Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 23страница 24


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРЛІГІ




УДК 330.322.14

Тіркеу № 0112РК01885

Инв. № 0212РК00632



БЕКІТЕМІН

«Қазақстандық мемлекеттік –

жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ

Басқарма төрағасы Ж.А. Әбиесов ________________ 2012 ж. «___» ________________



ЕСЕП
ғылыми-зерттеу жұмысы ТУРАЛЫ

«БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ, ҚАРАУ ЖӘНЕ ІРІКТЕУ КЕЗІНДЕГІ БЮДЖЕТТІК ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ»
(қорытынды)








Тақырыптың жетекшісі_______________________Ғ.Н. Шайкин

қолы, күні

Астана 2012
ОРЫНДАУШЫЛАР ТІЗІМІ


Бюджеттік инвестициялардың әдіснамасы департаментінің директоры, э.ғ.к.




Сапарғали Ш.

(кіріспе, зерттеу саласы, 1.1, 1.2, 1.3, қорытынды, Қосымша 4, Қосымша 10)




Бюджеттік инвестициялардың әдіснамасы департаментінің бас сарапшысы




Тілеубаев А.Е.

(2.2, 2.3, 2.4, Қосымша 9, Қосымша 10)




Бюджеттік инвестициялардың әдіснамасы департаментінің сарапшысы




Құттыбаева А.Б.

(2.1, Қосымша 1, Қосымша 2, Қосымша 3, Қосымша 10)




Бюджеттік инвестициялардың әдіснамасы департаментінің сарапшысы




Ермұхамбетов Е.Қ.

(1.1, 1.2,

Қосымша 10)



РЕФЕРАТ

293 с. есеп, 24 кесте, 21 сурет, 39 көз, 10 қосымша


Зерттеу тақырыбы мен мәні

Зерттеу тақырыбы - «Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау және іріктеудегі бюджеттік процесті жетілдіру».

Зерттеу мәні – Қазақстан Республикасында салалар бөлінісінде және барлық қаржыландыру көздері мен схемаларын қамти отырып инвестицияларды жоспарлау және іріктеудің кешенді тәсілін қамтамасыз ету арқылы бюджеттік инвестициялардың құқықтық базасын жетілдіру.

Зерттеу мақсаты

Осы Зерттеудің мақсаты бюджеттік процесті мемлекеттің қатысуымен инвестициялық жобаларды қарау, жоспарлау және іріктеу бөлігінде жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.



Ғылыми-қолданбалы жаңалығы

Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеуді енгізу басталғаннан бері өткен төрт жыл ішінде стратегиялық және бюджеттік жоспарлау арасындағы өзара байланыс толық мөлшерде жүзеге асырылмай келе жатқандығын атап өту керек. іс жүзінде бюджеттік жоспарлау бюджеттік шектеулерге орай жүзеге асырылады. ағымдағы немесе күрделі шығыстарды жоспарлау әдіснамасы арасындағы байланыс нашар, стратегиялық жоспарлау құралдары шешім қабылдау процестері мен бюджет процестеріне енгізілмеген.

Зерттеу шеңберінде салалардың инвестициялық стратегиясының жүйесіздігі, жекелеген инвестициялық жобалардың қайталануы, салалардың инвестициялық және ағымдағы (пайдалану) шығыстарының байланыспауы, инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін жеке қаржыландыру көздерін кеңінен тартуға ынтаның болмауы тәрізді инвестициялық жобаларды жоспарлау проблемаларын шешетін бюджеттік инвестициялар бөлігінде бюджеттік процестің жаңа жолы ұсынылады.

Аталған түп мәтінде, «Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау және іріктеудегі бюджеттік процесті жетілдіру»тақырыбында зерттеу жүргізу өзекті де уақыт талабы болып табылады.



Жұмыс нәтижесі

Қазақстан Республикасындағы бюджет процесінің талдауы және мемлекеттік бюджеттен инвестициялардың іске асырылуына мониторинг және бағалаудың халықаралық тәжірибесінің негізінде:

- инвестициялық жобаларды жоспарлау және іріктеудің жаңа тәсілдерін енгізу жөнінде ұсынымдар дайындалды;

- қолданыстағы бюджет заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобалары әзірленді;

- салалық инвестициялық ұсыныстар әзірлеу және сараптамасы жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Нәтижелерді қолдану саласы

Ұсыным ретіндегі зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заңнамалық қызметінде салалар бөлінісінде инвестициялық жобаларды қалыптастырудың кешенді жолын енгізу үшін қолданылатын болады.



