Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Баланы бөбекжайға психологиялық тұрғыда дайындау

Баланың бөбекжайға алғаш келуі бала өміріне үлкен өзгерістер алып келеді. Әрине бұл ата-анаға да мазасыздық тудырады. Бір жағынан мектепке дейінгі бала бақша баланың тұлға болып қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, екінші жағынан алғанда баланың үлкен ортаға үйренуін қалыптастырады. Мұнда ата- ананың да, тәрбиешінің де орны ерекше. Бөбекжайға жаңа келген бала үшін бөбекжайда барлық жағдай таңсық. Үлкен ортаға үйрену ата-анасыз тәрбиешінің қарауында қалу осының бәрі келіп баланың мінез құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан екі жақтап ата-ана да, тәрбиеші де өте нәзіктікпен қарап түсіне білуі керек. Баланы бөбекжайға алып келерде, ата-ана міндетті түрде балаға алдын ала түсіндіруі керек.Біріншіден көп баланың ортасына баратынын, онда күн ұзаққа қалып балалармен бірге ойнайтынын,бірге тамақ ішетінін. Бала бөбекжайға алғаш келген күні жыламай қалуы мүмкін, себебі ол сол күні ештеңеге түсінбестен көп баланы көріп алданып қалып қояды.Ал келесі күні күн ұзаққа бала бөбекжайда қалатынын түсінеді де, жылауды бастайды. Сондықтан баланың түйсігіне жететіндей етіп, егжей-тегжейлі түсіндірулері керек.Алғашқы күндері бөбекжайға тіпті баланың үйдегі үйренген өз ойыншығымен де кіруге рұхсат етуіміз керек.Себебі үйренген ойыншықтары психологиялық тұрғыдан қарағанда баланың тез үйреніп, қалыптасып кетуіне ықпалы зор. Үйде жалғыз болып өскен бала үшін мұндағы ортақтық да тосын жай. Сондықтан бірте- бірте баланың санасына ортақтықтың не нәрсе екенін түсіндіре білуіміз керек. Кейбір ата-аналар баланы тек тәрбиеші тәрбиелеу керек деп ойлайды, бұл өте жаңсақ пікір. Баланың бөбекжайға психологиялық тұрғыдан қалыптасып кетуі үшін, екі жақтап ықпал етулері қажет. Бала үшін ата-ананың да, тәрбиешініңде атқаратын орны ерекше. Бір маңызды нәрсенің бірі- қалыптасу. Бұл жерде бала мен тәрбиеші және ата-ананың арасындағы түсінушілік де үкен маңыз атқарады.Бала үшін тәрбиеші үлкен беделді бола білуі керек. Сондықтан әруақыттада бірігіп жұмыс жасасақ балаларымыз бөбекжайға еш қиындықсыз қалыптасып, үйреніп кетеріне еш шүбәміз болмасы хақ.


№35 «Шұғыла»

МКҚК бөбекжайының



психологы

Нұрғалиева Гүлзира Елеубайқызы

Баланы бөбекжайға психологиялық тұрғыда дайындау

Бұл жерде бала мен тәрбиеші және ата-ананың арасындағы түсінушілік де үкен маңыз атқарады. Бала үшін тәрбиеші үлкен беделді бола білуі керек

16.54kb.

12 10 2014
1 стр.


6М050300 – Психология мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының СҰРАҚтары

Шығармашылық тұрғыда өздігінен даму барысындағы тұлғаның қалыптасудағы психологиялық негіздері

29.84kb.

15 10 2014
1 стр.


Баланы мунча керт9 йоласы

Баланы беренче м8рт8б8 мунча кертк8нд8 элек кендек 8бисе болай дип 8йтеп чабындыра торган булган

15.78kb.

04 09 2014
1 стр.


Тақырыбы: «Сепсиске шалдыққан науқасты күту ерекшелігі» Мақсаты

Тапсырма: Әдебиеттермен жұмыс; тест тапсырмаларын дайындау және шешу; мейірбикелік қажеттелік көлемінде науқасты курациялау және мейірбикелік ауру тарихын дайындау; ситуациялық тап

49.32kb.

09 09 2014
1 стр.


37 шығарылым Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері

Ағаш дайындау жұмыстары, Ағаш ағызу, Ағаш шырынын ағызу, Қамыс дайындау және өңдеу бөлімдері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қ

966.57kb.

16 12 2014
6 стр.


9-дәріс тақырыбы: Жеткіншек жас кезеңіндегі психологиялық өзгерістер

Жеткіншек жастың негізгі мазмұны балалық кезеңнен ересектік кезеңге өтумен суреттеледі. Дамудың барлық жақтары сапалық қайта құрылудан көрінеді, жаңа психологиялық білім қалыптасад

188.34kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф кгма 1-8-21/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

Тақырыбы: Доғалы протездерді дайындау. Доғалы протездердің құрамдық элементтері. Ілмектік жүйе. Толық құйылған доғалы протездің қаңқасын дайындау тәсілі

31.39kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазіргі кездегі психологияда адамның қиын,жағымсыз, сыни жағдайлардағы психологиялық ерекшліктерін зерттеу өте өзекті болып отыр

Сол өзекті мәселелердің бірі- отбасындағы ажырасу жағдайы. Біздің зерттеу жұмысымыз отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімге тигізетін әсерінен болатын психологиялық ерекшеліктр

1131.86kb.

25 12 2014
4 стр.