Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
2008 жылғы «16» шілде
№ 130 бұйрығына
қосымша


Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
2008 жылғы 20 маусымдағы
№ 112 бұйрығымен
бекітілген



Корпоративтік даму департаменті туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Корпоративтік даму департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Министрлік туралы ережеге, Министерлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Мыналар Департаменттің құрылымдық бөлімшелері болып табылады:

1) Стратегиялық жоспарлау басқармасы (бұдан әрі – СЖБ);

2) Ішкі аудит басқармасы (бұдан әрі – ІАБ);

3) Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс басқармасы (бұдан әрі - БАҚББ).

4. ІАБ-ның жалпы ережелері:

Ішкі аудит – бұл Министрге басқарушылық шешімдер қабылдауға көмек көрсету мақсатында ІАБ жүзеге асыратын Министрліктің ішкі құжаттарымен регламенттелген құрылымдық бөлімшелерді және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды бақылау жөніндегі қызмет.


2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Мыналар Департаменттің негізгі міндеттері болып табылады:

оның ішінде СЖБ:

Министрліктің Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыттары мен басымдықтарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

ІАБ:


Министрге басқарушылық шешімдер қабылдауда жәрдемдесу шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға ішкі аудитті жүзеге асыру;

БАҚББ:


Министрлік қызметін ақпараттық жария ету.

6. Негізгі міндеттеріне сәйкес Департамент мынадай функцияларды жүзеге асырады:

оның ішінде СЖБ:

орта мерзімді кезеңге арналған Министрліктің стратегиялық даму жоспарын әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз етеді;

Министрліктің операциялық жоспарын және Үкімет пен Министрліктің арасындағы тиісті жылға арналған меморандумды әзірлейді;

Министрліктің стратегиялық даму жоспарының, операциялық жоспары мен меморандумының іске асырылуына талдауды, мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Парламентіне есепті жылға Министрліктің Стратегиялық даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есепті әзірлеу мен ұсынуды ұйымдастырады;

тиісті кезеңге арналған Министрліктің стратегиялық даму жоспарының, операциялық жоспары мен меморандумының іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындайды;

Министрліктің жұмыс жоспары мен алқасы туралы ережені әзірлейді;

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасына бағалау жүргізу тәртібі мен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметкерлеріне сыйақы және материалдық көмек көрсету туралы ережелерді әзірлеуді қамтамасыз етеді;

Министрліктің алқа отырыстарына материалдар дайындау мен оларды өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;

СЖБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөйлейтін сөздері үшін баяндамалардың, материалдардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;

СЖБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады;

құжаттарды есепке алу мен олардың сақталуын, Министрліктің мұрағатына сақтауға өткізуге дейінгі жағдайы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асырады;

СЖБ құзыреті шеңберінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жария етуді жүзеге асырады;

СЖБ мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

Министрлікте корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуді ұйымдастырады;

Министрліктің регламентін әзірлеуді қамтамасыз етеді;

құрылымдық бөлімшелердің ережелерін әзірлеуді және бекітуді үйлестіреді;

Министрлікте іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және Министрліктің ведомстволық мұрағаты туралы ережені әзірлеуге қатысады;

ІАБ:


ІАБ Министр бекітетін Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға ішкі аудит жүргізу кестесін (бұдан әрі - Кесте) әзірлейді;

Кестенің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етеді;

бағдарламалық құжаттар шеңберінде бөлінетін қаражатты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің тиімді және нәтижелі пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;

жүргізілетін тексерудің қорытындылары туралы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындайды;

құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға Министр бекіткен Кестеге сәйкес құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға тексеру жолымен Министрліктің стратегиялық даму жоспарында көзделген мақсаттар Министрліктің қол жеткізуіне және міндеттерді орындауына арналған тәуелсіз және объективті бағалауды жүзеге асырады;

Министрді құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жасаған, жоспарланған және жүзеге асырылатын іс-әрекеттері туралы түсінікті, дұрыс, сенімді, толық, салыстырмалы және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етеді;

Жүргізілген тексерулер негізінде Министрліктің, жекелеген құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жоспарларының орындалуын және алға қойған мақсаттарына қол жеткізуін талдауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы заңнамасының, Министрліктің ішкі құжаттарының талаптарының сақталуын, сондай-ақ Министрлік шешімдерінің орындалуын бағалайды;

