Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ




БАСҚАРУ ЕСЕБІ

пәнінен курстық жұмыс жазу жөнінде

күндізгі және сырттай қашықтықта оқитын

студенттерге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

КАРАҒАНДЫ 2012

Құрастырушы: э.ғ.к., проф. Мадиева К.С.


Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген.
Мәжіліс хат № 1 “ 17 “ қырқүйек 2012ж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Курстық жұмыс «Басқару есебі» пәнін оқып-үйренудің қорытынды кезеңі болып табылады. Ол териялық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін, нарықтық қатынаста кәсіпорындардың бухгалтерлік есепті жетілдіру жөніндегі нақты міндеттерді шеше білу қабілетінің қаншалықты екендігін тексеруге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мәні маңызы орындау негізінде студенттің алған териялық білімін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге тереңдете түсетіндігінде. Курстық жұмыс студенттердің өз бетімен жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Оны орындау студентті өз бетімен жұмыс істеуге дайындығын тексеру ғана емес, сонымен бірге өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын дамытудың маңызды формасы. Оқудың осы кезеңіндегі студенттің алған тәжірибесі мен білімі дипломдық жұмысқа дайындық кезінде көп көмегін тигізеді.



Курстық жұмыс өз бетінше зерттеу болғандықтан оған мынадай талаптар қойылады:

  • курстық жұмыс өз бетімен жазылуы керек және кәсіпорындардағы

  • жүргізілетін есеп тәжірибесіне сыни көз қараспен ерекшеленуі тиіс, тақырыпты баяндау нақты, дәл деректермен толы болуы қажет, жұмыстың есеп жұмысының нақты бір учаскесіндегі есептің ұйымдастырылуы мен әдістемесін жақсартуға бағытталған тұжырымдармен және ұсыныстармен аяқталғаны – жұмыс анық және сауатты тілмен жазылып дұрыс дайындалуы қажет, оның сыртқы беті (1 қосымша), мазмұны болóы, беттері нөмірленіп, рецензенттік ескертпелері үшін шетінде жолақ қалдырылуы қажет, жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер көрсетіледі.

Курстық жұмысты дайындау мынадай кезеңдерді қамтиды:

  1. тақырып таңдап алу;

  2. таңдалған тақырып бойынша әдебиеттер жинақтау және олармен

алғаш танысу;

  1. жоспардың алғàшқы, варианттарын жасау;

  2. таңдап алған әдебиттерді оқып-үйрену;

5. жоспардың ең соңғы вариантын жасау;

  1. шаруашылық қызмет атқаратын субъектінің есеп тәжірибесін зерттеу,

нақты деректерді жинау және өңдеу, оларды бір жүйеге келтіру және

әдебиет материалдарымен сәйкестендіре тұжырымдау;

7. курстық жұмысты жазу;

8. курстық жұмысты қорғау.



КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАП АЛУ

Курстық жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Курстық жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит кафедасында жасалады және бекітіледі. Жетекшінің және кафедра меңгерушісінің келісімі бойынша студент кафедра ұсынған тізімге кірмеген тақырыпты алуына, сол сияқты тақырыптың атын өзгертіп алуына болады.

Тақырыпты таңдау кезінде студенттердің ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша курстық жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді студенттің ескеруі қажет. Курстық жұмыстың тақырыбы болашақтағы дипломдық жұмыста келтірілген мәселемен ұштасқан жөн. Мұндай жағдайда студент алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, дипломдық жұмысты өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.

Студент оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.

Студент таңдап алған проблема бойынша әдеби материалдарды оқып-үйрену курстық жұмыстың тақырыбы II курста алынады. Студенттің курстық жұмыс тақырыбын кафедра бекітеді. Сонымен бірге кафедра курстық жұмыстың ғылыми жетекшісін тағайындап, оның орындалу мерзімін белгілейді.
АЛҒАН ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӘДЕБИТТЕРДІ ІРІКТЕУ

ЖӘНЕ АЛДЫН АЛА ТАНЫСУ
Такырып алған соң курстық жұмыс бойынша бірден әдебиеттерді іріктеуге кірісу керек. Мұны өз бетімен жасау керек. Студент каталогтармен библиографиялық анықтамаларды пайдалану білуін көрсету қажет. Сол кезде курстың тиісті тарауы бойынша негізгі әдебиеттер көрсетілген лекция коспектілерін де ұмытуға болмайды.

Пәндік тақырыптың каталогпен жұмыс кезінде курстық жұмыспен сәйкес қана емес, сонымен бірге таңдалған тақырыпқа жақын келетін бөлімдерді де қарау керек. Сол кезде проблеманың теориялық жағын ғана емес, сонымен бірге тәжірибеде қолданылып жүрген есепті көрсететін әдебиеттерді де іріктеп алған жөн. Каталогтарды қарай отырып өз картотекасын жасау керек. Әрбір жұмысқа жеке библиографиялық карточка ашылып, оған авторы, әдебиет аты, баспасы, басылған жылы, қысқаша мазмұны жазылады. Картотекаға курстық жұмыс бойынша соңғы 5 жыл ішінде шыққан барлық әдебиетті жазған дұрыс болады. Нұсқау беретін материалдардың ең соңғы шыққаны пайдаланылады.

