Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Бердібек Соқпақбаевқа – 85 жыл

 БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ



Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары бойынша әдеби ойын

 

Жүргізуші: тамаша шығармалары арқылы балалардың көңілінен шығып, сол арқылы бірнеше буын өкілдерінен тұратын кішкене оқырмандардың құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Біздің қазақ балалар әдебиетінде осындай құрметке ие болғандардың бірі – Бердібек Соқпақбаев. Жазушының шығармаларын оқыған кез – келген бала өмірбаянымен де танысып шығады. Бердібек Соқпақбаев балалар үшін жаралған жан болатын. Өзінің шығармашылық жолын балаларға өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай – ақ балаларға арналған бірнеше сценарий: пьесалар жазды. Б. Соқпақбаевтың есімі тек қазақ балаларына ғана емес, көптеген шетел балаларына да жақсы танылды. Оның кітаптары әлемнің 20 шақты елінің тіліне аударылса, «Менің атым Қожа», повесі бойынша түсірілген киноны 28 елдің бүлдіршіндері тамашалапты. Әрине, бұл біздің әдебиетіміз бен кино өнері үшін үлкен жетістік болғаны дауысыз.



 («Менің атым Қожа» фильмнен үзінді көрсетіледі)

Қай – қайсымызға да экраннан көріп жүрген Қожа туралы кітапты жазған Бердібек Соқпақбаевты жақсы көрмеуіміз мүмкін емес. Қожа әрқайсымыздың жанымызға жақын да таныс кейіпкер. Балалар, бүгін Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасынан» басқа да шығармаларына саяхат жасап, әдебиетте алар орны жайында әңгімелеспекшіміз, ой бөліспекпіз. Бердібек атаның «Менің атым Қожа», «Жекпе-жек», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» повесть – романдарын, көптеген әңгімелерін оқымайтын қазақ баласын табу өте қиын. Балалық шақта жазушы өзінің кейіпкеріне қатты ұқсапты. Олар сияқты ауылдың қара сирақ баласы болған. Әсіресе, өздеріңе арнап жазған бір шығармасының кейіпкеріне өте ұқсайды. Ол кейіпкерді кім деп ойлайсыңдар?

 (Балалардың жауабынан кейін Қожа келеді)

 Қожа: Сәлем, сәлем балалар! Балалар мен жақында жаңа ойын үйрендім. Ол қандай дейсіңдер ме, бұл ойын бір – бірімізге сұрақ-жауап ойыны деп аталады. Мен бірінші сендерге сұрақ қоямын. Сендер маған қайыра сұрақ қоясыңдар. (Екі қолын уқалап) Қәнекей, ойынды бастаймыз ба? Менің сұрақтарым таусылған соң, сендердің кезектерің. Ойын басталды.

-            Оллахи, мақтанған емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай маман иесі болуды армандадым?

(Қожаның жазушы болсам деген арманы көкейіне ерте ұялады. Оның ақындық, жазушылық даңқы үшінші – төртінші сыныпта оқып жүргенде – ақ мектептен асып, ауылға жайлып, ақын бала атана бастаған.)

-            Сұлтан екеуміздің қарақшылық өміріміз қанша уақытқа созылды?

(Олар жабайы қаз атып алдық екен деп, біреудің жоғалған қазын атып алып, үйітіп отырғандарында мектеп директорының әкесі көріп қалып.,  

    «сазайларын» береді. Сосын екеуі қорда етіп қарақшылық істемек болған тапқыр ойларынан табанда бас тартуға тура келеді. Бұл екеуінің қарақшылық өмірлерінің бірінші және ең соңғы күні болды.)

 

 Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімізді білесіңдер.Сонда кімнің мәселесін қарадым?



(Қожа кешкі астан кейін төр үйге кіріп, үлкен айнаның алдына отырып, Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесін ашады. Кұн тәртібінде бір – ақ мәселе – тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін не істеу керек екндігі жайлы мәселе қаралды)

-            Менімен дойбы ойнап отырған Жанар мені не үшін «Мақтаншақ Қожа» деп мазақтады?

