Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Құрастырушылар:

Мұсабекова Г.Т., Қажыбаева Ж.К.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана


Молдахмет Қаназовтың «Чика - Дабылдың баласы» повесі бойынша

әдеби - подиум
Көрнекі құралдар: жазушының суреті, кітап көрмесі, дәйексөздер, балаларға арналған әндер, экран, слайд – презентация, электронды ойын, сыйлықтар
Шараның өту барысы:

1. Экскурсия: балалар бөлімімен таныстыру

2. «Шебер жазушы» кітап көрмесіне шолу

3. «Балажанды жазушы» электрондық презентация

4. Молдахмет Қаназовтың «Чика - Дабылдың баласы» повесі бойынша

әдеби – подиум. Электронды ойын.


1. жүргізуші: Молдахмет Қаназов 1942 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бекбауыл стансасында дүниеге келген. 1963 жылы Шымкент педагогика институтының филология факультетін тамамдаған. 1963–1968 жылдары Қызылорда облысы, Қазалы ауданында мұғалім, аудандық газеттің бөлім меңгерушісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1978–1985 жылдары «Жалын» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, 1985–1992 жылдары шығармашылық жұмыста, 1992 жылдан «Денсаулық» журналында бөлім меңгерушісі, 1993 жылдан осы журналдың бас редакторы. «Чика – Дабылдың баласы», «Жер кіндігі» повестері жасөспірімдер мен балаларға арналған үздік шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлде алған. «Сонар» (1973), «Жер кіндігі» (1975), «Арна» (1978), «Ақ тайлағым-ай» (1980), «Свет далекого солнца» (1982), «Құм қойнау» (1984), Старая зимовка» (1985), «Армандай алыс жағалау» (1988), «Экспресс из полынной степи» (1989), «Жаңбырлы жаз» (1991), «Чика – сын Дабыла» (1991), «Қияндағы күн нұры» (1993), «Жанқожа» (2001) атты кітаптары жарық көрді. «Ел қорғаны ер Жәкем» (2007) (С.Қалуовпен бірге) атты жинақ құрастырып шығарды.«Қияндағы күн нұры» повесі грузин тіліне аударылды. В.Карповтың «Тірілей ұсталсын» романын, болгар жазушысы Е.Пелиннің бірсыпыра әңгімелерін, И.Мелеевтің «Шатырұстар мырза» повесін, орыс жазушысы В.Распутиннің әңгімелерін тәржімалады.«Жанқожа» атты үш актілі тарихи драма, бірнеше танымдық проблемалық зерттеу мақалалар жазды.

2 жүргізушы: Жалпы, әрбір қалам иесінің үлкен әдебиетке келуі, танылуы, қалыптасуында ерекше бір жағдайлар болатыны анық. Осындай ерекше сәттің бірі - өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басында Қазақстан Комсомолы мен Республика Жазушылар Одағы ұйымдастырған талантты жастарды табу мақсатындағы жабық конкурсы еді. Бұл жабық бәйге - жазудан үмітті талай жанның бағын ашты. Оған кең байтақ республикамыздың шартарабында еңбек етіп жүрген белгісіз авторлар да, Астана мен облыс орталықгарында қалам тартып баспасөзге араласып жүрген қаламгерлер де бағын сынап көрді. Осы байқауда қаламгерлердің арасында алғашқы үштіктің қатарында М. Қаназов болды. Жазуға деген құштарлық, сөз қасиетін сезінуі, көп ізденуі, ерекше қабілеті қалың жұртқа бірден танымал етті.

1 жүргізуші: «Чика - Дабылдың баласы» шығармасы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ ауылындағы кішкентай балалардың тыныс, тірлігі жайлы баяндайды. Кейбір тараулары екі үш сөйлеммен аяқталып отырады. Бірақ оқырманын жалықтырмайды, өзіне тартып ерекше қызықтырады. Автордың не айтқысы келгенін сезіп отырасыз. Ауыл мен шағын темір жол бекетін мекен-деген балалардың өмірі, іс-әрекеті бейне бір кинолентадай көз алдыңнан өтіп жатады.

