Перейти на главную страницу
Бүйір күрек тістер: 7–9 айда
Бірінші азу тістер: 12-15 айда
Иттістер: 16-20 айда
Екінші азу тістер: 20 – 24 айда
Медиальды күрек тістер: 8 жас
Бүйір күрек тістер: 9 жас
Бірінші кіші азу тістер: 10 жас
Иттістер: 11-13 жас
Екінші үлкен азу тістер: 13-16 жас
Үшінші үлкен азу тістер: 18-30 жас
Тістер қабысқанда жоғарғы күрек тістер төменгі жақтағы сәйкес тіс-тердің үстінен келіп, ішінара оларды жауып тұрады. Бұлай болу себебі мы-надан: жоғарғы тіс доғасы төменгі тіс доғасынан біршама үлкендеу де жә-не оның үстіне жоғарғы тістер еріндер жағына қарай, ал төменгі тіл жағы-на қарай бағытталған. Осының себебінен жоғарғы азу тістердің тілдік төм-пешіктері төменгі азу тістердің тілдік және жақ төмпешіктері арасында жүлгеде жатады; жоғарғы және төменгі тістердің арасында сәйкестік бол-майды: әрбір тіс басқа қатардың бір емес, екі тісімен жанасады.Жанасат-ын тістер антоганистер деп аталады, соның өзінде медиальды төменгі күр-ек тіспен жоғарғы үшінші үлкен азу тістің тек біреуден ғана антоганисі болады.
Физиологиялық тістесудің вариантары мыналар болып табылады: прогнатия (жоғарыда сипатталады), прогения – бұл жағдайда төменгі күрек тістер жоғарғылардың алдында орналасады және ортогнатия – жоғарғы және төменгі күрек тістер ұштары мен қабысады.
Тістер орналасуының ауытқулары. Көрші тістер орындарын ауыстыру мүмкін; тіс жақ доғасы шегінен тысқары қатты тандайға немесе ауыз алдында жақындау орналасуы мүмкін. Кейде тістер мұрын қуысынан, қатты таңдайдан жарып шығады.
Тіс санының ауытқулары: жоғарғы латериалды күректістер, екінші кіші азу тістер болмауы мүмкін. Тіс сауыты мен түбірі пішінінің ауытқулары: ұзарған түбірлер және түрлі бұрыш жасай майысқан түбірлер кездеседі. Азу тістерде әдеттегіден көбірек түрлері кездеседі. Тіс сауытында қабысу бетіндегі төмпешіктер саны өзгеріп отыруы мүмкін.
Тістердің ренгендік зерттеу негізінен интраоральдық жолмен жүргізіледі, яғни таспа ауыз қуысында енгізіліп, саусақпен тіске қараған бетіне жапсырылады немесе тістетіледі. Суретте тістердің барлық анатомиялық бөлшектері айқын көрінеді, тіс қуысы бар жер ақшыл болып түседі. Тістің альвеолярға батып тұрған бөлігінің шетінде периодонтқа сәйкес келетін жіңішке ақшыл құрсау байқалады.
Жаңа туған нәрестенің бет пішінінде жақ ішінде орналасқан сүттістердің бастамалары көрінеді.
Одан кейінгі жастағыларда сүттістердің дамуы, жарып шығуы және түсуінің, тұрақты тістердің бастамаларының пайда болып, дамуының және қартаюға байланысты өзгеруінің рентгендік суретін бақылауға болады.
Әрбір тістің 4 беті болады:
1) Ауыз алдында қараған бет, ол алдынғы тістерде еріннің шырышты қабықшасымен, ал артқы тістерде жақтың шырышты қабықшасымен жанасады.
2) Ауыз қуысында, тілге қараған бет.
3) Өз қатарындағы көршілес тістермен жанасатын бет. Тістердің тіс доғасы орталығына бағытталған жанасқыш беттері деп белгіленеді. Алдынғы тістерде мұндай бет - медиальды, ал артқы тістерде дистальды болып табылады. Алдынғы тістерде бұл бет латеральды, ал артқы тістерде – артқы болып табылады.
