Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтiру жобасы) қол қою туралы

-->


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 487 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы  Заңына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмнiң жобасы (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтiру жобасы) мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Болат Бидахметұлы Жәмiшевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтiру жобасы) қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының


       Президентi

Қарыздың нөмiрi  _______ 

 

  Қазақстан Республикасы мен


Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы
Қарыз туралы келiсiм
(Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына
келтiру жобасы)

Күнi _______, 200_ ж.

  Қарыз туралы келiсiм

      ___________, 200 _ ж ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚАРЫЗ АЛУШЫ) МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКIНIҢ (БАНК) арасындағы келiсiм. Осымен Қарыз алушы мен Банк келесi мәселелер жайлы мынадай келiсiмге келедi:

  I БАП - Жалпы шарттар; Анықтамалары

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келiсiмнiң Қосымшасында анықталғандай) осы Келiсiмнiң ажырағысыз бөлiгi болып табылады.


      1.02. Егер контекстте басқаша мағына болмаса, осы Қарыз Туралы Келiсiмдегi бас әрiппен жазылып қолданылатын аталымдар, Жалпы Шарттарда немесе осы Келiсiмге Қосымшада өздерiне бекiтiлген мағынаны бiлдiредi.

  II БАП - Қарыз

      2.01. Банк Қарыз Алушыға жиырма төрт миллион екi жүз тоқсан мың АҚШ долларына тең (24 290 000 АҚШ доллары) ("Қарыз") соманы осы Келiсiмде баяндалған немесе көрсетiлген мерзiмге және шарттармен, осы Келiсiмнiң 1 Қосымшасында сипатталған Жобаны ("Жоба") қаржыландыруға беруге келiседi.
      2.02. Қарыз Алушы осы Келiсiмнiң 2 Қосымшасындағы IV Тарауға сәйкес Қарыз қаражаттарын алуына қақылы.
      2.03. Қарыз Алушы Банкке Қарыздың қаржысын резервте ұстағаны үшiн Қарыздың пайдаланбаған (алынбаған) қалдығының жылдық бiр проценттiң төрттен үш бөлiгi (3/4 от 1%) болып табылатын ставкаға сәйкес комиссия төлейдi.
      2.04. Қарыз Алушы Банкке Қарыздың негiзгi сомаға байланысты мiндеттемелерiн өтеу үшiн Қарыздың бiр процент мөлшерiне сәйкес (1,0%) комиссия төлейдi, алайда Банк өз қарауынша ара-тұра осы комиссияның бөлiгiн төлеуден босатуы мүмкiн. Қарыз Алушы қаржыны резервте ұстағаны үшiн комиссияны осы Қарыз заңды күшiне енгеннен кейiнгi 60 күннiң iшiнде төлеуi тиiс.
      2.05. Қарыз Алушы Қарыздың валютасы үшiн ЛИБОР ставкасына тең ставка бойынша пайыз, оған қоса әр Пайыз Есептелетiн Мерзiмге Ауыспалы Спрэд төлейдi, алайда Банк, өз қарауынша ара-тұра осы ставканың бөлiгiн төлеудi болдырмауы мүмкiн.
      2.06. Төлем мерзiмдерi - әр жылдың 15 ақпаны және 15 тамызы.
      2.07. Қарыз Алушы Қарыздың негiзгi сомасын осы Келiсiмнiң 3 Қосымшасында көрсетiлген өтеу кестесiне сәйкес төлейдi.

  III БАП- Жоба

      3.01. Қарыз Алушы өзiнiң Жоба мақсаттарын жақтайтынын мәлiмдейдi және осыған орай Су Ресурстары Комитетi (СРК) арқылы және Жалпы Шарттардың 5 Бабына сәйкес осы Жобаны орындайды.
      3.02. Осы Келiсiмнiң 3.01 Тарауының шарттарын шектемей және Қарыз Алушы мен Банктiң арасында басқалай келiсiм болмаса Қарыз Алушы Жобаның орындалуын осы Келiсiмнiң 2 Қосымшасына сәйкес қамтамасыз етедi.

