Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ПРОЕКТ

Ақтау қаласы әкімдігінің

2013 жылғы ___ сәуірдегі

№_____ қаулысына қосымша



Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру регламенті


  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру регламенті» (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-II «Әкімшілік рәсімдер туралы», 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ «Жарнама туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.

1.2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;

2) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама;

3) елді мекен - азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметтері нәтижесінде қалыптасқан республиканың аумағында жинақы қоныстанған, кемінде 50 адам саны бар, заңда белгіленген тәртіппен есепке алынған және тіркелген әрі жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын бөлік;

4) жергілікті атқарушы орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

5) Ақтау қаласының әкімдігі – жергілікті атқарушы орган;

6) уәкілетті орган – «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

7) тиісті уәкілетті орган – «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

1.3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде және Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 11-бабының 2-7-тармақтарында көзделген тәртіпте өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.

1.4. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету саласының кәсіпорындары орналастыратын мынадай жарнама объектілері:

маңдайша; жайма сөрелер мен терезелерді безендіру; жұмыс режимі туралы ақпарат; үй-жайлардың ішкі безендірілуі сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне жатпайды.
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға қойылатын талаптар.

2.1. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға жергілікті атқарушы орган берген рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) болған кезде жол беріледі.

2.2. Тиісінше облыстық немесе аудандық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiсiн орналастыру кезінде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгілі бір мерзімге рұқсат (құжат) болған жағдайда жол беріледі.

Бұл жағдайда рұқсатты (құжат) тиісті уәкілетті орган беруді жүзеге асырады.

2.3. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілерін орналастырудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелеріне және осы Регламентке сәйкес жергілікті атқарушы орган беретін рұқсат болған жағдайда жол беріледі.

Бұл жағдайда, рұқсатты уәкілетті орган беруді жүзеге асырады.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат құжаттары туралы мәлiметтердi салық қызметi органдарына тапсыруға мiндеттi.

2.4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнатқан (монтаждаған) кезде құрылыс-монтаж жұмыстарын, сондай-ақ ашық отты және тұтанатын көздерді қолдана отырып отпен жұмыстар жүргізуге байланысты өрт қауіпсіздігінің талаптары мен нормалары ескерілуге тиіс.

2.5. Рұқсат 1 жыл мерзімге беріледі.

Рұқсаттың қолданылу мерзімі 1 жылға ұзартылуы мүмкін, бұл ретте өтініш беруші Ақтау қаласының әкімдігіне өтініш береді.


3. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға арналған рұқсатты ресімдеу тәртібі.
3.1. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға ниеті бар адам Ақтау қаласының әкімдігіне жазбаша өтініш жібереді.

Ақтау қаласының әкімдігі келесі мекен-жай бойынша орналасқан:

ҚР, Маңғыстау облысы, 130000, 4 шағынаудан, 72 ғимарат.

Өтініште:

1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы (болса - телефоны, факсы), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

2) заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, басшының тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы (болса - телефоны, факсы), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);

3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің мақсаты мен негізгі параметрлері;

4) өтініш беруші таңдаған орынға орналастыруды негіздей отырып сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжалған орнының мекен-жайы көрсетіледі.

3.2. Рұқсат алуға арналған өтінішке:

1) жер учаскесіне немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған объектіге құқық белгілейтін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі не өтініш беруші сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ұсынылатын объектінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектісін басқару органымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттар;

2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ұсынылған объектінің күндізгі және түнгі бейнесін қамтитын нобай, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс істеуін инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі шешім қоса беріледі.

3.3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіпте және мөлшерде төлемақы алынады.

Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде жол органына немесе Ақтау қаласының әкімдігіне жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын бюджетке енгізгендігін растайтын құжатты табыс етеді.
4. Көлiк құралдарында орналастыратын жарнама
4.1. Көлiк құралдарында жарнама тарату, орналастыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ережелерi сақтала отырып, көлiк құралдарының меншiк иелерiмен және егер заңда немесе шартта осы мүлiкке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлiк құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Жауапкершілік
5.1. Тарих пен мәдениет ескерткiштерi, ғибадат ету объектiлерi аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.

5.2. Заңсыз және рәсімделмеген сыртқы (көрнекі) жарнамаларды Ақтау қаласында орналастыру, сондай-ақ осы Регламенттің талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығымен жауапкершілікке тартылады.

5.3. Ақтау қаласы бойынша орналасқан барлық сыртқы (көрнекі) жарнамалардың мониторингін (талдау) жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік мекемелер:

- «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;



- «Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

- «Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру регламенті Жалпы ережелер Осы «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру регламенті»

«Әкімшілік рәсімдер туралы», 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508-іі «Жарнама туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №121 «Елді мекендерде сырт

55.02kb.

25 12 2014
1 стр.


2012 жылғы № аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемле

95.58kb.

25 12 2014
1 стр.


«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер регламенті

Фб – құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері

131.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ

Бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат немесе паспорт беріледі немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі

877.49kb.

12 10 2014
5 стр.


1-тарау. Жалпы ережелер

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi

201.58kb.

25 12 2014
1 стр.


«Облыстық және аудандақ маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердің жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлу жолақтарына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Рнекі жарнаманы орналастыруға келісім беру» мемлекеттік қызметі Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Сайдалы Сары Тока көшесі 1, 3 қабат мекенжайы бойынша орналасқан «Қаражал қаласыны

111.72kb.

25 12 2014
1 стр.


Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

99.69kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті

Алдын ала деректер бойынша, 2010 жылдың 1 қаңтарына облыс халқының саны 2429,5 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық елді мекендерде халық саны – 912,0 мың адам (37,5%), ауылдық е

30.88kb.

14 10 2014
1 стр.