Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы

№ 343-ө бұйрығына

қосымша


Жұмысшылардың жұмыстары мен

кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы


15 шығарылым
«Метал канаттар, торлар, серіппелер,

щеткалар мен шынжыр өндірісі» бөлімдері


Астана 2009

Кіріспе

Осы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 130-ө бұйрығымен бекітілген, бұрын қолданыста болған БТБА 15-шығарылымының «Метал канаттар, торлар, серіппелер, щеткалар мен шынжыр өндірісі» бөлімі негізінде әзірленді.


Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамалары екі бөлімнен тұрады. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиісті жұмыстардың сипаттамасын қамтиды.

«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуіне қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыстың (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; брак түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.

Біліктілігі біліктілігі төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жекелеген жұмыстарды орындау біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшының басшылығымен жүргізіледі деп жазылған.

Мұндай жағдайларда, біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшылар сол кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс.

Осы бөлімде осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылар кәсіптері қамтылды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларын пайдалану, разрядтарын беру және оны көтеру, өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі БТБА І шығарылымының Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік сипаттамаларының «Жалпы ережелерінде» берілген.

Тарифтік-біліктілік сипаттама алты разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

«Метал канаттар, торлар, серіппелер, щеткалар мен шынжыр өндірісі» бөлімдері
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1. Түйін тоқыма және орамдау автоматтары мен станоктарындағы автоматшы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған пружина орамдау станоктарында суық жағдайдағы қимасы әртүрлі түрлі болат және түсті метал маркаларынан диаметрі 5 мм дейінгі сымнан, және цилиндр үлгісіндегі диаметрі 2 мм дейінгі сымнан арнаулы станоктарда пружиналарды орамдау. Пружинаға арналған дайындамаларды станоктарда кесу. Артық орамдарды кесіп тастау. Пружиналардың тірек бетін қайрау. Бапталған станоктар мен автоматтарда перфорацияланған бұйымдарды бекітуге арналған пластмасса және метал спиральдарды жасау. Пружиналарды қол тәсілімен отырғызу.

Білуге тиіс: жабдықтың құрылымы туралы негізгі деректерді, оның маңызды бөліктерінің атауы мен нысанын; анағұрлым кең тараған айлабұйымдардың нысаны мен қолданылу жағдайларын; дайындамаларды бекіту ережесін; қолданылатыгн металдардың атауы мен сұрыптамасын, пружиналарды орамдаудың техникалық шарттарын; пластмасса спиральдерді жасау режимдерін.


2. Түйін тоқыма және орамдау автоматтары мен станоктарындағы автоматшы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған пружина орамдау станоктарында суық жағдайдағы қимасы әртүрлі түрлі болат және түсті метал маркаларынан диаметрі 5 мм жоғары сымнан, және цилиндр үлгісіндегі диаметрі 2-ден 5 мм дейінгі сымнан арнаулы станоктарда пружиналарды орамдау. Коникалық, мүсіндік және басқа да күрделі нысандағы сым диаметрі 2 мм дейінгі пружиналарды арнаулы станоктарда орамдау. Сальник қабықтарын арнаулы станоктарда ормадау және осы станоктарды өздігінен баптау. Пружина ұштарын қырқу. Пружиналарды түзету және айырмалау. Пружиналарды пресстерде белгілі бір мөлшерге отырғызу. Түйін жасау үшін пружиналарды түйін жасау автоматына орнықтыру. Пружиналардың дұрыс тоқылуын бақылау. Шыңдалған пружиналарды бұрыштық пен тегістікке қолмен жетілдіру. Тоқтаусыз өрілетін пружиналарды катушкаға орау. Пружиналарды бақылау-өлшеу аспаптарында техникалық шарттарға сәйкес сынау.

Білуге тиіс: бір типтес пружина орамдау және түйін жасау автоматтарының, токар және арнаулы станоктардың құрылымы мен жұмыс принципін; пружиналарды орамдауға, вальцовкалауға, түзеуге және майыстыруға арналған арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспабының атауларын және қолданылу шарттарын; пружиналарды түзеу, айырмалау, жеткеруге отырғызу жолдары мен тәсілдерін; болаттың пружиналық маркаларының түрлерін; пружиналарды дайындау мен сынаудың техникалық шарттарын.