  IV БАП - Банктiң Ықпал шаралары

      4.01. Төлемдердi Тоқтатуға себеп болатын Қосымша Жағдайлар мыналарды қамтиды.
      (а) Жобаны Орындау Туралы Нұсқауға өзгертулер енгiзiлуi немесе оның күшi уақытша тоқтатылуы, жойылуы немесе одан Банктiң алдын ала келiсiмiнсiз бас тартуы.
      (б) СРК-нiң заңдарына, үкiмдерiне, жарғысына немесе басқа да ұйымдастыру құжаттарына, оның iшiнде осындай инструменттердiң негiзiн қалаған заң актiлерiне, өзгерiстер енгiзiлуi, немесе олардың күшi тоқтатылуы, жойылуы, немесе олардан бас тартуы сияқты жағдайлар СРК-нiң осы Келiсiмде бекiтiлген мiндеттерiн орындауға байланысты қабiлеттерiне материалдық және қолайсыз әсер етуi.
      4.02. Мерзiмiнен Бұрын Өтеуге байланысты Қосымша Жағдайлар мынадан тұрады, атап айтқанда, осы Келiсiмнiң 4.01 Тарауының (а) және (б) пункттерiндегi аталған жағдайлардың қайсыбiреуi орын алған жағдайда.

  V БАП - Заңды күшiне енуi

      5.01. Заңды Күшiне Енуге байланысты Қосымша Шарт келесiдей:
      СРК Жобаны Орындау Тобының (ЖОТ) құрамында қызмет iстейтiн, техникалық тапсырма шеңберiнде және бiлiктiлiгi Банкке жарамды, Жоба Үйлестiрушiсiн тағайындайды.
      5.02. Заңды Күшiне Енудiң ақырғы мерзiмi болып осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап жүз сексен (180) күн өткеннен кейiнгi мерзiм есептеледi.

  VI БАП - Қарыз Алушының Өкiлдерi; мекен-жайлары

      6.01. Қарыз Алушының Қаржы Министрi Қарыз Алушының Өкiлi болып табылады.
      6.02. Қарыз Алушының мекен-жайы:

      Қаржы министрлiгi


      Жеңiс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы
      Телекс: 265126 (FILIN)      Факс: (7) (3172) 717785

      6.03 Банктiң мекен-жайы:

      International Bank for Reconstruction and Devolopment
      1818 H Street, D.C. 20433
      United States of America

      Телеграф:         Телекс:                  Факс:

      INTBAFRAD        248423 (МСI) немесе       7-(202) 477-6391

      Washington, D.C.      64145 (МСI)

      КЕЛIСIЛДI ________ , _________, жоғарыда алғашқы рет көрсетiлген күнi мен жылы.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШIН


      Өкiлеттi Өкiл

       ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI ҮШIН

      Өкiлеттi Өкiл

  1 ҚОСЫМША


Жобаның сипаттамасы

       Жобаның мақсаты: (а) жерасты суларының ластануы мен халық жиi қоныстанған аудандар мен қаланы ауызсумен қамтамасыз ететiн су көздерi және Ертiс өзенiне қарай улы қалдықтардың созыла көшуiн тоқтату; (б) жерасты суларының жергiлiктi муниципалды және өндiрiстiк қалдықтармен ластануының барысын мониторингiлеу мақсатында институционалдық механизмдi күшейту.


      Жоба Қарыз алушы мен Банк көздеген мақсатқа жету үшiн келiсiлген жағдайда өзгерту нысаны болатын мынадай құрауыш бөлiктерден тұрады.

