Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ

ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: Қазақстан Республикасындағы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау. Аталған стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылған:

1.1 Қызмет – тұтынушы мен қызмет көрсетушінің тікелей ара қатынасының нәтижесі, сонымен қатар тұтынушының қажеттілігін қанағаттандырудағы қызмет көрсетушінің қызметі.

1.2 Мәдени-әлеуметтік қызмет – тұтынушының рухани және интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оның қалыпты тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған қызмет. Мәдени-әлеуметтік қызмет түрлеріне медициналық, мәдени, туризм, білім беру және т.б. қызмет түрлері жатады.

1.3 Тұтынушы – жеке қажеттілігі үшін қызмет түріне тапсырыс беруге ниеті бар немесе қызмет түрін тұтынатын азамат.

1.4 Қызмет көрсету – қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қажетті қызмет көрсетушінің әрекеті. Қызмет көрсетуді жеке кезеңдерге бөлуге болады.

1.5 Қызмет көрсету стандарты – қызмет көрсетуді пайдаланудағы сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатындағы қанағаттандыруы тиіс талаптарды белгілейтін стандарт.

1.6 Қызмет сапасы – тұтынушының белгілі немесе болжалды тілек-талаптарын қанағаттандыра алу қабылетін анықтайтын қызметтің сипаттамаларының жиынтығы.

1.7 Өтініштер журналы – тестілеуге қатысатын тестіленушілер туралы мәліметтерді тіркеуге арналған арнайы журнал.

1.8 Емтиханға кіру рұқсаттамасы – емтихан өтетін орынға (дәрісхана) кіру құқығын беретін тестіленушінің фотосуреті бар арнайы бланк. Рұқсаттамада дәрісхана нөмірі, емтиханды тапсыру күні және өзге де деректері көрсетіледі.

1.9 Сұрақ кітапшасы – Ұлттық тестілеу орталығында қатаң құпия жағдайда әзірленген, сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша жүйе бөліктерінің тест тапсырмалары тестіленушіге жеткізілетін арнайы емтихан құжаты.



1.10 Тестнақты пән бойынша тестілеуден өтушінің білім деңгейін, қабілеті мен дағдыларын тиімді бағалауға мүмкіндік беретін, белгілі бір нысандағы және мазмұндағы қиындық дәрежесі бойынша сараланған тапсырмалардың жүйесі.

1.11 Тест тапсырмасы – шарты (сұрағы) мен ықтимал жауаптардың жиынтығынан тұратын, пәннің мазмұнына сәйкес келетін, логикалық қарама-қайшылығы жоқ, дұрыс формалы және дербестілік, технологиялық, тиімділік талаптарына жауап беретін тесттің ең аз бірлігі.

1.12 Жауап парағы – тестіленуші өз жауаптарын белгілейтін нәтижелерін өңдеу мақсатында сканерде оқуға арналған арнайы бланк.

1.13 Жауап парағының қызметтік бөлімдері – «Тегі», «Есімі», «Азаматтығы», «Ұлты», «Ана тілі», «Санат», «Нұсқа» және т.б. бөлімдерін толтыруға арналған жауап парағының арнайы бөлімдері. Жауап парақтарының арнайы бөлімдеріне тест бөліктері бойынша жауаптарға арналған бөлімдер кірмейді.

1.14 Жауап парағының көшірмесі – тестіленуші өзінің жауаптарын белгілейтін, тестілеуден кейін өз бетінше алған балл санын анықтауға арналған арнайы бланк. Заңды күші жоқ.

1.15 Отырғызу тізімідәрісханадағы орны көрсетілген тестіленушілер тізімі.

1.16 Нұсқаларды бөлу парағы – сұрақ кітапшалары нұсқаларының дәрісханадағы белгіленген орындарға сәйкестендірілген кестесі.



1.17 Дұрыс жауаптар коды – барлық тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарының көрсеткіштер жиыны.

1.18 Тестілеудің емтихан ведомості – тестілеу нәтижелері ресми түрде тіркелетін ведомось.

