Перейти на главную страницу
Қаттылығына байланысты алтын құймаларын жұмсақ, орташа қатты, өте қатты деп бөледі. Қатты және өте қатты құймаларды 700º С қыздырып 10 минут ішінде суытса жұмсарады.
Тіс протездері үшін мына таңбалы алтын қолданды: 900, 750, 583.
916 таңбалы құйманың түсі ақшыл – сары өңдеуге жеңіл. Ол көпіртектес протездер, қаптама, микропротез, жартылай қаптама және әшекейге орындық жасау үшін қолданады. Бұл құйманың кемшілік қаттылығынын жеткіліксіздігінде.
900 таңбалы құйма ауыз қуысында коррозияға тұрақта, 916 таңбалы құймаға қарағанда қатты, түсі қызғылт. Иленгіштігіне байланысты қалыптағанға да ыңғайлы. Алтынды қалыпқа салып қалыптағанда қорғасын жастықтарынан және тез балқығыш құймадан: қорғасынның, висмуттың, қалайының жаңқалары қалып қояды. Олар алтынды қыздырған кезде балқып онымен қосылысқа түседі. Сондықтан алтынды қыздырар алдында тұз қышқылына немесе азот қышқылына салып тазартып алады. Қыздырған кезде алтынның сыртқы қабаты тотығады. Бұл тотықты тазалау үшін тұз қышқылын қолданады.
750 таңбалы құйманың құрамына кадмий мен платина кіреді. Кадмийді 5-10% етіп қосатын болса құйманың балқу температурасы төмендейді. Сондықтан бұндай құйманы дәнекер ретінде қолдануға болады.
Тіс техникалық алтын құймалар өздерінің физикалық қасиеті жағынан 4 түрге бөлінеді:
а) жұмсақ – аз қысым түсірілетін қондырғыларда қолданылады (салмалар);
б) орташа жұмсақ – орташа қысым түсірілетін қондырғыларда қолданылады; қаптамалар, құйылған салмалар, көпір тектес протездердің аралық бөліктерін біріктіру үшін.
в) қатты түрі – көп қысым түсірілетін қондырғыларда: жартылай қаптама, жұқа құйылған салмалар, көпір тектес протездің элементтері.
г) өте қатты – жұқа бөліктері бар қатты қысым түсірілетін бұйымдарда: ершік, ілмектер, қаптамалар.
Күміс – палладий құймалары.
Бұл құмалар қасиеті жағынан алтынның құймаларына жақын. Құймалардың түсі ақ, серпімділігі жоғары. Балқу температурасы: 1100-1200 Сº. Бұл құйманың құрамында күміс 75%, палладий 10%, алтын 15%, бриннельдің көрсеткіші бойынша қаттылығы 30. Құйманың құрамында палладийдің мөлшері жоғарылатылса онда балқу температурасы да көтеріліп, қатты және жыртылуға мықты болады. Күміс құйманың негізі болып қаттылығын жоғарылатады, ал алтын болса құйылу сапасын жақсартып құймаға алтынның түсін береді. Ауыз қуысында бұл құймалар басқа металдармен қосылып микроток туғызбайды. Күміс паладий құймалары қондырғылармен бірге тот баспайтын болатты қосуға болмайды, өйткені ауыз қуысында гальваникалық элемент пайда болып, ол созылмалы интоксикацияға алып келеді. Қолданылуы: тіс протездерінің штампты бөліктерін дайындайды (қаптамалар, алынбалы протездің негіздері). Алтыннан және күміс құймаларынан қондырғыларды өңдегенде зиянды қоспалардың араласпағанын қадағалайды (қорғасын, қалайы, сурьма, күкірт, сынап, висмут), олар металдың ішіне оңай еніп оның химико – физхикалық қасиетін төмендетеді.
Мұндай құймаларды алтын дәнекерлерімен дәнкерлейді.
Мыс негізіндегі құймалар (Рандоль).