3. Түйін тоқыма және орамдау автоматтары мен станоктарындағы автоматшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған пружина орамдау станоктарында суық жағдайдағы қимасы әртүрлі түрлі болат және түсті метал маркаларынан диаметрі цилиндр үлгісіндегі диаметрі 5 мм жоғары сымнан арнаулы станоктарда пружиналарды орамдау. Коникалық, мүсіндік және басқа да күрделі нысандағы сым диаметрі 2-ден 5 мм дейінгі пружиналарды арнаулы станоктарда орамдау. Өтпелі электр пештеріндегі үздіксіз өру пружиналарына арналған сым бунттерін толтыру. Бапталған станоктарда тікенді сым жасау. Диаметром 5 мм дейінгі жоғары қарсылықты сымнан жол берілетін мөлшері мен қарсылығы шектеулі пружиналарды орамдау. Қызмет көрсететін автоматтар мен станоктарды баптау. Пружиналарды техникалық шарттарға сәйкес магнофлоксте жәнке вибростенділерде сынау. Сымнан және таспадан жасалған спиральдарды арнаулы айлабұйымдар мен станоктарда орамдау.

Білуге тиіс: түрлы үлгідегі пружина орамдау және түйін жасау автоматтарының, токар және арнаулы станоктардың құрылымын, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін; пружиналарды түзеу, айырмалау, жеткеруге отырғызуға арналған айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын; пружиналық болат маркаларының қасиеттерін.


4. Түйін тоқыма және орамдау автоматтары мен станоктарындағы автоматшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Суық жағдайдағы коникалық, мүсіндік және басқа да күрделі нысандағы сым диаметрі 5 мм артық жоғары қарсылықты сымнан және жол берілетін мөлшері мен қарсылығы шектеулі пружиналарды арнаулы станоктарда орамдау. Жұмсақ жиһазға арналған жоғары қарсылықты сымнан жасалған қос конусты пружиналарды термоөңдей отырып орамдау. Сынау өндірісіндегі жауапты арнаулы пружиналарды және ауыспалы адымды пружиналарды жасау. Әртүрлі болат маркаларынан барлық мөлшердегі пружина шайбаларын шайба орамдау станоктарында жасау. Қызмет көрсететін станоктар мен автоматтарды баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі пружина орамдау және түйін жасау автоматтарының, токар және арнаулы станоктардың құрылымын, кинематикалық сызбасын және баптау ережесін; арналған айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын; әртүрлі пружиналарды жасау тәсілдерін; бұйымдарды сынау нәтижелері бойынша қысу параметрлерін есептеу әдістемесін.


5. Сым созушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір және бірнеше еселенген созу стандарында мыс және алюминий сымдарды созу. Сымды карусельге орнату, оның ұштарын қайырмалау, фильер арқылы өткізу және барабанға бекіту. Станоктарды баптауға және фильерді ауыстыруға қатысу. Сымның ұштарын бекіту. Фильер стандарға орнату және өңделетін сымның ұшын фильерге салу. Эмульсияның сапасын қадағалау. Сымның диаметрін өлшеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін біртектес созу стандарының құрылымы мен жұмыс принципін, сымның ұштарын дайындау ережесін; бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың нысанын және қолдану шарттарын; өңделетін металдың негізгі механикалық қасиетттерін; түрлі балқымалардан жасалған сымдарды созу кезінде қолданылатын жақпаның құрамын; бұдырлық квалитеттері мен параметрлері туралы негізгі мәліметтерді.


6. Сым созушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір және бірнеше еселенген созу стандарында төмен көміртекті болат маркаларынан жасалған диаметрі 1,8 мм дейінгі сымдарды 300 м/мин. созу жылдамдығымен созу. Қымбат металдардан және оның балқымаларынан жасалған диаметрі 0,09-дан 1,0 мм.дейінгі сымдарды созу. Сымды электрмен пісіру аппаратында пісіру. Арнаулы орау құрылғыларын,пісіру аппараттарын,созу кезіндегі алмалы механизмдер мен суыту жүйелерін реттеу және қызмет көрсету. Созу жылдамдығын берілген бағдар мен созу режимі бойынша белгілеу және реттеу. Бір және бірнеше еселенген созу стандарында төмен көміртекті болат маркаларынан жасалған диаметрі 1,8 мм жоғары сымдарды 300 м/мин. дейінгі созу жылдамдығымен созу, қымбат металдардан және оның балқымаларынан жасалған диаметрі 1,8-ден 6 мм. дейінгі сымдарды біліктілігі анағұрлым жоғары сым созушының басшылығымен созу. Сым орамдарын түсіріп алу және байламдау. Ормадар мен шпульдерді созуға дайындау. Сымды қабылдаушы айлабұйымға орау сапасын қадағалдау. Бунттарды алу, катушкаларды (барабандарды) орнату және алу. Созу тандарын баптау.

