Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 20страница 21страница 22страница 23страница 24

10-қосымша



«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ


п

Құрылымдық элемент

Заңнамалық актінің редакциясы

Ұсынылатын өзгерістен немесе толықтырулар редакциясы

Негіздеме

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі



3-баптың 1-тармағы 16) тармақшасы

16) бюджеттік инвестициялар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

16) бюджеттік инвестициялар - мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекет активтерінің құруға және (немесе) арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге және (немесе) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері іс-әрекетін дамуға және кеңейтуге бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

Бюджеттік инвестициялардың мақсатты тағайындалуын, оның ішінде әлеуметтік және стратегиялық маңыздылығы бар бірақ төмен немесе теріс жобаларға және рентабельдігі жоғары коммерциялық жобаларға, айқындау мақсатында редакцияны жақсарту



3-бап, 1-тармақ, 17) тармақша

17) бюджеттік инвестициялық жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы

17) мемлекеттік инвестициялық жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы, мемлекеттік автитерді ұлғайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы

Қолданыстағы редакция инвестициялық жобаны іске асыруға бюджеттен міндетті қаржыландыруды көздейді. Бюджеттен қаржыландырудың басқа да схемаларын, соның ішінде тікелей қаржыландырусыз (мемлектетік кепілдіктер, мемлекет кепілгенлігі) қамту үшін инвестициялық жобаның анықтамасын кеңейтуді ұсынылады.



3-бап, 1-тармақ, 29-1) тармақша

жоқ

29-1) инвестициялық жоба – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жеке мемлекеттік инвестициялық жобалар кесінісіндегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың көлемдері мен схемаларын көрсете отырып мемлекеттік орган іске асыруға жоспарлаған мемлекеттік инвестициялық жобалардың тізімін айқындайтын бөлімі

- стратегиялық жоспарға сәйкес сала мен өңірлердің дамуына кешенді тәсілді қамтамасыз ету;

- бүкіл саланың инестициялық жобаларын кешенді түрде жоспарлау;

- жобалрдың барлық өмірлік циклін есепке алу (инвестициялық, инвестициялаудан кейін);

- стратегиялық мақсаттарға жету үшін беру тиімділігі бойынша жобалардың басымдылығы;

- баламалы қаржыландыру тетіктерін талдай отырып, барлық жобалар бойынша жоба алдындағы құжаттамаларды кешенді әзірлеу

мақсаттарында





3-бап, 1-тармақ, 30) тармақша

30) инвестициялық ұсыныс – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;

30) инвестициялық ұсыныс – жеке мемлекеттік инвестициялық жобалар кесінісінде мемлекеттік органның инвестициялық жоспарының негіздемесін, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың көлемдері мен схемаларын және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін, қамтитын құжаттама



3-бап, 1-тармақ, 34) тармақша

концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік келісімшарттары бойынша міндеттемелер – жасалған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік келісімшарттары бойынша қабылданған және мемлекет орындамаған белгілі бір күнге сомада міндеттемелердің жиынтығы.

Көбінесе МЖӘ келісімшарттары жеке секторға анағұрлым қолайлы инвестициялық ахуал құру мақсатында мемлектетік қолдауды талапт етеді. Бұл үшін мемлекет келісімшарт жасаса отырып, қаржыландыру, шығындарына өтемақы міндеттемелерін өзіне қабылдайды, өнімдер мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға кепілдік бередә және т.б.

Сондай-ақ билік органдары үшін концессиялық міндеттемелердің қандай лимиттерін қабылдауға болатынын және келешектегі табыстар осы міндеттемелерге қызмет көрсетуге мүмкіндік беретіндігін түсіну талап етіледі.