Рандоль – мыс мырыш құймасы. Сыртқы түсі алтынға ұқсас. Ауыз қуысында тотығып, бұзылады. Бірақ жылтыры кетпейді. Осыдан металл өзгермейді деген ұғым қалыптасқан. Ас тұзының ертіндісінен металдың бұзылуына әкеліп соғады. Ал органикалық қышқылдар мыс пен улы қосылыс түзіліп, қанға сіңеді және организмге зиянды әсерін тигізеді. Құймаға қажетті дәнекер. Бір бөлік күміс және бір бөлік латон.
Балқу температурасы 1030 Сº. Құрамында 9 бөлік мыс және 1 бөлік аллюминий бар. Құйманың түсі алтынның түсіне ұқсас. Ауыз қуысы ішінде қараймайды. Бірақ тотығу реакциясы тез болады. Бұл құйма ортодонтиямен бет жақ ортопедиясын байлам (сым) ретінде қолданылады.
Балқу температурасы – 1024 Сº. Құйманың құрамы – 30 бөлігі мыс, 22 бөлігі мырыш, 15 бөлігі никель. Никельді марганецпен ауыстыруға болады. Металл күміс түстес, ауыз қуысында тотықты қабатпен тез жабылады. Организм үшін құйма зиянсыз.
Дәнекерлегіш – күміс дәнекері қолданылады.
Дюрь аллюминий құймасы.
Балқу температурасы – 605 Сº. Құйманың құрамы аллюминий, 0,5% магний бар.
Дюрь аллюминий құймасы ауыз қуысында тотықпайды. Қалайы арқылы дәнекерленеді. Болмаса, дәнекерлеуді ультра дыбыс арқылы жүргізуге болады.
Аллюминий – магний құймасы (магналий).
Балқу температурасы – 657 Сº. Құрамы 9 бөлігі алюминий, 1 бөлігі магний. Құйманың түсі ақ күміс тәріздес. Алюминий қатты қышқылға төзімді, күкірт қышқылы және көптеген органикалық қышқылдар құймаға әсер етпейді. Дәнекері қалайы. Дәнекерлеуді ультра дыбыспен жүргізуге болады.
Саяси стандарты бойынша барлық металл құймалары мына топтарға бөлінеді:
б) Құрамы жоғары, асыл металдар: (алтын, платина немесе алтын және паллади 75%)
в) Палладий негізінеде (50%) жақсы технологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді, коррозияға тұрақты, Таза алтын – жұмсақ металл. Жоғарғы мықтылығымен қатандыққа жету үшін оның құрамына лигатурлы металдар – мыс, күміс, платина, қосады.
Алтын құймасы бойынша оның құрамы пайызбен есептеледі.
Таза алтын метрлік сынама бойынша 1000 сынама болып есептеледі. Россияда алтындық сынаманың жоғарғы сынамасы 960 алтынды.
Англияда каратты сынамасы-жоғарғы проба 24 карат.
3 кесте - алтын құймалары әр-түрлі жүйе бойынша белгіленеді
Алтын құймаларының |
Жүйе | |
Құрамында % |
Метрлік |
Алтынды |
100 |
1000 |
24 |
4 кесте - алтын және хром – кобальт құймаларының физикалық және механикалық көрсеткіштері
Физикалық және механикалық көрсеткіштері |
Сары алтын |
Ақ алтын |
Хром – кобальт құймасы |
Балқу температурасы, Сº Тығыздығы, г/см³ Бриннель қаттылығы бойынша, кгс/мм² Мықтылық шегі, кгс/мм² Ұзаруы, %
|
900 15
35 2-35
|
1000 11,5
22 20-25
|
1290-1400 8-9
35 2-11
|
5 кесте - алтын құймаларының қаттылығына байланысты құрамы
Құйма түрі |
% саны | |||||
Au |
Ag |
Cu |
Pd |
Pt |
Zn | |
Жұмсақ Орташа қатты Қатты өте қатты |
79-92,5 75-78
62-78 60-71,5
|
3-12 12-14,5
8-26 4,5-20
|
2-4,5 7-10
8-11 11-16
|
0-0,5 1-4
2-4 0-5
|
0-0,5 0-1
0-3 0-3
|
0,05 0,5
1,0 1-2
|
6 кесте - әр түрлі таңбалы алтын құймаларының құрамы
Құйма түрі |
% саны | |||||
Au |
Ag |
Cu |
Pd |
Pt |
Zn | |
916 900
750 750
583 583
|
91,6 90,0
75,0 75,0
58,3 58,3
|
4,2 4,0
5,0 8,0
19,0 13,0
|
4,2 6,0
14,2 9,0
18,5 28,0
|
- - - 8,0 - - |
- - 5,0 - 2,5
- |
- - 0,8 - 1,7
- |
Алтыннан және күміс – палладий құймаларынан штампты қаптама дайындаудың клиника зертханалық кезеңдері металдан жасалған штампты қаптама дайындаудың клиника зертханалық кезеңдерінен айырмашылығы жоқ. Бірақ бірнеше ерекшеліктері бар.
Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғарғы температураның пластмассаның физикалық, механикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді.
Термопластикалық пластмассалар жоғарғы температурада жұмсарады. Ал температура төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлерге мына материалдар жатады: полиметилметакрелат, полистерол, капрон, поливинилхлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликарбонат.
Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрилді және метакрилді қышқылдардың полимерлері немесе сополимерлері.
Термореактивті полимерлерге бакелит, аминопласт және фенопласт жатады. Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар ағза үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, техналогиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет. Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар: этакрил немесе АКР15, фторакс, акронил, бакрил.
Фторакс – құрамында фтор бар акрилаттар сополимерлер. Фторакс пластмассаның физикалық және химиялық қасиеттері өте жақсы: химиялық тұрақтылығы және мықтылығы өте жоғары. Ол жартылай мөлдір, түсі ауыз қуысының жұмсақ тіндеріне мейілінше жақын.
Акронил – метиметакрлаттың сополимері, құрамында поливинилэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысын күшейтетін диметакрилатэтиленгликоль бар. Акронил басқа материалдармен салыстырғанда техналогиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен.
Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты. Алмалы – салмалы тістерді жасауға қолданылатын негізгі (базисті) акрилатты пластмасса.
Полимер мен мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз – төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу. Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар :
а) Полимер мен мономер қосындысының қамыр тәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау.
ә) Полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю.
б) Полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.
Пластмассалы қаптамалардың металды қаптамағанда артықшылықтары болады, қаптаманың түсі табиғи тістердің түсіне сәйкес келеді, сондықтан оларды алдыңғы тістерге косметикалық мақсатымен дайындайды.
7 кесте - пластмассалы қаптама дайындаудың клинико - зертханалық кезеңдері
Клиника (дәрігердің жұмысы) |
Зертхана (тіс – технигінің жұмысы) |
1- келуі : Науқасты тексеру, диагноз қою, емдеу жоспарын құру. - Тісті егелеп, екі жақтан да үлгі алу; - Пластмассалы қаптама үшін түсін анықтау; 2-келуі: Шақтап келтіру және қаптаманы цементке бекіту |
|
Егерде модель орталық оклюзияда құрастырылмаса тіс технигі тістесу біліктерін дайындайды. Бұл жағдайда пластмассалы қаптама науқастың үш рет келуімен бітеді.
Модель құйғаннан кейін тіс технигі егеленген тістің мойынын оюлайды және оны 0,3 мм ұзартады. Одан кейін балауыздан жасанды қаптаманың пішінін келтіреді. Балауыздан пластмассалы қаптаманың анатомиялық пішінін толық көлемде қалыптастырады, кейде ол аздап үлкен болады, өңдеу және жылтыратуға байланысты. Пішіндеуді ақ немесе сары балауызбен жүргізеді, өйткені түсті балауыз бояғыштары пластмассаның түсін өзгертуі мүмкін. Пішінделген балауыз қаптаманы көршілес тістер аймағымен аздап модельден кесіп алады да қалыпқа ғаныштайды. Ғаныш қатқаннан кейін балауызды ыстық судың көмегімен ағызып жібереді. Қалыпты суытады, керек түсті пластмассаны алып араластырады. Пластмасса ісінгеннен кейін оны қалыпқа салады, нығыздайды, бюгельге қысады да полимеризация жүргізеді. Көпіршіктер мен ішкі жарықшалар пайда болмас үшін полимеризацияны өте ұқыпты жүргізеді. Суыған қалыптан қаптаманы алып оны өңдейді, әрлейді, жылтыратады.
