Перейти на главную страницу
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 343-ө бұйрығына
қосымша
10 - шығарылым
«Сағаттар мен техникалық тастар өндірісі,
сағаттарды жөндеу» бөлімі
Астана 2009
Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығының (БТБА), 10-шығарылымы бұған дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы № 266-ө бұйрығымен бекітілген БТБА, 10-шығарылымы «Сағаттар мен техникалық тастар өндірісі, сағаттарды жөндеу» бөлімі негізінде әзірленді.
Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.
Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.
«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; брактың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, бііктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.
Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде міндетті болып табылады.
«САҒАТТАР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАСТАР ӨНДІРІСІ,
САҒАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ» бөлімі
§ 1. СПИРАЛЬДЕРГЕ АРНАЛҒАН СЫМДЫ АЙНАЛМА СОҒУШЫ
2-разряд
Білуге тиіс: қызмет көрсететін станоктердің құрылымы мен жұмыс істеу принципі туралы негізгі деректерді; бақылау-өлшеу құралының нысаны мен қолдану ережесін; жіңішке дөңгелек болат сымды тегіс лента етіп илемдеу тәсілін; өңделетін бөлшектің нысанын; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
3-разряд
Білуге тиіс: айналма соғу станоктерін құрылымын және оларды жеңіл реттеу тәсілдерін; бақылау-өлшеу құралының нысаны мен қолдану шарттарын; бақылаудың кезеңділігін; түрлі металдан жасалған жіңішке дөңгелек сымды тегіс лента етіп илемдеу тәсілін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
4-разряд
Білуге тиіс: айналма соғу станоктерінің құрылымын және айналма соғу станоктерін реттеу ережесін; бақылау-өлшеу құралының құрылымын; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
1-разряд
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі таразылардың және қолданылатын айла бұйымдардың құрылымын, олардың нысаны мен реттеу ережесін; таразы көрсетілімдерінің дұрыстығын анықтау тәсілдерін; бөлшектер мен тастардың атаулары мен индекстерін; есептеу және өлшеу кезінде бөлшектер мен бұйымдарды ұстау ережесін; есептеу кезінде тастардың санын тіркеудің тәртібін; бөлшектер мен тастарды орау ережесін.
2-разряд
Білуге тиіс: электронды және автоматты есептегіштердегі, түрлі конструкциядағы техникалық таразылардағы нысаны мен жұмыс істеу принципін, оларды реттеу тәсілдерін; автоматты есептегіштер көрсетілімдерінің дұрыстығын анықтау тәсілдерін; келесі операцияларға немесе қоймаға табыстау кезінде бөлшектер мен бұйымдарды тасымалдау ережесін; құжаттарды ресімдеу ережесін.
2-разряд
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылымы туралы негізгі деректер мен олардың әрекет ету принциптерін; алмаз сымдауыштарды іріктеу және ауыстыру тәсілдерін; өңделетін материалдардың атаулары мен маркировкасын; өтпелердің қажетті санын айқындау тәсілін; өтпелер бойынша сымдаудың тәртібін; алмаз сымдауыштарға жақпаларды іріктеу; бақылау-өлшеу құралының нысанын және оларды қолдану ережесін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
3-разряд
Білуге тиіс: сымдауыш станоктардың құрылымын және оларды реттеу тәсілін; бақылау-өлшеу құралының құрылымын және оларды қолдану тәсілін; өңделетін бөлшектерге қойылатын талаптарды; спиральдерге арналған материалды алмаз сымдауыштар арқылы сымдау тәсілдерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
4-разряд
Білуге тиіс: сымдауыш станоктардың кинематикалық схемаларын және оларды реттеу тәсілдерін, олардың дәлдігін тексеру ережесін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
3-разряд
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктер мен автоматтардың құрылымы туралы негізгі деректерді, олардың әрекет ету принциптері мен шамалы реттеу тәсілдерін; бақылау-өлшеу құралы мен приборларының құрылымын; тастар жасалатын материалдардың физикалық қасиеттерін; түрлі байламдарғы алмаз шпилькалар мен коникалық ойықтарды іріктеуге арналған алмаз бұрғының сапасын тексеру әдістерін; дайындамаларға іріктеуші орындайтын операцияға дейін және одан кейін қойылатын талаптарды; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Корунд немесе агат төлкелер – майсауыт іріктеу.