4) Шайнау беті, немесе қарама – қарсы тістермен қабысу беті.
Тістегі патологиялық процестердің болған жерін анықтау үшін стоматологтар аталған беттерге сәйкес терминдерді пайдаланады: вестибулярлы, оральды медиальды, мезиальды, дистальды, окклюзиялы, апикальды. Тістің оң немесе сол жаққа жататынын анықтау үшін үш белгіні пайдаланады:
1) Түбір белгісі.
2) Тіс сауыты бұрышты белгісі және.
3) Тіс сауыты қисығы белгісі.
Түбір белгісі мынада: түбірдің бойлық осі тіс сауыты ортасымен өтетін сызықпен бұрыш түзе дистальды жаққа қарай қисайған. Тіс сауыты бұрыштының белгісі мынада: тіс сауытының вестибулярлы жақ бойынша тістің шайнау жиегі сызығы мезиальды бетке ауысқанда дистальды бетке ауысқандағыға қарағанда кішілеу бұрыш түзеді.
Тіс сауыты қисықтығы белгісі мынада: тіс сауытын вестибулярлы беті дистальды бетке ауысқандағыға қарағанда мизальды бетке тіктеу ауысады. Демек вестибулярлы беттің медиальды кесіндісі көлденең бағытта дистальды кесіндіге қарағанда дөнестеу болады. Бұл тіс сауытының медиальды бөлігінің дистальды бөлігіне қарағанда мықтылау дамығандығына байланысты. Тіс сауытының вестибулярлы бетінің медио – дистальды еңісі түзіледі.
Жеке тістің жоғарғы немесе төменгі жақ сүйекке қатысты екенің тіс сауыты пішіні, сондай-ақ түбірлердің пішіні мен саны арқылы анықтауға болады. Сондықтан тістердің белгілі бір тобының тіс сауыты пішіні мен түбірі санын ғана емес, сол топтың әрбір тісінің тіс сауыты пішіні мен түбірінің санын білу керек.
Әрбір жақ сүйекте төртеуден болатын күрек тістердің, пішіні қомақты тамақты кесіп - бөлетін қашау тәрізді келеді. Жоғарғы күрек тістер сауыты көлемділеу, ал төменгілерінікі екі есе енсіздеу. Түбірі біреу, төменгі күрек тістердікі бүйір жақтарынан қысыңқы. Түбір төбесі аздап латеральды қисайған.
Медиальды беті дистальды бетіне қарағанда ұзындау және тік бұрыш жасай кесетін жиекке айналады, ал дистальды беті едәуір дөнгелектенеді. Тіс сауыты бұрышты белгісі жақсы байқалады. Медиальды күректістікіне қарағанда түбір қысқалау, мезодистальды бағытта қысыңқы: көп жағдайда ол түзу, бүйір жүлгелері болады. Дистальды беті медиальды бетіне қарағанда дөңестеу.
Медиальдыға қарағанда латериальды күректістің сауыты кендеу де, түбірі қомақтылу. Соның өзінде бұл тісте бұрыш пен түбір белгілері айқын, ал қисқтық белгісі нашар білінеді.
Иттістер әрбір жақ сүйегінде екеуден болады, бүйірленген қисынқы және бүйір жүлгелері бар ұзын жалғыз түбірі бар. Тіс сауытының бұрыш жасай түйісетін екі кескіш жиегі бар; оның тілге қараған бетінде мойнында төмпешік орналасады. Ол тіл және ерін беттері кескіш жиегінде түйісетіндей болып жайпақтанған. Оның вестибулярлық беті көлденең және бойлық бағыттарда дөнес. Онда әр уақытта, әсіресе кескіш жиегінде бетті кіші медиальды бөлікке және үлкен-дистальды бөлікке бөлтін жақсы байқалатын бойлық бөлік болады. Тілге қараған бетінде мойынға қарай тістің төмпешігінде түйісетін бүйір біліктері айын байқалады. Тіс сауытының кескіш жиегі 2 жартыдан тұрады: кішілеу – медиальды жарты және үлкендеу - дистальды жарты, бұлар жиектің төбесіне тоғысады. Жиектің дистальды жартысы медиальды жартыға қарағанда сәйкесті апроксимальды бетке қарай тіктету түседі. Иттістерге барлық тіс белгілері тән бетке қарай тіктеу түседі. Иттестерге барлық тіс белгілері тән (түбірінің, бұрышының, тіс сауыты қисықтығының).