Білуге тиіс: әртүрлі типтегі созу стандары мен созуға арналған басқа да жабдықтың құрылымын, баптау ережесін; бақылау-өлшеу аспаптары мен арнаулы айлабұйымдардың құрылымын; фильерді орнату мен ауыстырудың тәртібін, қысыммен өңделетін металдар мен балқымалардың негізгі қасиеттерін; сымның маркаларын; бұдырлық квалитеттері мен параметрлері туралы негізгі мәліметтерді.


7. Сым созушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір және бірнеше еселенген созу стандарында орташа көміртекті, жоғары көміртекті және легирленген болаттан жасалған, төмен көміртекті болат маркаларынан жасалған диаметрі 1,8 мм дейінгі сымдарды 300 м/мин. жоғары созу жылдамдығымен, қымбат металдардан және оның балқымаларынан жасалған диаметрі 1,8-ден 6 мм. дейінгі сымдарды 300 м/мин. дейінгі созу жылдамдығымен созу. Вольфрамды, молибденді және платинитті сымды, сондай-ақ латуньді, нейзильбернді және қызыл мысты сымды барлық қысқыш құралдарға арналған ладты пластиналар үшін 7-10 квалитеттер бойынша еселеп созу. Қымбат металдардан және оның балқымаларынан жасалған диаметрі 0,02 -ден 0,09 мм дейінгі және 1,0 мм. жоғары сымдарды созу. Арнаулы жапыру стандарында түрлі маркадағы сымдарды жапыру. Бір және бірнеше еселенген созу стандарында төмен көміртекті болат маркаларынан жасалған диаметрі 1,8 мм жоғары сымдарды 300 м/мин. жоғарыі созу жылдамдығымен созу, орташа көміртекті, жоғары көміртекті және легирленген болаттан жасалған, төмен көміртекті болат маркаларынан жасалған диаметрі 1,8 мм жоғары сымдарды 300 м/мин. жоғары созу жылдамдығымен, қымбат металдардан және оның балқымаларынан жасалған диаметрі 6 мм. жоғары сымдарды, диаметрі 2,5 мм жоғары биметалл сымды, ұнтақты сымды және катанкадан жасалған сымды күйіктерден механикалық тазарта отырып 300 м/мин. дейінгі созу жылдамдығымен біліктілігі анағұрлым жоғары сым созушының басшылығымен созу. Созу стандарын баптау. Созуға дайындалған металды әр бөлгеннен кейін сапасын анықтау. Дайындама мөлшерін есептеу. Қажетті тартпалардың санын, қысу көлемі мен созу жылдамдығын анықтау.

Білуге тиіс: әртүрлі типтегі созу стандары мен созуға арналған басқа да жабдықтың құрылымын, кинематикалық сызбасын, баптау ережесін; өтпелер бойынша қысу көлемін және тартып бөлу ережесін; шикізатқа және шығарылған өнімге арналған техникалық шарттарды; өңдеу мен күйдірудің созу кезіндегі метал сапасына әсерін; белгілі бір металдарды тарту кезектілігі мен өтпелер санын; арнаулы айлабұйымдардың құрылымын; бұдырлық квалитеттері мен параметрлерінің жүйесін.


8. Сым созушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір және бірнеше еселенген созу стандарында төмен көміртекті болат маркаларынан жасалған диаметрі 1,8 мм жоғары сымдарды; орташа көміртекті, жоғары көміртекті және легирленген болаттан жасалған диаметрі 1,8 мм жоғары сымдарды; қымбат металдардан және оның балқымаларынан жасалған диаметрі 6 мм. жоғары сымдарды; қарсылықты балқымалардан және болаттың тта баспайтын маркаларынан жасалған сымдарды; ұнтақты сымды және катанкадан жасалған сымды күйіктерден механикалық тазарта отырып 300 м/мин. дейінгі созу жылдамдығымен созу. Вольфрамды, молибденді және танталды сымдарды 6-квалитет бойынша еселеп созу. Қымбат металдардан және оның балқымаларынан жасалған диаметрі 0,02 мм дейінгі сымдарды созу. Тұрақты токтан жеке жетегі бар жрғары жылдамдықтағы стандарда созу.