Әдебиеттерді өз бетімен таңдап алғаны дұрыс, бірақ ғылыми жетекшімен жүйелі түрде кеңесіп отыру қажет. Іріктеліп алынған әдебиетттердің тізімі онымен міндетті түрде келісіледі. Іріктеліп алынған әдебиетттерді қарау кезінде қандай жаңа өзгерістер мен толықтыруларды ескеру туралы да жетекшімен ақылдасу керек. Танысу деңгейіне байланысты олар пайдаланылған әдебиеттер тізіміне тіркеледі.

Іріктеліп алынған әдебиетттермен алдын ала таныстыру кітапхана немесе жорналдағы мақаланың мазмұнын таңдаған тақырыпқа қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау үшін де қажет. Сонымен қоса мұндай танысусыз тақырыппен қаншалықты мәселенің ауқымының қаншалықты екендігін толық түсініп, курстық жұмыстың жоспарының алғашқы нұсқасын жасау мүмкін емес.


Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кестесі

Студенттің рет нөмірінің соңғы екі цифры

Курстық жұмыс тақырыбының нөмірі

00 25 50 75

1 26 51

01 26 51 76

2 27 52

02 27 52 77

3 28 53

03 28 53 78

4 29 54

04 29 54 79

5 30 55

05 30 55 80

6 31 56

06 31 56 81

7 32 11

07 32 57 82

8 33 12

08 33 58 83

9 34 13

09 34 59 84

10 35 14

10 35 60 85

11 36 15

11 36 61 86

12 37 16

12 37 62 87

13 38 17

13 38 63 88

14 39 18

14 39 64 89

15 40 19

15 40 65 90

16 41 20

16 41 66 91

17 42 21

17 42 67 92

18 43 22

18 43 68 93

19 44 23

19 44 69 94

20 45 24

20 45 70 95

21 46 25

21 46 71 96

22 47 26

22 47 72 97

23 48 27

23 48 73 98

24 49 28

24 49 74 99

25 50 29

ЖОСПАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ

Әдебиетттермен алдын ала таныс негізінде курстық жұмыстың алғашқы нұсқасы мұқият ойластырылуы қажет. Әдетте курстық жұмыс кіріспеден, төрт-бес параграфтан және қорытындыдан тұрады.

Жоспарды жасау кезінде ең бірінші кезекте жекелеген параграф қарастырылатын мәселелердің ауқымының жобасын және олардың орналасó ретін анықтап алу қажет.

Қандай тақырып болмасын әр түрлі ашылуы мүмкін. Бірақ сол курстық жұмыс жоспары оның негізгі бағыттарын көрсетеді. Жұмыс жоспары жұмыстың негізгі идеясын көрсетіп, оның мазмұны мен сипатын ашуы қажет. Онда тақырыптың аса актуальды мәселелері бөлініп алынады.

Жасалынған жоспарды студент курстық жұмыс жетекшісімен келіседі.


ІРІКТЕЛГЕН ӘДЕБИЕТТТЕРДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУ
Жетекшісімен жұмыс жоспарын келіскен соң, әсіресе кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері туралы іріктеп алынған әдебиеттерді жете оқып-үйренуге кірісу керек. Ол үшін әдетте конспектілер жасалады. Конспектілердің сипаты болашақ жұмысқа оқып-үйреніп отырған материалдарды пайдалану мүмкіндігі мен формасына қарай анықталады. Ол қысқаша көшіру (дәйексөз) немесе ойды, фактіні қысқаша мазмұндай немесе курстық жұмысты жазу кезінде қажет болатын жерлер үшін оқылған жан-жақты жоспар түріндегі сипаттамасы болуы керек. Барлық жағдайда материалдың алынған жері, баспасын және бетін көрсету қажет.

Алынған деректерді жұмыстың жоспарда көрсетілген негізгі тараулары бойынша жүйеге түсіру іріктеп алған материалдардың тәжірибелік негізінде тақырыптың негізгі мәселелерін терең де, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттерді зерттеу кезінде белгілі бір ретпен жұмыс істеу ұсынылады. Оқулықтар мен оқу құралдарынан бастаған жөн. Содан соң монографиялық жұмысқа көшуге болады. Жорналдық мақалалармен және нормативтік материалдармен аяқтау қажет. Әдеби нұсқаларды зерттеудің мұндай жолы білімді бірте-бірте жинақтап, тереңдете беруге, қарапайымнан күрделіге, жалпыдан жекеге көшуге мүмкіндік жасайды. Әдебиеттерді мұқият оқып үйрену нақты материалдарды іріктеп алғанша аяқталуы керек, өйткені әдеби ңұсқалар бойынша барлық есептің теориясы мен практикасының мәселелерімен, әсіресе озат кәсіпорындардағы есеп тәжірибесімен терең әрі жан-жақты таныñу кәсіпорындағы тәжірибені сыни тұрғыда зерттеп, курстық жұмысқа қажет нақты материалды білгірлікпен реттеп алуға жағдай жасайды.

ЖОСПАРДЫҢ ЕҢ СОҢҒЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ

Әдебиеттер тақырып бойынша мұқият зерттеліп, жүйеге келтірілген соң жұмыс жоспарының алғашқы нұсқасынà кейбір өзгертулер енгізілуі мүмкін. Жоспардағы өзгерту жұмыстың өзінің бағытына кейбір түзетулер енгізумен, зерттеп жатқан проблемамен жан-жақты таныса келе автор түзету кіргізу қажет екендігіне көз жеткізгенде немесе өз алдында жеке алынған бөлімдегі көптеген мәселелерде материалдар жеткілікті болмағанда, ал басқаларында, керісінше теориялық және практикалық жаңа деректер пайда болуымен байланысты болуы мүмкін.