       А Құрауышы. Топырақ қабаты суларын ластанушы басым ластау көздерiн шектеу

      Жобалық және құрылыс жұмыстарын, құрылыс барысы мен құрал-жабдықтарды орнатуды бақылауды қамтамасыз ету - таңдап алынған ластанған өндiрiстiк орындарды, оның iшiнде: (а) УК СЦК конусты N 6 қайырмасын; (б) УМЗ N 6 қайырмасын; (в) УК ТЭЦ N 1 қайырмасын; (г) УК ТМК N 1 қайырмасын; (д) УК ТЭЦ N 2а + 2б күлқайырмасын; (е) экспериментальды СЦК қайырмасын; (ж) конденсатор заводының қалдық жинағыштарын қалпына келтiру үшiн.

       Б. Құрауышы. Топырақ қабаты суларының ластанған жерлерiн тазалау

      1. Өскемен қаласының орталық өндiрiстiк кешенiнен Ертiс өзенi мен қаланы ауызсумен қамтамасыз ететiн скважиналар орналасқан тұрғын аудандарға қарай ағатын жерасты суларын ластанудан тазарту мақсатында жерасты сулары ластануын болдырмауды қамтамасыз ететiн скважиналар мен жерасты суларын тазалауға арналған насостық жүйе орнатуға қажеттi жобалау мен құрылыс жұмыстарын, құрылыс жұмыстарын бақылауды және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
      2. Жерасты суларын тазалауға арналған жүйенi, оған қоса жерасты суларынан сынама алатын жаңа мониторингтiк скважиналарды, мұқият жобалау мен оны пайдалану үшiн жерасты суларынан сынама алу және оның ластануын талдау бағдарламасын iске асыру.

       С Құрауышы. Жобаны басқару және қадағалау

      Жобаны басқару тобына (а) жобаны басқаруға, сатып алу мен қаржылық басқаруға; (б) жоба шараларының әсерiн бағалау мен қадағалауға, оның iшiнде Жоба аясында құрылыс жұмыстарының экологиялық мониторингiн iске асыруға қаржылық және техникалық көмек көрсету.

  2 ҚОСЫМША

       I-Тарау. Институционалды және басқа алғышарттар

      1. Қарыз алушы жобаны iске асырушы жауапты орган ретiнде Су ресурстары комитетiн белгiлейдi де, оның құрамында жоба iске асатын мерзiмге құрамы, техникалық мiндеттерi мен ресурстары Банк талаптарына сай келетiн Жобаны басқару тобын ұстайды (ЖБТ). ЖБТ жобалық iс-шаралардың күнделiктi iске асуына, келiсiм-шарттар, мониторинг пен есеп беру iстерiнiң қадағалануына жауапты.


      2. Жоба күшiне енген мерзiмнен бастап үш айдан қалдырмай Қарыз алушы жоба iске асатын мерзiмге Жоба бойынша құрамы мен техникалық мiндеттерi Банк талаптарына сай келетiн Бақылау кеңесiн құрып, оны үнемi қолдап отырады. Оның мiндетiне Жобаны iске асыруды жалпы қадағалау мен жергiлiктi әкiмшiлiк, iскер орта және басқа да ықылас танытқан тараптармен жобалық шараларды үйлестiру кiредi.
      3. Қарыз алушы Су ресурстары комитетi Жобаны басқару тобы қызметкерлерi мен кеңесшiлерiн жұмысқа алу немесе жұмыстан босату туралы кез келген ұсыныстарының Банкте қарастырылып және келiсiлiп отыруына жағдай жасайды.
      4. Жобаны iске асыру үшiн Қарыз алушы осы Келiсiмде белгiленген мерзiм мен мiндеттерге сәйкес жұмсалуға тиiс қырық бес миллион төрт жүз жиырма мың бес жүз екi (45 421 502) АҚШ долларын бөледi. Бұл қаржының iшiне осы Келiсiмнiң 2 қосымшасының 1 Тарауындағы 5(6) параграфында көрсетiлген тазалау қондырғыларын пайдалануды қаржыландыруға жұмсалатын жиырма тоғыз миллион алты жүз жиырма екi мың қырық жетi (29 622 047) АҚШ доллары кiредi.
      5. Қарыз алушы: (а) Су ресурстары комитетiнiң Жоба бойынша мiндеттерiн орындауға жеткiлiктi жылдық бюджетiн; (б) Жобаның Б.2 Тарауына сәйкес жерасты суларын тазалайтын қондырғы пайдалануға берiлгеннен кейiн 15 жылға дейiн барлық операциялық және ағымдағы шығындарын жеткiлiктi көлемде қаржыландыруды қамтамасыз етедi.
      6. Қарыз алушы:
      А. Қарыз күшiне енген күннен бастап екi айдан қалдырмай Банкке түрi мен мазмұны Банк құптарлық Жобаны iске асырудың жоспары мен Нұсқауды тапсырады және осы Нұсқау мен Жобаны iске асыру жоспары бойынша Жобаны iске асырады.
      Б. Жобаның Қоршаған ортаны басқару жоспарына сәйкес орындалуын қамтамасыз ететiн барлық қажет шараларды iске асырады.

