Перейти на главную страницу
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. «Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 151 (нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4596 болып тіркелген, «Юридическая газета»- 2007 жылғы 25 сәуірде № 62 (1265) газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Министрдің м.а. |
Б. Садықов |
Қазақстан Республикасы
№ 661 бұйрығымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
2. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды:
3. Осы Ережеге сәйкес біліктілік емтиханы мыналарға өткізіледі:
4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандар мынадай бөлімдерге бөлінеді:
5. Біліктілік санатын бермей бірінші біліктілік емтиханы интернатурада, ординатурада және резидентурада оқуын (интернатураны аяқтауды көздемейтін мамандықтар бойынша – жоғары оқу орнындағы оқуын аяқтағаннан кейін) аяқтағаннан кейін, ал орта медицина қызметкерлері үшін – оқуларын колледжде аяқтағаннан кейін өткізіледі.
6. Санат берілмейтін бірінші біліктілік емтихандары әрбір бес жыл сайын өткізіледі. Санат берілмейтін біліктілік емтихандарды осы ережеде көзделген мерзімдерден бұрын өткізуге рұқсат етілмейді.
7. Маман сертификаты Қазақстан Республикасының аумағында берілген күнінен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Бұл мерзім біткеннен кейін сертификаттың қолданысы тоқтатылады.
8. Мамандардың біліктілік деңгейі мынадай санаттар бойынша анықталады:
9. Қазақстан Республикасынан тыс жерде мамандар алған клиникалық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе біліктілік санаттарын беру туралы куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы санат берілмейтін маман сертификатымен теңестіріледі.
10. Жоғарыда көрсетілген санатқа өтініш білдірілген біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханына маман алдыңғы емтиханды өткен сәтінен бастап кемінде 3 жылдан кейін жіберіледі.
2. Біліктілік санаты берілмейтін біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынылатын құжаттар
1) осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3. Біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынылатын құжаттар
12. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін мамандар осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) аттестациялық құжаттарын ұсынады.
13. Аттестациялық іс:
1) үміткердің біліктілік емтиханын өтуге өтініші;
2) үміткер туралы мәліметтер (А.Т.Ә., жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы, білімі, біліктілігін арттырғандығы туралы мәліметтер, мақалалар, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысуы туралы мәліметтер);
3) үміткердің мамандығы бойынша өндірістік қызметі туралы есебі;
4) санитарлық-эпидемиологиялық бейінді, медициналық білімі бар, «қоғамдық денсаулық/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша мамандар үшін, өтініш білдірілген санатқа үміткердің емдеу мен диагностиканың әдістемелерін күнделікті практикада қолдану көлеміне сәйкестігі туралы қорытындысын қоспағанда медициналық білімі бар мамандар үшін;
5) тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеулер;
6) диагностикамен емдеудің әдістерін күнделікті практикада пайдалану көлемі;
7) тест қортындысы;
8) өтініш білдірген санатқа үміткердің емдеу мен диагностиканың әдістемелерін күнделікті практикада қолдану көлеміне сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық бейін қорытындысын қоспағанда медициналық білімі бар мамандар үшін;
9) біліктілік комиссиясы хаттамасынан көшірме.
14. Үміткерлердің құжаттарын, аттестациялық істерді қабылдау, тәуелсіз сарапшылардың сараптама жүргізу, тестілеу, әңгімелесу өткізу кестелерін осы ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдармен келісе отырып, аумақтық бөлімшелер анықтайды.
15. Біліктілік санатын алу үшін үміткерлер осы Ережеге 3-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4. Біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыру тәртібі
16. Біліктілік санаты берілмейтін біліктілік емтиханы тестілеу түрінде өткізіледі.
17. Біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханы екі кезеңнен тұрады:
18. Құжаттар мен аттестациялық істерді қабылдауды, сондай-ақ мамандарды тестілеуді мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері қызметкердің негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырады.
19. Үміткерлер қолданыстағы маман сертификаты қолданысының мерзімі біткенге дейін 3 ай бұрын маман сертификатын алуға құжаттарын тапсырады.
20. Үміткердің практикалық дағдыларының өтініш білдірген санатқа сәйкестігіне қорытындыны медицина қызметкерінің бейініне сәйкес облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бас мамандары (бастап медициналы-санитарлық көмек, акушер-гинеколог, хирург, педиатр, терапевт) береді.
Осы Ережедегі аттестациялық істі 8-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес үміткердің күнделікті практикадағы диагностика және ем дағдыларының деңгейі бағаланады және көрсетілген қосымшаның 10-тармағына енгізіледі.
21. Тестілеу үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде автоматтандырылған компьютерлік әдіспен өткізіледі. Қорытындылары екі данада басылып шығарылады, оның біреуі үміткерге беріледі, екінші данасы үміткердің қолымен тиісті мемлекеттік органда сақталады.
Біліктілік санатын беретін біліктілік емтиханын тапсыру кезінде тестілеу қорытындылары аттестациялық істің 11-тармағына енгізіледі және бір жыл бойы күшінде болады.