Білуге тиіс: түрлі типтегі созу стандарының құрылымын; созудың түрлерін мен түрлі металдарға арналған өтпе сандарын; материалды созуға арнадған технологиялыұ нұсқаулықтарды; стандар мен материалдарға берілетін эмульсияның құрамын.


9. Таспалар мен метал торларды жасаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған автоөрме станоктарында доңғалақ жабынына арналған түрлі консрукциядағы таспаларды сымнан өру. Материалдарды станоктарға қою. Машиналардың жұмысын қадағалау. Өрілген таспаның сапасын тексеру.

Білуге тиіс: жабдықтың жұмыс принципін, оның маңызды бөлшектерінің атауы мен нысанын; өңделетін материалдардың атауы мен таңдалануын; анағұрлым көбірек қолданылатын айлабұйымдардың нысаны мен қолданылу шарттарын; автоөрмеге қойылатын техникалық шарттарды.


10. Таспалар мен метал торларды жасаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ұясының көлемі 8 мм жоғары және 40 мм дейінгі метал таспаларды автоөрме станоктары мен жартылай автоматтарда өру. Маттарды, орныдықтар мен жастықтарды, валиктер мен жұмсақ жиһаздың басқа да жиынтықтарын қолмен өру.Кабельдік және автомобиль каркастарына арналған үздіксіз өрме таспаларды, сондай-ақ конусқа түсу және орам майыспасының бұрышы 90° тік бұрышты торларды жасау. Түрлі диаметрдегі сымнан және жапырылған таспадан спиральдік және өрме станоктарында спиральдер мен панцирлі тораларды жасау. Сымды стаонкке орнату және сын орамдарын мүсіншелерге кигізу, шпуль мен жұмыс құралын ауыстыру және орнату. Станоктың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін өрме станоктары мен жартылай автоматтардың құрылымын, оларды баптау ережесін; торды өру үшін белгіленген техникалық шарттарды; универсалдік және арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен қолдану шарттарын; каркастың берілген биіктігіне қарай адымның мөлшерін; қолданылатын сымның атауын, негізгі механикалық қасиеттері мен таңбалануын; каркас рамасының мөлшеріне қарай орамның санын есептеу тәсілерін.


11. Таспалар мен метал торларды жасаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұясының көлемі 8 мм дейінгі және 40 мм жоғары метал таспаларды автоөрме станоктары мен жартылай автоматтарда өру. Үздіксіз өру керпешті торларды өру. Станоктарды баптау. Өрме станок звеноларын орнату және реттеу. Жабдықты ағымдық жөндеу.

Білуге тиіс: автоөрме станоктары мен жартылай автоматтардың құрылымы мен баптау ережесін; қызмет көрсететін өрсе станоктардың дәлдігін тексеру ережесін; жасалатын торына қарай спиральдар мен пышақтардың көлемін; универсалдік және арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын.

12. Таспалар мен метал торларды жасаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі өрме станоктарында метал торларды өру. Тығыздығы жоғары қос өрімді торлардан жоғары легирленген болат маркалары мен балқымаларынан жасалған қосаплы стерженьді транспортер таспаларын жасау. Цинктелген сымнан күрделі конфигурациялы ұялары бар торларды автоматтарда жасау. Автоматтар мен станоктарды баптау. Жпбдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: әртүрлі өру автоматтарының кинематикалық сызбасы мен баптау ережесін; автоматтарды баптау тәсілдерін.
13. Метал қоныштарды, икемді валдар мен бронеспиральді жасаушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 11 мм дейінгі герметикалық және герметикалық емес метал қоныштарды және диаметрі 8 мм. дейінгі В-1 типті икемді валдарды орап жинау. Сымды, таспаны немесе тығыздаманы бағыттаушы таспа жүйесіне салу. Таспа орамаларын мүсіншелерге кигізу. Орап жинаушы таспалар мен бағыттарды орнату. Дайын өнімді станоктан түсіріп алу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы туралы негізгі деректерді және оның маңызды бөліктеріннің атауы мен нысанын; метал қоныштар мен икемді валдарды жасауда қолданылатын металдар мен балқыламалардың негізгні қасиеттерін; анағұрлым кең тараған және қарапайым айлабұйымдардың нысаны мен қолдану шарттарын.


