Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығы

-->


Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат
      Ескерту. Жарлықтың атауына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.12.28 N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) Жарлығымен.

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi, Мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану ережесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.12.28 N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) Жарлығымен.
      2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Қазақстан Республикасы   


Президентiнiң      
1999 жылғы 29 желтоқсандағы
N 317 Жарлығымен      
бекiтiлген        

  Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi

      Ескерту. Тiзiлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.05.22 N 401, 2001.11.13 N 720, 2002.09.24 N 951, 2003.05.16 N 1094 (2002.09.19 бастап күшiне енедi), 2004.04.23 N 1350, 2004.05.07 N 1362, 2004.09.07 N 1435, 2005.03.23 N 1528, 2005.06.30 N 1598 (2005.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.13 N 1614 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.06.06 N 131, 2006.10.20 N 206, 2007.11.27 N 446, 2007.12.28 N 501 (2008.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.02.19 N 542, 2009.12.29 № 911, 2010.09.22 N 1066, 2011.05.02 N 67 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 8-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысы

      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы

      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының  бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының министрлерi, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары

      Министрлiктердiң жауапты хатшылары

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiлерi

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы және мүшелерi

      Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары

      Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелерi

      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы және мүшелерi

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органдарының басшылары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары

      Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерi, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары

      Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерi аппараттарының басшылары

      Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi елшiлерi

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, оның орынбасарлары

      Жоғары Сот Кеңесiнiң төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiлерi

      Қазақстан Республикасының Президентi Кеңсесiнiң бастығы, оның орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң бөлiм меңгерушiлерi және өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң жетекшiлерi, олардың бiрiншi орынбасарлары және орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi хатшылығының, Талдау бөлiмiнiң, Ахуалдық орталығының меңгерушiлерi, олардың орынбасарлары
 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнаулы өкiлдерi

      Қазақстан Республикасының Президентi Мұрағатының директоры, оның орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi Мұражайының директоры, оның орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Парламентi Сенаты және Мәжiлiсi аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментiнiң (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Президентiнiң Iс басқармасы, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi аппараттарының басшылары

      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң мемлекеттiк инспекторлары

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн агенттiктердiң жауапты хатшылары
 
      Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медицина орталығының бастығы және оның орынбасарлары

      Қалалардың, аудандардың, аудандардағы қалалардың және қалалардағы аудандардың, селолардың, селолық округтердiң, кенттердiң, ауылдың әкiмдерi

      Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағасы және мүшелерi

Қазақстан Республикасы   


Президентiнiң      
1999 жылғы 29 желтоқсандағы
N 317 Жарлығымен      
бекiтiлген        

Мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк


жазалар қолдану туралы
Ереже

      Ескерту. Ереженiң атауына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.12.28 N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi) Жарлығымен.

1. Осы Ережеде қолданылатын түсiнiктер

      1. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң (бұдан әрi - қызметшiлер) тәртiптiк жауапкершiлiгi - олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшiн қызметшiлерге қолданылатын заңдық жауапкершiлiктiң түрi.

      2. Тәртiптiк терiс қылық (бұдан әрi - терiс қылық) құқыққа қайшы, қызметшiлердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамау кiнәсi, тиiсiнше орындамауы немесе лауазымдық өкiлеттiгiнiң шегiнен шығуы, тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңында (бұдан әрi - "Мемлекеттiк қызмет туралы" немесе Заң) белгiленген мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамауы болып табылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2002.06.21 N 895, 2005.06.30 N 1598 (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) жарлықтарымен.

      3. Тәртiптiк жаза (бұдан әрi - жаза) - мемлекеттiк қызметшiге терiс қылық жасағаны үшiн жоғары тұрған лауазымды адам немесе мемлекеттiк орган қолдануы мүмкiн тәртiптiк жауапкершiлiк шарасы.

2. Тәртiптiк жазалардың түрлерi

      4. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңның 28-бабына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңға сәйкес қызметшiлерге мынадай жазалар:


      1) ескерту;
      2) сөгiс;
      3) қатаң сөгiс;
      4) қызметке толық сәйкес еместiгi туралы ескерту;
      4-1) тиiстi өкiлеттiлiк беруден бас тарту;
      4-2) мемлекеттiк функцияларды орындаудан босату; 
      4-3) лауазымын төмендету;
      5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2002.06.21 N 895 Жарлығымен.

      5. Жасалғаны үшiн заңда көзделген өзгедей жауаптылыққа әкеп соғатын әрекет үшiн жаза қолданылмайды.