Тұжырымдамалар

Зерттеу шеңберінде жүргізілген талдау бюджет процесінде бірқатар жүйелі проблемалар (төменде келтірілген тізбемен шектелмеу керек) орын алғандығын көрсетті:

- күрделі және ағымдағы шығыстарды жоспарлаудың кешенді жолының болмауы;

- жалпы мақсаттағы жобаларды бірге іске асырудың кешенді жолының болмауы;

- бюджеттік инвестициялардың түрлерін жоспарлау және сараптаудың кешенді жолының болмауы.

Анықталған проблемаларды шешу үшін бюджеттік жоспарлау жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылды, бұл:

- саланың инвестициялық жобаларын ортамерзімді кезеңге бірге жоспарлау кезінде жүйелі жолдарды қамтамасыз етуге;

- бюджеттік инвестициялар жобаларының түрлерін экономикалық сараптаудың бірыңғай әдіснамалық тәсілін қамтамасыз етуге;

- инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалатын мемлекеттік бюджеттің шығысын қысқартуға мүмкіндік береді.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе 7

Зерттеу саласы 10

1 Инвестициялық жобаларды жоспарлау, қарау және іріктеуге арналған кешенді тәсіл 11

1.1 Қазақстан Республикасындағы ағымдағы ахуал 11

1.1.1 Бюджеттік инвестициялық жобалар 14

1.1.2 Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарында қатысуы арқылы іске асырылатын бюджеттік инвестициялар 17

1.1.3 Қоса қаржыландыру шарттарындағы концессиялық жобалар 20

1.2 Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар 32

1.3 Қорытындылар 38

2 Бюджеттік инвестицияларды іріктеу, мониторингілеу мен іске асырылуын бағалауға кешенді тәсіл 39

2.1 Халықаралық тәжірибе 39

2.1.1 Ресей Федерациясының тәжірибесі 39

2.1.2 Америка Құрама Штаттарының тәжірибесі 64

2.1.3. Ұлыбританияның тәжірибесі 76

2.2 Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жағдай 91

2.2.1 Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен іске асырылатын бюджеттік инвестициялар 98

2.2.2. Концессиялық жобаларды бюджетінен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылатын бюджеттік инвестициялар 105

2.2.3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылатын бюджеттік инвестициялар 108

2.3 Бюджеттік инвестициялар жобаларының іске асырылуын мониторингілеу мен бағалаудың проблемалы мәселелері 113

2.4 Қорытындылар мен ұсынымдар 121

Қорытынды 135

Пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі 136

1-қосымша 140

2-қосымша 141

3-қосымша 143

4-қосымша 159

5-қосымша 165

6-қосымша 181

7-қосымша 187

8-қосымша 188

9-қосымша 206

10-қосымша 278






следующая страница>


Азақстан республикасы экономикалық даму және сауда министрлігі

«бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, Қарау және іріктеу кезіндегі бюджеттік үдерісін жетілдіру»

5196.51kb.

25 12 2014
24 стр.


«Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің Талаптарын бекіту

Талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі №126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экон

34.06kb.

05 09 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы экономикалық даму және сауда министрлігі «экономикалық зерттеулер институты»

АҚ «Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумымен» бірге 2010 жылдың 13 қарашасында сағат 11: 00-де «Өңірлік деңгейде рұқсат беру жүйесін оңтайландыру және ҚР бақылау-қадағалау жүйесін жетіл

13.82kb.

13 10 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі үшін қағаз және басқа да кеңсе тауарларын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді aшу хаттамасы

«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі үшін қағаз және басқа да кеңсе тауарларын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өт

34.09kb.

18 12 2014
1 стр.


Жеке кәсiпкерлiк саласындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Азақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 29 наурыздағы n 52 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2011 жылғы 1 сәуiрдегi n 81 Бiрлескен

39.47kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2012 жылғы «24» қазандағы №295 Астана қаласы

Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8 тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы»

28.11kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

«2» сәуірдегі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі үшін көлік қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу

25.66kb.

09 10 2014
1 стр.


"Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қр экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 30

Р экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 30. 05 №179 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

236.2kb.

25 12 2014
1 стр.