Егер әдебиет материалдарымен танысып шыққан соң жоспардың жаңа нұсқасы жасалған жағдайда соңғысы да курстық жұмыстың жетекшісімен келісіледі. Курстық жұмыс ең соңында нұсқасы оның жазылатын мерзімі көрсетілген графикпен толықтырылады.

НАҚТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨНДЕУ

Басқару есебі бойынша курстық жұмыстың ерекшелігі нақты кәсіпорынның қызметі туралы деректерді зерттеудің негізінде жазылады. Сондықтан да нақты материалдарды жинау ең жауапты кезең болып табылады. Нақты материалдың қаншалықты дұрыс және толық жиналуы курстық жұмыстың сапаëы жазылуына көп әсер етеді. Сондықтан материалды жинауға кіріспес бұрын жұмыс үшін қандай материал қажет екендігін мұқият ойластырып, мүмкіндігі болса арнаулы жоспар жасаған дұрыс.

Кәсіпорынның жұмыс тәжірибесін зерттеген кезде “Басқару есебі” курсын оқу кезінде сол сияқты әдеби нұсқаларды оқып үйрену кезінде алған білімді пайдалану қажет.

Нақты деректерді жинастыру мен өңдеу кезінде есеп жұмысының тиісті учаскесіндегі оң тәжірибе мен кемшіліктерäi анықтауға ерекше назар аударылуы қажет. Сонымен қоса есеп кәсіпорын мен оның жекелеген буындарының басшыларын қажетті ақпарат пен қаншалықты қамтамасыз ететіндігіне, есептегі қосарласу болған жағдайда оперативтілігі мен алынған деректің толықтығына есептің компьютерлендірілуіне, т.б. назар аудару керек. Нақты материалдарды жинастырып, өңдеу процесінде есептің ұйымдастырылуы мен метологиясын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды ойластыру және ол ұсыныстарды дұрыс жазу қажет.

Есептің методологиясы мен құрастырылуы өндірістің ұйымдастырылуы мен технологиясына қатысы көп болатындығы жағдайын ескере отырып, курстық жұмыстағы есептің проблемасы мен тәжірибесі тұтынушылар кооперациясындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының нақты жағдайымен тікелей байланысты қарастырылуы үшін де бұл мәселені де мұқият зерттеу керек.

Нақты материалдарды жинау және оны өңдеу жалпы тақырыпқа курстық жұмыс жазу кезінде де пайдаланылады. Бұл жағдайда ол жұмыстың теориялық жағын көрсетеді.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУ

Курстық жұмыс кәсіпорын материалында жинақталып, өңделген, мұқият зерттелген әдеби нұсқалар негізінде жазылады.

Курстық жұмыстың жекелеген шаруаларының мазмұнын сипаттай отырып, мынаны атау қажет:

Екі-үш беттік кіріспеден алынған тақырыптың негізгі мазмұны мен мәні ашылады, мұнда студенттің жұмысты жазу кезінде алға қойған мақсаты да көрсетіледі. Материалы бойынша курстық жұмыс жазылған кәсіпорынның қысқаша сипаттамасын берген дұрыс. Сол кезде кәсіпорынның есепті ұйымдастыру мен методологиясына ықпал ететін ерекшеліктеріне тоқталу керек.

Бірінші тарау әдетте теориялық сипатта болады. Онда курстық жұмыс бағытталған есеп көрсеткіштерінің экономикалық табиғаты, маңызы көрсетіледі, одан есепті дұрыс ұйымдастырудың маңызы ашылады.

Осы айтылғандардың барлығы статистикалық анықтамалардан монографиялардан, жорнал мақалаларынан және басқа материалдардан алынған сандық деректермен өрнектеліп олардың қайдан алынғаны жөнінде сілтеме жасау ұмыт қалмасын.

Келесі тарауда кәсіпорында жүргізілетін есеп тәжірибесі қарастырылады. Баяндау рет-ретімен келіп, қисынды болсын. Ол сонымен бірге нақты және түгелімен жүргізіліп жатқан тәжірибеге сүйенуі қажет. Сонымен бірге тек жаза салу ғана емес, алынған кәсіпорынның есебін ұйымдастыру мен методологиясына сыни талдау жасау маңызды. Нақты материалдарды талдау нәтижесінде кәсіпорындағы озат тәжірибені жинақтап, оның жұмысындағы жекелеген кемшіліктердің бетін ашуға, мүмкіндігі болса ондай кемшіліктерді болдырмаудың жолын көрсетуге тырысқан жөн. Сол кезде есепті жетілдірудің шешуші шарты оны толық компьютерлендіру есептің прогрессивті әдісін бірқалыпты енгізу естен шықпауға тиіс. Қосымша сілтеме нөмірі көрсетіліп жасалғаны дұрыс. Жұмыстың барлық таðаóлары бір-бірімен байланысты болсын.

Сондықтан да бір тараудан екінші параграфқа көшкенде және тарау ішінде бір мәселеден екінші мәселеге көшудің қисынды болуына ерекше назар аударылсын.


