Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 3страница 4страница 5страница 6

 

Дәрілік заттар, медициналық



мақсаттағы бұйымдар мен

медициналық техниканы

сақтау және тасымалдау

ережесіне 11-қосымша

 

үлгі

 

Араластырғанда, сүрткілегенде және жоғары температураның әсерінен тұтану және жарылыс

тудыратын қосындылар түзетін дәрілік заттардың тізімі

 

1.

Амилнитрит

Амилнитрит булары ауамен қосылғанда жарылыс қауіпті қоспа түзеді

2.

Глицерин

Азотпен және хром қышқылдарымен, хлор әгімен, сондай-ақ калий хлоратымен, калий перманганатымен, гипохлоридтермен, басқа да тотықтырғыштармен қосылғанда жарылыс туғызуы мүмкін.

3.

Қалпына келтірілген темір

Калий перманганатымен, калий хлоратымен, гипохлориттармен, хлораттармен, йодпен және басқа тотықтырғыштармен сүрткілеген кезде жарылыс пайда болуы мүмкін.

4.

Азот тотығы

Эфирмен қосындыда жарылыс туғызуы мүмкін.

5.

Йод және йодтың спиртті ерітіндісі

Аммиагы бар сұйықтармен (аммиак ерітіндісі, аммиак линименті және басқасы), амидохлорид сынабымен, эфир майларымен, сондай-ақ этил спиртінің сулы ерітінділері және терпентинді майлармен араластырған кездегі жарылғыш қоспалар.

6.

Калий бихроматы

Глицеринмен, эфирмен, эфир майларымен және алкогольмен шапшаң араластырып шайқаған жағдайда жарылыс болуы мүмкін.

7.

Калий перманганаты

Күкіртпен, сульфидтармен, қалпына келтірілген темірмен, сахаринмен, глицеринмен, спиртпен, танинмен, майлармен, скипидармен, қантпен, байытылған көмірмен, өсімдік ұнтақтарымен және басқа органикалық заттармен сүрткілеген кезде(тіпті араластырғанның өзінде жарылыс пайда болуы мүмкін).

8.

Калий хлораты

Қалпына келтірілген темірі, салицилі, карболы және басқа қышқылдары, сульфидтары мен тиосульфаттары, йоды, танины, крахмалы, глицерині, спирті мен басқа да заттары бар жарылғыш қоспалар.

9.

Азот қышқылы

Глицеринмен, алкогольмен, фенолмен, эфирмен, майлармен, қантпен, смоламен, крахмалмен және басқа органикалық заттармен қосылғанда тұтанғыш және жарылғыш келеді. Күшті азот қышқылы төгілген жағдайда сабан мен ағаштың өздігінен жануы мүмкін.

10.

Пикрин қышқылы

Глицеринмен, эфирмен, эфир майларымен, алкогольмен шапшаң араластырып шайқаған жағдайда жарылыс болуы мүмкін. Сондай-ақ күкірттен, йодпен, байытылған көмірмен және органикалық заттармен сүрткілеген жағдайда да.

11.

Концентрлі күкірт қышқылы

Сумен, спиртпен, эфир майларымен және әсіресе қышқылы терпентин майларымен шапшаң араластырған жағдайда жарылыс мүмкіндігі бар күшті қайнау болады, әрі төмен температура кезінде біршама уақыт өткеннен кейін жарылыс болады. Күшті күкірт қышқылымен араластырған жағдайда суға қышқылды аз мөлшерлермен жайлап қосып отыру керек керісінше емес.

12.

Хром қышқылы

Глицеринмен, эфирмен, эфир майларымен немесе алкогольмен шапшаң араластырып шайқаған жағдайда жарылыс болуы мүмкін.

13.

Эфир майлары

Йодпен, броммен, хроммен, күкірт қышқылымен, калий перманганатымен және пероксидпен қоспасында шапшаң тұтанып, жарылыс болуы мүмкін.

14.

Натрий тиосульфаты

Калий хлоратымен, калий нитратымен, калий перманганатымен, пергидрольмен сүрткілеген кезде жарылыс болуы мүмкін.

15.

Аммиак ерітіндісі

Еркін жағдайда хлоры, бромы, аммиагы бар (хлорлы әгі, бром суы, йод ерітіндісі және басқа йоды бар препараттар) қоспасында жеңіл тұтанады және жарылады.

16.

Сутегі перкосиді

Күміс коллоиды препараттарымен (колларгол), ерітіндісі натрий тиоосульфатымен қосылғанда жарылыс мүмкіндігі бар.

17.

Сынап амидохлориды

Хлоры, бромы, йоды бар препараттармен қоспасында тұтанғыш және жарылыс мүмкіндігі бар.

18.

Сынап оксицианиді

Сүрткілеген кезде препараттың жарылыс қаупі бар.

19.

Күкірт

Күшті қышқылдармен: калий перманганатымен, калий хлоратымен, калий нитратымен, пероксидтермен, гипохлоридтармен, хлораминдармен сүрткілеген кезде жарылыс болуы мүмкін.

20.

Күміс нитраты

Алколоидтармен гликозидтармен, креозоттармен, фенолдармен, қорғасын ацетатымен және органикалық смолалармен сүрткілеген кезде жарылыс мүмкіндігі бар.

21.

Танин

Калий хлоратымен, калий перманганатымен және басқа күшті қышқылдармен қосылған жарылғыш заттар.

22.

Байытылған көмір

Калий перманганатымен, калий хлоратымен, пероксидтермен, хлороамидтермен, гипохлоридтармен сүрткілеген кезде жарылыс болуы мүмкін.

23.

Медициналық эфир

Эфир булары ауамен, азот кислородымен немесе қышқылымен қоспасының кейбір жиынтықтарында жарылады.

 

<предыдущая страница


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы

809.85kb.

15 10 2014
6 стр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы

435.68kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №732 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесін бекіту туралы

418.3kb.

13 10 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы

1300.63kb.

25 12 2014
9 стр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 16 қарашадағы №717 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелерін бекіту туралы

324.52kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 16 қарашадағы №711 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу ережесін бекіту туралы

472.33kb.

25 12 2014
3 стр.


«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

Санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне с

1225.69kb.

25 12 2014
6 стр.


Кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабына сәйкес және медицина және фармацевтика кадрларының

127.16kb.

25 12 2014
1 стр.