8 кесте - пластмассалы қаптама дайындаудың клиникалық кезеңдер
Жұмыс істеу кезеңдері |
Жұмыс істеу реттілігі. |
6. балауыз мүсінді қалыпқа ғаныштау. 7.пластмассалы қаптаманы қалыптау.
9. пластмассалы қаптамны өңдеу және жылтырату.
|
· Қызыл иек жиегі сызығын белгілеу және тіс аралық кеңістікті ажырату. · Ерітілген балауызды егеленген тіске құяды және қаптаманың анатомиялық пішінін келтіреді. · Пластмассалы қаптама пішінделген тісті модельден кесіп алады. · Қалыпты жұмысшы жағдайына келтіру. · Қалыптың төменгі бөлігіне сұйық ғаныш құйылады да оның ішіне қаптаманың балауыз құрылымы салынады. · Қалыптың жоғарғы бөлігі салынып үстінен ғаныш құйылады. · Ғаныш қатқаннан кейін қалыпты ыстық суы бар ыдысқа салады. · Қалыпты ашып ыстық сумен балауызды ағызып жібереді. · Қамыр тәріздлі пластмассаны дайындау. · Қаптаманы қалыптау. · Қалыпты қыспақтың астына салу. · Қалыпты қыспақтың астына алып оны бюгельге бекітеді. · Қалыпты бюгельмен бірге суға салады. Полимеризация жүргізіледі, одан кейін суыған қалыптан қаптама алынады. · Тегістегіш моторда тегістеу, зімпара қағазымен өңдеу. Ішкі бетін бұрғымен тегістеу. |
Дайын пластмассалы қаптаманы ауыз қуысында бекіткенге дейін судың ішінде сақталады.
Сауыт жасамас бұрын целлулоидты қалпақша дайындап алады. Содан кейін қалпақшаны тез қататын пластмассамен құйып толтырады. Пластмасса қатқан соң сыртқы қалпақшаны кесіп алып тастайды. Алынған сауытты тегістеп, жылтыратады.
а) бұрғы, ұштық, сепарациялық дискілер
б) егеу, штихел, қырғаныш
в) күйдіруші аппарат, құйма
г) жұмсақ және қақты щеткалар, кигізді фильцалар, резиналы дөңгелектер
д) түрпілік материалдар, щеткалар, резиналы дөңгелектер
2. Штамптау кезінде гильзаны шөпті сары түске дейін күйдіреді не үшін?