2. Корунд немесе агат табантіреулер – түрлі радиустағы бір-бірімен қосарланған сферикалық ойықтарды іріктеу.
§ 10 . ТАСТАРДЫ ІРІКТЕУШІ
4-разряд
Білуге тиіс: сағат астарындағы ойықтарды іріктеу ережесін және олардың мөлшерін бақылау әдістерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді; іріктеу станоктер мен автоматтардың жұмыс принципін, құрылымын, оларды реттемелеудің тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері
1. Корунд сағаттық тастары: барлық мөлшердегі агренаждық және баланстық - майсауыт іріктеу.
2. Корунд немесе агат табантіреулер – түрлі радиустағы бір-бірімен қосарланған сферикалық ойықтарды іріктеу.
§ 11. СПИРАЛЬДЕРДІ ОРАМАЛАУШЫ
2-разряд
Білуге тиіс: орау айлабұйымдарының нысанын және қолдану жағдайларын; белгілі бір мөлшердегі спиральдерді орамалау тәсілдерін; спираль дайындауға қолданылатын. өңделетін материалдардың атаулары мен маркировкасын; сағат механизміндегі спиральдің нысанын.
§ 12. СПИРАЛЬДЕРДІ ОРАМАЛАУШЫ
3-разряд
Білуге тиіс: орау айлабұйымдарының әрекет ету принципін және қолдану ережесін; мөлшері әртүрлі спиральдерді орамалау тәсілдерін; спираль дайындауға қолданылатын материалдардың механикалық қасиеттерін.
4-разряд
Білуге тиіс: орау айлабұйымдарының құрылымын және реттеу ережесін; проектордың нысанын және спиральді тексеру кезіндегі оны қолдану тәсілін.
2-разряд
Білуге тиіс: жылтырату станоктерінің құрылымы мен әрекет ету принциптері туралы негізгі деректерді; бөлшектерді өңдеуге қойылатын тараптарды; бақылау-өлшеу құралының нысанын және оны қолдану ережесін; тістерді жылтырату тәсілдерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
3-разряд
Білуге тиіс: жылтырату станоктерінің құрылымы мен оларды реттемелеу тәсілдерін; арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралының құрылымын және оны қолдану тәсілдерін; қолданылатын көмекші материалдар мен жылтырататын пасталарды; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Анкерлік, секундтық, шағын габаритті қоңыраулы сағаттардың вексельдің доңғалағының трибтері – тістерді жылтырату.
2. Ірі габаритті электронды-механикалық сағаттардың, қоңыраулы сағаттардың трибтері – тістерді жылтырату.
3. Алғашқы, қайталама электр сағаттарының секундтық трибтері – тістерді жылтырату.
4-разряд
Білуге тиіс: жылтырату станоктер мен түрлі үлгідегі автоматтардың кинематикалық схемаларын; күрделі және дәл айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының нысанын және қолдану жағдайларын; жылтырату дискілерін қайрау тәсілдерін; жылтырату станоктері мен автоматтарын реттеу тәсілдерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
§ 17. САҒАТ БӨЛШЕКТЕРІ ТІСТЕРІН ФРЕЗЕРЛЕУШІ
2-разряд
Білуге тиіс: фрезерлеу станоктері мен жартылай автоматтарының құрылымы мен әрекет ету принципі туралы негізгі деректерді; бақылау-өлшеу құралдарының нысаны мен қолданылу ережесін; өңделетін бөлшектерге қойылатын талаптарды; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Механикалық қоңыраулы сағаттардың дабыл трибтері - тістерін кесу.
2. Еденге қойцылатын сағаттардың - тістерін кесу.
§ 18. САҒАТ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ТІСТЕРІН ФРЕЗЕРЛЕУШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сағаттар мен уақыт құралдарының трибтері мен бөлшектеріндегі әртүрлі модульдер тістерін реттелген фрезер станоктері мен автоматтарында 4 дәлдік деңгейі бойынша Rz 6,3 - Rz 0,8 үстіңгі қабат бұдырымен кесу.