(Бірінші ойында Қожа Жанардың сүйкімді жүзіне, иығына төгілген қалың шашына қарап, толқып отырып,ойынды ұтқызып алады. Екінші ойында сағырақ ойнаса да, үш – төрт жүрістен кейін Жанар Қожаның үш пешкасын бірден қырып салды.Енді оның намысы келіп, қазір ұтамын деді сенімді үнмен. Бірақ, айлакер Жанар бұл жолы да елеусіз тұрған пешкасын Қожаға жегізді де, басқа бір пешкасымен оның әлгі батырын белден басып, биге өтіп кетті...)

- Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатыгез күн қашан болып еді?

(Бұл күні мектепте Қожаның тәртібін талқыға салған педсовет жиналысы болған)

Қожа: Жарайсыңдар, мен туралы кітапты жақсы білетіндерің көрініп тұр. Балалар, оллахй, шыным, менің үйге қайтуым керек. Асығыспын. Қызыл бұзауымды айдап келуім керек. (Қожа кетіп бара жатып) Ұмытып бара жатыр екенмін, сендер сұрақтарыңды сосын қоярсыңдар. Ойынымызды кейін жалғастырамыз.Кездескенше.

Жүргізуші: Балалар, дегенмен, Қожа – қазақ балаларының Том Сойер іспетті сүйікті кейіпкері. «Менің атым Қожа» повесі қарапайымдылыққа, нанымдылыққа туған.

Оқушы: Әке деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айырыла жаздайды – ау. Қандай жақын, қандай ыстық! Ех, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. Кім біледі, жер әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігім де шығар...

Жургізуші: Осындай Қожаның сырын оқығанда, қай – қайсымыздың есімізге әкеміз түсері сөзсіз. Жазушы әкенің қадірін өстіп әдемі әдіспен айтып өтеді.

Оқушы: Жасы үлкен таныс адамға сәлем бермеу – көргенсіздіктің белгісі деп шешем мені талай баулыған. Сол парызымызды амалсыз өтеп, «сәлеметсіз бе?» дей салдым.

Жүргізуші: Қожаның тентектігі текткен – тек емес, белгілі бір логикадан туындайды.Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екі жүзділерге қаны қайнайды.

(Қожа кіреді)

Жүргізуші: Қожа, сен бұзауыңды қораға қамап келіп қойдың ба?

Қожа: Иә, осы жолы бұзауымды Жанардың қорасына қарай айдап әуре болмай бірден өзімнің үйіме қарай жібердім.

 Жүргізуші: Сонда сен бұзауыңды үйіңнің қорасына апармағасың ғой?

Қожа: Жоқ, менің оған уақытым жоқ. Бүгін Сұлтан екеуміз балық аулауға баруымыз керек.

(Жанар келеді)

Жанар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қожа жаңа ғана өзінің мақтаншақ Қожа екенін екінші рет дәлелдеді. Дойбыдан мықымын деп, жеңіліп, мақтаншақтығын бір дәлелдесе, енді маған Бердібек ата тек ұл балаларды жақсы кқрген деп екінші мақтанып тұр.

Қожа: Жанар, мен бұл жолы оллахи, мақтанып тұрған жоқпын. Бердібек атаның Қожасы, Сұлтаны, Еркіні, Бекені – бәрі өжет, шыншыл, адал бала кейіпкерлер екенін барлығымыз білеміз.

-            Жанар: Қожа, сенің айтып тұрғанын дұрыс емес. Кез – келген адамның туған анасы бар. Демек, өмірді, мынау жарық дүниені қазіргі кейіпі: айналайындар, баламды оқудан шығара көрмеңдер, тағы бір жолға кешірім жасаңдар деп, жалбарына сөйлеп тұрған тәрізді... (Бөпке әже, «Балалық шаққа саяхат»).

-            Өліп едім, тірілдім. Өшіп едім, қайтадан жандым! Құдай айдап әкелген мына ақжолтайымның арқасында құлағым ашылып, тағы да адам қатарына қосылдым...(Ораздың шешесі Күлиша «Аяжан»)

