Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс миинстрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы

-->


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 28 шiлдедегi N 1623 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 396-құжат

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы  келiсiмге  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.


       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2006.04.03.  N 84  жарлығымен.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

ЖОБА  


Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң       
2005 жылғы 28 шiлдедегi 
N 623 Жарлығымен    
МАҚҰЛДАНҒАН       

  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы


Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi
мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында
орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану
тәртiбi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiмге
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,


      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы  келiсiмге  (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiстi:

      1. Келiсiм атауындағы, кiрiспенiң үшiншi абзацындағы және 1-баптың бiрiншi абзацындағы "4 Мемлекеттiк орталық полигонын" деген сөздер "4 Мемлекеттiк орталық түраралық полигонын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Кiрiспенiң екiншi абзацындағы "Келiсiмнiң" деген сөзден кейiн ", Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 1-бап мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:


      "Полигонды Полигонның бастығы басқарады. Полигонның бастығына Сарышаған полигонында орналасқан 10-сынақ полигонының және Ембi полигонында орналасқан 5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасының командасы бағынады.".

      4. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:


      "1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерiн жалға беру шарттарымен Полигонның онда орналасқан объектiлерiмен, жылжымалы және жылжымайтын мүлкiмен бiрге Ресей Федерациясының уақытша пайдалануына бередi.
      2. Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттiк орталық полигонының объектiлерi мен ұрыс алаңдарын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес Ресей Федерациясының мүддесiнде оларды жалға алу кезеңiнде Полигонның жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн Ресей Федерациясы ақы төлеудi жүзеге асырады.".

      5. 4-баптағы "субарендаға" деген сөздiң алдынан "Тараптардың немесе үшiншi елдердiң заңды және жеке тұлғаларына" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. 7-баптағы:
      1-тармақтағы екiншi сөйлемде "Тараптардың жеке келiсiмiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiммен және Тараптардың басқа да келiсiмдермен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:


      "Полигон бастығын Ресей Федерациясының Президентi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiмен келiсiлген, Ресей федерациясы Қорғаныс министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiнiң келiсiмiмен тағайындауды жүзеге асырады.".

      7. 9-баптағы:


      1-тармақтың екiншi абзацындағы "қалпына келтiрудi және" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтың оныншы абзацында "нысаналар" деген сөздiң алдынан "Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалған тәртiппен қажет болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Осы Келiсiмнiң 8-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негiзiнде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының мүдделерiнде сынақ жұмыстарын жүргiзу кезiнде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 4 Мемлекеттiк орталық түраралық полигонының жер учаскелерi мен әуе кеңiстiгiн пайдалануға жол берiледi.".

      8. 11-баптың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:


      "Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингтi жүргiзудi, жердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келiсiлген тәртiппен және мерзiмдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Ресей Тарапы Полигон аумағында геологиялық барлау және пайдалы қазбалар өндiрудi жүргiзбеуге мiндеттенедi. Полигон аумағында аң аулау, балық ұстау және жабайы өсiмдiктердi жинау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      9. 13-бапта "мiндеттi әскери" деген сөздер "шақыру бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. Келiсiмге 1-қосымшада:
      "орталық" деген сөзден кейiн "түраралық" деген сөз қосылсын;

      "Орда" деген сөз "Бөкей ордасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      11. Келiсiмге 2-қосымшада:
      "Орталық" деген сөзден кейiн "түраралық" деген сөз қосылсын;

      қосымшаның мәтiнi осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.


      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
      Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабардар етедi.
      Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық түраралық полигонын пайдалану тәртiбi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және өз қолданысын осы Келiсiммен бiр мезгiлде тоқтатады.

      ________қаласында, 200__жылғы, "__" _____________ әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ       РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
      ҮШIН                         ҮШIН

                     Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы


                         арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс
                    министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары
                      Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан)
                      4 Мемлекеттiк орталық түраралық полигонын
                     пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге 1995 жылғы
                    20 қаңтардағы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
                                  туралы хаттамаға
                                      ҚОСЫМША

       Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан


            полигонның әскери объектiлерiнiң
                       ТIЗБЕСI

р/с
N

Бөлiмшелердiң, объектiлердiң атауы

Орналасқан мекенi

1.

20 жеке сынақ станциясы

Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Жаңа Қазан ауылы

2.

30 жеке инженерлiк-сынақ бөлiмiнiң өлшеу пункттерi:
8-СЖ
 
16-СЖ

Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы
Сайқын ауылы
Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы
Шоңай ауылы

 






-->

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 28 шiлдедегi n 1623 Жарлығы

Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс миинстрлiгiнiң

56.15kb.

12 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi n 1619 Жарлығы

Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

82.66kb.

12 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi n 1620 Жарлығы

Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету ш

52.33kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi n 1618 Жарлығы

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртiбi турал

142.88kb.

12 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1022 Жарлығы

Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы Қазақстан-француз Президенттiк комиссиясын құру туралы хаттамаға қол қою туралы

40.18kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 маусымдағы n 1587 Жарлығы

Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы

79.87kb.

25 12 2014
1 стр.


Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола

1282.47kb.

14 12 2014
8 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi n 1181 Жарлығы

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегi үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою т

30.92kb.

25 12 2014
1 стр.