Білуге тиіс: фрезерлеу станоктері мен жартылай автоматтарының құрылымы; бақылау-өлшеу құралдарының, арнаулы айлабұйымдар мен кесу құралылының құрылымы мен олаорды қолдану тәсілдерін; мен әрекет ету принципі туралы негізгі деректерді; тістерді фрезерлеу тәсілдерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Барлық үлгіденгі қол сағаттарының өткізу және аралық дөңгелектері – тістерін кесу.
2. Механикалық қоңыраулы сағаттар минуттық трибтерінің анкерлік, әрекет етуші дөңгелектері – тістерін кесу.
3. Еденге қойылатын және қабырға сағаттарының минуттық трибтерінің анкерлік, әрекет етуші дөңгелектері – тістерін кесу.
4. Еденге қойылатын сағаттардың өткізу және аралық, жүру, көтеру, сағаттық дөңгелектері; аралық, жүру және вексельдік трибтері – тістерін кесу.
5. Қайталама электр сағаттардың минуттық дөңгелектері – тістерін кесу.
6. Электрондық-механикалық сағаттардың орталық дөңгелектері, трибтері – тістерін кесу.
7. Бірінші аралық электр сағаттардың трибтері – тістерін кесу.
§ 19. САҒАТ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ТІСТЕРІН ФРЕЗЕРЛЕУШІ
4-разряд
Білуге тиіс: фрезерлік автоматтар мен жартылай автоматтардың кинематикалық схемаларын, оларды реттемелеу ережесін; күрделі және дәл арнаулы айлабұйымдар мен құралдардың құрылымын, нысаны мен қолданылу шарттарын; арнаулы фрез құрылымын және оларды қайрау ережесін; кесу режимін анықтау ережесін; жылтырату станоктері мен автоматтарын реттеу тәсілдерін; автоматтар мен жартылай автоматтарды реттемелеу ережесін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Барлық үлгідегі қалта және қол сағаттардың анкерлік дөңгелектері, анкерлік, секундтық, орталық дабыл трибтері - тістерін кесу.
2. Шағын габаритті қоңыраулы сағаттардың секундтық, сағаттық, анкерлік, дабыл дөңгелектері, анкерлік және дабыл дөңгелектерінің трибтері - тістерін кесу.
3. Уақыт приборларына арналған трибтер- тістерін кесу.
2-разряд
Білуге тиіс: сағаттарды құқрастыру ережесін; өнімді қабылдау құжаттамасын ерсімдеу ережесін; сағат механизмінің жекелеген құрама бірліктерінің және қолданылатын бақылау-өлшеу құралының нысанын және әрекет ету принципін; қарапайым операцияларды орындауға қойылатын техникалық талаптарды; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Механикалық қол, қалыпты және шағын калибрлі электрондық-механикалық, балансты, маятникті сағаттар мен қоңыраулы сағаттар - винтерді, колонкаларды, штифтер мен басқа да бөлшектерді механикалық өңдеуден кейін бақылау және қабылдау.
2. Ірі габаритті, үстелге қоятын, қабырға, балансты, маятникті сағаттар мен барлық үлгідегі қоңыраулы сағаттар - бұрандасын бақылау және құжаттаманы ресімдеу.
§ 21. САҒАТ ЖӘНЕ ТАС ӨНДІРІСІНІҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ
3-разряд
Білуге тиіс: сағаттардың дайындамаларын, бөлшектері мен құрастыру бірліктерін бақылау және қабылдаудың техникалық шарттарын; сағатрадың бақыланатын бөлшектерінің, дайындамалары мен құрастыру бірліктерін өңдеудің технологиялық процесі бойынша қосалқы операцияларды; сағат бөлшектерін әртүрлі жабу және термиялық өңдеу түрлерін ақылау тәсілдерін; дайындама ақауларының түрлерін; бақылау-өлшеу құралдарының, жабдықтың, автоматтандырылған өлшеу-бақылау қондырғыларының құрылымын; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Цилиндрлі қабаты жылтыратылған импульсті тастар дайындамасы - өңдеу сапасын бақылау.
2. Тұтас тесігі бар тастар дайындамасы (тесікті және сыртқы контуо\ры өңделгеннен кейін) - проекторда бақылау.