Қорытынды бөлімде жалпы тұжырым жасап, есептің қолданылып жүрген тәжірибесін жақсартуға бағытталған сөйлемде қысқаша баяндау қажет.

Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі.

Жұмыстың көлемі қолжазба күйінде 25-30 бет болуы қажет.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БЕЗЕНДІРУ.

Жұмыстың материалы мынадай ретпен орналастырылады:

а) сыртқы бет ( 1 қосымшада көрсетілген);

ә) жоспар мазмұны;

б) курстық жұмыстың текстік баяндалуы (тараулар бойынша);

в) әдебиеттер тізімі;

г) жұмыста пайдаланылған нақты материал (егер ол баяндау барысында симай қалса, қосымша түрінде беріледі).

Жұмыс стандартты қағаздың бір жақ бетінде жазылады, немесе компьютерде теріледі. Беттің екі жағынан сол жағында 30,0 мм және оң жағында 10,0 мм, жоғарғы және төменгі жақтарынан 20,0 мм жер қалдырады. Курстық жұмыстың барлық беті нөмірленеді. Текстегі әрбір тарау жоспар мазмұнына сәйкесті тиісті тақырып қойылады.

Жаңа тарауды егер тақырыптан соң бірнеше жол сиятын болса, алғашқы тараудың соңы аяқталған беттен бастай беруге болады. Егер курстық жұмыс компьютерде терілетін болса текст арасындағы қашықтық 1,0 интервалға , ал шрифт 14-ке тең болу керек.

Топтарға бөлінген және бір жүйеге келтірілген сандық деректер кесте мен график түрінде беріледі. Соңғысының дайындалуының мәні зор. Кестелер оған сілтеме жасалған соң беріледі, бірақ оны бір беттен екінші бетке жалғастыру жөн болмайды, оған қоса кесте мен оның тақырыбы бөлек бетерде болып арасын үзу дұрыс емес. Кестенің рет нөмірі болуы керек, тақырыбы мазмұнын ашатын болсын, ескертуде алынған материалға сілтеме жасалсын.

Материалға тікелей қатысы жоқ деректерді келтірмеу керек.
Кесте мен тексте ұзақ сандарды толық келтіруден қашқан жөн. Ол үшін қажет дәлдікке байланысты өлшем бірлігін ірілендіріп алған дұрыс.

Жұмыста тек жалпыға бірдей қабылданған қысқарған сөздермен шартты белгілерді ғана қолдану керек.

Жұмыста пайдаланылған сандық деректер, тұжырымдар, басқа авторлардың ойлары және дәйексөздер міндетті түрде пайдаланылған жұмысқа жасалған сілтемемен жарысып отыруы қажет. Бұл сілтемелер сөйлемнің соңында көрсетіледі көрсетіледі.

Бàñқà автордың ойы мен тұжырымын қолданғанда бұл ойларды өзгертусіз пайдалану керек. Дәйексөз мұқият көшіріліп, тырнақшаға алынып жазылады. Басқа авторлардың келтірілген деректерінің дәлдігі мен ойларының анықтығы үшін студент жауап береді.

Әдебиеттерге жасалған сілтемелер олардың әдебиеттер тізіміндегі рет нөмірімен цитаталар алынған беттің нөмірін көрсету арқылы орындалады. Олар жазылу барысында төрт бұрышты тырнақшаға алынуы керек, мысалы (3., 91).

Курстық жұмыстың соңғы сатысы оның сыртын безендіру болып табылады. Курстық жұмысқа студент қол қоюы қажет.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ
Курстық жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының белгіленген мезгілінде жазылып бітуі керек. Курстық жұмысты мерзімінде қорғамаған студент академиялық берешек болып есептеледі де, “Басқару есебі” бойынша емтихан тапсыруға жіберілмейді.

Курстық жұмысты қорғау кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссиямен жүргізіледі.

Курстық жұмысты қорғау таңдап алған тақырып бойынша студенттің білімінің тереңдігі мен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігін анықтауға бағытталады. Қорғау кезінде студент берілген жұмысты жақсы бағдарлауы, сандық деректердің қайдан алынғанын түсіндіре білуі, жұмысқа қатысты теориялық және сұрақтарға жауап бере білуі қажет. Қорғау алдында студент тұтастай жұмыс бойынша да, жетекшінің ескертпелері бойынша да дайындық жүргізуі керек.

Қорғау студенттің жұмысының негізгі жағдайын қысқаша ғана мазмұндауынан тұрады. Жұмыстың жүргізіліп жатқан есеп тәжірибесіне сыни ескертпелер, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар туралы айтылған тарауларына ерекше назар аудару керек. Хабарламаның соңында студент жұмыстың ескертулері бойынша жауап береді. Содан соң комиссия мүшелері студентке сұрақтар қояды. Курстық жұмысты бағалау кезінде комиссия оның жазылу сапасы да, қорғау нәтижесіне еске алады. Егер жұмысты оқытушылар қанағаттанғысыз деп есептейтін болса, онда студенттің айтылған ескертпелерді ескере отырып түбегейлі қайта жұмыс істеуі үшін өзіне қайтарылып беріледі.



Кафедраның шешімі бойынша үздік жазылған курстық жұмысты студенттердің ғылыми үйірмесінде немесе студенттердің ғылыми конференциясында жасалатын баяндамалардың орны болуы мүмкін.