1.19 Тестіленуші жауаптарын талдау картасы – тестіленушінің тест бөліктері бойынша жауаптары көрсетілген нысан.

2. Қазақстан Республикасындағы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі жартылай автоматтандырылған.

3. Қазақстан Республикасындағы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау келесі нормативтік құжаттардың негізінде іске асырылады:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93 баптары;

2) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4,23 баптары;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 өкіміміен мақұлданған Тіл саясатының тұжырымдамасы;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен мақұлданған 2007-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мен оның бәсекелестігін арттыру тұжырымдамасы;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен мақұлданған ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы.

4. Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалаудың мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО)) көрсетеді.

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша тестілеу процесінің қатысушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ), Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Ұлттық тестілеу орталығы, тестілеуді өткізу және ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия, апелляциялық комиссия, медициналық комиссия.

5. Аталған мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері келесі түрде болады:

а) талапқа байланысты тестіленушінің жиынтық балл көрсеткішін алған жағдайда – қазақ тілін меңгерудің белгілі бір деңгейін растайтын мемлекеттік сертификат;

б) талапқа байланысты тестіленушінің жиынтық балл көрсеткішін алмаған жағдайда – тестіленушінің жүйе бөліктері бойынша жинаған балл көрсеткіштері көрсетілген анықтама.

6. Қазақстан Республикасындағы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы азаматтары мен республика аумағында білім алатын және белгілі бір салаларда қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарына көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет бойынша тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап сертификат/анықтама алғанға дейінгі аралығы – 35 күн.

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушының өз кезегін күтудегі мүмкін болатын ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) құжатты алу кезінде тұтынушының өз кезегін күтудегі ең ұзақ уақыты – 15 минут.

8. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Қызметтің құны бір тестіленушіге жұмсалған жалпы шығынға байланысты 2-ден 3-ке дейінгі МЕК көлемінде болады.

9. Ақпарат ретінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайтын аталған мемлекеттік қызмет көрсету стандартының міндетті түрде орналасуының электрондық мекенжайы: www.kazakhtest.kz немесе Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

10. Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады:

Дүйсенбі күні сағат 9.00 – 18.00.,

Сейсенбі сағат 9.00 – 18.00.,

Сәрсенбі сағат 9.00 – 18.00.,

Бейсенбі сағат 9.00 – 18.00.,

Жұма сағат 9.00 – 18.00.

Түскі үзіліс сағат 12.30 – 14.00.

11. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау үдерісі мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған арнайы және қолайлы, қауіпсіз жағдайы ескерілген дәрісханаларда іске асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін пайдаланушы Ұлттық тестілеу орталығына (Мекенжайы: Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60, Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы, № 1 кабинет, телефоны 69-50-73) келесі құжаттарды тапсыру керек:

- мемлекеттік қызмет алу үшін толтырылатын өтініш;

- тұтынушының жеке тұлғасын растайтын құжаттың көшірмесі;

- қазақ тілін меңгерудің белгілі бір деңгейін растайтын сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда – Ұлттық тестілеу орталығында берілген).

13. Өтініш үлгісі Ұлттық тестілеу орталығында беріледі.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар Ұлттық тестілеу орталығына тапсырылады.

15. Құжаттарды қабылдағаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері тестіленушіге арналған нұсқаулықпен таныстырып, қолдарына береді. Одан кейін мемлекеттік қызмет алу мерзімін анықтайтын емтиханға рұқсаттама беріледі.

16. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу 2 кезеңнен өтеді:

1 кезең – төменде көрсетілген шкала бойынша қазақ тілін жалпы меңгеруді анықтауға арналған тест тапсырмалары ұсынылады:


Деңгейлер


Жеткілікті балл көрсеткіштері

Қарапайым

31-64 балл

Базалық

65-104 балл

Орта

105-119 балл

Ортадан жоғары

120-134 балл

Жоғары

135-145 балл

Жетік

146-150 балл

2 кезең – тестіленушіге шкала бойынша 1 кезеңнің жиынтық нәтижесіне сәйкес келетін тіл меңгерудің деңгейлері бойынша тест тапсырмалары ұсынылады.