14. Метал қоныштарды, икемді валдар мен бронеспиральді жасаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 11 мм жоғары және 50 мм дейінгі герметикалық және герметикалық емес метал қоныштарды, В-1 типті диаметрі 8-ден 20 мм. дейінгі және В-2 типті диаметрі 8,2 мм. дейінгі икемді валдарды, дөңгелек және жапырылған сымнан жасалған спиральдар мен пружиналарды арнаулы пружина орамдау станогында орап жинау. Дәл таспалар мен бағыттарды орнату. Профильдендірілген және орап жинайтын таспаларды реттеу. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс принципі мен баптау тәсілдерін; метал қоныштар мен икемді валдарды, бронеспиральдерді жасауда қолданылатын металдар мен балқыламалардың механикалық қасиеттерін; арнаулы айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен қолдану шарттарын.

15. Метал қоныштарды, икемді валдар мен бронеспиральді жасаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 50 мм жоғары герметикалық және герметикалық емес метал қоныштарды, В-1 типті диаметрі 20 мм. жоғары және В-2 типті диаметрі 8,2 мм. жоғары икемді валдарды орап жинау. Арнаулы бронеспиральдерді орамалау. Торкөзді қонышты тоқу. Станокты және тоқу машинасын баптау.

Білуге тиіс: әртүрлі типтегі станоктар мен тоқу машиналарының құрылымы мен баптау тәсілдерін; арнаулы айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын.


16. Метал канаттар мен шынжырларды сынаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шынжырларды шынжыртарту станогында құралды орнатып және станокты шынжырдың берілген мөлшеріне баптай отырып калибрлеу. Метиз бұйымдарды біліктілігі анағұрлым жоғары сынаушының басшылығымен сынау.

Білуге тиіс: шынжыртарту станогының құрылымын және баптау ережесін; шынжырды калибрлеу процесін, арнаулы айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, нысанын және қолдану шарттарын.


17. Метал канаттар мен шынжырларды сынаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Метиз бұйымдардың үзілуін шынжыр сынау машиналарында, гидравликалық және винты сынау пресстерінде сынау. Сыналатын бұйымдарды сыртынан қарап тексеру. Шынжырды сынау стендінің науасына салу кезінде шығырды басқару және оны тексергеннен кейін үстелге түсіріп алу. Шынжырлардың, канаттардың, зәкірлердің, блоктар мен басқа да метиз бұйымдарының барлық түрлерін және олардың қосылу жүйелерін сынауға дайындау. Қыспа қапсырмаларды орнату. Бұйым ұш звеноларын бекіту. Бұйымды сыану алдында өлшеу. Шынжыр звеноларын ені, ұзындығы және адымы бойынша сынағанна кейін өлшеу. Шынжырдың ұзартылғанын анықтау. Престің кесте бойынша талап етілетін жүктемеге ыңғайлау. Шынжырдың сапасыз звеноларын анықтау және оны преспен кесу. Сынау журанлдына жазбаларды жазу. Зәкір шынжырларының тозу дәрежесін есептеу және олардың жарамдылығын анықтау. Сынағаннан кейін бұйымдарды таңбалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жынжырды сынау машиналары мен түрлі жүйедегі және типтегі сынау престерінің құрылымын; бұйымдардың нысаны мен құрылымын, олардың мөлшері мен салмағы бойынша айырмашылығын, сынаудың сипаты мен әдісін; жүктеме нормасын; жүктеме кестесі мен жол берілетін шынжыр ұзартылымын; сынау престері мен машиналары аспартарының құрылымы мен нысанын.


18. Сымды канилирлеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі әртүрлі сымдарды канилирлеу ставкаларында канилирлеу. Негіздемені оарама барабанға орамалау. Арқауды бұдырлау. Електерге арналғагн карталарды (торларды) картақұрастыру станогында құрастыру. Карталарды қажетті мөлшерге кесу.

Білуге тиіс: әртүрлі типтегі канилирлеу және картақұрастыру станогының кинематикалық сызбасы мен құрылымын; сымның диаметрі мен ұяның мөлшеріне қарай дискілерді іріктеуді; карталарды жасауға арналған нөмірлерді, технологиялық нұсқаулықты және Мемлекеттік стандарттарды.