      6. Жаза туралы деректер мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң дербес iсiне енгiзуi
арқылы есепке алынуға тиiс.

3. Жаза қолданудың шарты

      7. Жаза кiнәлi адамның кiнәсiнiң нысаны мен дәрежесiне, жасалған терiс қылықтың ауырлығына сәйкес келуге тиiс.

      8. Тәртiптiк жазаның түрiн анықтау кезiнде:


      1) терiс қылықтың мазмұны мен сипаты;
      2) терiс қылық жасалған кездегi жағдай;
      3) жасалған терiс қылық әкеп соққан немесе соғуы мүмкiн
келеңсiз зардаптар;
      4) оны жасаған адамның бұрынғы мiнез-құлқы;
      5) мемлекеттiк қызмет өтiлi (стажы);
      6) қызметшiнiң жеке басын сипаттайтын басқа да жағдайлар
есепке алынады.

      9. Жаза терiс қылықты бiрнеше қызметшiлер бiрлесiп жасаған


жағдайда әрбiр қызметшiге жеке қолданылады.

      10. Жасалған терiс қылық үшiн тек бiр ғана жаза қолданылады.

4. Жаза қолданатын субъектiлер мен тәртiбi

      11. Қызметшiлерге жазаны заңдарда көзделген өкiлеттiктерiне сәйкес жаза қолдануға құқығы бар жоғары тұрған лауазымды адамдар немесе мемлекеттiк органдар қолданады.

      12. Жазаны:
      1) Мемлекет басшысы тағайындаған қызметшiлерге ол өз бастамашылығымен немесе осы қызметшiлердiң тiкелей басшыларының, Мемлекет басшысы уәкiлеттiк берген өзге мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың ұсынысы бойынша қолданады;
      2) Әкiмшiлiк басшысы тағайындаған Президент Әкiмшiлiгiнiң қызметшiлерiне - Әкiмшiлiк басшысы өз бастамашылығымен немесе Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының ұсыныстары бойынша қолданады;
      3) Премьер-Министр Кеңсесi мен орталық атқарушы органдардың қызметшiлерiне - Үкiмет немесе Премьер-Министр өз бастамашылығымен не тиiсiнше Кеңсе басшысының, Үкiметтiң өзге мүшелерiнiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша қолданады;
      4) Парламент Палаталары аппараттарының қызметшiлерiне - осы Палаталардың Бюролары Палаталар Төрағаларының ұсыныстары бойынша қолданады;
      5) жергiлiктi атқарушы органдардың қызметшiлерiне - осы атқарушы органдардың жоғары тұрған басшылары қолданады;
      5-1) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының қызметшiлерiне - тиiстi мәслихаттар қолданады;
      6) өзге мемлекеттiк саяси қызметшiлерге - өз бастамашылығымен немесе осы қызметшiлердiң тiкелей басшыларының ұсыныстары бойынша мемлекеттiк органдардың басшылары қолданады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2011.05.02 N 67 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 8-т. қараңыз) Жарлығымен.

      13. Тәртiптiк жаза қолдануға дейiн қызметтiк тексеру жүргiзiлуi мүмкiн. Кiнәлiден терiс қылық жасағаны туралы жазбаша түсiнiктеме талап етiлiп алынуға тиiс.

      14. Кiнәлiнiң түсiнiктеме беруден бас тартуы жаза қолдану үшiн кедергi бола алмайды.

      15. Жаза қолданылған адамды, тиiстi мемлекеттiк органның кадр қызметi қолын қойдырып немесе өзге де жолмен қолданылған жаза туралы хабардар етедi.

      16. Жаза қызметшiге тиiстi мемлекеттiк органның, оның алқасының отырысында немесе тiзбесiн осы жазаны қолданған лауазымды адам айқындаған қызметшiлердiң қатысуымен жариялануы мүмкiн.

      16-1. Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды бұзуға байланысты терiс қылықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер және олардың орынбасарлары жол берген Ар-намыс кодексiнiң бұзылуын Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия) қарайды, ол қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсыным, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың, оларды қызмет орнынан босатуға дейiн, тәртiптiк жауапкершiлiгi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.


      "Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға байланысты терiс қылықтарды, сондай-ақ облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiнiң орынбасарлары мен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерi аппараттарының басшылары, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiнен басқа, барлық деңгейдегi әкiмдер жол берген Ар-намыс кодексiнiң бұзылуын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi қарайды, ол қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсыным, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың, оларды қызмет орнынан босатуға дейiн, тәртiптiк жауапкершiлiгi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.
      Қызметтiк тексеру тәртiптiк жаза қолдануға уәкiлеттi тұлғаның тапсырмасы бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2002.06.21 N 895 Жарлығымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.06.30 N 1598 (2005.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.18 N 1157 Жарлықтарымен.

