Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегi үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою туралы

-->


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi N 1181 Жарлығы

      Бiтiмгершiлiк операцияларын өткiзу үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымына беруге арналған Қазақстан Республикасының ресурстарын айқындау мақсатында қаулы етемiн:

      1. Қоса берiлiп отырған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегi үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.

      2. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлi Ержан Хозеұлы Қазыхановқа Қазақстан Республикасы атынан Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегi үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Қазақстан Республикасы  


Президентiнiң      
2003 жылғы 8 қыркүйектегi
N 1181 Жарлығына     
қосымша         
 
  Жоба 

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегi үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы


меморандум

      Қауiпсiздiк Кеңесi берген, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бейбiтшiлiктi қолдау операцияларын өткiзу жөнiндегi мандаттарын тиiмдi және уақтылы орындау үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымына белгiлi бiр ресурстарды ұсынуға жәрдемдесу қажеттiгiн мойындай отырып,


      сондай-ақ бейбiтшiлiктi қолдау операцияларын өткiзуге арналған ресурстарды ұсыну жөнiнде мiндеттемелер қабылдаудың артықшылығы шығыстардың аса икемдiлiгi мен кемуiне жәрдемдесетiнiн мойындай отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрi - Тараптар) достастық ынтымақтастығы рухында қимылдай отырып, осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойды.

1-бап. Мақсаты

      Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның мақсаты белгiлi бiр жағдайларда бейбiтшiлiктi қолдау операцияларын өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымына ұсыну үшiн белгiленiп отырған ресурстарды айқындау болып табылады.

2-бап. Ресурстардың сипаттамасы

      1. Қазақстан Республикасы ұсынуға әзiр ресурстардың нақты сипаттамасы осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қосымшада көрсетiлген.
      2. Қосымшаны дайындау кезiнде Тараптар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бейбiтшiлiктi қолдау операцияларын өткiзу үшiн ресурстарды ұсыну жөнiндегi басшылық қағидаттарға сүйендi.

3-бап. Ресурстарды ұсыну шарттары

      Қазақстан Республикасының ресурстарын пайдалану туралы түпкiлiктi шешiмдi Қазақстан Республикасы шығарады.

4-бап. Күшiне енуi

      Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның күшiне енуiне қажеттi мемлекет iшiндегi рәсiмдердi Қазақстан тарапының орындағаны туралы жазбаша хабарламаны Бiрiккен Ұлттар Ұйымы алған күнiнен бастап күшiне енедi.

5-бап. Өзгерiстер мен толықтырулар

      Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум, қосымшаны қоса алғанда, Тараптардың ноталар алмасуы арқылы кез келген уақытта өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн.

6-бап. Қолданысының аяқталуы

      Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның қолданысы Тараптардың кез келгенi кемiнде үш ай бұрын жазбаша хабарлаған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.

      200__ жылғы "___"________ Нью-Йоркте қол қойылды.

      Қазақстан Республикасы              Бiрiккен Ұлттар Ұйымы
      үшiн                                үшiн
 
      Қазақстан Республикасының           Бас хатшының бiтiмгершiлiк
      Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi,       iс-шаралар жөнiндегi
      Қазақстан Республикасының           орынбасары,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы               Бiрiккен Ұлттар Ұйымы
      жанындағы Тұрақты өкiлi             атынан өкiлдiк етушi

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегi үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға


Қосымша

__________________________________________________________________


Ұлттық Сипаттамасы Санаты Дерек көзi Әзiрлiк    Саны     Ескертпе
нөмiрi                               уақыты     
__________________________________________________________________
  1    Қазақстан   жеке  әскерилер   30 күн жеке құрам-    штатқа
       бiтiмгершi. құрам                    541 адам, бро. сәйкес
       лiк                                  нетранспортер. жасақ.
       батальоны                            лер-33 бiрлiк, талған
                                            автомобильдер-
                                            61 бiрлiк
__________________________________________________________________

0








-->

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi n 1181 Жарлығы

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегi үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою т

30.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1022 Жарлығы

Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы Қазақстан-француз Президенттiк комиссиясын құру туралы хаттамаға қол қою туралы

40.18kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 28 шiлдедегi n 1623 Жарлығы

Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс миинстрлiгiнiң

56.15kb.

12 09 2014
1 стр.


Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола

1282.47kb.

14 12 2014
8 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi n 1619 Жарлығы

Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

82.66kb.

12 09 2014
1 стр.


Жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қыркүйектегi №924 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын iске асыру мақсатында Қаза

1924.03kb.

16 12 2014
8 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 10 желтоқсандағы n 487 Жарлығы

Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтiру жобасы) қол қою туралы

131.76kb.

14 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 10 тамыздағы №137 Жарлығы

Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге (Қазстат: Ұлттық статистика жүйесiн нығайту жөнiндегi жоба) қол қою туралы

199.87kb.

25 12 2014
1 стр.