       II. Тарау. Жобаның мониторингi, есеп пен бағалау

       А. Жоба бойынша есептер.

      1. Қарыз алушы Жобаның iске асуын қадағалау мен бағалауды, сонымен қатар Жоба бойынша есептердi Жалпы шарттардың 5.08 тарауының талаптарына сәйкес және Банкпен келiсiлген индикаторлар негiзiнде дайындайды. Жоба бойынша есеп бiр календарлық семестрдi қамтып, есепте қамтылған мерзiмнен қырық бес (45) күннен қалмай өткiзiлiп отыруы тиiс.


      2. Жалпы шарттардың 5.08 (с) тарауының талаптарын орындау мақсатында Жобаның iске асуы туралы есеп пен осы Тарауға қатысты тиiстi жоспар жоба жабылғаннан кейiн (6) алты ай мерзiмнен кешiктiрiлмей Банкке берiлуi тиiс.

       Б. Қаржылық басқару, қаржылық есеп пен аудит.

       1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09 тарауының талаптарына сәйкес қаржылық басқаруды жүргiзуге немесе қадағалауға мiндеттi.
      2. Қарыз алушы осы Тараудың А Бөлiгiнiң ережелерiн шектемей, әр календарлық тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 күннен қалдырмай осы тоқсан бойынша аралық және аудит тексермеген, формасы мен мазмұнын Банк құптарлық қаржылық есебiн Банкке өткiзуi тиiс.
      3. Қарыз алушы өзiнiң қаржылық есептiлiгiн аудиттiк тексерудi Жалпы шарттардың 5.09 (6) Тарауының талаптарына сәйкес өткiзуге мiндеттi. Қаржылық есеп берушiлiктiң әр аудитi Қарыз алушының бiр қаржылық жыл мерзiмiн қамтуы тиiс. Осындай әр мерзiмнiң аудитор тексерген қаржылық есебi әр осындай мерзiм аяқталғаннан кейiнгi алты айдан кешiктiрiлмей Банкке өткiзiлуi тиiс.

       Ш Тарау. Сатып алу.

       А. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар мен жұмыстар.  Жобаға қажеттi барлық тауарлар мен жұмыстар Сатып алу туралы нұсқаудың 1 Тарауында көрсетiлген талаптарға немесе сiлтемелерi осы Тарауда көрсетiлген талаптарға және осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес сатып алынады.


       2. Кеңесшiлер қызметi . Кеңесшiлердiң Жобаға қажеттi барлық қызметi Кеңесшiлер жайлы нұсқауының I және IV Тарауында көрсетiлген талаптарға немесе сiлтемелерi осы Тарауда көрсетiлген талаптарға және осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес сатып алынады.
       3. Анықтамалар.  Осы Тарауда қолданылған бас әрiптерден басталатын сатып алудың белгiлi әдiстерi немесе Банктiң белгiлi келiсiм-шарттарды қарау әдiстерi туралы түсiнiктер, нақты жағдайға байланысты, олардың Сатып алу туралы нұсқауы мен Кеңесшiлер жайлы нұсқауындағы анықтамаларына сай келедi.