а) оған мықтылық пен қаттылық беру үшін
б) оған тұрақтылық пен қаттылық беру үшін
в) оған төзімділік пен қаттылық беру үшін
г) оған иімділік және созымдылы беру үшін
д) оған қаттылық және төзімділік бері ұшін
3. Жасанды тістердің шайнау беттерін пішіндегенде қажет:
а) айқын бұдырлар
б) дөңгеленген бұдырлар
в) айқын сызаттары
г) тегіс беткей
д) күрт шығыңқы бұдырлар
а) қаттырақ басу
б) қалыпты қайта алу
в) бөлшектерді қосу, ең үлкен сауытқа кіші сауытты қосу
г) қалақша көмегімен араластырушы ғаныш таңдау
д) басқа әдіспен қалып алу
а) қатты қыздырлған балауызбен, қаптаманың бір бөлігіне орналасақан
б) қаптама бөлігінің шетіне орналасқан әлсіз қыздырылған балауызбен
в) қаптаманың бірнеше бөлігіне орналасқан қайнаған балауызбен
г) ұяшыққа құйылған қатты қыздырылған балауызбен
д) ұяшыққа құйылған әлсіз қызыдырылған балауызбен
а) кесуші қырымен целиндрлік пішінді сауыт
б) кесуші қырымен қашау тәрізді пішінді сауыт
в) кубикалық пішінді бұдыр мен сызатты сауыт
г) бір бұдырлы конус тәрізді пішінді сауыт
д) екі бұдырлы целиндр пішінді сауыт
а) екі бұдырлы целиндрлік формалы сауыт
б) тік кесуші қырымен қашау пішінді сауыт
в) өткір кесуші қырымен конус пішінді сауыт
г) екі бұдырлы қашау пішінді сауыт
д) үш бұдырлы куб тәрізді пішінді сауыт
а) жеңіл еруші құймалар
б) КХҚ
в) пластмасты қаптамалар
д) қаптаманың негіздік пластмассасы
а) отқа төзімделек
б) термопластикалық
в) ерітудің төмен температурасы
г) морт сынғыш
д) газды өткізбеушілік
а) термопластикалық
б) эластикалық
в) ерітудің төмен температурасы
г) хрупкость
д) газды өткізбеушілік
а) термопластикалық
б) эластикалық
в) балқытудың төмен температурасы
г) сынғыштық
д) газөткізгіштік
а) Паркер
б) ММСИ
в) Гаврилов
д) Сыртқы штамповка
а) 96 процент спирт
б) царская водка
в) 40-50 процент тұз қышқылы ерітіндісі
г) тұз қышқылы + азот қышқылы + су ерітіндісі
д) Сірке қышқылы
а) 96 прцент спирт
б) 50 процент тұз қышқылы ерітіндісі
в) дистирленген су
г) уксус қышқылы
д) тұз, азот және сірке қышқылы ерітіндісі
а) тотбаспайтын болат
б) 900 таңбалы алтын
в) 750 таңбалы алтын
г) алтын құймалары
д) КХҚ
16. 40-50 процент тұз қышқылы ерітіндісі нені ағартады
а) тотбаспайтын болат
б) алтын құймалары
в) тезерігіш құймалар
г) күміс құймалары
д) КХҚ
17. Тұз, азот және күкірт қышқылы ерітіндісі ағартады
а) тотбаспайтын болат
б) алтын құймалары
в) тезбалқығыш құйма
г) күміс құйма
д) КХҚ
18. Тіс протездерінің біріктірілген металдық деталдарын тегістеудің механикалық әдісінде қолданылады
а) сулы ботқа түрінде бор
б) полипласт
в) ГОИ пастасы
г) электролит
д) графит
19. Түрпілік материалдарға талаптар
а) пішіндеу
б) протезді өңдеу
в) қалып алу
г) Мүсіннен көшірме алу
д) пластмасса полимеризациясы
а) алтын- 75 %, күміс, мырыш, кадмий және т.б.
б) алтын –60 %, күміс, мырыш, кадмий және т.б.