37-бап

Бюджеттік инвестициялар бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Алып тасталсын

Қайталау



67-бап 3-тармақ

Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалардың және бюджеттен қоса қаржыландыру шартындағы концессиялық жобалардың шығыстары базалық шығыстар болып табылады

Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) мемлекеттік инвестициялық жобаларға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады

Сәйкестендіру



151-бап

Бюджеттiк инвестициялар туралы жалпы ережелер

1. Бюджеттiк инвестициялар:


1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру;
2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
3) мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
4) білім берудің автономдық ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу;
2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттiк инвестициялық жобалар және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды айқындау критерийлері:
1) меншiк түрi бойынша критерий - бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жоба немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жоба ретiнде айқындайтын критерий;
2) пайда алушылар бойынша критерий - егер бюджеттiк инвестициялық жобаның және (немесе) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаның iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны - республикалық, ал егер бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асырудан экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болған жағдайда, жергiлiктi ретінде айқындайтын критерий болып табылады.
4. Бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны республикалық ретiнде айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында көрсетілген критерийлердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.
5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген критерийлер негiзiнде жүзеге асырылады.
6.
Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
7. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.


Бюджеттiк инвестициялар туралы жалпы ережелер

  1.  Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк инвестицияларының жоспарлануы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің стратегиялық жоспарын әзірлеу кезеңінде жүзеге асырылады.

  2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай мемлекеттік инвестициялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.

  3. Республикалық және жергiлiктi мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындау критерийлері:

1) меншiк түрi бойынша критерий - мемлекеттік инвестициялық жобаны iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi мемлекеттік инвестициялық жоба ретiнде айқындайтын критерий;

2) пайда алушылар бойынша критерий - егер мемлекеттік инвестициялық жобаның iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, мемлекеттік инвестициялық жобаны - республикалық, ал егер мемлекеттік инвестициялық жобаны iске асырудан экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болған жағдайда, жергiлiктi ретінде айқындайтын критерий болып табылады.

4. Мемлекеттік инвестициялық жобаны республикалық ретiнде айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында көрсетілген критерийлердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.
5. Жергiлiктi мемлекеттік инвестициялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген критерийлер негiзiнде жүзеге асырылады. 

6. Республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.


7. Жергiлiктi мемлекеттік инвестициялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

  1. Бюджеттік инвестициялар қаржыландырудың келесі тетіктері арқылы жүзеге ассырылады:

  1. мемлекеттік бюджеттен объектілерді салу немесе қайта жаңғыртуға мақсатты қаржыландыру;

  2. квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы;

  3. мемлекеттік – жеке меншік әріптестік жобалары бойынша қаржылай қолдау шараларын ұсыну;

  4. бюджеттік несиелеу;

  5. білім берудің автономды ұйымдарын дамытуға құрылтайшысының мақсатты салынымы;

  6. мемлекеттік еммес займдар бойынша мемлекеттік кепілдемені беру.



2-тармақта келтірілген негіздемені қараңыз

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамында өңірлер бөлінісінде салаға шығыстар бойынша лимиттер айқындалатын болады.

Жалпы кірістірге байланыстыра отырып, шығыстарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

3-7.Редакцияны жақсарту. «Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды» іске асырудың жекелеген тәсілін бөлу орынсыз, маңызды жүктемесі жоқ, өйткені, бұл тетік іске асырудың жалпы құрылымына енгізілген.

8. Әлеуметтік міндеттемелер (құрылыс, мектеп, ауруханалар, бюджеттіктердің е/а және т.б.) бойынша шығыстарды ескере отырып, бюджеттің ұзақ мерзімді болжамын және әлеуметтік міндеттемелерді жабуды қамтамасыз ететін коммерциялық негізде инвестициялық жобаларды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қазақстандық брендтік өнімдерді өндіру әлеуеті бар өңірлерде қосылған құны жоғары түпкілікті бәсекеге қабілетті өнім жасау үшін өндірістік қуаттарды кешенді дамыту.

БИ түрлері бойынша аражігін ажырату қандай құжаттар әзірлеу қажет және оларға жоба бойынша сараптама жүргізу бойынша ББӘ нақты ұстанымдарының қажеттілігіне байланыты.

Бұл тетік инвестициялық жобаларды әзірлеу және іріктеуде мемлекет пен жеке сектор тарапынан қаржыландыру көлемдерін айқындауға мүмкіндік береді. Іріктеу кезеңінде қаржыландыру тәсілдерін- көздерін ескере отырып, жобаны іске асыру тетіктерін анағұрлым сапалы құрылымдауға мүмкіндік береді.





152-бап

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау

 Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:


1) инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;
2) бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу бюджеттi әзiрлеу сатысында кезеңiнде жүзеге асырылады.

