің

Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті туралы

122.79kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №732 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесін бекіту туралы

418.3kb.

13 10 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы

1300.63kb.

25 12 2014
9 стр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы

809.85kb.

15 10 2014
6 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы №982 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы»

«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

270.02kb.

15 10 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының бастауыш ұйымы туралы ереж е

Кәсіподақ филиалының органы қабылдайды. Құрылтай жиналысының хаттамасы жиналыс өткеннен кейін он күн ішінде есепке алынуы үшін, аумақтық филиалдың кәсіпорганына жіберіледі

198.64kb.

25 12 2014
1 стр.