Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге ("Оңтүстiк - Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттiк дәлiзi (ОАӨЭЫ - 1b және 6b)) қол қою туралы







Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 13 маусымдағы N 825 Жарлығы

-->
      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:


      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмнiң ("Оңтүстiк - Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттiк дәлiзi (ОАӨЭЫ - 1b және 6b)) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Болат Бидахметұлы Жәмiшевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге ("Оңтүстiк - Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттiк дәлiзi (ОАӨЭЫ - 1b және 6b)) кол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                                      Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы


Президентiнiң   
2009 жылғы 13 маусымдағы
N 825 Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН    

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ ЖОБАСЫ

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiм ("Оңтүстiк - Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс
Қытай" халықаралық транзиттiк дәлiзi (ОАӨЭЫ - 1b және 6b))

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ("Қарыз алушы") мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI ("Банк") арасындағы 200___ жылғы ___________ қарыз туралы келiсiм. Осымен Қарыз алушы мен Банк төмендегiлер туралы келiстi:

I БАП
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы талаптар (осы Келiсiмге Толықтыруда анықталған) осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.


      1.02. Егер түпмәтiнiнен өзгеше туындамаса, онда осы Келiсiмде пайдаланылатын бас әрiптен басталатын терминдердiң оларға Жалпы ережелерде немесе осы Келiсiмге Толықтыруда жазылған мәндерi болады.

II БАП
ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға екi миллиард бiр жүз жиырма бес миллион АҚШ долларына тең (2 125 000 000 АҚШ доллары) соманы беруге келiстi, осындай сома осы Келiсiмге 1-қосымшада сипаттамасы келтiрiлген жобаны ("Жоба") қаржыландыруда жәрдем көрсету мақсатында осы Келiсiмде сiлтеме жазылған немесе бар мерзiмге және шарттарда осы Келiсiмнiң ("Қарыз") 2.07 бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Валюталарды айырбастау арқылы мерзiмдi айырбасталуы мүмкiн.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келiсiмге 2-қосымшаның IV бөлiмiне сәйкес алуға құқығы бар.
      2.03. Қарыз алушы төлеуi тиiс қарызды ашқаны үшiн банктiк комиссия Қарыз сомасының бiр пайызының (0,25) төрттен бiр бөлiгiн құрайды. Қарыз алушы Банкке қарызды ашқаны үшiн қарызды орналастыру басталған күннен бастап 60 күннен кешiктiрмей комиссия төлейдi.
      2.04. Қарыз алушының төлеуi тиiс сыйақы әрбiр пайыздық кезең iшiнде Қарыз валютасы косу ауыспалы спред үшiн LIBOR ставкасына тең ставка бойынша есептелетiн болады; Қарыздың негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiн Конверсиялау кезiнде Қарыз алушы осындай сомаға Конверсиялау кезеңi уақытында төлеуге жататын сыйақы Жалпы ережелердiң IV Бабының шарттарына сәйкес анықталуы тиiс. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қарыздың өтелмеген алынған қалдығының кез келген бөлiгi уақтылы төленбей қалса және отыз (30) күннiң iшiнде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуi тиiс сыйақы мөлшерi Жалпы ережелердiң 3.02 (d) Бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес есептелуi тиiс.
      2.05. Әр жылдың 15 мамыры және 15 қарашасы төлем күндерi болып табылады.
      2.06. Қарыздың негiзгi сомасы осы Келiсiмге 3-қосымшада келтiрiлген өтеу кестесiне сәйкес өтеледi.
      2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшiн Қарыз шартының кез келген мынадай Конверсияларын сұрата алады: (i) Мақұлданған Валютаға алынған да, алынбаған да барлық немесе Қарыздың негiзгi сомасының кез келген бөлiгiнiң Қарыз Валютасын өзгерту; (ii) Құбылмалы пайыздың ставкадан пайыздың ставкаға Қарыздың алынған және өтелмеген негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiне қолданылатын пайыздың ставканың базисiн өзгерту, және керiсiнше, және (iii) Құбылмалы пайыздың ставканың жоғарғы немесе төменгi шектерiн белгiлеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiне қолданылатын Құбылмалы Тiркелген пайыздық ставканың шектерiн анықтау.
      (b) Осы Бөлiмнiң (а) параграфына сәйкес сұратылған, Банк қабылдаған кез келген өзгерiс Жалпы ережелерде анықталғандай, "Конверсия" болып саналады және Ережелердiң IV Бабының және Конверсия бойынша Басшылықтың ережелерiне сәйкес күшiне енедi.

III БАП
ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы Жобаның мақсаттарына қол жеткiзудi өзiнiң жақтайтынын мәлiмдейдi және осы мақсатта ҚР Көлiк және коммуникация министрлiгi арқылы Жалпы шарттардың V Бабының ережелерiне сәйкес Жобаны жүзеге асырады.
      Осы Келiсiмнiң 3.01 Бөлiмiнiң ережелерiн шектемей және Қарыз алушы мен Банктiң арасында өзгеше келiсiлмесе, Қарыз алушы осы Келiсiмнiң 2-қосымшасының ережелерiне сәйкес Жобаның iске асырылуын қамтамасыз етедi.