22. Егер тестілеу қорытындылары шекті деңгейден төмен болса, санат алу үшін біліктілік емтиханы тапсырылмады деп саналады да, үміткер біліктілік емтиханның келесі кезеңіне жіберілмейді.
Үміткердің тестілеу қорытындысы өтініш білдірілген санаттан төмен болған жағдайда үміткердің келісімі бойынша өтініш білдірілгеннен төмен санатқа арналған біліктілік емтиханының келесі кезеңдерін өтеді.
23. Медициналық білімі бар үміткердің осы Ережелермен белгіленген санитариялық–эпидемиологиялық бейін мамандарының үшін талаптарын қоспағанда сәйкестігін анықтау үшін аумақтық бөлімшелер, шарттық негізіде тәуелсіз сарапшыларды тартады.
Сараптама қорытындысын тәуелсіз сарапшы осы Ереженің 2-қосымшасының 12-тармағына енгізеді.
Тәуелсіз сарапшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үміткердің өтініш білдірілген санатқа сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы ұсынылған қорытындыға жауапты болады.
24. Сұхбат өткізу үшін мемлекеттік органдар біліктілік комиссияларды құрып (бұдан әрі - комиссиялар) осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау басқарудың жергілікті органдарының, республикалық ғылым және білім ұйымдарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің арасынан мамандандырылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
25. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің басым дауыстарымен анықталады. Дауыстар саны тең болған жағдайда шешуші дауыс болып комиссия төрағасының дауысы саналады. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
26. Әңгімелесу барысында маманның біліктілік деңгейі, оның кәсіптік міндеттерді (диагностикалық, тәсілдік, ұйымдастырушылық) шеше білуі, бар ақпаратқа талдау жасай білуі және ол бойынша тиісті шешім қабылдай білуі бағаланады.
27. Біліктілік санатын беретін біліктілік емтиханы аяқталғаннан кейін осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес комиссия отырысының хаттамасы рәсімделеді және аттестациялық іске жазылады.
Осы Ереженің аумақтық бөлімше комиссиясының отырысы хаттамасының негізінде 5-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын бермей немесе Осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру туралы шешім шығарылады.
28. Біліктілік беріле отырып, маман сертификатын тиісті мемлекеттік орган комиссияның отырысы күнінен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде, ал біліктілік санатынсыз маман сертификатын алуға үміткер тұлғалар үшін тестілеуден өткен күнінен бастап береді.
29. Біліктілік емтихандарын тапсыра алмаған тұлғалар белгіленген үлгі бойынша өтініш пен өтініш білдірілген мамандығы бойынша көлемі кемінде 72 сағат болатын қосымша тақырыптық біліктілігін арттыру курстарын өткендігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, 3 айдың ішінде біліктілік емтиханын қайта тапсырады.
30. Біліктілік емтихандарын қайта тапсыра алмаған тұлғалар мемлекеттік органға өтініш пен өтініш білдірілген мамандығы бойынша көлемі кемінде 144 сағат болатын тақырыптық біліктілігін арттыру курстарын өткенін растайтын құжаттарды ұсына отырып, 12 айдың ішінде біліктілік емтиханын қайта тапсырады.
5. Қорытынды ережелер
31. Осы ереженің 11 және 18-тармақтарында көрсетілмеген қосымша құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
32. Бірінші, жоғары біліктілік санаты берілген маман сертификатының қолданысы мерзімсіз деп табылады.
33. Маман сертификаты жоғалған немесе бүлінген жағдайларда үміткердің өтініші және құжаттары негізінде мемлекеттік орган маман сертификатының көшірме нұсқасын береді.
34. Біліктілік емтихандарын өткізу кезінде туындаған дауларды тиісті аумақтық бөлімшелер немесе сот тәртібі бойынша қарастырылады.
35. Мамандығы бойынша еңбек жолы 12 айдан астам үзілісте болған жағдайда біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын алу үшін жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін екі жыл, ал орта медицина қызметкерлері есеп беру үшін бір жыл жұмыс істеуі тиіс.
Балаға күтім жасау бойынша мамандығы бойынша еңбек жолы 12 айдан астам үзілісте болған жағдайда бір жыл жұмыс істеу қажет, үзіліске дейін және үзілістен кейін барлық жұмыс істеген кезеңі үшін есеп тапсырады.
Мамандығы бойынша еңбек жолының үзілісі кемінде 12 ай болған жағдайда маман үзіліске дейін және үзілістен кейін барлық жұмыс істеген кезеңі үшін есеп тапсырады, жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін барлығы екі жыл, ал орта медицина қызметкерлері бір жыл болуы тиіс.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты маманның клиникалық қызметі үзілген жағдайда негізгі мамандығы бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі есептеледі.
Денсаулық сақтау саласында
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы
25 12 2014
3 стр.
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесін бекіту туралы
13 10 2014
3 стр.
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
25 12 2014
9 стр.
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
15 10 2014
6 стр.
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелерін бекіту туралы
25 12 2014
1 стр.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу ережесін бекіту туралы
25 12 2014
3 стр.
Санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне с
25 12 2014
6 стр.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабына сәйкес және медицина және фармацевтика кадрларының
25 12 2014
1 стр.