Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджеті

жоспарлау министрімен

келісілген ___________________




Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеті жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым № 112 бұйрығымен бекітілген


Салық саясаты және болжамдар департаменті туралы

ЕРЕЖЕ



1. Жалпы ережелер.


  1. Салық саясаты және болжамдар департаменті (бұдан әрі -Департамент) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрлымдық бөлімшесі болып табылады.

  2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Министрлік туралы ережеге, Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері:

    1. Салық саясаты және кеден заңнамасы басқармасы (бұдан әрі - ССКЗБ);

    2. Келісім-шарттарды сараптау және жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу басқармасы (бұдан әрі - КСЖПСБ);

    3. Кірістерді болжамдау басқармасы (бұдан әрі - КББ) болып табылады.


2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары


  1. Департаменттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

оның ішінде, ССКЗБ және КСЖПСБ:

қолданыстағы салық заңнамасына талдау жасау негізінде салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

алыс және жақын шетелдік мемлекеттердің салық саясатын жүргізу тәжірибесі бойынша ақпараттар жинақтау және талдау, осы салада халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық жасау;

КББ:


орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған салықтық түсімдерді, салықтық емес түсімдерді, оның ішінде, республикалық және жергілікті бюджетке және Ұлттық қорға шоғырландырылған операциялардан түскен кірістерді ( бұдан әрі - кірістер) жоспарлау;

КСЖПСБ:


жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарына экономикалық сараптама жүргізу.

  1. Департамент негізгі міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

оның ішінде, ССКЗБ:

салық заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды талдауды және әзірлеуді жүзеге асырады;

кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарайды;

алыс және жақын шетелдік мемлекеттердің салық саясатын жүргізу тәжірибелері бойынша ақпараттар жинақтауды және талдауды, сондай-ақ осы салада халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыруды жүзеге асырады;

салық саясатының одан арғы бағыттары мен стратегияларын болжамдауды жүзеге асырады;

Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, келісімдерінің жобаларын қарайды және қорытындылар, ескертулер, ұсыныстар дайындайды.

Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бөлігінде ТМД және ЕурАзЭК шеңберінде қабылданған құжаттар бойынша, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі дайындық іс-шараларының шеңберінде уәкілетті органдар әзірлеген құжаттардың жобаларын қарайды және қорытынды дайындайды.

КСЖПСБ:


жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бөлігі бойынша салық заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді және оны талдауды жүзеге асырады;

жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісім-шарттарын экономикалық сараптауды жүзеге асырады;

жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша заңнамаларды жетілдіруге қатысты ұсыныстарды қарайды;

жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсты өткізу жөніндегі комиссияға қатысады;

КББ:

бірқатар жылдарда Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджетік сыныптамасының кодтары бөлігінде шоғырландырылған бюджеттің, оның ішінде, республикалық және жергілікті бюджеттің және Ұлттық қордың кірістер түсімдеріне мониторингті жүзеге асырады;



орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтары бөлігінде шоғырландырылған бюджетке, оның ішінде, республикалық бюджет пен жергілікті бюджетке және Ұлттық қорға түсетін кірістердің түсімдерін жоспарлауды жүзеге асырады;

үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемін белгілеу мақсатында жергілікті бюджет (аумақтық бөлігінде) кірістерін жоспарлауды жүзеге асырады;

ел экономикасы дамуының әртүрлі сценарийлері бойынша шоғырландырылған бюджет кірістерінің орта мерзімді болжамдарын әзірлейді;

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентте бюджет жобасын қарау үшін қажетті материалдарды дайындайды;

бюджетке түсетін кірістерді жоспарлау және экономикалық талдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс- қимылды жүзеге асырады;

республикалық бюджет кірістерінің түсімдеріне және Ұлттық қорға бағытталған бюджет кірістеріне талдау жасайды;

ел экономикасын дамытуға және кірістер түсімдеріне қолданыстағы салық заңнамаларының болжамды өзгерістерінің әсерін талдауды жүзеге асырады;

фискалдық көрсеткіштер бойынша ақпараттарды талдауды және қорытуды жүзеге асырады;

Министрліктің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментімен бірге бюджет деңгейлерінің арасындағы кірістердің аражігін ажырату қағидаларын айқындайды және республикалық және жергілікті бюджет арасындағы салықтар мен төлемдерді бөлу тетіктерін әзірлеуге қатысады;

бюджетке түсетін түсімдерді жоспарлау әдістемесін және үлгілерін жетілдіруді жүзеге асырады;

ұлттық компаниялардың даму жоспарларын қарауға және келісуге қатысады.