IV БАП
КҮШIНЕ ЕНУI

      4.01. Күшiне енудiң қосымша шарттары мынада:
      (а) ККМ Жобаның iс-шараларын орындау мақсатында ЖБК-мен нысаны және мәнi бойынша Банк үшiн қанағаттанарлық келiсiм жасасты.
      (b) Қарыз алушы ККМ арқылы Банк үшiн қанағаттанарлық ЖБСҚI бойынша Iс-шаралар жоспарын қабылдады.
      4.02. Осы Келiсiмге қол қойылған күнiнен кейiн бiр жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн осы Келiсiм күшiне енетiн соңғы мерзiм болып табылады.

V БАП
ӨКIЛДЕР; МЕКЕН-ЖАЙЛАР

      5.01. Қаржы министрлiгi Қарыз алушының өкiлi болып табылады.
      5.02. Қарыз алушының мекен-жайы:

      Қаржы министрлiгi


      Жеңiс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы

                  Телекс:                Факс:


                  265126 (FILIN)         (7)(7172) 717785

      5.03. Банктiң мекен-жайы:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi
      1818 H Street, N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America

      Телеграфтық мекен-жайы:      Телекс:                  Факс:

      INTBAFRAD                    248423(МСI) немесе 1-202-477-6391
      Washington, D.C. 64145(МСI)

      Қазақстан Республикасы Астана қаласында жоғарыда көрсетiлген күнi және жылы КЕЛIСIЛДI.

                        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ:

                                Уәкiлеттi өкiл

                        ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ
                        ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI

                                Уәкiлеттi өкiл

1-ҚОСЫМША

Жобаны сипаттау

      Жобаның мақсаты Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шекарасынан Шымкентке дейiнгi автожол учаскелерiнде көлiк жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, Қазақстанда автомобиль жолдарын басқаруды жетiлдiру және автожол қозғалысының қауiпсiздiк деңгейiн арттыру болып табылады.
      Жоба мынадай бөлiктерден тұрады:

       1-бөлiк:         Қызылорда облысындағы автожол учаскелерiн


                      жаңғырту және қайта жаңарту

      Қызылордадағы айналма жолды қоспағанда, Қызылорда облысындағы автожолдың учаскелерiне жаңғырту және қайта жаңарту жүргiзу кезiнде қолдау көрсету үшiн құрылыс жұмыстары.

       2-бөлiк:        Оңтүстiк Қазақстан облысындағы автожол
                     учаскелерiн жаңғырту және қайта жаңарту
                     (Қызылорда облысының шекарасы - Шымкент )

      Қызылордадағы айналма жолды қоса алғанда, Оңтүстiк Қазақстан облысындағы автожолдың учаскелерiне жаңғырту және қайта жаңарту жүргiзу кезiнде қолдау көрсету үшiн құрылыс жұмыстары.

       3-бөлiк:        Жобаны басқару жөнiндегi консультанттар

      Жобаны iске асыруда ҚР ККМ-нiң жәрдемдесуi үшiн консалтингтiк қызметтер көрсету.

       4-бөлiк:        Жол қозғалысының қауiпсiздiк деңгейiн
                     институционалдық дамыту және арттыру әрi жол
                     маңындағы сервистi дамыту

      (а) Зерттеулер жүргiзу үшiн мына мақсатта консультациялық қызметтер көрсету: (i) автомобиль жолдарын басқаруды күшейту және автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту жөнiндегi нұсқаларды шолу; (ii) жобаларды басқару жөнiндегi әлеуеттi күшейту мақсатында Автомобиль жолдары комитетiнiң қызметкерлерiн оқыту; (iii) автомобиль жолдарын басқару жүйесiн енгiзу; (iv) қоршаған ортаны қорғау үшiн қадағалауды жақсарту; (v) жобалау кезiнде жол қозғалысының қауiпсiздiгiн ескеру жөнiндегi басшылықты дайындау; (vi) жол желiлерi қауiпсiздiгiнiң физикалық аудитiн жүргiзу; (vii) неғұрлым қауiптi авариялық учаскелердi анықтау бойынша әдiснама құру; (viii) авариялардың әлеуметтiк құнын бағалау; (iх) ЖКО саласында зерттеулер жүргiзу аясында ККМ институттары әлеуетiн нығайту; және (х) Жоба бойынша жол учаскелерi бойындағы жол маңындағы сервистi дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын дайындау.


      (b) Автомобиль жолдарын басқару жүйесi үшiн тауарлар мен жабдықтар беру.

       5-бөлiк:        Құрылыс жұмыстарын қадағалау

      Жобаның 1-бөлiгi және 2-бөлiгi бойынша құрылыс жұмыстарына қадағалау жүргiзу үшiн консультациялық қызметтер көрсету.