өздерінің алдына қойылған міндеттер мен функцияларға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және ведомствоға бағынысты ұйымдар қолданатын барабар шараларға бағалау жүргізеді;

құрылымдық бөлімше, ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлері мен басшыларының өздеріне жүктелген міндеттерін орындалу сапасына тексеру жүргізеді;

белгіленген тәртіппен берілген ұсынымдардың орындалуына кейінгі бақылауды жүзеге асырады;

ІАБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің сөйлейтін сөзі үшін баяндамалардың, материалдардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;

құжаттарды есепке алу мен олардың сақталуын, Министрліктің мұрағатына сақтауға өткізуге дейінгі жағдайы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асырады;

ІАБ мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

ІАБ құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады;

БАҚББ:

Министрліктің тиісті жылға арналған медиа – жоспарын әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады;



баспасөз қызметін Министрдің баспасөз хатшысымен Ақпараттық стратегияны іске асыру бөлігінде үйлестіреді;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің бұқаралық ақпараттық құралдармен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;

баспасөз конференцияларын, брифингтерді өткізуді ұйымдастырады, баспасөз релиздерін дайындайды;

Министрлік өткізетін іс-шараларға бұқаралық ақпараттық құралдары өкілдерін аккредиттеуді қамтамасыз етеді;

Министрліктің Web-сайтында жаңалықтар таспасын жаңарту үшін, сондай-ақ Министрліктің басшылығын хабардар ету үшін БАҚ-та жарияланған негізгі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бойынша орын алған оқиғаларға күн сайынғы мониторингті жүзеге асырады;

Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жария етеді;

БАҚББ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөйлейтін сөздері үшін, баяндамалардың, материалдардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;

құжаттарды есепке алу мен олардың сақталуын, Министрліктің мұрағатына сақтауға өткізуге дейінгі жағдайы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асырады;

БАҚББ құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жария етеді;

БАҚББ мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады.

7. Департамент өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша немесе белгіленген тәртіп бұза отырып Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ұсынған сұраулары мен құжаттарын қараусыз қайтаруға;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде, Министрліктің ведомстволарында аудит жүргізуге.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
8. Департаментті Министрмен келісім бойынша Жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және босататын Директор басқарады.

9. Департамент директорының Министрмен келісім бойынша Жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және босататын орынбасары болады.

10. Басқарманы Министрмен келісім бойынша Жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және босататын бастық басқарады.

11. ІАБ қызметіне қатысты құжаттарды қоспағанда, Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Директор, ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын адам қол қояды.

12. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері олардың біліктілік талаптары мен функционалдық міндеттерінде айқындалады және белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарда бекітіледі.

13. Департамент директоры:

Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;

Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара қатынастарда Департаменттің мүддесін білдіреді;

Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

Департаменттің құзыретін кіретін мәселелер бойынша Министрліктің лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды;

қызметкерлердің белгіленген саны мен еңбекақы төлеу қоры шегінде Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі туралы ұсыныстар береді;

жұмыс уақытын пайдалану есепке алу табелін белгіленген мерзімде қаржы қызметіне ұсынуды қамтамасыз етеді;

Департамент директоры орынбасарының және Басқарма бастықтарының лауазымдық міндеттерінің көлемін белгілейді;

Департаменттің жедел кеңестерін өткізуді ұйымдастырады;

басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, қаулылар, өкімдер мен басқа құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді;

белгіленген тәртіппен басшыға Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы, көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды енгізеді;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Министрлік алқасының отырыстарына, Министр, вице-министрлер, Жауапты хатшы өткізетін кеңестерге қатысады;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Министр хатшылығының қызметін бағалауға қатысады;

жоғарыда аталған функциялар ІАБ қызметіне қатысты жүзеге асырылмайды.