.


Бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау

1. Бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында айқындалған стратегиялық мақсаттар және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік инвестициялық жобаның нысаналы көрсеткіштері Қазақстан Республикасының Стратегиялық құжаттарында айқындалған стратегиялық мақсаттарға байланысты болады.

3. Бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстарды жоспарлау Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған салаға арналған лимиттерге сәйкес жүзегет асырылады.

4. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады



  1. бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің инвестициялық ұсынысын әзірлеу;

  2. қажетті сараптамаларды жүргізу;

  3. бюджетті әзірлеу сатысында инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу.

Егер мемлекеттік инвестициялық жоба техникалық күрделі немесе бірегей жоба болатын болса салалық инвестициялық ұысынысты әзірлеу сатысында инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу талап етіледі.

1-3. Мемлекет мүмкіндіктерін лимиттер шеңберінде стратегиялық мақсаттарға (қажеттіліктерге) кешенді байланыстыру




  1. Бірегей және техникалық жағынан күрделі жобалар бойынша анағұрлым егжей-тегжейлі негіздемені талап етеді, тиісінше ТЭН әзірленеді.

Бірегей жобалар – Қазақстанда немесе әлемде іске асырылмаған жобалар, ұқсастары жоқ, олар саланың (кіші саланың) дәстүрлі даму серпінінде әлеуметтік-экономикалық тиімділікті күшейтетін. Мысалы: қазақстандық маркалы автомобильдер өндіру, ғарыш аппаратарын әзірлеу.

Техникалық жағынан күрделі жобалар – құны мен техникалық шешімін қарапайым әдістермен (мысалы, аналогиялар әдісі) негіздеуге м.мкіндігі жоқ жобалар. Мысалы, ірі ЖЭС салу, магистралдық құбырлар





153-бап

Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу

1. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.


2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.
3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға ұсынады.
4. Инвестициялық ұсыныстар:
1) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;
2) жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі туралы ақпаратты;
 3) бюджеттік инвестициялық жобаның мақсаттарына қол жеткізудің балама нұсқаларын;
4) бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылған немесе мұндай іске асыру болмаған жағдайда, экономика саласының (аясының)      ықтимал даму нұсқаларын;
5) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлу туралы ақпаратты;
6) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аясына) болжамды әсерін бағалауды қамтуға тиіс.

5. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.


6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) арналған инвестициялық ұсыныстарын жобаның экономикалық орындылығы, оның мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген, экономиканың салаларын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.
6-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған оң экономикалық қорытындының негізінде инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
6-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
7. Бюджет комиссиялары мақұлдаған инвестициялық ұсыныстардағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган олар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерді әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
 8. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.


Инвестициялық ұысынысты әзірлеу және сараптау

  1. Мемлекеттік органның инвестициялық ұсынысы мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын әзірлеу кезеңінде жүзеге асырылады.

Инвестициялық ұсыныс салаға бекітілген лимиттер шеңберінде жоспарланған мемлекеттік инвестициялық жобалардың басымдылығын ескере отырып, оның міндеттерін шешуге кешенді тәсіл арқылы қол жеткізу жоспарланатын саланың страетегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

  1. Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамытуды қамтитын инвестициялық ұсынысты әзірлеуді жоспарланатын жылдан екі жыл бұрын бюджеттік бағдарамамен бөлінген қаражат есебінен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері негізінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

  2. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен инвестициялық ұсынысты қаржыландыруға арналған өтінімдер инвестициялық ұсынысты әзірлеу жоспарланатын жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей енгізіледі.

  3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын әзірлеуге өтінімдерін қарайды және тиісті бюджеттік комиссиялардың қарауына олар бойынша қорытынды енгізеді.

  4. Бюджет комиссиясы мақұлдаған инвестициялық ұсынысты әзірлеуге өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық ұсынысты әзірлеуге немесе түзетуге арналған тізбені қалыптастырады.

  5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және/немесе жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген инвестициялық ұсыныс құрамында ұсынылған шешімдердің орындылығы мен іске асатындығына жауапты болады.

  6. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу және мемлекеттік инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

  7. Салалық инвестициялық ұсыныс сараптамаға жатады.