       Б. Тауар, жұмыс және техникалық қызмет түрлерiн сатып алу

       1. Халықаралық бәсекелестiк сауда . Төмендегi 2 пунктте өзгеше көрсетiлмеген жағдайда Жобаға қажеттi тауар, жұмыстар мен техникалық қызметтi сатып алу Халықаралық бәсекелестiк сауда процедураларына сәйкес жасалған келiсiм-шарттар бойынша iске асады.
       2. Тауар мен жұмыс сатып алудың басқа әдiстерi.  Төмендегi кестеде Халықаралық бәсекелестiк саудасынан басқа тауар, жұмыс және техникалық қызметке қатысты пайдалануға болатын сауда әдiстерi көрсетiлген. Сатып алу жоспары мұндай әдiстердi қолдануға болатын жағдайларды белгiлеуi керек.
      

Сатып алу әдiсi

(а) ұлттық бәсекелестiк сауда, осы 2 Кестенiң қосымшасында белгiленген қосымша талаптардың орындалуы шарт

(б) Шопинг

(в) Тiкелей келiсiм-шарттар

       С. Кеңесшiлер қызметiн сатып алу әдiстерi

       1. Сапа және құн бойынша iрiктеу . Төмендегi  2 пунктте өзгеше көрсетiлмеген жағдайда кеңесшiлер қызметi Кеңесшiлердi сапа мен құн бойынша iрiктеу талаптарына сәйкес жасалған келiсiм-шарттар аясында iске асады.


       2. Кеңесшi қызметiн сатып алуының басқа әдiстерi.  Төмендегi кестеде кеңесшi қызметiн сатып алуда қолдануға болатын, сапа мен құнына қарай iрiктеуден басқа, әдiстер көрсетiлген. Сатып алу жоспары осындай әдiстердi қолдануға болатын жағдайларды белгiлеуi тиiс.
      

Сатып алу әдiсi

(а) Ең төменгi құны бойынша iрiктеу

(ә) Кеңесшiлер бiлiктiлiгi негiзiнде iрiктеу

(б) Жеке кеңесшiлердi iрiктеу

(в) Фирманы тiкелей бiр көзден iрiктеу

(г) Жеке кеңесшiлердi тiкелей бiр көзден iрiктеу

       Г. Банктiң Сатып алу бойынша шешiмдердi қарастыруы.

      Сатып алу жоспары Банктiң алдын-ала қарауына жататын келiсiм-шарттарды көрсету керек. Басқа келiсiм-шарттардың бәрi Банктiң соңыра қарауына жатады.

       IҮ Тарау. Шоттан Қарыз қаражатын алу.

       А. Жалпы ережелер.

      1. Қарыз алушы Қарызды осы Тараудың ережелерiне және Қарыз алушыға Банктiң берген хабарламасында көрсетiлген қосымша нұсқауларға сәйкес төмендегi 2 пункттегi кестеде көрсетiлгендей Құқылы шығындарды қаржыландыруға ала алады.
      2. Төмендегi кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын Құқылы шығындар категориялары ("Категориялар") берiлген, оған қоса әрбiр Категория бойынша Қарыздың бөлiнген мөлшерi және әрбiр Категория бойынша Құқылы шығындар болып табылатын шығынның пайыздық үлесi анықталады.      

  

КАТЕГОРИЯ

Қарыздан бөлiнген
қаражат мөлшерi
(АҚШ долларымен)

Қаржыландырылатын
шығынның пайыздық үлесi

(1)

Жұмыстар

24290000

70%

  

БАРЛЫҒЫ

24290000

  

       Б. Алу шарты; Шығару кезеңi.

