Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4страница 5
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары
және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      1. Бағдарламаның мақсаты


      Мақсаты – Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру.
      Осы мақсаттың шеңберінде есірткі ахуалының дамуын бағалау, қылмыстарды тергеуді прокурорлық қадағалаудың жай-күйін талдау, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша сот практикасын жинақтау негізінде елде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.
      2. Мақсатты индикаторлар

Мақсатты индикаторлар

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2010 жыл
(есеп)

2011 жыл
(9 ай)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Халықтың нашақорлықпен ауыру деңгейін төмендету

ҚР ДСМ РҒӨО

100000 тұрғынға шаққанда адам саны

292,6

289,3

283,8

278,1

272,6

267,1

261,6

Есірткіні тұтынатын адамдар санын азайту:

ҚР ДСМ РҒӨО

Өткен жылға %

7,3

9,24

10,78

12,32

13,86

15,4

16,94

Оның ішінде мыналардың үлесін төмендету:




























әйелдер







9,2

7,7

6,5

5,3

4,1

2,9

2,0

кәмелетке толмағандар







9,2

3,1

5,0

2,9

2,8

2,7

2,7

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар санын көбейту

ҚСжАЕК есептілігі

%

12,9

26,9

25,9

21,3

25,3

25,7

26,1

Тіркелген жалпы қылмыстар санынан есірткі қылмыстарының үлесін төмендету

ҚСжАЕК есептілігі

%

9,1




2,1

2,0

1,96

1,8

1,7

Есірткі контрабандасының анықталған фактілерінің санын көбейту

ҚСжАЕК есептілігі

%

-11,4

-10,3

14,5

16,3

18,1

19,9

21,7

      3. Бағдарламаның міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштері
      Қойылған мақсатты және көзделген мақсатты индикаторларды іске асыруда мынадай міндеттер мен нәтижелердің көрсеткіштері айқындалды:
      1. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу жүйесін жетілдіру және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін дамыту.
      Бұл міндетті іске асыру үшін мынадай нәтижелердің көрсеткіштері көзделеді:

Нәтиже көрсеткіші

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі




Есеп беру кезеңінде

Жоспарлы кезеңде

2010 жылы (есеп)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Белгілі бір мектептер санынан нашақорлықтың және мінез-құлық ауруларының алдын алу жөніндегі бағдарламаларды іске асыратын жалпы білім беретін мекемелердің үлесі (3291)

ҚР ДСМ РҒӨО
БҒМ

%

-

14,1

21

35

50

64

78

Ремиссия ұзақтығы 2 немесе одан көп жылды құрайтын, емдеуден және оңалтудан өткен нашақор диагнозы бар адамдардың саны