в) алтын –50 %, күміс, мырыш, кадмий және т.б
г) алтын –40 %, күміс, мырыш, кадмий және т.б
д) алтын –85 %, күміс, мырыш, кадмий және т.б
21. Тотбаспайтын болатқа дәнекер ретінде
а) алтын дәнекері
б) 750 таңбалы алтын
в) күміс припой
г) 900 таңбалы алтын
д) тезерігіш метал
22. Штампталған қаптамалар дайындауға арналған стандартты гильзалар дайындалады
а) хромкобальтты құйма
б) хромникельді болат 1Х 18 Н9Т
в) 916 таңбалы алтын құймасы
г) нитрит-титан
д) цинк құймасы
а) алтын
в) күміс
д) хром
24. Балауыздың қасиеті
а) ерудің жоғары температурасы
б) қайнаудың жоғары температурасы
в) иілгіштік
г) эластикалық
д) жоғары мықтылық
25. Стомальгин жатады
а) негіздік пластмассаға
б) пішіндеуші пластмассаға
в) үлгілік материалға
г) қалыптық материалға
д) түрпілік материалға
а) альгинатты
б) термопластикалық
в) гидрококоллоидты
г) силикоды
д) тиоколды
а) үлкен усадка
б) эластикалық
в) сынғыштық
г) қалып бойынша бірнеше модель құюға мүмкіншіліктің болмауы
д) протезді ложа тіннің дұрыс түспеуі
28. Қалыпты материал тиодент жатады
а) силиконды
б) альгинатты
в) тиоколды
г) гидроколлоидты
д) цинкоксидэвгинолды
а) силиконды
б) алгинатты
в) тиоколды
г) гидроколлоидты
д) термопластикалық
а) пластмасты қамыр ұстау
б) протезді қайнатқанда температураны сақтау
в) пластмасты араластыру әдісі
г) протезді өңдеу
д) пластмасты қамырды арластырғаннан дайын протез болғанша процесс
а) мономер жетпеуінен
б) отыруынан
в) суытудың тегіс болмауынан
г) температуралық тәртіптің бұзылуынан
д) пішін ішінде қысымның болмауынан
а) балауыз
б) тотбаспайтын болат
в) боксил
г) КХҚ
д) Синма
33. Негізгі материалға жатады
б) стомальгин
в) КХҚ
г) балауыз
а) негізді пластмаса
б) стоматологиялық фарфор
в) КХҚ
д) ситаллы
а) кальцинирленген сода ерітіндісі
б) суық су ерітіндісі
в) 3-4 % ас тұз ерітіндісі
г) 4 % қант ерітіндісі
д) 4 % бикарбонат натрия ерітіндісі
а) ғаныш
в) лавакс
г) КХҚ
д) Фторакс
а) шайнау және кесетін беткейлері қайнаған балауызбен құйылады
б) ғанышты штампиктің бүкіл беткейіне балауыз жағу
в) қайнаған суда штампиктің шайнау және кесетін беткейіне бағытта штампиктің сауытты бөлігіне балауыздың бірінші үлес құйылады
г) барлық жауап дұрыс
д) барлық жауап дұрыс емес
а) мықтылығы үшін
б) коррозияға тұрақтылығы үшін
в) тотық қабатты алу үшін
г) эстетика, мықтылық үшін
д) эстетика, бүтіндігі үшін
а) тістен және тіс қатарынан үлгі алу
б) балауызды салманы металлға немесе пластмассаға ауыстыру
в) тісте қуысты пішіндеу
г) аралас модельді алу
д) салманың дұрыстығын тексеру, тіс қуысына бекіту
а) ғаныш штамп алу
б) тіс қаптамаларын модельдеу
в) моделді окклюдаторға бекіту
г) орталық окклюзияда мүсінді құрастыру
д) тіс өңдеу
а) металлды штамп алу
б) қаптама штамптау
в) гильзаларды таңдап дайындау
г) мүсінді окклюдаторға бекіту
д) орталық окклюзияда мүсінді құрастыру
42. Штампталған қаптама жасаудың жасалған қаптаманың сапалығын клиникада тексергеннен кейінгі кезең
а) қаптама алу
б) орталық окклюзияны анықтау
в) қаптаманың соңғы штамптау
г) қаптаманы фосфат цементке бекіту
д) қаптаманы жылтырлату, тегістеу
а) орталық окклюзияда мүсінді құрастыру
б) мүсінді окклюдаторға ғаныштау
в) қалыпқа ғаныштау
г) плстмассалы қамыр жасау
д) нығыздау
а) «Изокол» айырғыш сұйықтықты жағу
б) қалыпты бюгелге қысу
в) пластмассаны полимеризациялау
г) балауызды қайнап тұрған сумен еріту
д) пластмассаны нығыздау
а) пластмассаны полимеризациялау
б) қаптаманы тегістеу және жылтырлату
в) қалыпты бюгелге қысу
г) «Изокол» айырғыш сұйықтықты жағу
д) балауызды қайнап тұрған сумен еріту
а) этакрил
б) протакрил
в) акрил
г) фторакс
д) бакрил
а) эластикалық
б) гидроколлоидты
в) қатты кристалды
г) альгинатты