Жоғарғы иттіс. Сауыты қомақты. Оның жанасатын беттері кескіш жиекке қарай едәуір ажырайды. Тіс сауытының тілге қараған бетінде қомақты орта білік етеді, ол тіс төмпешігінен басталып, едәуір қалындап, кескіш жиекке қарай кеңейеді. Жанасу беттері табанына кеңдеу де, бірақ қысқалау. Түбірі қомақты және барлық тістер түбірлері ішіндегі ең ұзыны. Оның апроксимальды беттері кең. Ерін жиегі тіл жиегімен салыстырғанда доғал әрі кең.
Төменгі иттіс жоғарғыдан кішілеу. Сауытының вестибулярлы бетінде де сондай-ақ тілге қараған бетінде бойлық біліктер нашар байқалады. Тіс сауытының вестибулярлы беті сәл дөнес, тілге қараған беті ойыс; жанасу беттері параллель келеді, соның өзінде медиальды беті мойынға мүлде ұқсастанбайды, ал дистальды беті беті оған шамалы қисайған. Сауытының кескіш жиегі жоғарғы иттістікіне қарағанда қысқалау да және оның медиальды бөлігінің ұзындығы жағынан дистальды бөлігінен айырмасы шамалы.
Иттістердің алдында орналасқан тістер бір бағытта өзгеріске ұшыраған- оларда тіс сауыты жайпақтанып, кескіш жиек - тіс ұщы, ал олардың арт жағында орналасқан тістер басқа бағытта өзгерген: тамақты ұсақтап, ұнтауға арналған тіс сауыты жақсы дамыған, ал иттістер бейтарап аймақта қалғандай бастапқы конус пішінін және тістің өте ертедегі қызметін – тамақты жару және жұлып – бөлу қызметін сақтап қалған. Сондықтан олар алдыңғы және артқы тістердің шекарасында орналасқан.
Бірінші жоғарғы кіші азу тісті екіншіден ажырату үшін бірнеше белгілерді пайдаланады; бірінші тістің жақ төмпешігіне қарағанда биіктеу; түбірі едәуір қысыңқы және көбінесе айырылған; екінші тістің түбірі конус пішінді және тек төбесінде ғана ажырауы мүмкін; тіс бірі конус пішінді және тек төбесінде ғана ажырауы мүмкін; тіс сауыты төмпешіктері бір деңгейде дерлік орналасқан. Бірінші тіс сауытының вестибулярлы беті үшбұрышты кіші азу тіске қарағанда көбінесе иттістің сәйкес бетіне ұқсайды.
Ең жиі кездесетін бірінші нұсқа: сауыттың жанасу бетінде үш төмпешік бар: екеуі жақ төмпешігі және біреуі тілдік төмпешік. Қабысу беті төбесіне тіл жағына қараған үшбұрыш пішінді.
Екінші нұсқа – қабысу бетінде төрт төмпешіік бар да, тіс бірінші үлкен азу тіске ұқсайды. Мұндай жағдайда екінші жоғарғы үлкен азу тісті бірінші тістің түбірлеріне қарай ажыратады: бірінші тіске тілдік түбір екі жақ түбірі аралығында қарсы орналасады; екінші тістің тілдік түбірі материальды жақ түбіріне қарсы орналасады және тіпті онымен қосылып-тұтасып кетуі мүмкін.
Үшінші нұсқа (сирек) –сауыты үш төмпешікті пішіндес, соның өзіндеде төмпешіктер тіс доғасын қиғаш қиып өтетін бір қатарға орналасады. Бүкіл сауыт енсіз, қысыңқы.