      1. Осы Тараудың А бөлiмшесiнiң ережелерiне қарамастан, қаржы мына жағдайларда алынбайды:


      (а) Банк Қарыз қаражатын резервтендiргенi үшiн төлемдi Қарыз алушыдан алмайынша;
      (б) осы Келiсiмге қол қойылған мерзiмге дейiн болған шығындар бойынша төлемдердi өтеуге.
      2. Қарыздың аяқталу мерзiмi 2013 жылдың 30-наурызы.

  2 Қосымшаға толықтырулар

      Қарыз Алушының Ұлттық Бәсеке Сауда процедуралары келесi ережелердi сақтаған жағдайда осы Жоба шеңберiнде сатып алу үшiн пайдаланылуы мүмкiн:
      А.  Мемлекеттiк мекемелердiң қатысуы
      Қарыз алушының территориясындағы мемлекеттiк мекемелер сауда-саттыққа тек өздерiнiң құқықтық және қаржылық тәуелсiздiгiн ресми түрде растай алатын жағдайда, коммерциялық құқық негiзiнде әрекет ететiн болса және келiсiм-шартқа екiншi жақ болып келетiн тұлғаға тәуелдi болмаған жағдайда ғана қатыса алады. Бұған қоса, оларға өздерiнiң өтiнiмдерi бойынша және қызметтi тиiмдi орындауы бойынша басқа iзденушiлерге қойылған талаптар қойылады.
      Б.  Конкурстық құжаттар.
      Сатып алумен айналысатын мекемелер тауарды сатып алуға арналған Банк құптарлық стандартты конкурстық құжаттарды қолдануы тиiс.
      В.  Өтiнiмдердi ашу және бағалау.
      (а) Өтiнiмдердi ашу көпшiлiк алдында өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi аяқталған кезден кешiкпей өтедi;
      (б) Өтiнiмдердi бағалау мiндеттi түрде конкурстық құжаттарда көрсетiлген монетарлық есептелетiн өлшемдерге сәйкес өтуi тиiс;
      (в) Отандық қызмет жеткiзушiсiн талғау қағидасы қолданылмауы тиiс;
      (г) Келiсiм-шарт ең төмен бағаланған құны бар өтiнiмдi тапсырған және барлық талаптарға барынша жауап беретiн бiлiктi iзденушiмен бекiтiледi, сонымен қатар келiссөздер ескерiлмейдi.
      Г.  Баға түзету.
      Ұзақ уақытқа (мысалы, 18 айдан аса уақытқа) есептелген құрылыс жұмысына арналған Келiсiм-шарт бағаны түзету туралы тиiстi шарттарды қамтуы тиiс.
      Д.  Сауда-саттық процесiнiң күшiн жою
      Банктiң алдын-ала келiсiмiнсiз тендер өткiзiлдi деп есептелмейдi және жаңа өтiнiмдердi қабылдау жүзеге аспайды.
      Е.  Жеке өтiнiмдердi қабылдамау
      Әрбiр жеке тапсырыс тек қана мынадай жағдайда қабылданбауы мүмкiн:
      (а) егер iзденушi бiлiктiлiгi бойынша iрiктеуден өтпеген жағдайда;
      (б) iзденушi сатып алушы мекеменiң Тендерлiк комиссиясы ұсынған конкурстық өтiнiштегi арифметикалық қателердi түзетудi қабылдамайды.
      (в) iзденушi тендерлiк құжат талаптарына жауап бермейдi.

  3 Қосымша

  Қарызды өтеу мерзiмi

Қарыздың Негiзгi Мөлшерiн Төлеу Мерзiмi      Қалған Қарыздың


                                             Негiзгi Мөлшерi
                                             (АҚШ долларымен)

Әрбiр 15-ақпан және 15-тамыз күндерi

2012 жылдың 15-тамызынан бастап
2023 жылдың 15-тамызына дейiн                    1 010 000
 
2024 жылдың 15-ақпанынан бастап                  1 060 000

  Қосымша (Анықтамалар)

       Анықтамалар

      1. "Категория" - осы Келiсiм-шарттың 4 Қосымшасындағы IҮ Тараудың кестесiнде берiлген категория.