БАСҚАРУ ЕСЕБІ ПӘНІНЕН КУРСТЫҚ ЖҮМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. Басқарушылық есептің негізі

  2. Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері

  3. Басқарушылық есептің теориялық негіздері

  4. Басқарушылық есептің ұйымдастырушылық аспектілері (жақтары)

  5. Кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастыру

  6. Шығындарды жіктеудің халықаралық тәжірибесі

  7. Шығындарды жіктеудің отандық тәжірибесі

  8. Басқарушылық есепте шығындарды бағалау әдістері

  9. Басқарушылық есептегі тұрақты және өзгермелі (ауыспалы) шығындар

  10. Қызмет көрсету бөлімшелерінің шығындарын есептен шығару мен бөлу әдістері

  11. Калькуляция баптары бойынша өнім өндіруге кеткен шығындар есебін ұйымдастыру

  12. Материалдарға және еңбекақыға кеткен шығындар есебін ұйымдастыру

  13. Өндірістік кәсіпорындардағы материалдар есебі мен бағалау әдістері

  14. Өндірістік қорлардың басқарушылық есебі

  15. Қоймадағы материалдық есеп

  16. Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесі

  17. Үстеме шығындарды есепке алу мен оларды бөлудің әлемдік әдістемесі

  18. Кәсіпорында өзіндік құнды басқару

  19. Шығындардың жауапкершілік орталығы бойынша есебінің әдісі және ұйымдастырылуы

  20. Шығындар орталығы бойынша есебінің жүйесі

  21. Аяқталмаған өндіріс есебі мен бағалауын ұйымдастыру

  22. Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау

  23. Негізгі өндіріс шығындарын есепке алу және өнім өзіндік құнын калькуляциялау

  24. Өндірістік және экспедициялық ақаулар есебін ұйымдастыру

  25. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың заманауи бағыттары

  26. Негізгі өндіріс шығындарының салыстырмалы есебін ұйымдастыру

  27. Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

  28. Калькуляциялау мазмұны және оның өндірісті басқарудағы ролі

  29. Өндірістік қызметтің басқарушылық есебі

  30. Өндірістік шығындар есебі мен өнім өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдістік (процесстік) әдісі

  31. Үрдістік (процесстік) калькуляция жүйесінде дайын өнімнің өзіндік құнын

анықтау процедурасына нормативтік зияндардың әсер етуі

  1. Өндірістік шығындар есебі мен өнім өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі

  2. Өндірістік шығындар есебі мен өнім өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі

  3. Нормативті калькуляциялау жүйесінде өндірістік шығындар ауытқуын талдау және есебін ұйымдастыру

  4. «Стандарт-костинг» жүйесі бойынша басқарушылық есепті ұйымдастыру: отандық кәсіпорындарда қолданылу мүмкіндігі

  5. Қызмет түрлері бойынша (АВС жүйесі) өнім өзіндік құнын калькуляциялау

  6. Нормативті калькуляциялау мен «стандарт-костинг» жөйесінің салыстырмалы сипаттамасы

  7. Басқарушылық есепті ұйымдастыру және өнім өзіндік құнын «директ-костинг» жүйесі бойынша калькуляциялау

  8. Басқарушылық есепті ұйымдастыру және өнім өзіндік құнын «абзорпшн-костинг» жүйесі бойынша калькуляциялау

  9. Басқарушылық есепті ұйымдастыру және өнім өзіндік құнын JIT «дәл мерзімінде» жүйесі бойынша калькуляциялау

  10. Өнім өзіндік құнын мақсатты калькуляциялау

  11. Кәсіпорын қызметінің зиянсыздық деңгейін талдау

  12. «Шығындар-шығарылым көлемі-пайда» талдауының әдістемесі

  13. Басқарушылық есептегі зиянсыздықты талдау

  14. Қорлар деңгейін бақылау және жоспарлау

  15. Кешенді өндіріс шығыстарының есебі және натуралды көрсеткіштер көмегімен әр өнімннен есептелген табысты өлшеу әдісінің қолданылу әдістемесі. Қосымша өнім есебі

  16. Бюджеттік жоспарлауды ұйымдатыру

  17. Кәсіпорында бюджетті құру үрдісі

  18. Қаржылық бюджетті құру технологиясы мен мазмұны

  19. Кәсіпорынның қаржылық бюджетін қалыптастыру (құру) қағидлары

  20. Икемді бюджет, оның шығындарды жоспарлауда және бақылауда мәні

  21. Басқарушылық есеп ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін

  22. Бағақалыптасытру саласында басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттарды дайындау әдістемесі

  23. Тиімді өндірісітік бағадарламаларды құру үшін ақпараттарды дайындау әдістемесі

  24. Инвестициялық жобалар бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттарды дайындау әдістемесі