16.1 Жоғарыда аталған кезеңдер келесі тәртіппен іске асырылады:

Тестіленуші тестілеуден өту үшін өтініш берер алдында көрсетілетін қызметке банкке ақы төлеу керек. Таңдаған қызметі үшін түбіртек Ұлттық тестілеу орталығыныың «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ» бойынша (тестілеуден өтудің 1-ші немесе 2-ші кезеңі) және Ұлттық тестілеу орталығыныың деректемелері толтырылады. Төлем құжаттары (түбіртек) өтініш берген кезде тапсырылады.

Өзінің қазақ тілін меңгеру деңгейін білгісі (анықтағысы) келген пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға өкілеттік құқұғы бар Ұлттық тестілеу орталығында тіркеледі.

1) өзі Ұлттық тестілеу орталығы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 60, № 1 кабинет, Мемлекеттік тілді дамыту басқармасына келеді. Тестіленуші Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының қызметкері берген өтініш бланкін толтырады. Өтініш бланкін толтыру үлгісі, сонымен қатар өткізу процедурасының уақыт тәртібі туралы ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының хабарлама тақтасында орналастырылған.

2) құжаттарды және толтырылған өтініш бланкін Ұлттық тестілеу орталығының www.kazakhtest.kz сайтында көрсетілген форма бойынша жібереді. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауды өткізу процедурасының уақыт тәртібі туралы ақпарат та сайтта көрсетілген.

3) толтырылған өтініш бланкін және басқа да қажетті құжаттарды 38-25-09 тел/факске жібереді.

16.2 Тестіленуші тестілеуден өтуге даярлық барысында ҚАЗТЕСТ жүйесі туралы толық ақпарат алуды қаласа, Ұлттық тестілеу орталығына келіп тестіленушіге қойылатын талаптармен, тест үлгілерімен, тестіленушіге арналған нұсқаулықпен және әр деңгей мазмұнының сипаттамасымен таныса алады. Тестілеуден өтуге даярлық жеке дара және топтық кеңес беру, даярлық курстар, тест тапсырып көру түрлері арқылы жүзеге асады. Тестіленуші қалауы бойынша Ұлттық тестілеу орталығында:

- қажет кеңес ала алады;

- тест тапсыруға даярлық курстан өте алады;

- тест тапсырып көріп (қалауы бойынша келісім-шарт негізінде) және оның нәтижесімен таныса алады.

16.3 Тестіленуші емтихан өткізілетін орынға белгіленген мерзімде келеді. Тестіленуші емтиханға өзімен бірге сиясы су мен майлы негіздегі емес көк және қара түсті қаламсап әкелуі керек. Тестіленушілер аудиторияға бір-бірден және жеке басын куәләндыратын құжаттың түпнұсқасы мен рұқсаттама негізінде кіргізіледі. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкері жеке басын куәләндыратын құжаттың негізінде тестіленушінің аты-жөні мен тегін сәйкестендіреді. Емтихан басталуын хабарлағаннан сәттен, кешігіп келген тестіленуші аудиторияға кіргізілмейді. Тестіленуші отырғызу парағы мен нөмірін сәйкестендіріп, тестіленуші қатаң түрде өз орнында отыруы тиіс. Тестіленуші өз орнында отырғандығын растап, отырғызу парағына қолын қоюы керек.

16.4 Тестілеу басталмай тұрып нұсқаулықты мұқият тыңдап, қажет жағдайда сұрақтарын қоя алады. Тест орындау барысында сұрақ қоюға рұқсат етілмейді. Тестіленуші тестілену күнінде 1 сағат бұрын ерте келуі керек. Аудиторияға, тестілеу өткізетін орынға оқулықтар, дәптерлер, көшіріп алу қағазы, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер әкелуге тыйым салынады. Ұялы телефондары сөндіріліп, сөмке және тағы басқа заттарды тестіленуші Ұлттық тестілеу орталығының қызметкері көрсеткен орынға қоюы тиіс.