2-ҚОСЫМША

Жобаны iске асыру

I бөлiм. Iске асыру тетiктерi

А. Институционалдық тетiктер

      Қарыз алушы Жобаны мынадай институционалдық және басқа тетiктерге сәйкес iске асырады:


      1. Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы ЖБК-нiң көмегiмен Жобаны iске асыру жөнiндегi нұсқауда, ЖБСҚI бойынша iс-шаралар жоспарында, Қоныс аудару және ҚОӘБ саясаты жөнiндегi құжатта көрсетiлген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастыру тетiктерiне және операциялық рәсiмдерге сәйкес Жобаны iске асырады және Банктiң алдын ала келiсiмiнсiз Жобаны iске асыру жөнiндегi басшылықтың, ЖБСҚI бойынша iс-шаралар жоспарының, Қоныс аудару және ҚОӘБ саясаты жөнiндегi құжаттың қандай да бiр ережелерiн қайта бере, өзгерiстер енгiзе, жоя немесе олардан бас тарта алмайды.
      2. Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы:
      (а) Жоба шеңберiнде қандай да бiр жұмыс басталғанға дейiн Қоныс аудару саясаты жөнiндегi құжатқа сәйкес Банк үшiн қанағаттанарлық Қоныс аудару жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын дайындауды жүзеге асырады; және
      (b) Қоныс аудару жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес Жобаны iске асырады; және
      (с) Банктiң алдын ала келiсiмiнсiз тиiстi Қоныс аудару жөнiндегi iс-шаралар жоспарларының қандай да бiр ережелерiне өзгерiстер енгiзе, жоя немесе олардан бас тарта алмайды.
      3. Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы:
      (а) Жоба шеңберiнде қандай да бiр жұмыстар басталғанға дейiн ҚОӘБ сәйкес Банк үшiн қанағаттанарлық Табиғатты қорғау iс-шараларының жоспарларын дайындайды; және
      (b) Табиғатты қорғау iс-шараларының жоспарларына сәйкес Жобаны iске асырады; және
      (с) Банктiң алдын ала келiсiмiнсiз тиiстi Табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарларының қандай да бiр ережелерiне өзгерiстер енгiзе, жоя немесе олардан бас тарта алмайды.
      4. Жобаны iске асырудың бүкiл кезеңi iшiнде Қарыз алушы ЖБК-нiң Банк үшiн қанағаттанарлық құрамда, ресурстармен және техникалық тапсырмаларға сәйкес қамтылуын қамтамасыз етуi тиiс.
      5. Қарыз алушы ККМ арқылы: (i) сатып алудың тәуелсiз аудитiн жүргiзуге жәрдемдесу үшiн жобаға қатысты барлық қажеттi ақпаратқа қол жеткiзудi қамтамасыз етудi қоса алғанда, барлық қажеттi шараларды қабылдауы; және (ii) Банк үшiн қолайлы Техникалық тапсырма шеңберiнде осындай аудит нәтижелерi мен ұсынымдарын негiзге ала отырып, тез арада әрекет етуi тиiс.

В. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

      Қарыз алушы Жобаны iске асыруды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi басшылықтың ережелерiне сәйкес қамтамасыз етедi.

II бөлiм. Жобаның мониторингi жөнiндегi есептiлiк және оны бағалау

А. Жоба бойынша есептер

       1. Қарыз алушы Жобаны iске асыру барысының мониторингiн және оны бағалауды жүзеге асырады және Жалпы талаптардың 5.08-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес және Банкпен келiсiлген индикаторлар негiзiнде Жоба бойынша есептер дайындайды. Жоба бойынша әрбiр есеп бiр күнтiзбелiк тоқсандағы кезеңдi қамтуы және осы есеппен қамтылған кезең аяқталғаннан кейiн 45 (қырық бес) күннен кешiктiрiлмей Банкке ұсынылуы тиiс.


      2. 2010 жылға 31 желтоқсаннан кешiктiрмей және кейiннен жыл сайын Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы Банкпен бiрлесiп, Жобаны iске асыруда қол жеткiзiлген прогрестi талдауды (бұдан әрi жыл сайынғы шолу деп аталады) жүргiзедi. Жыл сайынғы шолу басқаларымен қатар мыналарды қамтиды:
      (а) Жобаның мақсаттарына қол жеткiзудегi прогресс; және
      (b) нәтижелердiң индикаторларына сәйкес Жобаны орындаудың жалпы нәтижелерi.
      3. Жыл сайынғы шолуға дейiн кемiнде 4 (төрт) апта бұрын Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы Банкке Жобаның әрбiр құрауышын iске асырудың мәртебесiн сипаттай отырып, жеке есеп және Жобаны жалпы iске асыру туралы жиынтық есеп бередi.

В. Қаржылық басқару, қаржылық есептiлiк және аудит

      1. Қарыз алушы Жалпы талаптардың 5.09-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес қаржылық басқару жүйесiн жүргiзуге немесе оның жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Осы Бөлiмнiң А бөлiгiнiң ережелерi үшiн шектеусiз, Қарыз алушы әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 (қырық бес) күннен кешiктiрмей, Банк үшiн қанағаттанарлық нысан және мазмұн бойынша осы тоқсан үшiн аралық, аудиторлық тексеруден өтпеген Жоба бойынша қаржылық есептердi дайындауға және Банкке ұсынуға мiндеттi.
      3. Қарыз алушы өзiнiң Қаржылық есептiлiгiнiң аудитiн Жалпы талаптардың 5.09 (b) бөлiмнiң ережелерiне сәйкес жүргiзуге мiндеттi. Қаржылық есептiлiк бойынша әрбiр аудит Қарыз алушының бiр қаржы жылындағы қезеңдi қамтуы тиiс. Аудиторлық тексеруден өткен әрбiр осындай кезең үшiн қаржылық есептiлiк Банкке тиiстi кезең аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы тиiс.