Сұлтан: Балалар, мен сендерге өте қуаныштымын! Міне, осындай өз әдебиетін сүйіп оқитын отанымыздың нағыз патриот азаматтары бола беріңдер. Міне, көріп тұрсыңдар ғой, менде кітап оқитын болдым. Енді біз ауылға қайтайық. Сау болыңдар! (Қожа, Сұлтан, Жанар үшеуі балалармен қоштасып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі әдеби – ойынымыз мәреге жетіп қалған сияқты. «Оқырмандарым! Менің кейіпкерлерім аспаннан түскен адамдар емес. Осы өздеріңнің араларында бірге ойнап – күліп жүргендер. Ендеше Қожа маған қандай қымбат болса, сендер де сондай қымбатсыңдар»

 сыйлаған ананы ардақ тұту, оның алдындағы перзенттік парызды өтеу – кім – кім үшін де қадірі ортаймайтын асыл қасиет.Ендеше ана туралы қалам тербеген, ана тағдырын сәтті шығармаларға арқау ету – қаламгер үшін үлкен абырой деп білемін. Достарым, мен сіздерге Бердібек Соқпақбаев шығармаларындағы қыз, ана кейіпкерлер туралы Бұл кім? Мінездемелік сауалнамамды ұсынамын: (Оқырмандар кейіпкердің атын және шығарманы атаулары керек)

-            Ол – сыныптағы ең таза оқушы, сондықтан тазалықшы. Ол – қолымыздың, құлақ, мойнымыздың тазалығын қарайды. Мін тапса, кіргізбейді. («Балалық шаққа саяхат», Майра)

Балажан байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап. Оның


қазіргі кейіпі: айналайындар, баламды оқудан шығара көрмеңдер, тағы бір жолға кешірім жасаңдар деп, жалбарына сөйлеп тұрған тәрізді.. (Бөпке әже, Балалық шаққа саяхат)

-            Өліп едім, тірілдім. Өшіп едім, қайтадан жандым! Құдай айдап әкелген мына ақжолтайымның арқасында құлағым ашылып, тағы да адам қатарына қосылдым.. (ораздың шешесі күлиша Аяжан)

Сұлтан: Балалар, мен сендерге өте қуаныштымын! Міне, осындай өз әдебиетін сүйіп оқитын отанымыздың нағыз патриот азаматтары бола беріңдер. Міне, көріп тұрсыңдар ғой, менде кітап оқитын болдым. Енді біз ауылға қайтайық. Сау болыңдар! (Қожа, Сұлтан, Жанар үшеуі балалармен қоштасып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі әдеби – ойынымыз мәреге жетіп қалған сияқты емес. «Оқырмандарым! Менің кейіпкерлерім аспаннан түскен адамдар емес. Осы өздеріңнің араларында бірге ойнап – күліп жүргендер. Ендеше Қожа маған қандай қымбат болса, сендер де сондай қымбатсыңдар» 



 

Балалық шақҚа саяхат бердібек Соқпақбаевтың шығармалары бойынша әдеби ойын

Оның кітаптары әлемнің 20 шақты елінің тіліне аударылса, «Менің атым Қожа», повесі бойынша түсірілген киноны 28 елдің бүлдіршіндері тамашалапты. Әрине, бұл біздің әдебиетіміз бен к

60.54kb.

25 12 2014
1 стр.


Айы, күні: Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»

Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестіндегі Қожа бейнесі

128.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Әдеби подиум Көрнекі құралдар

Көрнекі құралдар: жазушының суреті, кітап көрмесі, дәйексөздер, балаларға арналған әндер, экран, слайд – презентация, электронды ойын, сыйлықтар

56.12kb.

25 12 2014
1 стр.


Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!

«Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенінің жағдайы және бұдан әрі дамыту туралы» мәселесі бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы

103.53kb.

12 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы : Етістік Сабақтың тақырыбы

Балалар, бүгінгі сабағымыз саяхат түрінде өтеді. Жеті ата ауылына саяхат жасаймыз. Мұнда әр бір ауылға сабақта берілген тапсырмаларды орындай отырып жетіп барамыз

25.85kb.

08 10 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

179.6kb.

25 12 2014
1 стр.


1. Internet-тегі Қазақстанға тиесілі жоғары деңгейлі доменді көрсетіңіз

Алғы сөз және Интернет бойынша алғашқы саяхат. Интернеттің мүмкіндіктері. Internet Explorer-де жұмыс істеу

39.85kb.

05 09 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин «Бала Шоқан»

Сабақтың мақсаттары: 1 білімділік: Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушы

77.92kb.

16 12 2014
1 стр.