Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы

-->


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi N 1619 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 394-құжат

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы  келiсiмге  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 29 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары туралы келiсiмге қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.


       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2006.04.03.  N 84  жарлығымен.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

ЖОБА   


Қазақстан Республикасы    
Президентiнiң        
2005 жылғы 22 шiлдедегi   
N 1619 Жарлығымен      
МАҚҰЛДАНҒАН        

  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы


арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын
пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,


      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiстi:

      1. Келiсiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:


      "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ембi полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалдау шарттары туралы келiсiм".

      2. Кiрiспенiң төртiншi және бесiншi абзацтары және 1-баптың бiрiншi абзацы "Ембi полигонының" деген сөздерден кейiн "(5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы)" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 1-баптың екiншi абзацында:
      "қосымшада" деген сөздiң алдынан "1-" деген цифрмен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:


      "Полигонның әскери объектiлерiнiң тiзбесi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын 2-қосымшада келтiрiлген.".

      4. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:


      "1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерiн жалға беру шарттарымен Полигонның онда орналасқан объектiлерiн жылжымалы және жылжымайтын мүлкiмен қоса Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға бередi.
      2. "Ембi" сынақ полигонын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес жер учаскелерiнiң жалға берiлу кезеңiнде Ресей Федерациясының мүддесiнде Ресей Федерациясы Полигонды пайдаланғаны үшiн ақы төлеудi жүзеге асырады.".

      5. 6-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:


      "Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған Ресей Федерациясы әскери құралымдарының, олардың құрамына кiретiн адамдар мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi, сондай-ақ Полигон аумағындағы Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының заңдық құзыры мәселелерi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған Ресей Федерациясының әскери құралымдарының мәртебесi туралы келiсiммен және Тараптардың басқа да келiсiмдерiмен айқындалады.".

      6. 7-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:


      "Полигон қызметi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiмен келiсiм бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрi бекiтетiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк орталық түраралық полигонының құрылымдық бөлiмшелерi, объектiлерi және әскери алаңдары туралы ережемен (бұдан әрi - Полигон туралы ереже) регламенттеледi және:".

      7. 8-бапта:


      екiншi абзацтағы "қалпына келтiрудi және" деген сөздер алып тасталсын;

      тоғызыншы абзацтағы "мiндеттенедi" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:


      "Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалатын, қажет болған жағдайда нысаналар мен ракеталар құлаған алқаптарды қайта өңдеудi мiндеттенедi.";

      мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:


      "Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының мүддесiне сынақ жұмыстарын жүргiзу кезiнде Ембi полигонының (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жер учаскелерi мен әуе кеңiстiгiн пайдалануға осы Келiсiмнiң 7-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негiзiнде жол берiледi.".

      8. 9-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:


      "Полигон аумағында жер кадастрын және мониторингтi жүргiзудi, жердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келiсiлген тәртiппен және мерзiмдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады".

      9. Келiсiмге "Ембi полигонының жер учаскелерiнiң шекарасын анықтайтын геодезиялық белгiлер мен негiзгi нүктелер координаталарының тiзбесi" қосымшасы осы Хаттамаға 1, 2, 3-қосымшалармен ауыстырылсын.

      Қазақша мәтiндегi барлық "Эмба" сөзi "Ембi" болып жазылсын.

      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.


      Тараптардың бiрiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күн бұрын жазбаша хабардар етедi.
      Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастан күшiне енедi.
      Осы Хаттама Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және өз қолданысын осы Келiсiммен бiр мезгiлде тоқтатады.

      ________ қаласында 200__ жылғы "__"_________ әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ             РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
      YШIН                               YШIН

                                        Қазақстан Республикасы мен


                                       Ресей Федерациясы арасындағы
                                         1995 жылғы 20 қаңтардағы
                                         Эмба полигонын пайдалану
                                         және жалға беру шарттары
                                        туралы келiсiмге өзгерiстер
                                          мен толықтырулар енгiзу
                                              туралы хаттамаға
                                                 1-ҚОСЫМША

         Қазақстан Республикасының аумағында ракеталардың


        бөлiнетiн бөлiктерi құлайтын әскери алаңдардың
                           ШЕКАРАСЫ

Нүкте нөмiрi

Географиялық координаттары

Ескертпе

  

солтүстiк ендiк
(град. мин.)

шығыс бойлық
(град. мин.)

  

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы координаттары
шектелген N 1 учаске (солтүстiк учаске)

1

48  26

57  39

  

2

48  26

57  47

  

3

48  25

57  56

  

4

48  24

58  03

  

5

48  23

58  09

  

6

48  11

58  19

  

7

48  04

58  12

  

8

47  58

58  14

  

9

48  00

57  29

  

10

48  08

57  29

  

11

48  14

57  33

  

координаттары шектелген
N 2 учаске (оңтүстiк учаске)

1

47  02

58  06

  

2

46  45

58  06

  

3

46  45

57  47

  

4

47  02

57  50

  

алаңы 2 га N 3 учаске
Елдi мекендегi тұрғын үй және өндiрiстiк объектiлер
(Эмба-5 әскери қалашығы)

                                        Қазақстан Республикасы мен
                                       Ресей Федерациясы арасындағы
                                         1995 жылғы 20 қаңтардағы
                                         Эмба полигонын пайдалану
                                         және жалға беру шарттары
                                        туралы келiсiмге өзгерiстер
                                          мен толықтырулар енгiзу
                                              туралы хаттамаға
                                                 2-ҚОСЫМША

        Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан,


              Полигонның әскери объектiлерiнiң
                         ТIЗБЕСI

Р/с

Атауы

Орналасқан орны

  

5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы

Ақтөбе облысы,
Мұғалжар ауданы,
Ембi кентi.

                                        Қазақстан Республикасы мен
                                       Ресей Федерациясы арасындағы
                                         1995 жылғы 20 қаңтардағы
                                         Эмба полигонын пайдалану
                                         және жалға беру шарттары
                                        туралы келiсiмге өзгерiстер
                                          мен толықтырулар енгiзу
                                              туралы хаттамаға
                                                 3-ҚОСЫМША

             Ресей Федерациясы Ембi полигонында жалға


            алған Қазақстан Республикасы мүлкiнiң
                          ТIЗБЕСI

Р/с

Атауы

Саны
(бiрлiк)

Бас жоспар
бойынша N

1

Кешендi ғимарат

1

86

2

Тұрғын үй

1

25

3

"Россиянка" жатақханасы

1

42

 






-->

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi n 1619 Жарлығы

Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

82.66kb.

12 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 28 шiлдедегi n 1623 Жарлығы

Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс миинстрлiгiнiң

56.15kb.

12 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi n 1620 Жарлығы

Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету ш

52.33kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi n 1618 Жарлығы

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртiбi турал

142.88kb.

12 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1022 Жарлығы

Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы Қазақстан-француз Президенттiк комиссиясын құру туралы хаттамаға қол қою туралы

40.18kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 маусымдағы n 1587 Жарлығы

Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы

79.87kb.

25 12 2014
1 стр.


Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола

1282.47kb.

14 12 2014
8 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi n 1181 Жарлығы

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегi үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою т

30.92kb.

25 12 2014
1 стр.