  25. Инвестициялық жобаларды бағалау


  1. Басқарушылық есептің негізі

Кіріспе

1. Басқарушылық есептің ерекше сипаттамалары

2. Басқарушылық есеп шегінде қалыптастырылатын ақпарат

3. Өндірістік есеп сипаттамасы және оның ерекше белгілері

4. Есептің басқарушылық жүйесіне орта өзгерісінің әсер етуі

Әдебиеттер тізімі




  1. Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері

Кіріспе

1. Есептік ақпараттарды қолданушылар

2. Басқарушылық есептің мақсаты мен міндеттері

3. Басқарушылық есеп қызметтері

Әдебиеттер тізімі


  1. Басқарушылық есептің теориялық негіздері

Кіріспе

1. Басқарушылық есептің құраушы бөлімдері мен мәні

2. Басқарушылық есеп жүйелері

3. Басқарушылық есеп пәні және оның объектілері

4. Басқарушылық есеп әдістері мен тәсілдері

5. Басқарушылық есеп пен қаржылық есептің байланысы

Әдебиеттер тізімі


  1. Басқарушылық есептің ұйымдастырушылық аспктілері (жақтары)

Кіріспе

1. Кәсіпорындағы басқарушылық есептің жүйелері

2. Кәсіпорындағы басқарушылық есепті ұйымдастыру нұсқалары

3. Басқарушылық есептің жүйелерінің тұжырымдамасы

4. Басқарушылық есеп пен қаржылық есеп байланысы

Әдебиеттер тізімі




  1. Кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастыру

Кіріспе

1. Кәсіпорындағы басқарушылық есепті ұйымдастыру мақсаттары

2. Кәсіпорындағы басқарушылық есепті ұйымдастыруға талаптар

3. Басқарушылық есептің ұйымдастырудың қағидалары

4. Басқарушылық есепті ұйымдастарудың дұрыстығына жауапкершілік

Әдебиеттер тізімі



  1. Шығындарды жіктеудің халықаралық тәжірибесі

Кіріспе

1. Шығындарды жіктеудің мақсаты

2. Өнімнің (жұмыс, қызмет ) өзіндік құнын калькуляциялау мақсатында шығындарды жіктеу

3. Басқарушылық шешімдерді негіздеу үшін шығындарды жіктеу

4. Шығындарды бақылау және оларды реттеу мақсатында жіктеу

Әдебиеттер тізімі




  1. Шығындарды жіктеудің отандық тәжірибесі

Кіріспе

1. Шығындардың объектілері мен мақсаты

2. Экономикалық элементтері бойынша шығындарды жіктеу мақсаты мен мазмұны

3. Шығындардың калькуляция баптарына жіктелуі

4. Шығындардың қылығы

Әдебиеттер тізімі




  1. Басқарушылық есепте шығындарды бағалау әдістері

Кіріспе

1. Шығындарды бағалаудың түсінігі, мазмұны және қажеттілігі

2. Шығындарды бағалаудың әдістері:

2.1. Инженерлік әдіс

2.2. Шоттарды талдау негізінде шығындарды бағалау

2.3. Графикалық әдіс, немесе шашыратып көрсету диаграммасы

2.4. Ең кіші квадраттар әдісі

Әдебиеттер тізімі




  1. Басқарушылық есептегі тұрақты және ауыспалы шығындар

Кіріспе

1. Өндіріс шығыстарының құрамы және түсінігі

2. Шығындардың тұрақты және ауыспалыға бөліну қағидалары

3. Басқарушылық шешімдерді негіздеу үшін ақпараттарды құруға ауыспалы жіне тұрақты шығындардың әсері

Әдебиеттер тізімі


  1. Қызмет көрсету бөлімшелерінің шығындарын есептен шығару мен бөлу әдістері

Кіріспе

1. Қызмет көрсетуші бөлімшелердің сипаттамасы

2. Қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығындарды бөлу және есептен шығару әдістері

2.1. Тікелей әдіс

2.2. Қадамдық әдіс

2.3. Қайта бөлу әдісі

2.4. Теңдеулер жүйесі әдісі

Әдебиеттер тізімі




  1. Калькуляция баптары бойынша өнім өндіруге кеткен шығындар есебін ұйымдастыру

Кіріспе

1. Шығындардың калькуляция баптары бойынша жіктелуі, оның мақсаты мен қажеттілігі

2. Тікелей шығындардың аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру

3. Үстеме шығындардың есебі мен оларды есептен шығару

4. Тікелей және үстеме шығындарды жалпылау

Әдебиеттер тізімі




  1. Материалдарға және еңбекақыға кеткен шығындар есебін ұйымдастыру

Кіріспе

1. Тікелей өндірістік шығындар құрамы және сипаттамасы

2. Материалдарға шығындарды есептен шығарудың бағытын таңдау

3. Еңбекақыға шығындарды есептен шығарудың бағытын таңдау

Әдебиеттер тізімі


  1. Өндірістік кәсіпорындардағы материалдар есебі мен бағалау әдістері

Кіріспе

1. Өндірістік кәсіпорындардағы материалдардың түсінігі мен жіктелуі

2. Материалдарды бағалау әдістері

3. Өндірістік кәсіпорындардағы материалдардың аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру

Әдебиеттер тізімі


  1. Өндірістік қорлардың басқарушылық есебі

Кіріспе

1. Өндірістік қорлардың түсінігі, жіктелуі және оларды бағалау

2. Тапсырыстың тиімді мөлшерін құру

3. Өндірістік кәсіпорындардағы қорлардың аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру

Әдебиеттер тізімі


  1. Қоймадағы материалдық есеп

Кіріспе

1. Қоймадағы материалдық есепті ұйымдастырудың негізгі әдістері

2. Қоймадағы матертиалдар есебін жүргізу

3. Материалды-жауапты тұлғаның есеп беруін құрастыру тәртібі

Әдебиеттер тізімі


  1. Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру және отандық тәжірибеде оларды бөлу әдістемесі