3. беьі мен бүйір беттерін өңдегеннен кейінгі палет дайындамасы – бетінің өңделу сапасын және олардың ұштасу сапасын бақылау.
4. Салмалы тастардың, өкшелік пен басқа да арнаулы бұйымдардың дайындамасы – операция аралық бақылау.
5. Сағат және прибор тастары – дайындамалардың геометриялық мөлшерін контактілі өлшегіш көмегімен бақылау.
6. Тұтас тесігі бар сағат тастарын (тесік тесілгеннен кейін) - дайындамаларды позициялар бойынша сұрыптай отырып проекторда бақылау.
7. Механикалық қол, қалыпты және шағын калибрлі электрондық-механикалық сағаттар - бөлшектерді механикалық операциялардан кейін геометриялық өлшемі бойынша бақылау және қабылдау.
8. Ірі габаритті, үстелге қоятын, қабырға, балансты, маятникті сағаттар мен қоңыраулы сағаттар – сыртқы түріне қарай бақылау және қабылдау; бұранда кілтінің әрекетін, кнопкаларын, сағаттың жүру дәлдігін құорастыру цехында тексеру.
9. Механикалық қол, қалыпты және шағын калибрлі электрондық-механикалық сағаттар - винттерін, триберді, колонкаларын термөңдеуден кейнгі беріктігі бойынша бақылау және қабылдау.
10. Механикалық қол, ірі габаритті механикалық және электрондық-механикалық сағаттар - плотиналарын, мостыларын, дөңгелектерін, анкерлік айырларын, салмаларын кесу сапасын бақылау және қабылдау.
11. Қалта сағаттар, секундомерлер – сағаттардың толық бұрандасын тексеру және паспортын ресімдеу.
4-разряд
Білуге тиіс: дайын сағаттарды, сондай-ақ сағат механизмін құрастыру кезінде құрастыру бірліктері мен күрделілігі орташа бөлшектерді қабылдау жөніндегі бақылау опреацияларының орындалу тәсілдерін; өңдеу жұмыстарының орындалу тәсілдерін; өңделетін материалдадың қасиеттерін, металды штампылау және түзеу тәсілдерін; бақыланатын өнімнің есебін жүргізу жөніндегі құжаттаманы ресімдеу ережесін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді; су өткізбеу, шаңнан қорғауды сынауға арналған арнаулы қондырғыларда қызмет көрсету тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері
1. Агренаждық және салмалы сағат атстары – жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін беткі қабаттың өңделу сапасын бақылау.
2. Дайын балансты тастар – оливтелген тесіктің өңделу және формасының сапасын бинокулярлық микроскоп пен проекторды қолданып бақылау.
3. Тұтас тесігі бар сағат тастарын дайын тастар – тесіктің ішкі және сыртқы диаметрін , оның ортаықтандырылуын және формасын проекторды қолданып бақылау.
4. Импульсті тастар – бетінің мөлшерін және өңделу сапасын бақылау.
5. Салмалы тастар – жұмыс бетінің өңделу сапасын бақылау.
6. Агатты жән ситалл коникалық өкшеліктер – коникалық батырудың жылтырату сапасын микросфераметрде бақылау.
7. Агатты жән ситалл коникалық және сферикалық өкшеліктер – жылтырату сапасын және кратер формасын момнокулярлық және ьинокулярлық микорскоптарды қолданып бақылау.
8. Дайын агат призмалар – барлық параметрлері бойынша толық бақылау.
9. Ірі габаритті, механикалық балансты, маятникті электрондық-механикалық сағаттар мен қоңыраулы сағаттар – винттерін, триберді, колонкаларын құастыру цехында сыртқы түріне қарай бақылау және бақылау.
10. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар, электронды-механикалық, қалта сағаттар мен секундомерлер - жылтырату опреацияларынан кейін осьтреді, трибтерді, тегіс бөлшектерді, сыртқы әрлеу бөлшектерін бақылау және қабылдау.
11. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар – сағат корпустарының су өткізбеуін және шаңнан қорғалуын бақылау.
12. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық, электрлі-механикалық қол сағаттар - егелімдерді бақылау, тастардың плотиналар мен көпірлерде престелуі бойынша мөлшерін бақылау, баланстардың, анкерлік айырманың секундтық, анкерлік, аралық, дөңгелектердің құрастыру сапасын, ралиальдік соғу сапасын бақылау.