III бөлiм. Сатып алулар

А. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар және Жұмыстар . Жоба үшiн қажеттi және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен жұмыстар Сатып алу жөнiндегi басшылықтың I бөлiмiнде қамтылған немесе оларға сiлтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлiмнiң ережелерiне сәйкес сатып алынады.


      2. Консультанттардың қызметi . Консультанттардың Жоба үшiн қажеттi және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық қызметтерi Дүниежүзiлiк банк қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеуi және жалдауы жөнiндегi басшылықтың I және IV Бөлiмдерiнде қамтылған немесе оларға сiлтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлiмнiң ережелерiне сәйкес сатып алынады.
      3. Анықтамалар . Сатып алудың белгiлi бiр әдiсiн немесе белгiлi бiр келiсiм-шарттарды Банктiң қарау әдiстерiн сипаттау үшiн осы Бөлiмде төменде пайдаланылатын, бас әрiптен басталатын терминдер нақты жағдайға байланысты Сатып алу жөнiндегi басшылықта немесе Консультанттар жөнiндегi басшылықта сипатталған белгiлi бiр әдiстерге сәйкес келедi.

В. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың ерекше әдiстерi

      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық . Егер төмендегi 2 тармақта өзгеше көзделмеген болса, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсiмдерiне сәйкес табысталған келiсiм-шарттар бойынша жүзеге асырылады.
       2. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың өзге әдiстерi . Төмендегi кестеде Халықаралық конкурстық сауда-саттықты қоспағанда, сатып алудың тауарлар мен жұмыстарға қолдануға қолайлы болуы мүмкiн әдiстерi ұсынылған. Сатып алу жоспары осы немесе өзге әдiстi қолдану мүмкiн болған жағдаяттарды қамтуы тиiс.      

Сатып алу әдiсi

(а) осы 2-қосымшаға Толықтыруда белгiленген қосымша ережелерге сәйкес ұлттық конкурстық сауда-саттық

(b) Еркiн саудадағы сатып алу

(с) Келiсiм-шарттарды тiкелей жасасу

С. Консультанттардың қызметтерiн сатып алудың ерекше әдiстерi

      1. Сапа және құн негiзiнде iрiктеу. Егер төмендегi 2-параграфта өзгеше көзделмеген болса, консультациялық қызметтердi сатып алу Сапа және құн негiзiнде iрiктеу рәсiмдерiне сәйкес тағайындалған келiсiм-шарттар шеңберiнде жүзеге асырылады.

       2. Консультанттардың қызметтерiн сатып алудың өзге әдiстерi. Төмендегi кестеде сатып алудың Сапа және құн негiзiнде iрiктеудi қоспағанда, Консультанттардың қызметтерiн сатып алу кезiнде қолданылуы мүмкiн әдiстерi ұсынылған.     

Сатып алу әдiсi

(а) Сапа негiзiнде iрiктеу

(b) Тiркелген бюджет кезiндегi iрiктеу

(с) Ең төменгi құны бойынша iрiктеу

(d) Консультанттардың бiлiктiлiгi негiзiнде iрiктеу

(е) Бiр көзден сатып алу

(f) Жеке консультанттарды iрiктеу үшiн Консультанттар бойынша басшылықтың 5.2 және 5.3-параграфтарында белгiленген рәсiмдер

D. Банктiң сатып алу жөнiндегi шешiмдердi қарауы

      Сатып алу жоспарында Банк алдын ала қарауға тиiс келiсiм-шарттар көрсетiлуi тиiс. Барлық басқа келiсiм-шарттар Банктiң кейiннен қарауына жатады.

IV бөлiм. Қарыз қаражатын шоттан алу

А. Жалпы ережелер

      1. Қарыз алушы Жалпы талаптардың II бабының , осы Бөлiмнiң және төмендегi 2-параграфтағы кестеге сәйкес Заңды шығыстарды қаржыландыру үшiн Банк Қарыз алушыға берген хабарламада көрсететiн қосымша нұсқаулықтың ережелерiне (Банк дүркiн-дүркiн қайта қарап отыратын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келiсiмге қолданылатын 2006 жылғы мамырдағы "Жобалардың қаражатын игеру жөнiндегi Дүниежүзiлiк банктiң басшылығын" қоса алғанда) сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
      2. Төмендегi кестеде Қарыз қаражатынан ("Санат") қаржыландырылуы мүмкiн Заңды шығыстардың санаты, әрбiр Санат бойынша бөлiнген Қарыз сомасы және әрбiр Санат бойынша Заңды шығыстар ретiнде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесi айқындалған.      

