Перейти на главную страницу
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 78-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
1) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасының «Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау ережесі мен Дәріханалық ұйымдарда және фармацевтикалық кәсіпорындарда өрт қауіпті және жарылыс қауіпті қасиеттері бар дәрілік заттармен айналысу және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 10 мамырындағы № 238 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 777);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасының «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасының «Дәріханалық ұйымдарда, фармацевтикалық кәсіпорындарда және емдеу-сауықтыру мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы нұсқаулық пен Дәріханалық ұйымдарда және фармацевтикалық кәсіпорындарда өрт қауіпті және жарылыс қауіпті қасиеттері бар дәрілік заттармен айналысу және сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 1999 жылғы 10 мамырдағы № 238 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 маусымындағы № 89 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 25 шілдесінде № 3752-ші тіркелген); 2006 жылғы 19 мамырдағы № 89-90 (1069-1070) «Заң» газетінде жарияланған).
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
Ж. Досқалиев |
Қазақстан Республикасы
№ 739 бұйрығымен бекітілді
2. Осы Ережемен белгіленген талаптар денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын өндіретін кәсіпорындарды жобалау және жаңадан салу, жұмыс істеп тұрғандарын қайта құру мен пайдалану кезінде міндетті болып табылады.
3. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау шарттары:
1) олардың бүкіл жарамды мерзімінде қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс;
2) контаминацияны, қиылысу контаминациясын және араласуды болдырмауы керек;
3) дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттың талаптарына сәйкес болуы керек;
4) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қолдану туралы нұсқаулығында, медициналық техникасын пайдалану туралы құжаттарында, ыдысында (қаптамасында), таңбалануында, кольереткасында, контрэтикеткасында, жарлығында, жапсырмасында (стикерде) көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.
4. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:
2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сақтау тәртібі
6. Ауаның температурасы мен ылғалдылығы күн сайын таңертең және кешке осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын есепке алу журналында тіркелуі тиіс.
7. Денсаулық сақтау ұйымдарының және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың басшыларының бұйрығымен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жауапты тұлға тағайындалады.
8. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасы сөрелерде, тауар қойғыштарда, материалдық шкафтарда, (сейфтерде) алаңдардың тиімді пайдаланылуын, еңбек қауіпсіздігі шарттарының сақталуын, фармацевтикалық тәртіпті қамтамасыз етуін және механизация құралдарын қолдану мүмкіндігін ескере отырып орналастырылады.
9. Сақтау үй-жайларында орналасқан дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының бір сәттегі сақталатын көлемі сақтау үй-жайлары алаңының 75 пайызынан аспау керек.
Сақтауға арналған алаңдар көлемнің және өткізілетін өнімнің түрлері ұлғайған сайын сақтау шарттарына сай келуі керек және фармацевтикалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
10. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасы сақтау үй-жайларында зауыттық немесе көліктік қораптарда сақталады.
11. Сақтау процесінде кемінде айына бір рет қораптарының (ыдыстарының) күйін және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының сыртқы өзгерістерін жаппай визуальді байқауды жүзеге асыру қажет.
Мерзімдік бақылау нәтижесі бойынша нормтивтік құжатқа сай келмейтін болып танылған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасы жарамсыз деп таналады.
12. Зауыттық орау бұзылған жағдайда дәрі-дәрмек нысандары материалдық шкафтарда бірегей орауда сыртқы этикеткасымен (белгісімен) сақталуы қажет.
13. Денсаулық сақтау ұйымдарында, және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдарда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының жарамдылық мерзімінің есебін кез-келген оңтайлы әдіспен (жазбаша немесе электронды) жүргізу қажет.
14. Сақтау үй-жайларында дәрілік заттар:
15. Атаулары бойынша үндес, ішу үшін қолданылатын күшті жоғары дозаларымен ерекшеленетін дәрілік заттарын қатар орналастыруға, сондай-ақ оларды алфавиттік тәртіпте орналастыруға болмайды.
16. Дәрілік препараттар дайындауға құқылы дәріханалардың өндірістік бөлімдерінде «ангро өнімі» дәрілік заттары эмальдандырылған немесе шыны ыдыста сақталуға тиіс.
17. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне, оларға сыртқы ортаның түрлі әсеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
18. Жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға мыналар жатады: антибиотиктер, галенді препараттар (өсімдік шикізатынан жасалған тұнбалар, экстракттар, концентраттар), дәрілік өсімдік шикізаты, орган препараттары, витаминдер мен витаминді препараттар, кортикостероидтар, эфир майлары, майлы майлар, ашылған препараттар йодты- және бромды сутегі қышқылдары тұздары, галогенді ауыстыратын қосындылар нитро- және нитроқосындылар, нитраттар, нитриттер, аминді- және амидоқосындылар, фенольді қосындылар, туынды фенотиазин.
19. Жарықтың әсеріне мұқтаж дәрілік заттарды (ашытылған темір препараттары, феррамидттер) сыйымдылығы шағын, ашық түсті шыны ыдысқа жарық жерде сақтайды. Тікелей күн сәулелерінің әсеріне жол беріледі.
20. Ылғалдан қорғауды талап ететін дәрілік заттарға (осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес) мыналар жатады: гигроскопикалық заттар мен препараттар (калий ацетаты, құрғақ эксракттар, дәрілік өсімдік шикізаты, гидролиздейтін заттар, азот, азотты галогенді сутегі және фосфор қышқылдары тұздары, алкалоидтер, металорганикалық қосындылардағы натрий тұздары, гликозидтер, антибиотиктер, ферменттер, құрғақ органикалық препараттар), суда жеңіл еритін заттар ретінде нормативтік құжаттар бойынша сипатталатын дәрі-дәрмек заттары, сондай-ақ нормативтік құжаттарда белгіленген шектен аспайтын ылғал сақтайтын дәрі-дәрмек заттары.
Судың атмосфералық буларының әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік затттарды құрғақ, салқын жерде судың буларын өткізбейтін материалдармен тығыз тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы, қалыңдатылған пластмасса ыдыстарында) сақтау қажет.
21. Ұшып кетуден қорғауды талап ететін дәрілік заттарға мыналар жатады:
1) құрамында ұшып кететін заттары бар дәрілік заттар (осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес);
2) ерітетін ұшпа заттардан тұратын дәрілік препараттар (спирт тұнбалары, сұйық спирт қосындылары, қою экстракттар);
3) ұшпа заттардың ерітінділері мен қоспалары (эфир майлары, аммиак, формальдегид, хлорсутегі ерітінділері 13 пайыздан астам, фенол, түрлі қоспадағы этил спирті және басқасы);
4) эфир майлары бар дәрілік өсімдік шикізаты;
5) құрамында кристалдандырылған суы (кристаллогидраттары) бар дәрілік заттар (осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес);
22. Жоғары температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттар қатарына мыналар жатады:
23. Төмен температура әсерінен (мұзға айналудан) қорғауды талап ететін дәрілік заттар қатарына қатқаннан кейін физикалық-химиялық жай-күйі өзгеретін және одан кейінгі жерде бөлме температурасына дейін жылыған кезде қалпына келмейтін дәрілік заттар жатады (осы Ережеге
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
15 10 2014
6 стр.
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы
25 12 2014
3 стр.
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесін бекіту туралы
13 10 2014
3 стр.
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
25 12 2014
9 стр.
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелерін бекіту туралы
25 12 2014
1 стр.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу ережесін бекіту туралы
25 12 2014
3 стр.
Санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне с
25 12 2014
6 стр.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабына сәйкес және медицина және фармацевтика кадрларының
25 12 2014
1 стр.