сонымен қатар ССКЗБ, КСЖПСБ, КББ:

Қазақстан Республикасының заңнамаларына оларды жетілдіру мақсатында қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындайды;

Министрлік және өзге де мемлекеттік органдар әзірлейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысады;

Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

заң жобаларын қарау бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Палата депутаттарымен жұмыстар жүргізеді;

Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Республикалық бюджет комиссиясының отырысына материалдар дайындауды жүзеге асырады;

қажет болған жағдайда Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысады;

қажет болған жағдайда Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

Департаментің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындауды жүзеге асырады;

Департаментің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша шаруашылық субъектілерінің және азаматтардың өтініштері мен арыздарын өз уақытында қарауды қамтамасыз етеді;

құжаттардың есебі мен сақталуын, Министрліктің мұрағатына сақтауға өткізуге дейінгі жағдайы мен сақталуын жүзеге асырады;

кіріс және шығыс ақпараттары бойынша материалдар мен қорытындыларды уақытылы дайындауды, жоғары тұрған басшылырдан алатын өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асырады;

Департаменттің құзіреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жария етеді;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;


  1. Департамент өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте:

Департаментке жүктелеген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;

өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасауға құқылы.


3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру


  1. Департаментті Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы қызметке қабылдайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.

  2. Департамент Директорының Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы қызметке қабылдайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.

  3. Басқарманы Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы қызметке қабылдайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

  4. Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Департамент Директоры, ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

  5. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері олардың біліктілік талаптарымен және фунционалдық міндеттемелермен анықталады және белгіленген тәртіпте бекітілетін лауазымдық нұсқаулықтарда бекітіледі.

  6. Департамент Директоры:

Департамент қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуы мен олардың функцияларын орындауына дербес жауап береді;

Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен қарым-қатынаста Департаменттің мүддесін білдіреді;

Департамент қызметкерлерінің қызметін шұғыл басқаруды, үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асырады;

басшылықтың тапсырмалары мен нұсқауларының орындалу мерзімдері мен сапасының сақталуын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

Депаратамент қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

Министрліктің лауазымды тұлғаларымен бірге, Департамент құзыретіне қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

қызметкерлердің белгіленген саны мен еңбек ақы төлеу қоры шегінде Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі туралы ұсыныстар енгізеді;

Департамент директорының орынбасары мен Басқарма бастықтарының лауазымдық міндеттерінің көлемін белгілейді;

белгіленген мерзімде жұмыс уақытын пайдалану есебінің табелін қаржы қызметіне ұсынуды қамтамасыз етеді;

Департаменттің шұғыл кеңестерін өткізуді ұйымдастырады;

басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, қаулылар, өкімдер және басқа құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді;

белгіленген тәртіпте басшыға Департамент құзіретінің мәселелері бойынша, Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызыметінен бостау туралы, көтермелеу және оларға тәртәпттік жаза қолдану туралы ұсныстарды енгізеді;

белгіленген тәртіпте Министрлік алқасының отырыстарына, Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Министр, вице-министр, Жауапты хатшы өткізетін кеңестерге қатысады;

Министрліктің құрлымдық бөлімшелерінің, Министр хатшылығының қызметін бағалауға қатысады;

материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, Департаментті ғылыми, заңнамалық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді.


  1. Департамент директорының орынбасары:

Директормен бірге Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауда Департаменттің мүддесін білдіреді;

Министрліктің лауазымды тұлғаларымен Департамент құзіретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, қаулылар, өкімдер және басқа құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді;

Департаментке жүктелген міндеттердің іске асырылуына, сондай-ақ бақылау тапсырмаларының уақтылы орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

белгіленген тәртіпте басшыға Департамент құзіретінің мәселелері бойынша, Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызыметінен бостау туралы, көтермелеу және оларға тәртәпттік жаза қолдану туралы ұсныстарды енгізеді;

белгіленген тәртіпте Министрлік алқасының отырыстарына, Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Министр, вице-министр, Жауапты хатшы өткізетін кеңестерге қатысады;

Департаменттің құзіреті шегінде Министірлік қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және WEB-сайтта орналастыруды қадағалайды;