16.5 Ұлттық тестілеу орталығының қызметкері тестіленушілерге емтихан материалдарын таратпай тұрып, мына тыйымдардың орындалуын қатаң түрде талап етеді:

- орыннан орынға ауысуға;

- рұқсатсыз емтихан материалдарын ашуға;

- өзге тестіленушімен емтихан материалдарын айырбастамауға;

- ақпараттық әдебиетті, электрондық жазба кітапты, түзету сұйығын, ұялы телефон қолдануға;

- өзге тестіленушілерден көшіруге, бір-бірімен сөйлесуге;

- тестілеу уақытының алғашқы және соңғы сағаттарында аудиториядан шықпауға (басқа уақытта бірмезетте екі тестіленушіден көп емес, дәліз кезекшісінің ертіп баруымен ғана рұқсат етіледі).

16.6. Тестіленушіге жауап парағы және оның көшірмесі беріледі, емтихан өту талаптары айтылады. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкері жауап парағының қызметтік секторларын дұрыс толтыру талаптарын түсіндіреді. Қызметтік секторларды толтырып болған соң, Ұлттық тестілеу орталығының қызметкері №1 отыру орнынан бастап, нұсқа тарату парағының сәйкестігін қатаң сақтай отырып, сұрақ-кітапшаларын таратады. Сұрақ-кітапшаларды таратып болған соң, тестіленушілер нұсқа тарату парағына өз нұсқаларының сәйкестігін растап, қолдарын қояды. Осы мақсатта, тестіленушілерге нұсқа тарату парақшасы парақтың жоғарғы қатарында тұрған орын ретінен бастап, жүгіртпе жолымен беріледі. Осы уақытта тестіленуші өзінің отырған орын реті мен өзінің сұрақ-кітапшасындағы нұсқа нөмірін тарату парақшасымен және бір рет салыстырып, содан соң өзінің тегін жазып қолын қоюуы керек. Егер тестіленушіге басқа нұсқа түссе, ол бұл жайында ҰТО қызметкеріне сол мезетте хабарлауы және қол таңба қоймай оның шешімін күтуі тиіс. Тестіленуші сұрақ-кітапшасының титулды парағын толтырып, сұрақ-кітапшасының нұсқа нөмірін жауап парқшасына көшіріп жазады. Тестіленуші қызметтік секторларды толтыру кезінде ҰТО қызметкері оларды толтыру бойынша түсіндіруге міндетті. Қызметтік секторларды толтырып болған соң, ҰТО-ның қызметкері емтиханның басталуы мен аяқталу уақытын хабарлап тақтаға жазып қояды. Осы уқыттан бастап барлық түсіндірілулер мен сұрақтар тоқтатылады. Тестіленуші сұрақ-кітапшаларындағы дұрыс жауап нұсқаларын белгілеу арқылы тапсырмаларды орындайды және жауап парағының Тыңдалым, Лексика-грамматикалық, Оқылым бөліктерін дұрыс жауап нұсқаларына сәйкес толтырады. Қате толтырылған жағдайда тестіленушіге жаңа жауап парағы берілмейді. Жазылым бөлігі бойынша тапсырмаларды тестіленуші жазба жұмыстарын орандауға арналған арнайы парақта орындайды.

16.7 Емтихан барысында тұрақты қызмет етуші медициналық комиссия жұмыс істейді. Егерде тестіленушінің бірі емтихан уақытында есінен танып қалған жағдайда тиісті дәрігерге дейінгі көмек көрсетілуі және медициналық комиссия құрамындағы дәрігерді шақыру керек. Тестіленушіні маман-дәрігер көріп болғаннан соң алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және медициналық дәрігерлік қорытынды жасалады. Медициналық комиссияның қорытындысы негізінде мемлекеттік комиссия емтиханды қайта тапсыру жөнінде шешім қабылдайды.