Кіріспе

1. Үстеме шығындардың құрамы мен сипаттамасы

2. Үстеме шығындарды құру бойынша операциялар есебі және құжаттық рәсімдеу

3. Үстеме шығындарды бөлу реті мен есептен шығару

Әдебиеттер тізімі


  1. Үстеме шығындарды есепке алу мен оларды бөлудің әлемдік әдістемесі

Кіріспе

1. Үстеме шығындардың құрамы мен сипаттамасы

2. Үстеме шығындарды бөлу мақсаты

3. Үстеме шығындарды бөлудің екі сатылы үрдісі

4.Үстеме шығындарды нормативті және нақты мөлшерлемелерді (ставка) қолдану арқылы бөлу

Әдебиеттер тізімі




  1. Кәсіпорында өзіндік құнды басқару

Кіріспе

1. Өзіндік құнның түсінігі және нормативті реттелуі, оның қалыптасу қағидалары

2. Өнім өзіндік құнын анықтау үшін басқарушылық есепте шығындар жіктелуі

3. Өнім өзіндік құнын басқару жүйесі: басқару объектілері және басқару қызметтері

Әдебиеттер тізімі


  1. Шығындардың жауапкершілік орталығы бойынша есебінің әдісі және ұйымдастырылуы

Кіріспе

1. Жауапкершілік орталықтарының түінігі және түрлері

2. Жауапкершілік орталықтары бойынша шығындарды топтау

3. Шығындардың шығындар орталығы, пайда орталығы, инвестициялар орталығы бойынша есебін ұйымдастыру

Әдебиеттер тізімі


  1. Шығындар орталығы бойынша есебінің жүйесі

Кіріспе

1. Жауапкершілік орталықтар түсінігі мен түрлері және шығындардың пайда болу орны

2. Шығындардың пайда болу орындары бойынша шығындар есебінің жүйесі

3. Шығындар есебінің әдістері мен өнім өзіндік құнын калькуляциялау

Әдебиеттер тізімі


  1. Аяқталмаған өндіріс есебі мен бағалауын ұйымдастыру

Кіріспе

1. Аяқталмаған өндіріс түсінігі мен құрамы

2. Аяқталмаған өндірісті бағалау әдістері, олардың өнімнің өзіндік құнын құрамдастыруға әсері

3. Аяқталмаған өндіріс есебі және түгендеуді құжаттық рәсімдеу

Әдебиеттер тізімі


  1. Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Кіріспе


I. Көмекші өндірістің түсінігі, жіктелуі және сипаттамасы

2. Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу және құжаттық рәсімделуі

3. Күрделі және жай (қарапайым) көмекші өндірістерде өнімнің өзіндік құнын есептеу

Әдебиеттер тізімі




  1. Негізгі өндіріс шығындарын есепке алу және өнім өзіндік құнын калькуляциялау

Кіріспе

1. Тікелей өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру

2. Өндірістік үстеме шығындардың өнімнің өзіндік құнына қосылуы және есебін ұйымдастыру

3. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын құру

Әдебиеттер тізімі


  1. Өндірістік және экспедициялық ақаулар есебін ұйымдастыру

Кіріспе

I . Ақау түсінігі және жіктелуі

2. Соңғы ақаудан жоғалтулар есебі және құжаттық рәсімдеу

3. Ақауды түзету бойынша шығындар есебі және құжаттық рәсімдеу

4. Соңғы ақаудан жоғалтулар мен ақауды түзету бойынша шығындардың өнім (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын құруға әсері

Әдебиеттер тізімі




  1. Өнім өзіндік құнын калькуляциялаудың заманауи бағыттары

Кіріспе

1. Өнім өзіндік құнын калькуляциялау түсінігі мен түрлері

2. Өнім өзіндік құнын «директ-костинг» жүйесі бойынша калькуляциялау

3. Өнім өзіндік құнын АВС жүйесі бойынша калькуляциялау

Әдебиеттер тізімі


  1. Негізгі өндіріс шығындарының салыстырмалы есебін ұйымдастыру

Кіріспе

1. Негізгі өндіріс құрамы және сипаттамасы

2. Негізгі өндіріс шығындарын құру бойынша операциялардың құжаттық рәсімделуі

3. Өнім (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын құру мақсатында негізгі өндіріс шығындарының аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру

Әдебиеттер тізімі


  1. Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Кіріспе

1. Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің түсінігі

2. Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

дәстүрлі әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы

3. Өнім өзіндік құнын калькуляциялаудың қазіргі әдістерінің қысқаша сипаттамасы және олардың өнімнің өзіндік құнының объективті қалыптасуына және басқарушылық шешімді таңдауға әсері

Әдебиеттер тізімі




  1. Калькуляциялау мазмұны және оның өндірісті басқарудағы ролі

Кіріспе

1. Өнім өзіндік құнын калькуляциялаудың бағыттарын жіктеу

2. Өнім өзіндік құнын калькуляциялаудың қазіргі әдістері

3. Өнім өзіндік құнын калькуляциялаудың әдісін таңдаудың кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштеріне әсері