басшылық тапсырмалары мен нұсқауларының сапалы орындалуы мен мерзімдерінің сақталуын, орындаушының және еңбек тәртібін сақталуын қамтамасыз етеді;



  1. Басқарма бастығы:

Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына тікелей жауапты болады;

Басқарма қызметкерлерінің қызметін жедел басқаруды, үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;

Басшылық тапсырмалары мен нұсқауларының орындалуы мерзімі мен сапасының сақталуын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндетерінің көлемін белгілейді;

Басқарманың Іс номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді;

белгіленген тәртіпте басшыға Департамент құзіретінің мәселелері бойынша, Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы, көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды енгізеді;



  1. Департаменттің жұмысын ұйымдастыру, бақылау және қамтамасыз ету қызметкерлердің әрқайсының өздері орындайтын тапсырмалардың мерзімдері мен сапасына дербес жауапкершілік қағидалары негізінде құрылады.

  2. Департамент қызметкерлері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптарын сақтауға;

Департаменттің жұмысын нақты ұйымдастыру және оны жетілдіруді қамтамасыз етуге;

өздері орындайтын тапсырмалардың мерзімдері мен сапасына жеке жауапкершілікте болуға, қызметтік міндеттерін адал атқаруға;

еңбек және орындаушылық тәртібін, мемлекеттік және қызметтік құпияны сақтауға;

жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттыруға;

қызметтік этика ережесін қатаң сақтауға міндетті.


4. Департамент қызметкерлерінің өзараалмасушылық схемасы.


Өзараалмасушылық

Лауазым №

Лауазым №

С-2-09-0-0

С-3-09-0-1

С-3-09-0-1

С-2-09-0-0

С-4-09-1-0

С-5-09-1-1-1

С-5-09-1-1-1

С-5-09-1-1-2

С-5-09-1-1-2

С-5-09-1-1-3

С-5-09-1-1-3

С-5-09-1-1-4

С-5-09-1-1-4

С-6-09-1-1-5

С-6-09-1-1-5

С-6-09-1-1-6

С-6-09-1-1-6

С-6-09-1-1-7

С-6-09-1-1-7

С-6-09-1-1-8

С-6-09-1-1-8

С-6-09-1-1-9

С-6-09-1-1-9

С-6-09-1-1-10

С-6-09-1-1-10

С-6-09-1-1-11

С-6-09-1-1-11

С-6-09-1-1-12

С-6-09-1-1-12

С-6-09-1-1-13

С-6-09-1-1-13

С-6-09-1-1-14

С-6-09-1-1-14

С-6-09-1-1-15

С-6-09-1-1-15

С-5-09-1-1-4

С-4-09-2-0

С-5-09-2-1-1

С-5-09-2-1-1

С-6-09-2-1-2

С-6-09-2-1-2

С-6-09-2-1-3

С-6-09-2-1-3

С-6-09-2-1-4

С-6-09-2-1-4

С-6-09-2-1-5

С-6-09-2-1-5

С-5-09-2-1-1

С-4-09-3-0

С-5-09-3-1-1

С-5-09-3-1-1

С-5-09-3-1-2

С-5-09-3-1-2

С-5-09-3-1-3

С-5-09-3-1-3

С-6-09-3-1-4

С-6-09-3-1-4

С-6-09-3-1-5

С-6-09-3-1-5

С-6-09-3-1-6

С-6-09-3-1-6

С-6-09-3-1-7

С-6-09-3-1-7

С-6-09-3-1-8

С-6-09-3-1-8

С-6-09-3-1-9

С-6-09-3-1-9

С-5-09-3-1-3

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеті

Республикасы Экономика және бюджеті жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген

113.63kb.

08 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Министрлік туралы ереж

184.57kb.

25 12 2014
1 стр.


Пму ұс н 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050506 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маргетинг» мамандығының студенттеріне арналған

170.06kb.

12 10 2014
1 стр.


Универсиадалардың жүлдегерлерiн және оларға қатысушыларды және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн көтермелеу мөлшерлерiн бекiту туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етеді

78.53kb.

25 12 2014
1 стр.


ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму Стратегиясын»

203.88kb.

23 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сонда

163.01kb.

14 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №768 қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 32 тармақшасына сәйкес Қазақст

517.28kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №859 қаулысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы»

Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»

1990.99kb.

25 12 2014
11 стр.