ҚР ДСМ РҒӨО

%

7,6

8,1

9,1

10,6

12,1

13,6

15

Жалпы қылмыстар санынан есірткіге мас күйде жасалған қылмыстардың үлесі

ҚСжАЕК есептілігі

%

0,5

0,6

0,5

0,4

0,3

0,27

0,25

      Нашақорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар халықтың барлық санаттарына, бірінші кезекте қолайсыз отбасындағы, әлеуметтік жағдайлардағы, қиын өмір жағдайындағы балаларға, жасөспірімдер мен жастарға, сондай-ақ жоғары тәуекел топтарындағы адамдарға бағытталған.
      Профилактика жүргізу кезінде жоғары тәуекел топтарындағы адамдарды, балалар мен жасөспірімдерді есірткіні алғаш татып көруден бас тарта білуге үйретуге бағытталған кәсіби әзірленген бағдарламалар мен іс-шараларға басымдық беріледі.
      Осы міндеттің шеңберінде, жүргізілген талдауды ескере отырып, мінез-құлқы девиантты, ішкі істер органдарында есепте тұрған, қиын өмір жағдайындағы, әлеуметтік пана үйлерінде тәрбиеленуші балалар мен жасөспірімдердің спорттық секцияларға ұдайы негізде тегін баруын сапалы ұйымдастыруға қол жеткізу қажет.
      Есірткіні медициналық емес тұтынудың алдын алу жүйесін қалыптастыруда және арттыруда барлық мемлекеттік билік органдары, білім беру органдары, мемлекеттік, қоғамдық және діни бірлестіктерді қоса алғанда, әртүрлі ұйымдар, азаматтар, оның ішінде білім беру, медициналық және мәдени-ағарту мекемелерінің мамандары, жастар ұйымдарының волонтерлары қатысатын болады.
      Бағдарламаның іс-шаралар жоспарының тармақтарын іске асыру шеңберінде нашақорлықтың алдын алуды жетілдіру мақсатында «Орындалуына жауаптылар» бөлімінде көрсетілген мүдделі мемлекеттік органдар мен қоса орындаушылар, атап айтқанда Қазақстан Республикасы ІІМ, БП, ТЖМ, МАМ, ҰҚК, БҒМ, ДСМ, ІІМ ҚАЖК, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, КЕҰ мынадай шараларды қабылдайтын болады:
      1) Қазақстан Республикасы халқының әртүрлі нысаналы топтары үшін ағарту жұмысын және есірткіге қарсы насихатты ұйымдастыру;
      2) есірткі құралдарын тұтынуға теріс көзқарасты тәрбиелеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған әлеуметтік жарнама желісін дамыту;
      3) тәуекелдік мінез-құлыққа және тәуелділікті дамытуға әкеп соғатын құндылықтар мен қасиеттердің жарнама, БАҚ, баспа өнімдері, мәдениет және өнер шығармалары арқылы насихатталмауын бақылау;
      4) нашақорлықтың алдын алудың барлық түрлерімен айналысатын мемлекеттік емес ұйымдардың қызметін жан-жақты (материалдық-техникалық, қаржылық, ұйымдастырушылық, құқықтық және т.б.) мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру;
      5) алдын алу жұмыстарының анағұрлым тиімді нысандары мен әдістерін, нашақорлықтың алдын алу саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін зерделеу және практикаға енгізу;
      6) нашақорлықтың таралуына мониторинг жүйесі;
      7) барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдар үшін бірыңғай қолжетімді әдістемелер, нашақорлықты емдеумен және алдын алумен айналысатын ұйымдар мен мамандардың ақпараттық базасын құру;
      8) есірткіні заңсыз тұтынушыларды және оларды тұтынуға бейім адамдарды уақтылы анықтауға бағытталған ақпараттық-консультациялық пункттердің, медициналық, психологиялық, әлеуметтік диагностикалық орталықтардың қолжетімді желісін ұйымдастыру;
      9) бұқаралық ақпарат құралдарында есірткіге қарсы насихат пен алдын алуды жүргізуге кепілдік беретін заңнамалық және құқықтық жағдайларды дайындау;
      10) есірткіге сұранысты қысқарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға мемлекеттік емес ұйымдарды неғұрлым белсендірек қатыстыру;
      11) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ЕБҚКК жанынан құрамына мемлекеттік және жұмыс нысандары мен әдістері бойынша әртүрлі мемлекеттік емес ұйымдардан есірткіге қарсы қызметтің практикалық саласындағы қайраткерлер мен мамандар кіруі тиіс консультативтік кеңес құру.
      Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңіне есептелген, алайда іс-шаралардың жалғасымды тиімділігі мен сипатын екенін ескере отырып, оларды одан әрі іске асыру жалғастырылады және бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру кезінде аяқталатын болады.
      Есірткіні медициналық емес тұтынуға жол беретін адамдарға наркологиялық медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Наркологиялық медициналық көмектің тиімділігін арттыру және дамыту жөніндегі негізгі іс-шаралар:
      1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай міндетті наркологиялық медициналық көмек көрсету тәртібін енгізу, экономикалық негізделген Наркологиялық медициналық көмек көрсету және медициналық-әлеуметтік оңалту тәртібін дайындау;
      2) нашақорлықпен ауыратындарға медициналық көмек көрсетудің міндетті нысандарын ұйымдастырудың заңнамалық, экономикалық және өзге де қамтамасыз ету негіздерін, оның ішінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл және оны ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін жетілдіру;
      3) наркология саласындағы ғылыми зерттеулердің мемлекеттік бағдарламасын қалыптастыру;
      4) нашақорлық диагностикасының, нашақорлықпен ауыратындарды тексерудің, емдеудің қазіргі заманғы әдістерін жетілдіру;
      5) наркологиялық медициналық көмек көрсету саласында, сондай-ақ денсаулық сақтаудың алғашқы буынындағы мамандарды жүйелі дайындау.
      Есірткі ортасын қабылдамауды қалыптастыруға тек білікті мамандар болған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Тиісінше педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторлары үшін нашақорлықтың алдын алу бойынша оқыту семинарларын өткізу, нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тәуелділерді емдеу және оңалту саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды қамтамасыз ету қажет. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру тиімділігіне сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар үшін әлеуметтік қызметтерді (Әлеуметтік бюро) жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізілетін болады, олардың мақсаты есірткіні теріс пайдаланумен және телефонмен анонимді консультативтік қызметті дамытумен байланысты әлеуметтік проблемаларды шешуде көмек көрсету болып табылады.
      2. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін нығайту арқылы есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу.
      Бұл міндетті іске асыру үшін мынадай нәтижелердің көрсеткіштері көзделеді:

Нәтиже көрсеткіші

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2010 жыл (есеп)

2011 жыл (9 ай)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Есірткі бизнесінен кірісті заңдастыру жөніндегі қылмыстық істерді тергеу процесінде құжаттандырылған фактілердің саны

ҚСжАЕК есептілігі

%

00

00

1

2

2

3

3

Алынған есірткі саны

ҚСжАЕК есептілігі

кг

28418

32891

34000

36000

38000

40000

42000

оның ішінде героин

кг

133

135

137

139

142

144

146

Жалпы есірткі қылмыстарының санынан есірткіні өткізумен байланысты анықталған қылмыстардың үлесі (259 бабы. 2-б.)