Сымды канилирлеу жөніндегі жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары канилирлеушінің басшылығымен орныдаған кезде - 3-разряд.
19. Кардылаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Болат тростардың және құрамалы канаттардың өзегін иіруге арналған таспаны біліктілігі анағұрлым жоғары кардылаушының басшылығымен белгіленген технологиялық режим бойынша жасау. Берілген ассортименттегі шикізатты кармашина алаңына төсеу. Кардмашинаны баптау және ұсақ жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен баптау ережесін, шикізаттың сұрыптары мен топтары бойынша олардың түрлерін; арнаулы айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, нысанын және қолдану шарттарын.


20. Кардылаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Болат тростардың және құрамалы канаттардың өзегін иіруге арналған таспаны белгіленген технологиялық режим бойынша жасау. Шикізат қабатының қалыңдығын ерттеу және машина валкалары мен тарақтарныдағы ауытқыуларды жою. Кардмашинаны баптау.

Білуге тиіс: әртүрлі кардмашиналардың құрылымын, кинематикалық сызбасы мен баптау ережесін; сұрыптары мен топтары бойынша шикізат ерекшеліктерін.


21. Канаттарды есу жөніндегі машинист
Жұмыс сипаттамасы. Жіп есу және канат есу машиналарында сым жібі мен метал канаттардың себеттік және сигар типіндегі барлық түрдері мен конструкцияларын жасау. Машиналарға көтеру механизмдерінің көмегімен май құю. Бобиналарды, шпулькалар мен орлаған сымы немесе жібі бар катушкаларды орнату және ауыстыру. Кендірлі, капрон өзек бунттарын машинаның кеуек валына тарта отырып қадаға орнату. Плашкаларды іріктеу және орнату, технологиялық нұсақулыққа сәйкес жіптің немесе канаттың адымына қарай шестерняларды ауыстыру. Құрастырудағы жіптің немесе канаттың оралу шектеуішін реттеу. Қабылдау барабандары мен ажыратқыштарды ауыстыру. Диаметрлердің сәйкестігін, жіптің немесе канаттың дұрыс есілуін қалағалау. Жіп есу машиналарындағы сымды түзеу. Сымгың ұштарын дәнекерлеу. Шпуль тежегішін реттеу. Деформатор мен рихталаушы құрылғына берілген диаметрге ыңғайлау. Сым мен жіптің тартылуын қадағалау. Жіп және канат жасау кезінде метраж есебінің есептеуішін ыңғайлау. Жіптер мен канаттарды кесу.

Білуге тиіс: қызметткөрсететін машиналар мени көтеру механизмдерінің құрылымын, кинематикалық сызбасын және жұмыс принципін; машиналарды есілетін, дайыгдалатын барлық жіптер мен метал канаттардың құрылымын; жіптер мен метал канаттардың сапасына қойылатын техникалық шарттарды; шестернялар мен плашкаларды іріктеу ережесін; жіптерді, өзек пен канаттарды өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен қолдану шарттарын; дайындалатын канаттың ұзындығы мен диаметріне қарай барабандардың мөлшерін; есу жүйесін және адымды, жіптің немесе канаттың диаметрін; деформаторды және рихталау құрылғысын баптау әдістемесін; бір жаққа есілетін өзек канаттарын жасау кезінде жіпті бұрау және жабық канаттарды жасау кезінде бұрау ережесін.

Метал канат жібін жіп есту машиналарында жасау кезінде мынадай тарифтік разрядтар белгіленеді:

а) 6-шпульді машинааларда:

шпуль диаметрі 250 мм дейін және сымның диаметрі 0,8 мм болған кезде


следующая страница>


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бтба) бұған дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

6806.15kb.

14 12 2014
38 стр.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

Бтба, 10-шығарылымы бұған дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы №266-ө бұйрығымен бекітілген бтба

953.9kb.

17 12 2014
6 стр.


001 «Әлеуметтiк-еңбек сала кадрларының біліктілігін арттыру бойынша қызметтер» бағдарламасының республикалық бюджеттiк iшкi бағдарламасына Азаматтық бюджет

«Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сұрақтары» Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің

179.03kb.

09 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылататын төтенше жағдайлард

473.24kb.

15 10 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғ

845.44kb.

18 12 2014
6 стр.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда),

602.96kb.

25 12 2014
4 стр.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауЫшы Қызметтер сыныптауышы

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әзірлеген және енгізген

11040.65kb.

14 12 2014
80 стр.


Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын, халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу саласындағы жан-жақты халықаралық келісімдер тізбесі

Халықаралық Еңбек Ұйымының мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы №29 конвенциясы

2502.27kb.

14 12 2014
14 стр.