      2. "Кеңесшiлер жайлы нұсқау" - "Әлемдiк Банк қарыз алушыларының кеңесшiлердi iрiктеуi және жалдауы жайлы нұсқау" 2004 жылдың мамыр айында Банк арқылы жарияланған.
      3. СРК - Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi.
      4. "Жалпы шарттар" - 2005 ж. 1-шiлдедегi "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң (ХҚҚДБ) қарыздарына арналған жалпы шарттар" (осы Қосымшаның II Тарауында берiлген түзетулермен қоса).
      5. "ҚОБЖ" - Қарыз алушы тарапынан Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасы арқылы бекiтiлген 2005 ж. 8-қыркүйегiндегi N 03-06/4151 "Қоршаған Ортаны басқарудың жоспары". Бұл құжатта Жоба шеңберiнде iске асыруға және бақылауға жататын қоршаған ортаға әсерiн жеңiлдетудiң шаралары сипатталған.
      6. "Жүзеге асыру бойынша нұсқау" - осы Келiсiмнiң 2 Қосымшасы, I Тарауының 6 (а) пунктiне сәйкес Қарыз алушы дайындайтын нұсқау. Онда былай деп сипатталған: (i) Келiсiм-шарттың ережелерiне, Қарыз алушының заң және нормативтiк-құқықтық актiлерiне қарама-қайшы келмейтiн Жобаны iске асыру рәсiмдерi берiлген және одан басқа мына жайларды да қамтиды: (i) әкiмшiлiк, сатып алу, бухгалтерлiк есеп, қаржылық мониторинг және бағалау процестерiн басқару рәсiмдерi; (i) жылдық есептiң үлгi форматтары; оған Банктiң келiсiмiмен белгiлi кезеңдерде түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.
      7. "Жоба бойынша Бақылау Кеңесi" - осы Келiсiм-шарттың 2 Қосымшасы, 1 Тарауының 2 пунктiнде сiлтеме жасалған Ауыл Шаруашылығы Министрлiгi арқылы Қарыз алушы құратын кеңес.
      8. "Сатып алу туралы нұсқау" - 2004 жылдың мамыр айында Банк жариялаған "ХҚҚДБ (Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң) қарызы мен ХДҚ (Халықаралық Дамыту Қауымдастығы) несиесi шеңберiнде сатып алу туралы нұсқау".
      9. "ЖБТ" - Жоба шеңберiнде iс-шараларды дайындауға, жүзеге асыруға және үйлестiруге толық жауапты болатын Су ресурстары Комитетiнiң Жобаны басқару Тобы.
      10. "Сатып алу жоспары" - Қарыз алушының 2006 ж. 7-желтоқсанында дайындалған Жоба бойынша сатып алу жоспары. Бұл Жоспарға сiлтеме Сатып алу туралы нұсқаудың 1.16 пунктiнде және Кеңесшiлер жайлы нұсқаудың 1.24 пунктiнде жасалған, сондай-ақ осы Жоспарға белгiлi кезеңдерде көрсетiлген пункт ережелерiне сәйкес өзгерiстер енгiзiледi.








-->

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 10 желтоқсандағы n 487 Жарлығы

Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтiру жобасы) қол қою туралы

131.76kb.

14 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы n 317 Жарлығы

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы

99.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1022 Жарлығы

Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы Қазақстан-француз Президенттiк комиссиясын құру туралы хаттамаға қол қою туралы

40.18kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 28 шiлдедегi n 1623 Жарлығы

Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс миинстрлiгiнiң

56.15kb.

12 09 2014
1 стр.


Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола

1282.47kb.

14 12 2014
8 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi n 1619 Жарлығы

Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

82.66kb.

12 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi n 1181 Жарлығы

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегi үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою т

30.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң мәселелерi

Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiн құру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 27 наурыздағы n 302 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiмет

368.47kb.

14 12 2014
2 стр.