ҚСжАЕК есептілігі

%

28

27,5

27,5

25,8

26

26,2

26,5

      Есірткіге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешуге Қазақстанның мемлекеттік шекарасы мен Кеден одағының шекараларын нығайту, олардың техникалық жарақталуын арттыру, елдің кедендік шекарасынан өтетін жүктерді бақылау тетіктерін құру және жетілдіру жолымен қол жеткізу жоспарланады.
      Қазақстанға есірткіні заңсыз әкелуге жол бермеу үшін Қазақстанға, әсіресе әлемнің есірткі қаупі бар өңірлерінен келетін (болатын) шетел азаматтарын (азаматтығы жоқ адамдарды) мемлекеттік бақылау шараларының жүйесін жетілдіру көзделеді.
      Теңіз акваторийлерінде ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мақсатты бағытталған, оның ішінде героин, кокаин және синтетикалық есірткіні заңсыз жеткізу арналарын анықтау және жолын кесу мақсатында шаралар қабылдау көзделеді. Теңіз жүк-жолаушы тасымалдарының инфрақұрылымын бақылау шараларының жүйесін құру болжанады.
      Мәдени-демалу іс-шараларын өткізу орындарында есірткі құралдары мен психотроптық заттар айналымының жолын кесу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету көзделеді.
      Қазақстанда есірткінің заңды айналымының қауіпсіздігі оны жүзеге асыруды, әсіресе прекурсорлардың айналымын бақылаудың мемлекеттік тетігін жетілдіру есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Құрамында есірткі бар, оларды оңай жолмен алу мүмкін емес және медициналық емес мақсатта пайдалану өте қиын жаңа дәрілік препараттарды (май, пластырь және т.б. нысанында) әзірлеуді және өндіруді қамтамасыз ететін шаралар жүйесін қалыптастыру көзделеді.
      Қазақстандағы заңсыз есірткі өндірісінің шикізат базасын жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді жою, сондай-ақ олардың құрамындағы психобелсенді заттарды төмендету үшін химиялық заттарды қолданудың ғылыми әдістемелерін әзірлеуді көздейтін, құрамында есірткі бар жабайы өсетін өсімдіктерді заңсыз егу және өсу ошақтарын анықтау жүйесін жетілдіру жоспарланады.
      Азаматтардың денсаулығын, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында есірткі және оның прекурсорлары айналымы саласында және олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында заңнаманы жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру көзделеді.
      Осы шараларды іске асыру кезінде:
      1) нормативтік реттеудің халықаралық озық тәжірибесін имплементациялауды қамтамасыз ету;
      2) диспозициялық конструкцияларды жасалған қылмыстардың ауырлығына қарай қылмыстық жазалау шараларымен үйлестіру бөлігінде қылмыстық-құқықтық заңнаманы жетілдіру, есірткі және оның прекурсорларының заңсыз айналымы саласында қылмыс жасаған және нашақорлықтан емделуге мұқтаж адамдарға оларды уақтылы және барабар наркологиялық көмекті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шараларды қолданумен үйлесетін жауапкершілікті саралауды көздейтін жазалау жүйесінің икемділігін қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сотталушыларға, нашақорлықпен ауыратындарға және есірткі мен оның прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағанына кінәлі деп танылған адамдарға емдеу мен қылмыстық жаза арасында таңдау мүмкіндігін беретін, сондай-ақ осы санаттағы адамдар қабылдаған емделу жөніндегі міндеттемелерді және оларды орындамағаны үшін жауапкершілікті бақылау тетігін белгілейтін нормаларды енгізу мәселесін пысықтау;
      4) есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар туралы қылмыстық істерді толық және жан-жақты тергеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қылмыстық іс жүргізу тетігін нақтылау;
      5) әрекеттері есірткіні медициналық емес тұтынудың, әсіресе тәуекел топтарында таралуына ықпал ететін жағдайлар жасауы мүмкін заңды және жеке тұлғалардың қызметін әкімшілік-құқықтық реттеуді қамтамасыз ету көзделеді.
      Есірткі ұсынысын қысқарту мақсатында «әлеуметтік» жауапкершіліктің қосымша шараларын енгізу және есірткі мен оның прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды, оның ішінде түзеу мекемелерінде, сондай-ақ оқу, спорттық, мәдени, ойын-сауық және өзге де көпшілік іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылатын мекемелерде немесе орындарда есірткі өткізуді болдырмау жөніндегі іс-шараларды күшейту жоспарланады.
      Қазақстан есірткі мен оның прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдарды олардың заңсыз айналымы фактілері туралы ақпараттандыру бойынша әлеуметтік белсенділікті ынталандыруға бағытталған шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
      Есірткінің жаңа түрлерінің, сондай-ақ медициналық емес мақсатта пайдаланылатын психобелсенді құралдардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында 2014 жылы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының базасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың деректер банкін құру жоспарланады.
      Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру оларды мұқият пысықтауды, ұйымдастыруды және Бағдарламаның іс-шаралар жоспарын орындаушылар, атап айтқанда құқық қорғау және арнайы органдар, бірінші кезекте Қазақстан Республикасы ІІМ ҰҚК, КБК, ЭҚСЖҚКА, БП және Әділетмині тарапынан өзара тығыз іс-қимылды қажет етеді.
      Іс-шараларды орындау бағдарламаны іске асырудың екі кезеңі ішінде жүзеге асырылатын болады, алайда екінші кезеңде Қазақстан Республикасы Әділетминінің ССО базасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың деректер банкін құру және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің балалар мен жастар арасында химиялық және психологиялық тәуелділікке тарту тәуекелдерінің таралуына мониторинг өткізуі арқылы құқық қорғау органдарының қызметін нығайтуды жүзеге асыру жоспарланады.
      3. Есірткінің заңсыз айналымын және оны теріс пайдалануды
бақылау және жолын кесу саласында халықаралық ынтымақтастықты
нығайту.
      Бұл міндетті іске асыру үшін мынадай нәтижелердің көрсеткіштері көзделеді:

Нәтиже көрсеткіші

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есеп беру кезеңінде

Жоспарлы кезеңде

2010 жыл (есеп)

2011 жыл (есеп)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Бірлесіп анықталған есірткі қылмыстары фактілерінің саны (бақыланатын жеткізілім)

ҚР ІІМ, БП (келісім бойынша)

факт

5

3

8

12

16

20

24

      Бағдарламаны іске асыру кезеңінде есірткіні бақылау саласында Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығының басты бағыттары болып:
      1) жаңа шақырулар мен қауіптерге қарсы күресте БҰҰ мен оның Қауіпсіздік кеңесінің орталық үйлестіруші рөлі туралы Қазақстан Республикасының қағидаттық ұстанымын ескере отырып, жаһандық есірткі қаупіне қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
      2) осы саладағы негізгі күш-жігерді Қазақстан Республикасына Ауғанстаннан апиындар мен каннабистің контрабандасына қарсы күреске шоғырландыру;
      3) ауғандық есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл жасауда Ауғанстан Ислам Республикасы мен өңірдің басқа да мемлекеттеріне жәрдем көрсетуде Қазақстанның рөлін арттыру;
      4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне синтетикалық түрлерін қоса алғанда, есірткінің басқа типтерінің тарапынан қатерлерді болжау және жою бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу;
      5) ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД, Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топ сияқты және басқа халықаралық ұйымдар мен құрылымдардың әлеуетін пайдалана отырып есірткіні бақылау саласында, оның ішінде Ауғанстан айналасында есірткіге қарсы және қаржылық қауіпсіздік «белдіктерін» нығайту контексінде өңірлік ынтымақтастықты дамыту;
      6) есірткіге ұсыныс пен сұранысты қысқартуды қоса алғанда, оны бақылаумен байланысты проблемаларды кешенді зерделеу және басқа мемлекеттердің үкіметтерімен байланыста көрсетілген проблемаларды шешу бойынша бірлескен шаралар дайындау белгіленді.
      Осы іс-шараларды іске асыру ұзақ мерзімді және табанды халықаралық сипатта болады, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген іс-шараларды біріктіретін осы міндетті іске асырудың ерекшелігін ескере отырып және тиімділігі оның орындаушыларына, атап айтқанда СІМ, ІІМ, ҰҚК, Қаржыминінің КБК, ЭҚСЖҚКА, БП, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктеріне аса маңызды екенін түсіндіре отырып, іске асыру Бағдарламаның екі кезеңінде де көзделеді.

<предыдущая страница | следующая страница>


Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы

Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы

1150.63kb.

25 12 2014
5 стр.


Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары

Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 2011 жылдарға арналған бағдарламасын Федоров ауданында іске асыру жөніндегі 2010 – 2011 жылдарға арналған іс

73.53kb.

14 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің

Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы №. 677 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөн

67.98kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009–2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы»

63.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы

Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы

541.9kb.

15 12 2014
2 стр.


Жыл Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Ргілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамыт

20.67kb.

23 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы

287.93kb.

15 10 2014
1 стр.


Жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында Құрылыс материалдары, бұйымдары және

«Қазақстан Республикасында Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

257.11kb.

25 12 2014
1 стр.