16.8 Тестіленуші емтихан барысында өзінің ойы бойынша дұрыс құрылмаған тапсырмаларды кездестірсе емтихан алушы ҰТО қызметкеріне хабарлауға құқылы және оны осы дерек бойынша құлақтандырады. ҰТО қызметкері мемлекеттік комиссияға осы дерек бойынша мәліметті жеткізуге және де апелляциялық комиссия отырысында аппеляциялық коммиссия мүшелеріне хабарлауға міндетті. Емтихан өткізу барысында тапсырмалардың дұрыс құрылғандығы немесе дұрыс құрылмағандығы жөнінде шешім қабылданбайды. Осы тұрғыдағы шешімдер тек аппеляциялық комиссия мүшелерінің отырысында қабылданады.

16.9 Тестіленушілер тарапынан тәртіп бұзушылық болған жағдайда ҰТО қызметкері мемлекеттік комиссия төрағасына ескертеді. Емтихан барысында ҰТО қызметкері аудиторияны иесіз қалдыруға болмайды. Жауап парағының секторларын толтыруға 10 минут және 3 бөлік бойынша тапсырмаларды орындауға 1 сағат 20 минут уақыт беріледі. Тілді меңгеру деңгейлеріне байланысты “Жазылым” бөлігіне 30 минуттан 50 минутқа дейін уақыт ажыратылған (қарапайым деңгей – 30 минут, базалық және орта деңгейге – 35 минуттан, ортадан жоғары – 45, жоғары – 50 минут). Тестіленуші емтихан аяқталуына 30 минут және 10 минут уақыт қалғандығынан хабардар болуы тиіс. Тестілеу уақытысы аяқталғаннан соң аудиториядан соңгы 3 тестіленушімен бір мезетте шығу керек.

16.10 Тестіленуші тестілеу уақыты аяқталған соң емтихан материалдарын, яғни сұрақ-кітапшасы мен толтырылған жауап парақшасын емтихан алушы ҰТО қызметкеріне тапсырады. Тестілеу аяқталған соң емтихан материалдары ҰТО-да орналасқан арнайы орынға жеткізіледі. Нәтижелерді өңдеу Ұлттық тестілеу орталығының бағдарламашысымен жасалады.

16.11 Тестіленуші емтихан нәтижесін тестілеу өткен сол күні 6 сағат ішінде ҰТО-ның хабарландыру тақтасынан немесе ҰТО сайтынан біле алады. Тестіленушіні бағалау нәтижелерінде төмендегілер ескеріледі:

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша төмендегі кестеге сәйкес, тестіленушіге жалпы тапсырмалар санының 60%-на дұрыс жауап беру жеткілікті меже болып саналады:




Тест бөліктері

Тест

тапсырмаларының жалпы саны



Пайыздық қатынас

(%)


Жеткілікті дұрыс жауаптар саны

Пайыз-

дық қатынас

(%)


Тыңдалым

30

100

18

60

Лексика-грамматикалық

70

100

42

60

Оқылым

50

100

30

60

Жалпы:

150

100

90

60

16.12 Бағалау нәтижесі екі деңгейге бөлінеді: қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз. Қанағаттанарлық баға алу үшін алынған балл саны әр бөлік бойынша 60%-дан кем болмау керек. Бұл жағдайда тестіленушіге қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгергендігін растайтын мемлекеттік сертификат беріледі (1-қосымшаға қараңыз). Сертификат мерзімсіз болып саналады. Егер тестіленуші қанағаттанарлықсыз баға алса, онда ол тек 3 айдан кейін ғана қайта тестілеуден өте алады. Бұл жағдайда тестіленушіге жүйенің әр бөлігі бойынша алған балл саны көрсетілген тестен өткендігі жөнінде анықтама беріледі (2-қосымшаға қараңыз). Анықтама 2 жылға жарамды немесе қайта тапсыруға ұсынылуы мүмкін.

16.13 ҰТО емтихан аяқталғаннан соң 5 жұмыс күні ішінде тестіленушіге қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгергендігін растайтын мемлекеттік сертификат немесе жүйенің әр бөлігі бойынша алған балл саны көрсетілген анықтама береді. Сертификат/анықтамалардың дайындығы мен оны алу мерзімі туралы ақпараттарды 38-25-09 телефоны арқылы алуға болады. Сертификат/анықтама мына жағдайда тестіленушінің жеке өзіне немесе сенімхат негізінде төмендегі мекенжайда беріледі: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 60.

