Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген________________
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым № 112 бұйрығымен бекітілген |
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Министрлік туралы Ережені, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Мыналар:
1) Халықаралық ынтымақтастық басқармасы (бұдан әрі - ХЫБ);
2) Рейтингтік агенттіктермен және халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл басқармасы Департаментің құрылымдық бөлімшелері болып табылады (бұдан әрі – РАХЭҰӨІБ).
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары:
4. Департаменттің негізгі міндеттері,
оның ішінде ХЫБ:
халықаралық интеграциялық бірлестіктер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
шет мемлекеттермен және интеграциялық бірлестіктермен қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыруды қамтамасыз етуге қатысу;
министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, ішкі нарықты дамытуға, республиканың экономикалық мүддесін қорғауға ықпал ететін өзара тиімді ынтымақтастық негізінде Қазақстан Республикасының экономикалық өзара қарым-қатынастары үшін жағдай жасауға ықпал ететін шет мемлекеттермен және ТМД-ға, ЕурАЗЭҚ-ке, ШЫҰ-ға, АӨСШК-ке, ОАЫҰ-ға қатысушы мемлекеттермен экономикалық және қаржылық өзара қарым-қатынастар тетігін әзірлеу;
РАХЭҰӨІБ:
Қазақстан Республикасының егемендік кредиттік рейтингін беру және қайта қарау шеңберінде мемлекеттік органдардың халықаралық рейтингтік агенттермен өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты үйлестіру болып табылады;
5. Департамент заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
оның ішінде ХЫБ:
орта мерзімді кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының алыс және жақын елдермен және интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастығының басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар дайындау;
Қазақстан Республикасының экономика секторларындағы мемлекеттік саясатын іске асыруға жәрдемдесу мәселелеріндегі ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу;
Атқарушы комитеттің, Экономикалық кеңестің, Үкімет Басшылары Кеңесінің, Мемлекет Басшылары Кеңесінің, ТМД, Мемлекетаралық Кеңестің және ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті, ЕЭҚ Жоғары Деңгейдегі тобының ШЫҰ, ОАЫҰ және басқа халықаралық экономикалық ұйымдардың отырыстарына ақпараттық және басқа да материалдарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
ТМД, Мемлекетаралық Кеңестің және ЕврАзЭҚ Интеграциялық Комитеті, ЕЭҚ, ШЫҰ, ОАЫҰ мен АӨСШК және басқа халықаралық экономикалық ұйымдардың біріңғай бюджетіне үлестік қаржыландыру мәселелері бойынша республикалық бюджет жобасын әзірлеуге қатысады және қорытындылар дайындайды;
экономикалық ынтымақтастық және Қазақстаның әлемдік қоғамдастыққа бірігу мәселелері бойынша Басқарма құзыреті шегінде мемлекетаралық және үкіметаралық Келісімдер мен Шарттар жобаларын қарайды;
ОАЫҰ, ТМД, АӨСШК, ЕЭҚ, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ интеграциялық бірлестіктер шеңберінде алыс және жақын шет елдермен халықаралық Келісімдер мен Шарттар жобаларын қарайды және келіседі;
Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобасын әзірлейді;
ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен үкіметаралық комиссиясының бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс шараларының орындалу барысы туралы ақпарат және есеп дайындайды;
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өзара іс-қимылы, Қазақстан Республикасы және ТМД-ға мүше-мемлекеттер арасындағы шет мемлекеттермен қолданылып жүрген екі жақты және жан жақты келісімдерді жалғастырудың экономикалық орындылығын негіздеу немесе жаңа келісімдер жасасу туралы ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
халықаралық экономикалық мәселерді қарау барысында сараптау және жұмыс топтарына қатысады;
шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау барысында Үкіметаралық комиссияларға қатысады;
ше мемлекеттермен Үкіметаралық комиссияларға материалдар дайындау және өткізу;
экономикалық ынтымақтастық бойынша мемлекетаралық және үкіметаралық бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және хаттамаларды іске асыру мониторингін жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттарды (материалдарды) және тұжырымдамаларды дайындауды, Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша хаттарды, ұсыныстарды, өтініштерді қарауды жүзеге асырады;
шет мемлекеттің уәкілетті өкілдерінің министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларымен және мүдделі мемлекеттік ұйымдармен кездесулерін ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарын жүзеге асырады;
қажетіне қарай Басқарма құзыретіне кіретін мәселеле бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысады;
қажетіне қарай Басқарма құзыретіне кіретін мәселеле бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;
Басқарма құжаттардың есебін және сақталуын, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға тапсырғанға дейін жай-күйіне және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Басқарма құзыреті шегінде Министрлік қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жариялайды;
Департамент құзыретіне кіретін мәселелері бойынша іс жүргізеді; (РАХЭҰӨІБ-мен келісім бойынша кезекпен);
РАХЭҰӨІБ:
экономика секторларында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруға жәрдем көрсету мәселелеріндегі ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады;
республикалық бюджет жобасын әзірлеуге қатысады;
42 «Экономика саласында басшылар мен менеджерлердің біліктіліктерін арттыру» бюджеттік бағдарламасын әкімшілендіру;
ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарына материалдар бойынша қорытындылар қарауды және дайындауды қамтамасыз етеді;