14. Департамент директорының орынбасары:

Директормен бірлесіп Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара қатынастарда Департаменттің мүддесін білдіреді;

Департамент қызметкерлерінің қызметін жедел басқаруды, үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асырады;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасу бойынша жұмыстарының барысын бақылауды, Министрліктің қызметін ақпараттық сүймелдеуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

орындау және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асырады;

кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етеді;

белгіленген тәртіппен Департамент құзыретінің мәселелер бойынша басқарма бастықтарын және басқа да қызметкерлерді қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы, көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды енгізуді әзірлейді;

Департаментті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, ғылыми, заңнамалық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді;

Директормен бірлесе отырып Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;

жоғарыда аталған функциялар ІАБ қызметіне қатысты жүзеге асырылмайды.

15. Басқарма басшысы:

Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;

Басқарма қызметкерлерінің қызметін жедел басқаруды, үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді ұйымдастырады;

өз құзыреті шегінде Департамент туралы ережені әзірлеуге қатысады;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды, есептерді дайындауды қамтамасыз етеді;

кіріс және шығыс ақпараттар бойынша матераилдар мен қорытындыларды уақтылы қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады;

Басқарманың істердің номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді;

құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағыныстағы қызметінің даму бағыттары және тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізеді;

Басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

жыл сайынғы еңбек демалысын беру кестесін жасайды;

жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге тапсырмаларды орындайды.

16. Департаменттің жұмысын ұйымдастыру, бақылау және қамтамасыз ету әрбір қызметкердің өзі орындайтын тапсырмалардың мерзімдері мен сапасына дербес жауапкершілік қағидаларына құрылады.

17. Департамент қызметкерлері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптарын сақтауға;

Департаменттің жұмысын айқын ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз етуге;

өзі орындайтын тапсырмалардың мерзімдері мен сапасына жеке жауапкершілік алуға, қызметтік міндеттерін адал атқаруға;

еңбек және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны сақтауға;

жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттыруға;

қызметтік этиканы қатаң сақтауға міндетті.
4. ІАБ қызметін ұйымдастыру
18. ІАБ негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен:

ішкі аудитті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады;

ішкі аудитті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерден және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардан ауызша және жазбаша түсініктеме алады;

Министрге ішкі аудит рәсімдерін және әдістерін жетілдіру, жұмыс тәртібін айқындау, ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;

Министрліктің өз қызметінің бағыттары бойынша бағдарламалары мен жобаларын дайындауға және іске асыруға қатысады;

Құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағыныстағы басшыларына анықталған кемшіліктерге байланысты кейінге қалтырылмайтын шаралар қабылдау туралы ұсынымдар енгізеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына және Министрліктің ішкі құжаттарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

19. ІАБ қызметкерлерін Министрмен келісім бойынша Жауапты хатшы қызметке тағайындайды және босатады.

20. ІАБ өз функцияларын орындау үшін:

ішкі аудитті жүзеге асыру кезінде осы Ереженің және өзге заңнамалық актілердің талаптарын сақтауға;

ішкі аудитті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға;

құрылымдық бөлімшенің, ведомствоға бағыныстағы ұйымның лауазымды тұлғалары немесе қызметкерлері зиян келтіргені туралы дәлелдейтін фактілері анықталған жағдайда Министрге хабарлауға және жүргізілген аудит туралы анықтамада тиісінше көрсетуге;

Министрдің тапсырысы бойынша құрылымдық бөлімшелерге және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерістер жүргізуге;

оңтайлы орындалу мақсатында ішкі аудит нәтижесінде құрылымдық бөлімшелер, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар жүргізетін әрі жоспарланған іс-шаралардың мониторингін жүзеге асыруға;

өзіндік сабақтар, кәсіби даярлауға, даярлауға, біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарламаларға, тиісті лицензиясы бар білім беру мекемелеріне қатысу жолымен кәсіби деңгейін көтеруге міндетті.

21. ІАБ қызметкерлері:

өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға;

өздері жүргізетін тексерулердің бұрмалануына;

өздеріне берілген немесе өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты белгілі болған құпия ақпараттың сақталмауына;

алынған құжаттардың сақталуын және қайтарылуын қамтамасыз етуге жауапты болады.