17. Тұтынушының қажетті құжаттарын тапсырмауы, көрсетілетін қызметтен бас тартуы, емтиханға қатыспауы осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуының негізі болып табылады.


3. Қызмет көрсету қағидалары
18. Тұтынушыға қатысты мемлекеттік ұйым басшылыққа алатын қағидалар:

- тұтынушы құжаттарының мазмұны жөнінде ақпаратты қорғау және құпиялықты сақтау;

- мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде толық ақпарат беру;

- тұтынушы белгіленген уақытта алмаған құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету;

- қызмет көрсету үдерісінің жариялылығы;

- емтихан материалдары құпиялылығын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің әдептілігі;

- емтихан өткізу орындарында қауіпсіздік пен ыңғайлылық жағдайларын қамтамасыз ету.



4. Қызмет көрсету нәтижелері
19. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын келесі белгілер арқылы бағалайды:

- қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша емтихан өткізудің үдерісі мен нәтижелері жөнінде ақпараттың қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы: қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша емтиханның ұйымдастырылуы мен өткізілуі;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімділігі: емтихан өткеннен кейін 35 күннің ішінде;

- қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша тест тапсырмаларының дұрыстығы, мақсатқа сәйкестігі;

- мемлекеттік комиссия мүшелерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша тестілеу технологиясы мен нормативті нұсқаулық ережелерін сақтауы.


5. Байланыс үшін ақпарат
20. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, мекенжайы: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 60, Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы, 1 кабинет, телефоны 38-25-09. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Сейілбекұлы Әбдиев.

Ұлттық тестілеу орталығының жоғарғы ұйымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті болып саналады, байланыс телефондары 8-7172-74-23-69, 74-23-72



1 қосымша


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалау
__________ № __________

СЕРТИФИКАТ

(бағаланушының аты, әкесінің аты, тегі)


Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша

_________________________ деңгейін меңгергендігін және тест бөліктерінен келесі нәтижелелер көрсеткендігін растайды.


Бөліктер Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші

  1. Тыңдалым _____________________________________

  2. Лексика-грамматика _____________________________________

  3. Оқылым _____________________________________

  4. Жазылым _____________________________________

  5. Айтылым _____________________________________

Ұйым басшысы

________________________________ ___________________________ қаласы

________________ ______________ «___» _____________________ 200 _ ж.


Ұлттық тестілеу орталығының директоры

________________________________


________________ ______________
М.О.

2 қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалау

__________ № __________


АНЫҚТАМА

(бағаланушының аты, әкесінің аты, тегі)

Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің _________________________ деңгейі бойынша тапсырып, тест бөліктерінен келесі нәтижелелер көрсеткендігін растайды.

Бөліктер Дұрыс жауаптардың Бағасы

пайыздық көрсеткіші (қанағаттанарлық,

қанағаттанарлықсыз)


  1. Тыңдалым __________________ _________________

  2. Лексика-грамматика __________________ _________________

  3. Оқылым __________________ _________________

  4. Жазылым __________________ _________________

  5. Айтылым ___________________ _________________

Сертификат алу үшін келесі тест бөліктері бойынша қайта тапсыру қажет:

________________________________________________________________
Анықтама 2 жылға жарамды.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры

________________________________

________________ ______________ «___» _________________ 200 _ ж.

М.О.



3 қосымша
Кесте. Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштері


Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері

Нормативті көрсеткіштер

Келесі жылға қойылған мақсатты көрсеткіштер

Есеп беру жылдағы ағымдық көрсеткіштер

1. Мерзімділігі

    1. Құжатты тапсыру кезеннен бекітілген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының пайызы (үлесі)

100

100

100

1.2. Кезекте 40 минөттан асырмай қызмет көрсетілген пайдаланушылардың пайызы (үлесі)

100

100

100

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үрдісінің сапасына қанағаттанған пайдаланушылардың пайызы (үлесі)