Майдангер Дабылдың әйелі Тәнзила ауылға келіп үлестірілген балалардың ішінен Чика атты неміс баласын бауырына басады. Чиканың неміс баласы екенін білген ауыл балалары, әдепкіде оған осқырына қарап, күн көрсетпейді. Әсіресе, Жұмажан бейнесі өзінің қызғылықтығымен есте қалады. Тентек, шақар баланың жүрегінде неміс атаулыға деген ашуыза, кек қатып қалған. Түсі бөлек Чикаға көп ұрынатын да сол. Бірақ баланың аты бала ғой, кейін достасып, бауыр басып кетеді. Жазушы Чиканың жаңа ортаға кіруін, әрі табиғи, әрі нанымды жеткізе білген.



2. жүргізуші:

«Шебер жазушы» кітап көрмесіне шолу жасалады.

Дәйексөздер:

«Молдахмет Қаназ - қаймағы бұзылмаған қайнаған қазақы өмірдің қақ ортасынан қазақ сөз өнеріне өзіндік қолтаңбасымен, өзіндік соқпағыменен келген қаламгер»

Алпысбай Мұсаев

«...Молдахмет Қаназов шығармаларын селсоқ оқи алмаймын, қай шығармасын оқысам да жазушының көкейіндегі ойын, көкірегіне тұнған сырын, айтайын деген шынын, жырын тебірене қабылдаймын»

Бекен Ыбрайымов
1. жүргізуші: «Әдеби подиум» ойыны 5 кезеңнен тұрады: «Табалдырық», «Әудем жер», «Қозыкөш», «Беласар», «Алтын көмбе», әр кезеңде 5 сұрақтан қойылады. Сұрақтар экраннан көрсетіледі. Сұрақтар повесть бойынша және достық, оқу, білім туралы мақал-мәтелдерден құрастырылған. Дұрыс жауап берген балаларға жетон таратылады. Жетондар әр түсті, түстер әр кезең бойынша белгіленген және әр жетон бойынша көрсетілген сан ұпай болып есептіледі. Кім ең көп ұпай жинайды сол жүлдегер болып есептеледі. Мақал-мәтелдердің бірінші жолы оқылады, қалған жолын жалғастыру керек.

1 кезең – Табалдырық (100 ұпай)

1-сұрақ; «Чика - Дабылдың баласы» повесінде нешінші класта оқитың балалар

туралы әнгімелейді?

1 – жауап 5 класс

2- сұрақ: «Чика Дабылдының баласы» повесіндегі кейіпкерлер кімдер?

Жауап: Бақытжан, Ақбота, Ертас, Жұмажан, Тәнзила,

Сердалы Ахантаевич Ахантаев, Нияз бригадир

3 - сұрақ : Чиконың документ бойынша аты – жөні кім?

Жауап Дабылов Бақытжан

4. М. Қаназов қай жылы дүниеге келді?

Жауап: 1942 жылы

5. Оқу – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы

2- кезең Әудем жер (200 ұпай)

1 – сұрақ Балалар, повесте қай тарихи кезеніңдегі оқиға сипатталған?

Жауап: 2Дүниежүзілік соғыс кезені

2– сұрақ: Чиконың достары кімдер?

Жауап.: Ертас, Ақбота


  1. сұрақ: Чика достарымен бірге Жұмажаннан жасырып не істеді?

Жауап: Үш терек отырғызды

4. М. Қаназовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

Жауап:«Сонар», «Жер кіндігі», «Арна», «Ақ тайлағым-ай», «Свет далекого солнца», «Құм қойнау», Старая зимовка», «Армандай алыс жағалау», «Экспресс из полынной степи», «Жаңбырлы жаз», «Чика – сын Дабыла», «Қияндағы күн нұры», «Жанқожа»

5. Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.



3 – кезең: Қозыкөш (300 ұпай)

1- сұрақ: Ақботаның үйіне қара қағаз келді. Ол нені білдіреді?

Жауап: Соғыста болған адамның қаза болғаның хабарлайтын қағаз.

2 – сұрақ: Ертеңіне класс жиналысы болды. Өшетіл орнынан тұрып:

-Қаралатын мәселе біреу, балалар,-деді. – Ол- Жұмажан Ниязовтың тәртібі жайлы. Ниязов сабақтан үлгермейді. Қабілеті бар, оқыса алдынғы қатарлы оқушы бола алады. Тентектікке салынып жүр. Өздерің білесіңдер, кеше Дабыловтың сумкасына құрбақа салды.

Балалар қай жазушының шығармасында сумкаға құрбақа салу оқиғасы кездеседі?