1 – нұсқа. Сауытының пішін және шайнау беті бірінші үлкен азу тіске ұқсас.
2 – нұсқа. Сауыты медио – дистальды бағытта ұзарған, вестибула – оральды бағытта қысқарған және созылған призмаға ұқсас.
3 – нұсқа. Сауыты айтарлықтай ұзын, шайнау бетінде үш төмпешік бар, олар тік сызықта орналасқан.
4 – нұсқа. Шайнау бетінде 3 үшбұрыш пішінді төмпешік бар: екі төмпешік вестибулярлы, біреуі оральды.
Ең көп кездесетіні бірініші және үшінші нұсқаудағы сауыттар. Екінші үлкен азу тістің сауытын пішіндеу бірінші азу тісті пішіндеуге ұқсас.
Жоғарғы медиальді күректіс – күректістер табындағы ең ірісі. Оның сауытының ерін беті көлденен, және байлық бағыттарда дөңес. Оның үш кішкене байлық білігі бар, олардың әрқайсысы шайнау бетінде бедерімен аяқталады. Ортаңғы әйліктің екі жағында біреуден байлық ойыс жатады. Тіс сауытының тілге қараған беті көлденең және байлық бағыттарда ойыс келеді. Мойын бөлімінде төмпешік, tuberculm olentale жатады, одан тілге қараған беттің дистальді және мезиальды жиегімен тістің шайнау жиегіне қарай келетін бөліктер шығады. Тістің үш белгісінен тіс сауытының қисықтығы барынша айқын білінеді. Түбірі конус пішінді және сауытынан ұзындау: бүйір жүлгелері онша байқалмайды оның 3 беті бар: ерін және 2 апроксимальды беттер.
3- ші . Дәріс: Протез бен аппараттар жасалатын, негізгі конструкциялық материалдар
Металдардың химиялық қасиеттері құрамындағы атоммен әлсіз байланысқан қозғалғыш электрондардың санына байланысты.
Металдардың құрылысы. Металдар қатты күйінде анық байқалатын кристалдық құрылыста болады. Металдың бет қабатын мұқият жалтыратып содан соң белсенді химиялық заттармен улай отырып микроскоппен қарағанда оның құрылысының кристалды екенің көруге болады. Кристалды дененің негізгі ерекшеліктері атомдардың молекулалардың немесе иондардың кеңістікте белгілі бір орында орналасуы болып табылады.
Металдардың көпшілігіне тән кристалдық тордың үш түрі бар:
Кристалдық құрылыстың кемшіліктерінің бірі - атомдар арасындағы қуыстардың болуы, басқаша «вакансия». Торлардың бұл кемістіктері құймалардың балқу кезінде бір-біріне енуі үшін өте маңызды және термиялық өндеуге байланысты. Кристалдық құрылыстың екінші бір кемшілігі дислокация деп аталады. Бұл жағдайда кристалдардың шоғырлануына байланысты жартылай жазықтық түзіп, бір сызықтың бойына орналасқан кемістікке әкеліп соғады басқаша айтқанда жиектік дислокация. Бұл дислокация түзу болуы болмаса бұралып спираль тәрізді болуы да мүмкін. Соңғысы “бұрандалы дислокация“ деп аталады.
Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 55 б
16 12 2014
3 стр.
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 73 б
16 12 2014
5 стр.
А. Алиханова Қарағанды мемелекеттік медицина академиясының дкбб және укжф отбасылық медицина және амбулаторлық-емханалық терапия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор
16 12 2014
7 стр.
М.Қ. Елубаева Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
14 12 2014
4 стр.
Тайгулов Е. А., Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, госпитальдық хирургия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор
16 12 2014
7 стр.
Азақстан республикасы денсаулық сақтау қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі
14 12 2014
4 стр.
Азақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
16 12 2014
8 стр.
«Болашақ» ҚУ фармацевтикалық институтының директоры, профессор, фарм.ғ. д. Абдуллабекова Р. М
15 12 2014
4 стр.