шет мемлекеттердің уәкілетті өкілдерінің қатысумен, халықаралық қаржы ұйымдарымен және институттарымен өзара ынтымақтастықты одан әрі қалпына келтіру және жандандыру шеңберінде халықаралық кездесулер өткізуді қамтамасыз етеді;
Standard & Poor’s, Moody’ s Investors Service, Fitch Ratings Ltd., халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды, Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингі жай-күйінің мониторингін қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықаралық рейтингтік агенттіктерге, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (ЭЫДҰ) және Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ) оның даму перспективалары туралы ақпарат жинауды және беруді қамтамасыз етеді;
Халықаралық Валюта Қоры миссиялары сапарларын өткізуде мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингін көтеру мақсатында рейтингтік агенттермен тиімді іс-қимыл жүйесін құруды қамтамасыз ету;
рейтингтік агенттіктердің ұсыныстары мониторингі мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиялардың отырысына сауда саясаты мәселелері бойынша материалдар дайындауды, ұсыныстар енгізуді және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындауды, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша хаттарды, ұсыныстарды, өтініштерді қарауды қамтамасыз етеді;
қажетіне қарай Басқарма құзыретіне кіретін мәселеле бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысады;
қажетіне қарай Басқарма құзыретіне кіретін мәселеле бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;
Басқарма құжаттардың есебін және сақталуын, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға тапсырғанға дейін жай-күйіне және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Басқарма құзыреті шегінде Министрлік қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жариялайды;
Департамент құзыретіне кіретін мәселелері бойынша іс жүргізеді; (ХЫБ-мен келісім бойынша кезекпен);
6. Департаменттің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте:
Департаменттің міндеттерін, оның қызметін атқаруды ұйымдастыру жөнінде Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізуге және осы ұсыныстардың қаралуы туралы ақпарат алуға;
басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа министрліктерге, ведомстволарға және халықаралық ұйымдарға, халықаралық қаржы ұйымдары мен институттарға қатысты комиссия отырысында Министрлік атынан өкілдік етуге;
Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарынан Департаментке жүктелген функцияларды іске асыруға қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес материалдарды дайындау үшін министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының мамандарын тартуға;
Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды атқаруға қажетті материалдарды, болжамды және есепті деректерді министрліктер және ведомстволардан белгіленген тәртіпте алуға;
Департамент дайындаған заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қорытынды жасау үшін Министрліктің барлық бөлімшелеріне және тиісті министрліктер мен ведомстволарға жіберуге;
бөлінген бюджет қаражатын жұмсауда мемлекеттік мекемелердің қаржылық қызметін тексеруге қатысуға;
халықаралық экономикалық ұйымдармен, халықаралық қаржылық ұйымдармен және институттармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
техникалық көмек пен шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты қоса алғанда қолданыстағы жүйелер мен нысандар арқылы Департамент қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Министрліктің құзыреті шегінде Департаментке жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру үшін өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға құқығы бар.
8. Департамент Директорының Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы қызметке қабылдайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
9. Басқарманы Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы қызметке қабылдайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
10. Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент Директоры, ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын адам қол қояды.
11. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері олардың біліктілік талаптарымен және функционалдық міндеттемелерімен анықталады және белгіленген тәртіпте бекітілетін лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.
12. Департамент Директоры:
Департамент қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуы мен олардың функцияларын орындауына дербес жауап береді;
Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен қарым-қатынаста Департаменттің мүддесін білдіреді;
Басшылықтың тапсырмалары мен нұсқауларының орындау мерзімдері мен сапасының сақталуын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп іс-әрекет жасайды;
жұмысшылардың белгіленген қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегінде Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі туралы ұсыныстар енгізеді;
Департамент директорының орынбасары мен басқарма бастықтарының қызметтік міндеттерінің көлемін белгілейді;
белгіленген мерзімде қаржы қызметіне жұмыс уақытын пайдалану есебі табелін енгізуді қамтамасыз етеді;
Департамент жедел кеңестерін өткізуді ұйымдастырады;
басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулардың, қаулылардың, өкімдердің және басқа құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді;
Департамент құзыреті мәселелері бойынша, Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, оларды көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану туралы белгіленген тәртіпте басшылыққа ұсыныстар енгізеді;
белгіленген тәртіпте Министрлік алқасы отырыстарына, сондай-ақ Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министр, вице-министрлер, Жауапты хатшы өткізетін кеңестерге қатысады;
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Министр хатшылығының қызметін бағалауға қатысады;
департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруларына дербес жауап береді.