100

95

85

2.2. Дұрыс рәсімделген құжаттардың (шығарылған есептердің) пайызы (үлесі)

100

100

95

3. Қолжетімділігі

3.1. Қызмет көрсетудің сапасына және тәртібі туралы ақпарат алғанына қанағаттанған пайдаланушылардың пайызы (үлесі)

100

95

90

3.2. Пайдаланушылар дұрыс толтырған және бірден тапсырған құжаттардың пайызы (үлесі)

100

100

100

3.3. Көрсетілетін қызметтер жөнінде Интернет арқылы ақпарат алған пайызы (үлесі)

100

90

60

4. Шағымдану үрдісі

4.1. Пайдаланушылардың аталған қызмет көрсетілген жалпы санынан негізделген шағымдардың пайызы (үлесі)

100

100

97

4.2. Бекітілген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған шағымдардың

пайызы (үлесі)



100

100

97

4.3. Қалыптасқан шағымдану тәртібімен қанағаттанған пайдаланушылардың пайызы (үлесі)

100

100

95

4.4. Шағымдану мерзімімен қанағаттанған пайдаланушылардың пайызы (үлесі)

100

100

100

5. Әдептілік

5.1. Қызметшілердің әдептілігімен қанағаттанған пайдаланушылардың пайызы (үлесі)

100

100

100


Библиография
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабы;

2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен мақұлданған 2007-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мен оның бәсекелестігін арттыру тұжырымдамасы;

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен мақұлданған ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы;

6. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадығы № 603-II РК «Техникалық реттеу туралы» Заңы;

7. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу ережесі, ҚР МС 1.2 – 2002 жыл, Астана;

8. Мемлекеттік стандарттар мен техника-экономикалық ақпараттардың анықтамалықтарын әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сраптамадан өткізу, өзгеріс енгізу, қолданысқа енгізі және алып тастау ережесі, 4 сәуір 2005 жыл;

9. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының құрылуы, баяндалуы, ресімделуі, мазмұны мен белгілеуіне қойылатын жалпы талаптар, ҚР Е 40.1.01-2008, Астана, 2008 ж.

10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің типтік стандарты.




Қазақстан республикасында азаматтардың Қазақ тілін меңгеру деңгейін қазтест жүйесі бойынша бағалау жалпы ережелер

Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: Қазақстан Республикасындағы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау. Аталған стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданы

214.99kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы

Жалпы ережелер (1 5 баптар) 2-бөлiм. Сот жүйесі (6 22 баптар)

440.28kb.

13 10 2014
3 стр.


1. Жалпы ережелер Қызмет автоматтандырылмаған. Заңды актілер: Қр конституциясы, ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі №1010 «Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығу ережелері»

Р шегінен тыс тұрақты мекен-жайда тұруға шығу туралы өтініш беру жөнінде азаматтардың материалдарын ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету

23.97kb.

17 12 2014
1 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050109, 050601 «математика», 050703 «информациялық ЖҮЙЕ» мамандықтары үшін

Студенттердің білімін бағалау жүйесі, мұғалім басшылығымен және өз бетімен орындайтын жұмыстары көрсетілген. Реферат тақырыптары, қолданылатын әдебиеттер

481.12kb.

17 12 2014
3 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050111, 050602 «информатика», 050110, 050604 «физика» мамандықтары үшін

Студенттердің білімін бағалау жүйесі, мұғалім басшылығымен және өз бетімен орындайтын жұмыстары көрсетілген. Реферат тақырыптары, қолданылатын әдебиеттер

493.55kb.

14 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ПӘні бойынша сырттай бөлім студенттерінің бақылау жұмыстарын орындауына

57.69kb.

23 09 2014
1 стр.


Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі Жалпы ереже

«Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалау жүйесі туралы»

818.56kb.

16 12 2014
5 стр.


«государственное учреждение отдел образования акимата города костаная»

Мектепшілік әдістемелік бірлестік қызметінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бойынша түлектерді Ұлттық Бірыңғай Тестті тапсыруда сапалы дайындау тиімділігін бағалау бойынша

115.28kb.

25 12 2014
1 стр.