Санаты

Бөлiнген Қарыз сомасы (долларлық баламада)

Қаржыландыруға жататын шығыстар үлесi (салықтарды қоса алғанда)

(1) Жобаның 1-бөлiгi бойынша жұмыстар

1 134 300 000

85 %

(2) Жобаның 2-бөлiгi бойынша жұмыстар

747 200 000

85 %

(3) Жобаның 3-бөлiгi бойынша консультанттардың қызметтерi

5 500 000

85 %

(4) Жобаның 4-бөлiгi бойынша консультанттардың қызметтерi

2 100 000

85 %

(5) Жобаның 5-бөлiгi бойынша консультанттардың қызметтерi

46 800 000

85 %

(6) Жобаның 4-бөлiгi бойынша тауарлар

900 000

85 %

(7) Бөлiнбеген шығыстар

188 200 000

 


ЖАЛПЫ СОМА

2 125 000 000

 


В. Алу шарттары; алу кезеңi

      1. Осы Бөлiмнiң А Бөлiгiнiң ережелерiне қарамастан, қаражат мынадай жағдайларда алынбауы тиiс:


      (а) банктiк комиссия сомасы Банкке толық көлемде төленгенге дейiн Қарыз шотынан; және
      (b) Автомобиль жолдары комитетiн нығайтудың және автожолдар желiсiнiң жалпы жағдайын жақсартудың нұсқалары қаралатын зерттеудi Қарыз алушы жүргiзгенге және Банкпен Автомобиль жолдары комитетiн нығайту және осы зерттеулердiң нәтижелерiн ескере отырып, республикалық маңызы бар автожолдар желiсiнiң жалпы жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тетiгiн келiскенге дейiн (2) Санаттың шығыстары үшiн; және
      (с) осы Келiсiмнiң күнiне дейiн жасалған төлемдер бойынша.
      2. Жабылу күнi - 2013 жылғы 31 желтоқсан.

2-ҚОСЫМШАҒА


толықтыру

      Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда-саттық рәсiмдерi мынадай ережелер сақталған жағдайда осы Жоба шеңберiнде тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшiн пайдаланылуы мүмкiн:

      А. Мемлекеттiк кәсiпорындардың қатысуы
      Қарыз алушының аумағындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, егер олар өздерiнiң құқықтық және қаржылық дербестiгiн ресми түрде растай алатын болса, егер олар коммерциялық құқық негiзiнде әрекет етсе және тапсырыс берушi ретiнде келiсiм-шарт жасасатын ведомстволарға байланысты ұйымдар болмаған жағдайда ғана сауда-саттыққа қатысуға құқығы бар. Бұдан басқа, оларға өтiнiмдер мен кепiлдi қамтамасыз етуге қатысты сауда-саттықтың басқа да қатысушыларына қойылатын талаптар қолданылатын болады.

      В. Конкурстық құжаттама


      Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар Банк үшiн қолайлы тауарлар мен жұмыстарды сатып алуға арналған конкурстық құжаттаманың стандартты пакетiн пайдалануы тиiс.

      С. Конкурстық өтiнiмдердi ашу және бағалау:


      (а) өтiнiмдердi ашу конкурстық өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi басталғаннан кейiн дереу жариялы түрде жүргiзiледi;
      (b) конкурстық өтiнiмдердi бағалау конкурстық құжаттамада мәлiмделген монетарлы есептелетiн өлшемдерге қатаң сәйкестiкте жүргiзiлуi тиiс;
      (с) отандық өнiм берушiлерге преференциялар қолданылмауы тиiс;
      (d) келiсiм-шарт неғұрлым төмен бағада және негiзiнен талаптарға сәйкес келетiн конкурстық өтiнiмдi берген сауда-саттықтың бiлiктi қатысушысына берiлуi тиiс, бұл ретте келiссөздер жүргiзiлмейдi.

      D. Бағаны түзету


      Ұзақ кезеңге (18 (он сегiз) айдан астам) есептелген құрылыс жұмыстарына арналған келiсiм-шарттарда бағаларды түзету туралы тиiстi тармақ болуы тиiс. Ұзақ кезеңге (18 (он сегiз) немесе одан аз ай) есептелмеген құрылыс жұмыстарына арналған келiсiм-шарттар бағаларды түзету туралы тиiстi тармақты қосуды талап етпейдi.

      Е. Сауда-саттық нәтижелерiн жою


      Конкурстық сауда-саттықты болған жоқ деп тану және жаңа конкурстық өтiнiмдердi беруге шақыру Банктiң алдын ала келiсiмiмен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

      F. Жеке конкурстық өтiнiмдердi қабылдамау


      Әрбiр жеке конкурстық өтiнiм мынадай жағдайларда қабылданбауы мүмкiн:
      (а) сауда-саттыққа қатысушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес;
      (b) сауда-саттыққа қатысушы өзiнiң конкурстық өтiнiмiндегi сатып алуды жүргiзетiн ұйымның конкурстық комиссиясы жасаған арифметикалық қателердi түзетудi қабылдамайды.
      (с) сауда-саттыққа қатысушы конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермейдi.

3-ҚОСЫМША


Өтеу кестесi

      1. Келесi кестеде негiзгi борышты және негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне өтеуге жататын Қарыздың барлық сомасына төленетiн пайыздардың Күндерi көрсетiлген ("Кезектi төлем үлесi"). Егер Қарыз қаражаты негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiнде толығымен алынатын болса, негiзгi борышты өтеудiң осындай әрбiр Күнiнде Қарыз алушының өтеуiне жататын Қарыздың негiзгi сомасын Банк мыналарды көбейту жолымен анықтайды: (а) негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнi алынған Қарыз сомасын және ( b ) негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне Кезектi үлестiк төлем үлесiн, қажет болған жағдайда өтеуге жататын сомалар Валютаны айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның А-параграфында айтылған кез келген соманы шегеру үшiн түзетiлуi тиiс.     