22. Ішкі аудитті жүргізуге және аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша анықтама жасауға қойылатын талаптар:

1) ішкі аудитті:

құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағыныстағы қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін орындау, еңбек және орындау тәртібінің барысына;

Министрліктің Стратегиялық даму жоспарының және Операциялық жоспарының іс-шараларының орындалуына;

сандық және сапалық көрсеткіштерді талдауға:

Қазақстан Республикасының заңнамасының және Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін сақталуына;

өткен аудит ұсынымдарының орындалуына тексеру және мониторингі жүргізу жолымен ІАБ қызметкерлері ғана жүзеге асырады;

Министр заңнамаға сәйкес аудитті жүзеге асырудың басқа да бағыттарын айқындауы мүмкін;

2) жүргізілген ішкі аудит нәтижелері бойынша анықтама жасалады.

Анықтамаға тақырып қойылуы, адресаты болуы және үш бөліктен – кіріспе, талдау және қорытынды бөліктерінен тұруы тиіс.

Кіріспе бөлігі:

аудит жүргізілген әдіснамалық негізді ашатын аудиттің ауқымын (аудиттің сипаттамасын сипаттау);

ІАБ-ның аудиторлық тексерісті жүзеге асыратын қызметкерлерінің тегін, атын, әкесінің атын;

аудиторлық тексерістің басталу және аяқталу күнін;

құрылымдық бөлімшенің, ведомстволық бағыныстағы ұйымның немесе

анықтама дайындалып жатқан құжаттың атын қамтуы тиіс.

Талдамалық бөлігі:

құрылымдық бөлімше, ведомстволық бағыныстағы ұйым туралы жалпы мәліметтерді;

толық және қысқартылған атауын;

тексерілетін құрылымдық бөлімше, ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысының тегін, атын, әкесінің атын;


штаттық кесте бойынша қызметкерлердің санын және нақты санын;

өткен аудит туралы қысқаша мәліметтерді;

өткен аудиттің қорытындылары бойынша ұсынымдардың орындалуы жөніндегі қабылданған шаралар туралы мәліметтерді;

аудитор орындаған жұмыстың сипаттауды (қызметкерлерге жұмыс жасау үшін қажетті жағдай жасау; құрылымдық бөлімшенің бекітілген істер номенклатурасының болуы және оған сәйкес іс жүргізу; құжаттарды мұрағатқа беру кестесін орындау; құрылымдық бөлімшедегі, ведомстволық бағыныстағы ішкі бақылаудың жай-күйі; орындалатын функциялардың лауазымдық міндеттерге сәйкестігі және құрылымдық бөлімше қызметкерінің біліктілігі, Министрлік пен Үкімет регламенттері нормаларының сақталуы; заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің бұзылу фактілерін сипаттау; Министрліктің құрылымдық бөлімшесінің құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының орындалуы жөніндегі сандық және сапалық көрсеткіштерді талдау, Операциялық жоспардың индикаторлары мен көрсеткіштерін қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау; оның орындалуын қамтамасыз етпеген жағдайда анықталған себептерді сипаттау; Министрліктің құрылымдық бөлімшесінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымның жұмысындағы орындаушылық тәртіптің, кемшіліктердің жай-күйі туралы деректер және т.б.); аудит барысында анықталған ерекше аспектілерді жазуды қамтуы тиіс.

Анықтаманың қорытынды бөлігі ІАБ қызметкерлерінің Министрліктің құрылымдық бөлімше, ведомстволық бағыныстағы ұйым қызметінің заңнамаға немесе нормативтік құқықтық актілерге, құрылымдық бөлімше және ведомстволық бағыныстағы ұйым турлы ережеге сай болуы туралы пікірін, кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды білдіреді.

Анықтамаға ІАБ-ның тексеріске қатысатын қызметкерлері қол қойып, қол қойған күнін көрсете отырып, ІАБ бастығы мақұлдауы тиіс. Көрсетілген элементтердің біреуінің болмауы ішкі аудит жөніндегі анықтаманың жарамсыздығының дәлелі болады.

Тексерілетін құрылымдық бөлімшенің, ведомстволық бағыныстағы ұйымның басшысы анықтамамен танысқаннан кейін оған бұрыштама қояды. Қажетіне қарай жүргізілген аудит бойынша анықтамада ұсынылған қорытындыларға қатысты пікір білдірілуі мүмкін.

Анықтама үш данада дайындалады:

бір данасы Министрге беріледі;

бір данасы құрылымдық бөлімшеге, ведомстволық бағыныстағы ұйымға беріледі;

бір данасы ІАБ сақталады.

