На заседании Научно-методического совета №2 от 19.11.2010г. рекомендованы к публикации в открытой печати следующие учебно-методические издания:
Бакеев М.И. Гидратация теориясы және электролит ерітінділерінің қасиеттері: Оқу құралы (қазақ тіліндегі аудармасы). — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010. — 230 б.
Гидратация теориясының және электролит ерітінділері қалыптасуының қазіргі кездегі деңгейі қарастырылды. Иондардың және ионаралық процестердің гидратацияларының энергетикалық сипаттамаларының негізінде электролиттердің гидратация сандарын бағалау әдістерінің талдауы берлді. Сулы ортадағы тұздардың ерігіштігін және кристаллогидраттардың құрамын есептеу әдістері ұсынылды. Бинарлы, үштік жүйелердегі компоненттердің өзара әрекеттесу және сулы-тұзды жүйелердің физика-химиялық және термодинамикалық қасиеттерін есептеу әдістерін жетілдіру мәселелері зерттелді. Статистикалық термодинамиканың элементтерінің қосымшасы бар үшкомпонентті сулы-тұзды жүйелердегі тұздардың ерігіштігін есептеудің жаңа әдісі баяндалды.
Оқу құралы ерітінділердің физикалық химиясы аймағындағы мамандары үшін, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының химиялық факультеттерінің аспиранттары, магистранттары мен студенттері үшін қызығушылық тудырады.
Оқу құралын қазақ тіліне аударғандар Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың химия факультетінің ұжымы: Қажмұратова А.Т., Жұмағалиева Т.С., Галиева А.Р. және Қарағанды экономикалық университетінің доценті Закарин С.З.
Дәрібеков С. Электр және магнетизм курсының арнаулы тараулары: Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010.-185 б.
Оқу құралында жалпы физика курсында жан- жақты қарастырылмайтын магнитті реттелген кристалдардың магниттік қасиеттері туралы мәліметтер берілген. Магниттердегі екінші ретті фазалық ауысу: Кюри, Вейсс, Неель, Дзялошинский температуралары, тура және жанама алмасу энергияларының жалпы теорияларымен бірге әртүрлі механикалық жүктеме- кернеулер мен магнитострикциялық деформациялардың магниттік параметрлерге әсерлері қарастырылған.
Есенгельдин Б.С., Ақбаев Е.Т. Қаржылық менеджмент: Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010.
Оқу құралында қаржылық менеджменттің жалпы теориялық және тәжірибелік сұрақтары қарастырылады. Қаржылық менеджменттің басты көрсеткіштерінің стратегиялық және тактикалық шешімдерді қабылдаудағы қолданылуы ашылған.
Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының экономика мамандықтарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына және басқа да маман иелеріне арналған.
Комекбаева Л.С., Артакшинова В.С. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010.
Оқу құралында корпоративті қаржының негіздері: қағидалары, мәні және қызметтері, негізгі бағыттары, ақпараттық базасы қарастырылады, сондай-ақ корпорациялардың қаржы ресурсіның, қаржыны жоспарлау әдістері жөнінде айтылады; компания иелерінің меншігін және әл-ауқатын арттыру негізін игеруге, инвестицияларды бағалау сурақтары да қамтылған. Кәсіпорынның ресурстарының, соның ішінде тартылған ресурстардың құрылу көздеріне сипаттама беріледі және кәсіпорынды қаржылық қамтамасыз ету әдістері тиянақты түрде оқытылады.
Оқу құралындағы сұрақтардың біршама бөлігі қаржылық жоспарлау, болжау және кәсіпорының инвестициялық саясатын қалыптастыру мәселелеріне арналған. Басылымының мақсаты студенттердің корпорациялардың қаржысын ұйымдастыру, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында оны онтайландыру әрі тиімді басқару.
Оқу құралы экономика факультетінің студентеріне әзірленген.
Аменова С.С., Жақсыбаев Қ.Р. Логистикалық менеджмент: Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010. -92 б.