13. Механикалық қол, қалыпты және шағын калибрлі электрондық-механикалық сағаттар, қалта сағаттар, секундомерлер – сандар мен белгілер басылғаннан кейін циферблаттарды бақылау және қабылдау.
14. Механикалық қол, қалыпты және шағын калибрлі электрондық-механикалық сағаттар – тәуліктік жүруін хролометр бойынша түсіре отырып алддын ала және түпкілікті тұтастай бақылау; приборларда сағаттардың сәттік тәуліктік жүруін, сағаттрадың сртқы түрін және стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау; құрастыру цехында бұйымдарды түпкілікті қабылдау.
§ 23 САҒАТ ЖӘНЕ ТАС ӨНДІРІСІНІҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Механикалық қол және электрондық-механикалық, қалта сағаттардың, секундомерлердің, арнаулы уақыт приборларының күрделі және ерекше күрделі бөлшектері мен құрастыру бірліктерін механикалық өңдеуден кейінгі, күрделі электрлік және оптикалық аспаптарда: бинокулярлы микроскопта, инструментальдік микроскопта, проекторда бақылау және түпкілікті қабылдау Сағат механизмдерін: механикалық қол және электрондық-механикалық, қалта сағаттарды,, секундомерлердің, арнаулы уақыт приборлардың құрастырмалы механизмдері мен дайын өнімдерді бақылау және түпкілікті қабылдау. Күрделі өлшеу құралының дұрыстығын тексеру; үстіңгі қабат бұдырлығын аспаптарда тексеру; ұзындықтың шет өлшемдерін тексеру; арбитраждық өлшемдер жүргізу.
Білуге тиіс: сағаттардың күрдеғлі және ееркше күрделі құрастыру бірліктері мен бөлшектерді қабылдау жөніндегі бақылау опреацияларының орындалу тәсілдерін; дайын өнімді және құраксатырылған сағат механизмдерін тексеру тәсілдерін; дайын өнімді сынау мен жүру дәлдігін тексеру тәсілдерін; құрастыру бірліктері мен бөлшектердің сағат механизмі жұмысындағы нысанын; арнаулы және универсальдік бақылау-өлшеу жабдығының және күрделі электр, оптикалық құралдардың нысаны мен жұмыс принципін, оларды қолдану ережесін; кинематикалық сызбаларды және сағат механизмі мен құрастыру бірліктерінің жұмымс приципін, балансты және спиральді реттеу мәнін; сағаттаррдың әртүрлі жағдайлардағы жүруін тексеру тәсілдерін, сағаттардың жүру дәлдігін реттеу тәсілдерін; дайын өнімді бақылау мен қабылдаудың өнімді қабылдаудың статистикалық әдістерін.
Жұмыс үлгілері
1. Дайын палеттер – мөлшерін және беткі қабаттың өңделу сапасын түпкілікті бақылау.
2. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық, электрондық-механикалық қол сағаттар – құрастыруды бақылау және түпкілікті қабылдау; баланстарды, анкерлік айырларды, барабандарды бақылау; платиналар мен көпірлердің құрастыру бірліктерін бақылау және түпкілікті қабылдау.
3. Электрондық-механикалық қол сағаттар мен арнаулы уақыт құралдары – адымдық микроқозғағышты, электронды блокты, интегральді сызбалар мен басқа да күрделі құрастыру бірліктерін бақылау және түпкілікті қабылдау, құрастырылған сағаттарды стенділер мен қондырғылардағы арнаулы электрондық аспаптың көмегімен бақылау.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бтба) бұған дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
14 12 2014
38 стр.
Бтба, 10-шығарылымы бұған дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы №266-ө бұйрығымен бекітілген бтба
17 12 2014
6 стр.
«Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сұрақтары» Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің
09 09 2014
1 стр.
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылататын төтенше жағдайлард
15 10 2014
3 стр.
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғ
18 12 2014
6 стр.
Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда),
25 12 2014
4 стр.
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әзірлеген және енгізген
14 12 2014
80 стр.
Халықаралық Еңбек Ұйымының мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы №29 конвенциясы
14 12 2014
14 стр.