3) құрылымдық бөлімшелердің ішкі аудиті Кестеге негізінде ұзақтығы кемінде 5 күн әрі 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Ішкі аудит жөніндегі анықтама құрылымдық бөлімшенің басшысына аудиторлық тексеру аяқталғаннан кейін беріледі.

Аудиторлық тексеру қорытындылары жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылау:

жүргізілген аудиттің нәтижелері жөніндегі ұсынымдарда көрсетілген іс-шаралардың орындалу барысына мониторингі жүргізуді;

құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тексеру қорытындылары бойынша қабылданған шаралар туралы (Министрге ақпарат үшін) тоқсан сайынғы есебіне қамтуы тиіс.

23. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары ІАБ-мен өзара іс-қимыл бойынша ІАБ қызметкерлеріне оларды өз функцияларын жүзеге асыруда жәрдем көрсетеді:

ішкі аудитті жүргізуге қажетті барлық материалдарды, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын материалдарды береді;

мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттарды қоспағанда, қажетіне қарай ұсынылған құжаттардың көшірмесін немесе ІАБ қызметкерлеріне өздігінен көшірмесін түсіруге мүмкіндік береді;

заңдылықтың бұзылу, Министрлікке немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келген жағдай белгілі болған құрылымдық бөлімшенің, ведомстволық бағыныстағы ұйымның қызметкерлері бұл фактілерді ІАБ қызметкерлерінің назарына жеткізе алады.

24. ІАБ бастығының Министр алдындағы есебі:

ІАБ бастығы Министрге есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына кешіктірмей жылдың қорытындылары бойынша ІАБ қызметі туралы жазбаша есеп береді;

есеп:

Кестеде көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ жоспардан тыс аудиттерді, іс-шаралардың орындалмау немесе уақтылы орындалмау себептерін, мерзімдерді ауыстырудың негіздемелерін;



сандық деректерді: Кесте бойынша аудиттер саны, жоспардан тыс аудиттердің саны, нақты жүргізілген аудиттер саны, аудиттің бұрын берілген ұсынымдарын іске асыру жөніндегі мониторингтен өткен құрылымдық бөлімшелерің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың саны;

есепті кезеңде аяқталған аудит нәтижелерінің қысқаша талдауын, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ішкі бақылауының жай-күйі;

әрбір аудит бойынша жұмыс уақытын пайдалану және аудит жүргізу мерзімдері, белгіленген жұмыс уақытының сақталмау және мерзімдерінің ауытқу себептері туралы, ІАБ қызметкерлеріне қабылданған шаралар туралы ақпаратты;

аудит қорытындылары бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты;

ІАБ қызметінде бар проблемаларды;

өзге де айтарлықтай ақпаратты қамтуы тиіс.




________________________

5. Департамент қызметкерлерінің өзара алмастырушылық схемасы


Өзара алмастыру

Лауазым №

Лауазым №

С-2-13-0-1

С-3-13-0-2

С-3-13-0-2

С-4-13-1-1

С-4-13-1-1

С-5-13-1-2

С-5-13-1-2

С-6-13-1-3

С-4-13-2-1

С-5-13-2-2

С-5-13-2-2

С-6-13-2-3

С-4-13-3-1

С-5-13-3-2

С-5-13-3-2

С-6-13-3-3

С-6-13-3-3

С-6-13-3-4



Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен

Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген

131.35kb.

14 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің

Негізге алынып стратегиялық даму жоспары әзірленген бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі

306.04kb.

15 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Министрлік туралы ереж

184.57kb.

25 12 2014
1 стр.


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі №162 қаулысы «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-4 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылғы 5 маусы

54.45kb.

25 12 2014
1 стр.


Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 –iv бюджет Кодексінің 62 бабы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлеке

282.39kb.

11 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеті

Республикасы Экономика және бюджеті жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген

113.63kb.

08 10 2014
1 стр.


Азақстан республикасы экономикалық даму және сауда министрлігі

«бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, Қарау және іріктеу кезіндегі бюджеттік үдерісін жетілдіру»

5196.51kb.

25 12 2014
24 стр.


«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы ереже жалпы ережелер «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы»

«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың экономикалық және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы болып

119.91kb.

18 12 2014
1 стр.