«Логистикалық менеджмент» курсы логистика ғылымының қайта құрылу кезеңдерін, оның орнын, жалпы теориялық және тәжірибелік міндеттерін, кез келген кәсіпорын (фирма) қызметінде тауар қозғалысының барлық ағымы бойынша байланыстың тиімділік бағасын қарастырады. Бұл оқу-әдістемелік құрал магистранттардың функционалды аспект тұрғысынан өндірістік-шаруашылық қызметті басқару бойынша терең білім алуына мүмкіндік береді. Алынған теориялы-әдістемелік білімдер тәжірибелік жұмыста пайдаланылуы мүмкін. Бұл құрал экономика мамандығына ие барлық студенттерге, сонымен қатар тауарды жүзеге асыратын ұйым және өндіріспен байланысты көптеген сұрақтар бойынша оқытушыларға, кәсіпкерлерге де пайдалы болуы мүмкін.
Одинцова С.А. Методические рекомендации по выполнению курсовой работы по педагогике (для студентов специальности 5В010200 – Педагогика и методика начального обучения). – Караганда, 2010.
Методические рекомендации разработаны с целью оказания практической помощи студентам, преподавателям в организации и выполнении курсовой работы по педагогике по специальности 5В010200 - Педагогика и методика начального обучения.
В рекомендациях дана характеристика этапов курсового исследования, раскрыты требования к содержанию ее теоретической и практической части, представлены технические требования по оформлению курсовой работы.
Методические рекомендации предназначены для студентов, преподавателей, руководителей курсовых работ по специальности 5В010200 - Педагогика и методика начального обучения.
Карманова Ж.А., Омарова М.К. Методические рекомендации по подготовке к самостоятельной работе под руководством преподавателя и выполнению самостоятельной работы студента по дисциплине «Активные методы обучения». - Караганда: Изд-во КарГУ, 2010. - 19 с.
Методические рекомендации по подготовке студента к самостоятельной работе под руководством преподавателя и выполнению самостоятельной работы по дисциплине «Активные методы обучения» составлены для специальности 5В010300 - Педагогика и психология.
Основная цель: научить студентов использовать теоретические и практические знания по активным методам обучения при подготовке к самостоятельной работе студента с преподавателем, выполнению заданий по самостоятельной работе, которые будут способствовать усилению их профессиональной, психолого-педагогической подготовки.
Освоение дисциплины «Активные методы обучения» позволит студентам креативно и мобильно мыслить, сформирует собственную познавательную активность и умения и навыки профессиональной деятельности с применением знаний по имитационным и неимитационным методам обучения.
Дузбаева Н.М., Нуркенова А.Т., Жумина А.Г., Мусина Р.Т. «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Қарағанды, 2010.- 33 б.
Ұсынылып отырған жұмыста «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендегі студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмыстарының тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік· нұсқаулар берілген. Кейбір тапсырмалардың орындауының мысалдары келтірілген. Нұсқаулар кіріспеден, тапсырмалардан, әдістемелік нұсқаулардың өздерінен және әр тақырыптан кейін келтірілген тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын әдебиеттердің тізімінен тұрады.
Әдістемелік нұсқаулар «Экология және тұрақты даму» пәнін оқитын барлық мамандықтардың студенттеріне арналған.
Балапанов М.Қ., Қасымова А.Ғ. «Бизнесті бағалау» пәні бойынша тапсырмалар жинағы. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010. - 49 б.
Тапсырмалар жинағы «Бизнесті бағалау» пәні бойынша семинар сабақтарын, СОӨЖ жүргізуге арналған. Бұл әдістемелік әзірлеме 5В090800 - Бағалау және 5В050800 - Есеп және аудит мамандықтарының студенттері үшін типтік бағдарламаға сәйкес жазылған. Жұмыста нақты тақырыпты зерделеуге арналған мәселелер тізімдемесі, тақырыптар бойынша студенттің өзіндік орындауы үшін тапсырмалар, әр тақырып бойынша әдебиет, сонымен қатар глоссарий ұсынылған.
Эқономикалық жоғары оқу орындары мен факультеттердің студенттері, оқытушылары және қызметкерлер үшін ұсынылады.