Негiзгi борыш бойынша төлем күнi

Кезектi төлем үлесi (пайыздық мәнде)

2014 жылғы 15 мамырдан бастап, 2033 жылғы 15 қарашаны қоса алғанда,
әрбiр жылдың 15 мамыры мен 15 қарашасы

2.5 %

      2. Егер Қарыз қаражаты негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi күнiнде толығымен алынбаса, онда негiзгi борышты өтеудiң осындай әрбiр Күнiне Қарыз алушы өтеуi тиiс Қарыздың негiзгi сомасы мынадай түрде айқындалатын болады:
      (а) Негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнi алынған Қарыздың кез келген қаражаты мөлшерiнде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-параграфына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуi тиiс.
      (b) Негiзгi борышты өтеудiң осы Күнi үшiн ("Кезектi төлем үлесiнiң бастапқы сомасы") Негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiнен кейiн алынған кез-келген сома осы Қосымшаның 1-параграфының кестесiнде көрсетiлген төлем үлесiнiң бастапқы сомасы болып табылатын саны бөлiндiге бөлiнген осындай соманы көбейту жолымен Банк анықтаған сомада осындай алу күнiнен кейiн негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне өтелуi тиiс, ал атауы негiзгi борышты өтеудiң Күнiне осындай күнге немесе одан кейiнгi Кезектi төлем үлестерiнiң қалған барлық Бастапқы сомалары болып табылатын қажет болған кезде өтеуге жататын сомалар валюта Конвертациясы қолданылатын осы Қосымшаның 4-параграфында айтылған кез келген соманы шегеру үшiн түзетiлуi тиiс.
      3. (а) Негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне дейiн екi күнтiзбелiк ай iшiнде алынған Қарыз сомалары негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне жататын негiзгi борыш сомасын есептеу мақсаты үшiн айрықша алынған күннен кейiн негiзгi борышты өтеудiң екiншi Күнiнде алынған және өтелмеген болып есептелетiн және алынған күннен кейiн негiзгi борышты өтеудiң екiншi күнiнен бастап негiзгi борышты өтеудiң әрбiр күнiне өтеуге жататын болады.
      (b) Осы параграфтың (а) тармақшасының ережесiне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзiмдерi бойынша шоттарды шығару жүйесiн қабылдаса, осы ретте шоттар негiзгi борышты өтеудiң тиiстi Күнiне немесе одан кейiн берiледi, шоттарды шығарудың осындай жүйесi қабылданғаннан кейiн жасалған қандай да алуларға осы тармақшаның ережесi қолданылмайтын болады.
      4. Айырбастау кезеңi iшiнде пайда болатын негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне өтеуге жататын бекiтiлген валютаға осындай түрде ауыстырылатын Бекiтiлген валюта сомасындағы Қарыздың барлық валютадағы немесе алынған соманың кез келген бөлiгiндегi Айырбастаудан кейiн осы Қосымшаның 1 және 2-параграфтарының ережелерiне қарамастан тiкелей айырбастау алдында осындай соманы iрiлендiру валютасында көбейту жолымен немесе (i) айырбастауға жататын Валюталық хедже мәмiлелерi шеңберiнде Банктiң төлеуiне жататынға немесе (ii) Есеп айырысу бойынша Басшылыққа сәйкес мұндай шешiмдi егер Банк қабылдаса, Экранды ставканың валюталық құрылымы анықталуы тиiс.

ҚОСЫМША


I Бөлiм. Анықтамалар

      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнiндегi басшылық" 2006 жылғы 15 қазандағы "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттерi мен гранттары қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша басшылықты" бiлдiредi.