д) термопластикалық
а) окклюзионды беткей
б) вестибулярлы беткей
в) оральді беткей
г) медиальді беткей
д) дистальді беткей
б) қызыл түсті
в) түссіз балауыз
г) бал ара балауызы
д) ақ немесе сары балауыз
б) 10-30 минут
в) 5-15 минут
г) 5-30 минут
д) 45 минут
Жауаптар:
1 - г 2 – г
3 – б 4 – в
5 – а 6 – д
7 - б 8 – б
9 – а 10 – д
11 – д 12 – б
13 – в 14 – а
15 – г 16 – б
17 – а 18 – в
19 – б 20 – а
21 – в 22 – б
23 – б 24 – в
25 – в |
26 – б 27 – б
28 – в 29 – д
30 – б 31 – г
32 – а 33 – в
34 - г 35 – в
36 – в 37 – в
38 – в 39 – б
40 – г 41 – а
42 – д 43 – в
44 – д 45 – б
46 – б 47 – в
48 – в 49 – д
50 – д |
1. Бердімбетов Е.А. „Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану“ оқулық құрал. – Қарағанды, 1993. – 63 б.
2. Копейкин В.Н., Кнубовец Я.С., Курляндский В.Ю., Оксман И.М. Зубопротезная техника. – М.:Москва,1978 – 425 с.
3. Рузуддинов С.Р., Морчик Н.В., Жақсыбаев Б.И. Техника изготовления несъемных зубных протезов. – Алматы, 2000. – 97с.
4. Трезубов В.Н., Щербаков А.С., Мишнёв Л.М. Ортопедическая стоматология. Пропедевтика и основы частного курса: Учебник для медицинских вузов. Под ред.проф. В.Н.Трезубова. – СП б.:СпецЛит, 2003. – 480с.
Мазмұны
1 – ші. Дәріс : Тістердің функциональды анатомиясы
және олардың сауыт бөліктерінің құрылымдық
жалпы сипаттамасы..............................................................................4
2 – ші. Дәріс : Сауыт құрылымының
геометриялық пішініне қарап тіс сауытының
кескінін келтірудің анатомиялық ерекшеліктері...............................10
3 – ші. Дәріс : Протез бен аппарат
жасалатын негізгі конструкциялық
материалдар.........................................................................................18
4 – ші. Дәріс : Протездердің әр түрлі
кезеңдерінде қолданылатын қосымша
материалдар.........................................................................................22
5 – ші. Дәріс : Салма тістердің
дайындау технологиясы, қолданылуы,
клиникалық – зертханалық кезеңдері...............................................32
6 – ші. Дәріс : Асыл емес құймалардан
штампталған жасанды сауыттардың
жасалу технологиясы...........................................................................41
7 – ші. Дәріс : Асыл құймалардан штампталған
жасанды сауыттардың жасалу технологиясы....................................49
8 – ші. Дәріс : Пластмассадан жасанды
сауыт және әрленген сауыт жасау
технологиясы........................................................................................56
Тест сұрақтары.....................................................................................62
Қолданылған оқулықтар......................................................................70
Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 55 б
16 12 2014
3 стр.
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 73 б
16 12 2014
5 стр.
А. Алиханова Қарағанды мемелекеттік медицина академиясының дкбб және укжф отбасылық медицина және амбулаторлық-емханалық терапия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор
16 12 2014
7 стр.
М.Қ. Елубаева Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
14 12 2014
4 стр.
Тайгулов Е. А., Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, госпитальдық хирургия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор
16 12 2014
7 стр.
Азақстан республикасы денсаулық сақтау қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі
14 12 2014
4 стр.
Азақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
16 12 2014
8 стр.
«Болашақ» ҚУ фармацевтикалық институтының директоры, профессор, фарм.ғ. д. Абдуллабекова Р. М
15 12 2014
4 стр.