  8. Салалық инвестициялық ұсыныс экономикалық сараптамасы салаға арналған лимит шеңберінде 5 жылға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктері бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында жүзеге асырылады.

  9. Экономикалық сараптама нәтижесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысы болып табылады.

  10. Инвестициялық ұсыныстың экономикалық сараптамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін инвестициялық ұсынысқа қорытындылар мен сараптамалар негізінде жүргізіледі.

  11. Инвестициялық ұсыныстың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға жүзеге асырады.

  12. Инвестициялық ұсынысқа экономикалық сараптама жүргізуге белгіленген заңды тұлға экономикалық сараптаманың, мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылған ұсынымдардың сапасына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

1-5. Басымдылығына байланысты инвестициялық жобалардың кезектілігін құрйылымдау ұсынылады. Анағұрлым басымды мәндері бар инвестициялық жобалар бірінші кезекте іске асырылады. Жобалардың басымдылығы өңірлер бөлінісінде салалардың даму деңгейінің негізінде айқындалатын болады. (халықтың тығыздығы, ауыру деңгейі, білім, қылмыстық, жылудың, эл.энергиясының тапшылығы және басқа көрсеткіштер).

Инвестицялық ұсынысты әзірлеу үшін оны түзетуге және түзетуге қаражат бөлінетін болады.
2. Әзірлеу кешенді тәсіл және ведомствоаралық үйлестіру, сондай-ақ, технологиялық құрамдауыштарға шығындарды оңтайландыру мақсатында ТКМ жүзеге асырады.

Әкімшілер (салалық мемлекеттік органдар) міндеттердің қойылуын және АШМ алдында қажеттілік негіздемесін айқындайды.

6.Орталық және жергілікті атқарушы органдар хабарлау отырып, нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге және жауапты болуға міндетті.

7. Рәсімдерді егжей-тегжейлендіру қиылыспаған жағдайда нормаларды жедел өзгерту мақсатында қаулы деңгейінде айқындалады.


8-11. Кешенді құжаттың экономикалық сараптамасын жүргізу салаға арналған лимиттер мен басымдықтар негізінде құрылыс, қайта жаңғырту, институционалдық дамыту бойынша салааралық үйлестіру мақсатында, ал ұсынылған инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктері іске асыру көздері мен тәсілдері бойынша жүзеге асырылатын болады.

12-13. Ұсынылған пайдалар мен шығындар бойынша ұсынымдар әзірлеуді, оған жауапкершіліктің бекітілуіне жобаның қаржылық-экономикалық үлгісі бойынша қаржыландыру схемасын жүргізу бойынша құзіретті ұйымдарды тарту мақсатында.





154-бап.

Бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу және бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды іріктеу

1. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды және іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және байланыс және ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде жүзеге асырады.


2. бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін негіз мыналардың:
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;
бюджеттік инвестициялық жоба бойынша оң экономикалық қорытындысының;
тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысының


болуы болып табылады.

3. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.


Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
4. Үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

5. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамадан өтуге тиіс.

6. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.
7. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.

8. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
 9. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асыруы мүмкін.

10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.


11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.

12. Экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.


13. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту көзделетін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды



Бюджетті әзірлеу сатысында мемлекеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу

1. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды қарауды және іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарлама әкімшісінің инвестициялық жоспары негізінде жүзеге асырады.



2. Мемлектетік инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде экономикалық сараптаманың ұсынымдары ескеріледі.

3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделмеген стратегиялық мәні бар тиісті мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржыландырылатын және/немесе қаржыландыруға жоспарланған тізбеге енгізуге әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жәнк Қазақстан Ренспубликасы Президентінің тапсырмасы бойынша республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізу талап етілген жағдайларда жол беріледі.

4. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізудің негіздемесі мыналардың болуы болып табылады:



мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысы;

мемлекеттік органның бекітілген инвестициялық жоспары;

концессиялық негізде іске асыру жағдайларында Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган жанындағы консультативтік кеңестің ұсынысы;

тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысы.



2. Оңтайлы нұсқасын таңдау бойынша шешім қабылдау үшін жобаларды іске асырудың ең жақсы нұсқасы бойынша құзіретті ұйымның ұсынымдары ұсынылады.

3. Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда қосымша қаржыландырылатын және/немесе қаржыландыруға жоспарланған жобалар тізбесіне енгізудің мүмкіндігі.




155-бап.

Концессиялық жобаларды жоспарлау


Алып тасталсын






155-1-бап.

Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу

Алып тасталсын






155-2-бап.

Концессиялық жобалардың мехникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ                  оларға қажетті сараптамалар жүргізу

Алып тасталсын






155-3-бап.

Концессиялық жобаларды консультациялық  сүйемелдеу

1. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.

Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік келісімшарттарын консультациялық сүйемелдеу

1. Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік келісімшарттарын консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік - жеке меншік әріптестік келісімшарттарын консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір мемлекеттік - жеке меншік әріптестік келісімшарттарын консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік - жеке меншік әріптестік келісімшарттарын консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.




Концессия келісімшартынан басқа, қаржы саласындағы кәсіби компаниялар көмегімен құрылымдауды қажет ететін контрактілердің басқа да түрлері бар



155-4-бап.

Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу негіздері


Алып тасталсын






156-бап.

Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау

Алып тасталсын






156-1-бап.

Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау

Алып тасталсын




31-ТАРАУ. БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ



157-бап.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру

1. Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.


2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметi осы жоба аумағында iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлетін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.


Үлгi жобаларды әзiрлеуді және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.


5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.

6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.

7. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV Заңымен.

8. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV Заңымен.

9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.

Жергiлiктi бюджет, оның iшiнде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.

10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.



Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды iске асыру

1. Мемлекеттік инвестициялық жобалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық жоспарларына сәйкес және тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының негізінде іске асырылады.

2. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметi осы жоба аумағында iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлетін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.
Үлгi жобаларды әзiрлеуді және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.

5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе мемлекеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты мемлекеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.

6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.

7.

8.


9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.

10. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу кезінде орталық бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты өз еркімен сұрауға және алуға құқылы заңды тұлғаны тартады.



Заңды тұлға бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдардан бюджеттік инвнстициялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу кезінде қосымша ақпараттарды (мәліметтер) өз құзіреті шегінде сұратуға құқылы.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органдар бюджеттік инвнстициялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді жүргізу үшін ақпараттырдың сапасы мен уақтылығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

11. Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттілік берген орган инвестициялық жобаның іске асырылуына бағалау жүргізеді.

Жергілікті бюджет есебінен, оның ішінде, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жергілікті атқарушыт орган уәкілеттілік берген орган жүргізеді.

12. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

13. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың мониторингін және іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


Сәйкестендіру мақсатында



158-бап.

Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру

Алып тасталсын






159-бап.

Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру

Алып тасталсын




<предыдущая страница | следующая страница>


Азақстан республикасы экономикалық даму және сауда министрлігі

«бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, Қарау және іріктеу кезіндегі бюджеттік үдерісін жетілдіру»

5196.51kb.

25 12 2014
24 стр.


«Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің Талаптарын бекіту

Талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі №126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экон

34.06kb.

05 09 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы экономикалық даму және сауда министрлігі «экономикалық зерттеулер институты»

АҚ «Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумымен» бірге 2010 жылдың 13 қарашасында сағат 11: 00-де «Өңірлік деңгейде рұқсат беру жүйесін оңтайландыру және ҚР бақылау-қадағалау жүйесін жетіл

13.82kb.

13 10 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі үшін қағаз және басқа да кеңсе тауарларын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді aшу хаттамасы

«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі үшін қағаз және басқа да кеңсе тауарларын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өт

34.09kb.

18 12 2014
1 стр.


Жеке кәсiпкерлiк саласындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Азақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 29 наурыздағы n 52 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2011 жылғы 1 сәуiрдегi n 81 Бiрлескен

39.47kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2012 жылғы «24» қазандағы №295 Астана қаласы

Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8 тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы»

28.11kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

«2» сәуірдегі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі үшін көлік қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу

25.66kb.

09 10 2014
1 стр.


"Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қр экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 30

Р экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 30. 05 №179 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

236.2kb.

25 12 2014
1 стр.