Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



Қазақстан Республикасы Мәдениет

және ақпарат министрлігінің Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрестің

2009-2010 жылдарға арналған

ведомстволық іс-шаралар

жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы №.677 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 12-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1..Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2009-2010 жылдарға арналған ведомстволық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2. Ақпарат және мұрағат, мәдениет, тіл комитеттерінің төрағалары, департаменттер директорлары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақытылы және тиісті орындалуын қамтамасыз етсін және олардың орындалуы жөніндегі ақпараттарды жыл сайын 5 маусым мен 5 желтоқсанда әкімшілік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынсын.

3..Әкімшілік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (Қаржы полициясы) жыл сайын 20 маусымнан және 20 желтоқсаннан кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.

4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 306 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

5..Осы бұйрықтың орындалу барысын бақылау жауапты хатшы Ж. Құрманғалиеваға жүктелсін.

6..Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Министр М. Құл-Мұхаммед

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009 жылғы «____» маусымдағы № _________ бұйрығымен бекітілді




Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің

2009-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күресудің ведомстволық жоспары





Шаралар

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімдері

1

3

4

5

1

Мемлекеттік тапсырыс аясында бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты әрекет ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы айдарлардың санын ұлғайту, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейне – және аудио роликтерін жалға беруді қамтамасыз ету

АМК

2009-2010 жылдар

2

Мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік қаражатты жұмсау туралы заңнамасының сақталуына ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларымен және қаржы қызметтерінің жұмысшыларымен семинар өткізу

ЭҚД, комитеттер

жыл сайын,

ІІ тоқсан



3

Аппараттық оқыту аясында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күресу (қаржы полициясы) агенттіктерінің өкілдерін тартумен сыбайлас жемқорлықпен күресу және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама нормаларын түсіндіруді ұйымдастыру

ӘЖХЫД, комитеттер

жарты жылда

1 рет


4

Ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған «семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру

ҚСЖД, комитеттер

2009-2010 жылдар

5

Азаматтардың әлеуметтік осал топтарының құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында халық арасында ақпараттық - түсіндірме жұмыс ұйымдастыру

ҚСЖД

2009-2010 жылдары

6

Халықтың әртүрлі топтарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған шараларға қатысуға үкіметтік емес ұйымдарды және азаматтық қоғамның өзге институттарын тарту

ҚСЖД

үнемі

7

ҚПА-ның «Нұр Отан» ХДП бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына өткізетін акциялары мен науқандарына қатысу

комитеттер, департаменттер

2009-2010 жылдар

8

Сыбайлас жемқорлық проблемалары бойынша зерттеу кешенін өткізуді қамтамасыз ету және қорытындылары бойынша талдау баяндамасын әзірлеу

ҚСЖД

2009-2010 жылдар

9

Азаматтық қоғам институттарын тартумен сыбайлас жемқорлықпен байланысты жағымсыз құбылыстарға төтеп беру бойынша қоғамдық науқан ұйымдастыру

ҚСЖД

2009-2010 жылдар

10

Қазақстан Республикасында 2006-2011 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша мүдделі ұйымдармен бірлесе қоғамдық тыңдаулар өткізу және талдау баяндамасын әзірлеу

ҚСЖД

2009 жыл

1 желтоқсан



11

Лицензия берілетін қызмет түрлерін және рұқсат функцияларын қысқарту, сондай-ақ басшылық ететін салаларда лицензия және рұқсатты алу тәртібін жеңілдету бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу

АМК, МК
(ЭБЖМ ж.)

жыл сайын 5 желтоқсаннан кешікпей

12

Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурстардың жариялылығын қамтамасыз ету

Департамент-тер, комитеттер

2009-2010 жылдар

13

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сонымен бірге сенім телефонына түскен өтініштерін уақытылы қарастырылуына бақылауды жүзеге асыру.

Министрлікте, бағыныстағы ұйымдарда лауазымды тұлғалардың құқыққа сыйымсыз әрекеттері жөніндегі азаматтардың арыздарына арналған жәшіктер орнату



ӘЖХЫД

комитеттер



үнемі

2009 жыл


14

Ведомствоға қарасты ұйымдарда ақшалай қаражатты жұмсау заңдылығы мен тиімділігіне кешенді тексеріс өткізу

ІАБ

бекітіліген кестеге сәйкес

15

Ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларын аттестаттау кезінде ұйымның қызметін реттейтін заңнамаларды білулеріне ерекше назар аудару

Комитеттер, ӘЖХЫД

үнемі

16


Министрлік қызметкерлерін аттестаттау кезінде республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын білулеріне ерекше назар аудару

Комитеттер, ӘЖХЫД

үнемі

17

Жұмысқа қабылдау кезінде және қызметкерлердің карьералық өсуіндегі заңнаманың сақталуы бойынша ведомствоға қарасты ұйымдар мен ведомство жұмыстарына тексеріс өткізу

ӘЖХЫД, ЗД Комитеттер


бектілген кестеге сәйкес

18

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасының нормаларын қолдану жөніндегі жадуалдың жобасына ұсыныстар әзірлеу және енгізу


ЗД
(ҚПА жинақ)

2009 жылдың 1 тоқсаны

Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы

АМК – ақпарат және мұрағаттар комитеті

МК – мәдениет комитеті

ҚСЖД – қоғамдық-саяси жұмыс департаменті

ӘЖХЫД – әкімшілік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті

ІАБ – ішкі аудит басқармасы

ЭҚД – экономика және қаржы департаменті

ЗД – заң департаменті

ҚПА – ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)

ЭБЖМ – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі




Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің

Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы №. 677 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөн

67.98kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009–2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы»

63.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ақпараты

Жылғы 8 шілдедегі №180-ө бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асы

47.03kb.

17 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің

Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі Агенттік) миссиясы қоғамдық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық

518.34kb.

17 12 2014
4 стр.


Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспары

Мемлекеттік қызметкерлердің, сондай-ақ олардың жұбайларының тұрғылықты жері бойынша салық органына Қазақстан Республикасының аумағында да

91.63kb.

02 10 2014
1 стр.


Е. Ертісбаев 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты хатшысының 2008 жылғы № бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ішкі аудит басқармасы туралы ереже

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Министрлікке қарасты ұйымдар мен құрылым бөлімшелерде (бұдан әрі – бақылау объектісі) ішкі бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Респуб

47.12kb.

12 10 2014
1 стр.


«Нұр Отан» хдп зайсан аудандық филиалының 2012 жылдың І жарты жылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстары Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

Азақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар

19.78kb.

13 09 2014
1 стр.


Диплом жұмысы «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе» Орындаған: 090240 «Халықаралық құқық»

Халықаралық ҚҰҚЫҚ пен қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрестің Қалыптасуы

1007.65kb.

17 12 2014
6 стр.