13. Департамент директорының орынбасары:
Департамент қызметіне басшылықты іске асыруға қатысады;
Департамент қызметі мен міндеттерін қозғайтын Іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында үйлестіру жұмысын жүргізеді;
Департаменттің құрылымы мен штат кестесі туралы, кадрларын іріктеу мен орналастыру мәселелері бойынша, қызметкерлерді көтермелеу туралы, сондай-ақ еңбек тәртібін бұзған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы Департамент директорына ұсыныстар ұсынады;
Департамент қызметкерлерінің жұмысын жедел басқаруды, үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрліктердегі, басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардағы кеңестерге қатысады;
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық комиссияларға, конференцияларға, форумдар мен өзге де халықаралық іс-шараларға қатысады;
орындаушылық және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асырады;
кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақытында дайындауды, жоғары тұрған органнан алынатын өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асырады;
Департамент құзыреті шегінде Министрлік қызметінің бұқаралық ақпарат құралдары мен Министрліктің Web-сайтында жария етілуіне жауап береді;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, заң қызметін ғылыми, заңнамалық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді;
басшылықтың жұмыс тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды.
14. Басқарма бастығы:
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады және басқармаға жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуы мен олардың функцияларын орындауына дербес жауап береді;
Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жедел басқаруды, үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Басқарма құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді ұйымдастырады;
өз құзыреті шегінде Департамент туралы ережені әзірлеуге қатысады;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақытында дайындауды қамтамасыз етуге бақылау жасайды;
Басқарманың ісі номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді;
жоғары басшылықтан алынған өзге де тапсырмаларды орындайды.
15. Департамент жұмысын ұйымдастыру, бақылау мен қамтамасыз ету әрбір қызметкердің өзі орындайтын тапсырмаларының мерзімдері мен сапасына дербес жауап беру қағидаттарына құрылады.
16. Департамент қызметкерлері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оны жетілдіруге;
олардың орындап отырған тапсырмаларының уақтылығы мен сапалылығына дербес жауап беруге, қызметтік міндеттерді адал орындауға;
еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияларды қатаң сақтауға;
өз біліктілігін арттырумен жүйелі түрде шұғылдануға;
өзара алмасу | |
№ қызмет |
№ қызмет |
С-2-09-0-1 |
С-3-09-0-1 |
С-3-09-0-1 |
С-4-09-1-1 |
С-3-09-0-1 |
С-4-09-2-1 |
С-4-09-1-1 |
С-5-09-1-1 |
С-4-09-1-1 |
С-5-09-1-2 |
С-5-09-1-1 |
С-5-09-1-2 |
С-5-09-1-1 |
С-6-09-1-1 |
С-5-09-1-2 |
С-6-09-1-2 |
С-6-09-1-1 |
С-6-09-1-2 |
С-6-09-2-2 |
С-6-09-2-3 |
С-6-09-2-3 |
С-6-09-2-4 |
С-6-09-2-4 |
С-6-09-2-5 |
С-6-09-2-5 |
С-6-09-2-6 |
С-6-09-2-6 |
С-6-09-2-1 |
С-4-09-2-1 |
С-5-09-2-1 |
С-4-09-2-1 |
С-5-09-2-2 |
С-5-09-2-1 |
С-5-09-2-2 |
С-5-09-2-1 |
С-6-09-2-1 |
С-5-09-2-1 |
С-6-09-2-2 |
С-6-09-2-1 |
С-6-09-2-2 |
С-6-09-2-2 |
С-6-09-2-3 |
С-6-09-2-3 |
С-6-09-2-4 |
С-6-09-2-4 |
С-6-09-2-5 |
С-6-09-2-5 |
С-6-09-2-6 |
С-6-09-2-6 |
С-6-09-2-1 |
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген
14 12 2014
1 стр.
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 –iv бюджет Кодексінің 62 бабы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлеке
11 10 2014
1 стр.
Негізге алынып стратегиялық даму жоспары әзірленген бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі
15 10 2014
1 стр.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Министрлік туралы ереж
25 12 2014
1 стр.
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-4 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылғы 5 маусы
25 12 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік cыныптамасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі №141 бұйрығына өзгерістер және
25 12 2014
1 стр.
«бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, Қарау және іріктеу кезіндегі бюджеттік үдерісін жетілдіру»
25 12 2014
24 стр.
Республикасы Экономика және бюджеті жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген
08 10 2014
1 стр.