Жауап: Б. Соқпақпаев «Менім атым Қожа»

3-сұрақ Әкесімен Чиканың кездесуі қалай болды?

Жауап:

4- сұрақ: Шығарма немен аяқталады?



Жауап: Чика әкесімен кездеседі.

5. Оқыған жақсы, оқығаннан да ұққан жақсы



4- кезен Беласар (400 ұпай)

1. Фашист деп кімді атайды?

Жауап: Фашист деген-бөтен бір елдің жерің, суын тартып алып, халқын құлдықта

ұстаймыз, тек өз мұқтажымызға жұмыс істеткіземіз, қинаймыз, жер байлығы мал

мүлкін талан-таражға саламыз, деп ел жаулап жүрген адамдар.

2. Жұмажан не себепті Чиканы (Бақытжан) жек көрді?

Жауап: Жұмажанның Бақытжанға өштесіп, соқтығыса беруінің бір кілті ол әкесінің көзқарасы балаға әсер еткен.

3. Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

4. Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан.

5.Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас

Абай



  1. - кезен Алтын көмбе (500 ұпай)

Достық туралы мақал-мәтелдерді жалғастырындар
Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол

Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды

Дос егіз, дұшпан сегіз

Досы жоқ адам-тұзы жоқ тағам

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.



Әдеби – подиумды пайдалану тәртібі:


  1. Клавиатурадан Ғ5 басу -1 слайд - әдеби – подиумның тақырыбы шығады.

  2. Клавиатурадан оң жақта тұрған стрелканы басу - 2 слайд – ұпай сандары жазылған ұяшықтар шығады.

  3. Қатысушылар таңдаған ұяшыққа басу

  4. Сұрақ шығады

  5. Қатысушылардың жауабын тыңдау

  6. Қайта сол сұрақты басқанда дұрыс жауап шығады

  7. Ұяшықтарға қайта оралу үшін үйді басу керек.

Әдеби подиум Көрнекі құралдар

Көрнекі құралдар: жазушының суреті, кітап көрмесі, дәйексөздер, балаларға арналған әндер, экран, слайд – презентация, электронды ойын, сыйлықтар

56.12kb.

25 12 2014
1 стр.


Интеллектуалдық ойын «xxi ғасыр көшбасшысы»

Көрнекі құралдар: суреттер, тақта, түрлі-түсті таяқшалар, жоспар, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі

107.46kb.

15 10 2014
1 стр.


Тақырып: Зертханалық жұмыс №5 Тізбек бөлігіндегі Ом заңы. Есептер шығару. Мақсаты: Білімділік

Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам, слайдтар, жеке карточкалар

25.8kb.

18 12 2014
1 стр.


Тақырып: Зертханалық жұмыс №4 Электр тогын өлшеу,тізбектің бөлігіндегі кернеуді анықтау. Есептер шығару. Мақсаты

Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам, слайдтар, жеке карточкалар

17.96kb.

25 12 2014
1 стр.


Бөлімі: Сурет Тақырыбы: «Ғажайып қауырсын» Мақсаты

Көрнекі құралдар: Түрлі-түсті гуашь бояуы, №4 қылқалам, қағаз беті, жасыл түске арналған бос шөлмек, қанатындағы қауырсыны боялмаған құс суреті, сүлгі, тұрғылар

37.81kb.

10 10 2014
1 стр.


Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру регламенті Жалпы ережелер Осы «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру регламенті»

«Әкімшілік рәсімдер туралы», 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508-іі «Жарнама туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №121 «Елді мекендерде сырт

55.02kb.

25 12 2014
1 стр.


Автомобили Cruze добиваются прекрасного командного результата в предательских условиях Окаямы Одна победа Хаффа, два выхода на подиум Мюллера и шесть очков приводят в итоге к усилению лидерских позиций команды в обоих соревнованиях окаяма

Одна победа Хаффа, два выхода на подиум Мюллера и шесть очков приводят в итоге к усилению лидерских позиций команды в обоих соревнованиях

27.54kb.

23 09 2014
1 стр.


16-шығарылым «Медициналық құралдар, аспаптар мен жабдықтар өндірісі» бөлімі Астана 2009 Кіріспе

Бтба, 16-шығарылымы, «Медициналық құралдар, аспаптар мен жабдықтар өндірісі» бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы

853.76kb.

18 12 2014
6 стр.