      2. "Санат" осы Келiсiмге 2-қосымшаның IV Бөлiмiнiң кестесiнде көрсетiлген санатты бiлдiредi.
      3. "Автомобиль жолдары комитетi" "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 1193 қаулысымен ККМ-де 2008 жылғы 1 қаңтарда құрылған және республикалық автожол желiсi үшiн жауап беретiн автомобиль жолдарын басқару жөнiндегi органды және оның кез келген құқық мирасқорын немесе құқық мирасқорларын бiлдiредi.
      4. "Консультанттар жөнiндегi басшылық" Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда қайта қараған "Дүниежүзiлiк Банк Қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеуi және жалдауы жөнiндегi басшылықты" бiлдiредi.
      5. "Қоршаған ортаға әсерiн бағалау" немесе "ҚОӘБ" Қарыз алушының 2009 жылғы 26 ақпандағы күнге дайындаған және ашық және Банк үшiн қанағаттандырарлық қоршаған ортаға әсерiн бағалау жөнiндегi қорытынды есептi бiлдiредi, оған басқалар арасында: (i) Жобаның iс-шаралары жүргiзiлетiн объектiлердiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, (ii) жоғарыдағы (i) параграфта көрсетiлген iс-шаралардың әлеуеттi және нақты келеңсiз экологиялық әсерi және (iii) Жобаны iске асыру барысында қабылданатын, Жобаның келеңсiз экологиялық салдарын азайтуға, жоюға немесе өтеуге бағытталған шаралар айқындалатын жалпы ТҚIЖ-ны бiлдiредi.
      6. "Табиғатты қорғау iс-шараларының жоспарлары" немесе "ТҚIЖ" нақты объектiлерге және Қарыз алушы қабылдаған және ҚОӘБ-ге және осы Келiсiмге 2-қосымшаның IА Бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес Банк үшiн қанағаттанарлық Жоба шеңберiнде Қарыз алушы жүргiзуi тиiс жұмыстарға қатысты және Жобаның iс-шараларын iске асыруға байланысты, баламалы институционалдық тетiктермен, талаптардың орындалуын тиiсiнше деңгейiн және оларды Банктiң алдын-ала жазбаша келiсуiне мерзiмдi түрде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мүмкiндiгiмен бiрге сақталуы жөнiнде ақпараттың жүйелi түрде түсуiн қамтамасыз етуге қабiлеттi мониторинг және есептiлiк тетiктерiмен бiр қатарда әлеуеттi экологиялық тәуекелдердi басқару, қоршаған ортаға келеңсiз әсерiн жұмсарту, азайту және/немесе өтеу бойынша шараларды айқындайтын құжаттарды бiлдiредi; және "ТҚIЖ" ұғымы осы объектiлердiң бiрiне жатады.
      7. "ЖБСҚI бойынша iс-шаралар жоспары" Банк үшiн қанағаттандырарлық және Қарыз алушының қаржылық басқаруды бақылауды күшейту және Жоба шеңберiнде өткiзiлетiн сатып алу рәсiмдерiнiң ашықтығы мен заңдылығын арттыру мақсатында осы Келiсiмнiң 4.01 (b) Бөлiмiне сәйкес ККМ арқылы қабылдауына жататын Жобаны басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттерi бойынша iс-шаралар жоспарын бiлдiредi.
      8. "Жалпы талаптар" 2005 жылғы 1 шiлдедегi (2008 жылғы 12 ақпанға дейiнгi түзетулердi қоса алғанда) "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң қарыздарына арналған жалпы талаптарды" бiлдiредi.
      9. "ККМ" Қарыз алушының Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiн немесе оның кез келген құқық мирасқорын немесе құқық мирасқорларын бiлдiредi.
      10. "ЖБК" - Банк үшiн қолайлы және осы Келiсiмнiң 4.01 (а) бөлiмiнде айтылған, Жобаны басқаруда және iске асыруда ҚР ККМ-ге қолдау көрсету бойынша консультациялық қызметтердi көрсетуге тартылған заңды тұлға.
      11. "Сатып алу жөнiндегi басшылық" Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда қайта қараған "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттерi шеңберiнде сатып алу жөнiндегi басшылықты" бiлдiредi.
      12. Сатып алу жөнiндегi басшылықтың 1.16-тармағында және Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 1.24-тармағында оған сiлтеме жасалған 2009 жылғы 30 қаңтардағы Жоба үшiн Қарыз алушының сатып алу жоспарын бiлдiредi, ол көрсетiлген тармақтардың ережелерiне сәйкес кезең-кезеңiмен түзетiлiп отыруы мүмкiн.
      13. "Жобаны iске асыру жөнiндегi басшылықты" қаржылық басқару бойынша басшылықты қоса алғанда, Қарыз алушы ККМ арқылы 2009 жылы 17 наурызда қабылдаған және Банк үшiн қанағаттанарлық, Жобаны iске асырудың операциялық және әкiмшiлiк мiндеттерiн, рәсiмдерi мен ережелерiн айқындайтын, осы Келiсiмнiң ережелерiне ұлттық заңнамаға және Қарыз алушының Банктiң алдын ала жазбаша келiсiмiмен кезең-кезеңiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн нұсқауларына сәйкес келетiн басшылықты бiлдiредi.
      14. "Қоныс аудару бойынша iс-шаралар жоспары" кез келген Қоныс аудару бойынша Қысқартылған iс-шаралар жоспарын қоса алғанда, Қарыз алушы осы Келiсiмге 2-қосымшаның IА Бөлiмiнiң 2-тармағына сәйкес және Банк үшiн қанағаттандырарлық, басқалардың арасында өтемақы, және қоныс аудару тетiктерiн, бюджет пен шығындар сметасын, сондай-ақ баламалы институционалдық тетiктермен, талаптардың орындалуының тиiсiнше деңгейiн және әрбiр жеке учаске үшiн олардың орындалуы жөнiнде жүйелi түрдегi ақпаратты қамтамасыз етуге қабiлеттi мониторинг және есептiлiк тетiктерiмен бiрге қаржыландыру көздерiн қоса алғанда, iс-шаралар бағдарламасын, адамдарға өтемақы төлеу және оларды көшiрудiң шаралары мен стратегиясын қамтитын елдi мекенге тән құжаттарды бiлдiредi; "Қоныс аудару бойынша iс-шаралар жоспары" осындай бiр жоспарды бiлдiредi.
      15. "Қоныс аудару саясаты жөнiндегi құжат" Қарыз алушы дайындаған, бекiткен және 2008 жылғы 1 мамырда жариялаған Қарыз алушы түзеткен және 2009 жылғы 18 наурызда жариялаған және 2009 жылғы 25 наурызда Infoshop сайтында жарияланған құжатты бiлдiредi, онда Қоныс аудару бойынша iс-шаралар жоспарын дайындау кезiнде қолданылуы тиiс бағалау рәсiмдерiн, қоғамдық консультациялар мен қатысуды, ақпаратты мониторингiлеу, бағалау және ашу өлшемдерiн қоса алғанда, көшiп-қону рәсiмдерi, институционалдық тетiктер, заңдылық өлшемдерi, құқықтары мен өтемақылары айқындалған құжат.