        17. Жазаны қолдану туралы шешiмге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

5. Жаза қолдану мерзiмдерi

      18. Тәртiптiк жаза терiс қылық байқалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

      18-1. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс тоқтатылған, бiрақ қызметшiнiң iс-әрекетiнде тәртiптiк терiс қылық болған жағдайда жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тартылғаны не
қылмыстық iс тоқтатылғаны туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2002.06.21 N 895 Жарлығымен.

6. Жаза қолдану туралы актiлер

      19. Жаза мынадай актiлер шығару жолымен қолданылады:
      1) Республика Президентiнiң Жарлығы немесе өкiмi;
      2) Республика Үкiметiнiң қаулысы;
      3) Республика Премьер-Министрiнiң өкiмi;
      4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге уәкiлеттi лауазымды адамдардың бұйрықтары немесе заңдарда көзделген өзге актiлер.

      20. Жаза қолдану туралы актiде, жасалғаны үшiн жаза қолданылып отырған терiс қылық, жазаның түрi және ол қолданылатын адам көрсетiледi.

      20-1. Жаза қолдану туралы мәлiметтер мен актiлер қызметшiлердiң қызмет ету тiзiмiне енгiзу жолымен мемлекеттiк органның кадр қызметiнiң есебiне алынуға тиiс.
      Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған қызметшiлерге мемлекеттiк орган басшысы қолданған жазалар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат жөнiндегi уәкiлеттi органға кадр қызметiнiң мiндеттi табыс етуi тиiс.
      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2002.06.21 N 895 Жарлығымен.

7. Жазаны алып тастау

      21. Егер жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл iшiнде қызметшiге жаңа жаза қолданылмаса, онда оған тәртiптiк жаза қолданылмаған болып есептеледi.

      22. Қызметшiге бiрнеше жаза қолданылған жағдайда мерзiмi бойынша соңғы жаза қолданылған күннен бастап ол бiр жыл өткенге дейiн жазалы болып есептеледi.

      23. Егер қызметшi жаңа терiс қылық жасамаса және сонымен қатар өзiн адал қызметкер ретiнде көрсетсе, жаза бiр жыл өткенге дейiн алынуы мүмкiн.

      24. Мемлекеттiк саяси қызметшiнiң лауазымды мiндеттерi тоқтатылған күнге дейiн алынбаған жаза осы мiндеттер тоқтатылған күннен бастап алынған болып есептеледi.

      25. Жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастауды:
      1) оны қолданған лауазымды адам (мемлекеттiк орган) немесе жоғары тұрған лауазымды адам (мемлекеттiк орган) жүргiзедi;
      2) Ол тиiстi актiмен жүргiзiледi, бұл туралы қызметшiге тиiстi мемлекеттiк органның кадр қызметi жариялайды.

      26. Жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау үшiн жаза қолданылған қызметшiнiң тiкелей басшысы инстанция бойынша тиiстi өтiнiш жолдайды.

      26-1. Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау, егер ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның ұсынымымен қолданылған болса, тек оның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2002.06.21 N 895 Жарлығымен.

8. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған кездегi олардың құқық кепiлдiктерi

      27. Мемлекеттiк саяси қызметшi өзiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты құжаттармен танысуға, заңдарда белгiленген тәртiппен өзiне қолданылған жаза туралы жоғары мемлекеттiк органға, жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым жасауға хақылы.

      28. Осы кепiлдiктер Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттiк қызметшiлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы оның шешiмдерiне қолданылмайды.










-->

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы n 317 Жарлығы

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы

99.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 10 желтоқсандағы n 487 Жарлығы

Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтiру жобасы) қол қою туралы

131.76kb.

14 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1022 Жарлығы

Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы Қазақстан-француз Президенттiк комиссиясын құру туралы хаттамаға қол қою туралы

40.18kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 28 шiлдедегi n 1623 Жарлығы

Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс миинстрлiгiнiң

56.15kb.

12 09 2014
1 стр.


Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола

1282.47kb.

14 12 2014
8 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi n 1619 Жарлығы

Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

82.66kb.

12 09 2014
1 стр.


Конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы №524 жарлығы

«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қаулы етемін

92.14kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi n 1181 Жарлығы

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегi үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою т

30.92kb.

25 12 2014
1 стр.