II бөлiм Жалпы талаптардың өзгерiстерi

      Жалпы талаптарға мынадай өзгерiстер енгiзiлдi:

      1. 2.07-бөлiмнiң (а) параграфы мынадай редакцияда жазылсын:


      "2.07-бөлiм. Қайта қаржыландыруға дайындау үшiн аванс; Қарызды ашу үшiн комиссияны капиталдандыру және сыйақылар
      (а) Егер Қарыз туралы келiсiм Банк немесе Қауымдастық берген Қарыз қаражатынан Аванс төлеудi ("Дайындыққа арналған Аванс") көздейтiн болса, онда Банк Қарыз туралы келiсiм Тарапы атынан Кредит шотынан күшiне енген Күнiне немесе одан кейiн Кредит шотынан бұл соманы алған күнiне аванстың алынған және өтелмеген сомасын өтеу үшiн қажеттi соманы алуы және осы күнге есептелген және төленбеген алымдардың барлығын, егер олар қолданылатын болса аванс сомасынан төлеуi тиiс. Банк осылайша алынған бұл соманы өзiнiң пайдасына немесе Қауымдастық пайдасына жағдайға байланысты төлейдi және аванстың алынбаған сомасының күшiн жоюы тиiс".
      2. 7.02-бөлiмiнiң (1) параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7.02-бөлiм. Банктiң Келiсiмдi тоқтата тұруы
      (1) Қойылған талаптарға сәйкес келмеуi. Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны (Мүше мемлекеттен басқа) немесе жобаны атқарушы агенттiктi Банктен немесе Қауымдастықтан қандай да бiр қаржыландыру алу немесе Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны немесе жобаны атқарушы агенттiктi алаяқтыққа, сыбайлас жемқорлыққа, мәжбүрлi iс-әрекеттерге немесе Банк немесе Қауымдастық берген кез келген қаржыландыруды пайдалануға байланысты ымыраласуға қатысады деп анықтау нәтижесiнде Банк немесе Қауымдастық толық немесе iшiнара қаржыландыратын кез келген жобаны дайындауға немесе iске асыруға қатысу үшiн қойылатын талаптарға сәйкес емес деп жариялады".
      3. (а) "Конверсия күнi" терминiнiң анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Конверсия күнi" конверсияға қатысты конверсия күшiне енген сәттен бастап және одан әрi оған қатысты Конверсия жөнiндегi басшылықтың ережелерi қолданылатын, Қарыз алушы сұрататын және Банк үшiн қолайлы атқару күнiн (осы құжаттағы анықтама бойынша) немесе өзге осындай күндi бiлдiредi."
      (d) "қалқыма ставка" терминiнiң анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "(с) валютаны қалқыма ставка бойынша есеп айырысатын пайыздар есептелетiн алудан кейiнгi Қарыз сомасы қалдығының мөлшерiнде Мақұлданған валютаға конверсиялау кезiнде мұндай сомаларға қолданылатын қалқыма пайыздық стаква: (i) (А) LIBOR немесе Мақұлданған валютаға қатысты Қарыз алушы мен Банк арасында келiсiлуi мүмкiн болған кез келген басқа базалық ставка сомасына; қосу LIBOR-ға (В) спред немесе мұндай болған жағдайда жоғарыда аталған валюта конверсиясына жататын Валюталық хедждiк мәмiлелер шеңберiнде Банктiң төлеуi тиiс кез келген басқа базалық сомаға; не: (ii) егер Банк Конверсия жөнiндегi басшылыққа сәйкес мұндай шешiмдi қабылдаса, Экрандық ставканың валюталық құрауышына теңестiрiледi.".







-->

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 13 маусымдағы n 825 Жарлығы

Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге ("Оңтүстiк Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа Батыс Қытай" халықаралы

216.18kb.

14 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 маусымдағы n 1587 Жарлығы

Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы

79.87kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 3 маусымдағы №992 Жарлығы

Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары жөнiндегi кеңесi Хатшылығының, оның персоналының және мүше мемлекеттерi өкiлдерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы конвенцияға

71.85kb.

09 10 2014
1 стр.


БҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы мазмұНЫ

Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы

2348.05kb.

17 12 2014
15 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 17 маусымдағы №1005 Жарлығы

Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшiн тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу және оларды шығаруға байланысты кедендiк операцияларды жасау тәртiбi туралы келiсiмге

607.91kb.

25 12 2014
5 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1022 Жарлығы

Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы Қазақстан-француз Президенттiк комиссиясын құру туралы хаттамаға қол қою туралы

40.18kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 28 шiлдедегi n 1623 Жарлығы

Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс миинстрлiгiнiң

56.15kb.

12 09 2014
1 стр.


Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола

1282.47kb.

14 12 2014
8 стр.