Әдебиеттер тізімі


  1. Өндірістік қызметтің басқарушылық есебі

Кіріспе

1. Басқарушылық есеп мәні және түсінігінің анықтамасы

2. Басқарушылық есептегі өндірістік шығындардың жіктелуі

3. Шығындар есебінің әдісін таңдау және оның кәсіпорынның өндірістік қызметін басқаруға әсері

Әдебиеттер тізімі


  1. Өндірістік шығындар есебі мен өнім өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдістік (процесстік) әдісі

Кіріспе

1. Өндірістік шығындар есебі мен өнім өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдістік (процесстік) әдісінің жалпы сипаттамасы және қолданылу аясы

2. Процесстік калькуляцияның нұсқалары және баламалы бірліктерді есептеу

3. Өнім өзіндік құнын кезеңдік калькуляциялау жүйесінде орташа бағалау және ФИФО әдістерімен есептеу

Әдебиеттер тізімі

31. Үрдістік (процесстік) калькуляция жүйесінде дайын өнімнің өзіндік құнын анықтау процедурасына нормативтік зияндардың әсер етуі

Кіріспе


1. Нормативтік және нормадан артық зияндардың түсінігі.

2. Есепті кезеңнің соңына технологиялық процесстің түрлі дәрежелерінде анықталған нормативтік зияндарды ескеріп, дайын өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын есептеу процедурасы.

3. Есепті кезеңнің соңына технологиялық процесстің түрлі дәрежелерінде анықталған нормадан артық зияндарды ескеріп, дайын өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын есептеу процедурасы.

Әдебиеттер тізімі


32. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі

Кіріспе


1. Шығындарды тапсырыстық калькуляциялау түрлері мен жалпы сипаттамасы

2. Шығындарды тапсырыстық калькуляциялау жүйесіндегі бухгалтерлік жазулар

3. Арнайы тапсырыстың, тауар партиясының және келісім-шарттың (контракттің) өзіндік құнын калькуляциялау

Әдебиеттер тізімі


33. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі

Кіріспе


1. Шығындарды нормативті калькуляциялау мақсаты және жалпы сипаттамасы

2. Нормативті шығындар типтері және оларды құру реті

3. Өнім өзіндік құнын құрастыру мақсатында нормативті калькуляциялау жүйесінде шығындардың бухгалтерлік жазулары

Әдебиеттер тізімі


34. Нормативті калькуляциялау жүйесінде өндірістік шығындар ауытқуын талдау және есебін ұйымдастыру

Кіріспе


1. Бюджеттік бақылау мақсатында өндірістік шығындар ауытқуын есептеу

2. Тікелей шығындар ауытқуын есептеу әдістемесі

3. Өндірістік үстеме шығындар ауытқуын есептеу әдістемесі

4. Өндірістік шығындар ауытқуын есептен шығару және бухгалтерлік шоттарда көрсетілу тәртібі

Әдебиеттер тізімі
35 «Стандарт-костинг» жүйесі бойынша басқарушылық есепті ұйымдастыру: отандық кәсіпорындарда қолданылу мүмкіндігі

Кіріспе


1. Нормативті шығындардың «стандарт-костинг» жүйесінде дайындалу әдістемесі

2. «Стандарт-костинг» жүйесінде дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның отандық кәсіпорындарда қолданылу мүмкіндігі

3. Ауытқуларды талдау өндірістік және өндірістік емес шығындарды басқару құралы ретінде

Әдебиеттер тізімі


36. Қызмет түрлері бойынша (АВС жүйесі) өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Кіріспе


1. Шығындарды калькуляциялау жүйесі, олардың салыстырмалы сипаттамасы және қолданылу аясы

2. Функционалды калькуляциялау жүйесінде өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын есептеу

Әдебиеттер тізімі

37. Нормативті калькуляциялау мен «стандарт-костинг» жөйесінің салыстырмалы сипаттамасы

Кіріспе


I . Стандартты калькуляция жүйесінде өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру әдістемесі

2. Стандартты калькуляциялау жүйесінде өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын есептеу

3. «Стандарт-костинг» жүйесінің және нормативті калькуляциялаудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Әдебиеттер тізімі


38. Басқарушылық есепті ұйымдастыру және өнімнің өзіндік құнын «директ-костинг» жүйесі бойынша калькуляциялау

Кіріспе


1. Өзгермелі шығыстар бойынша өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың жалпы сипаттамасы және оның қолданылу аясы

2. Өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын калькуляциялауды анықтау шаралары және өзгермелі шығындар жүйесінде пайда функциясының математикалық үлгісі

3. Өзгермелі шығыстар бойынша өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау жүйесінің ерекшеліктері мен артықшылықтары

4. Өзгермелі шығыстар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың пайда көлеміне әсері

Әдебиеттер тізімі
39. Басқарушылық есепті ұйымдастыру және өнім өзіндік құнын «абзорпшн-костинг» жүйесі бойынша калькуляциялау

Кіріспе


1. Шығындарды толық бөлу бойынша өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құнын калькуляциялаудың жалпы сипаттамсы және оның қолданылу аясы (абзорпшн-костинг)

2. Өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын калькуляциялауды анықтау шаралары және шығындарды толық бөлу жүйесінде пайда функциясының математикалық үлгісі

3. Шығындарды толық бөлу бойынша өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау жүйесінің ерекшеліктері мен артықшылықтары

4. Шығындарды толық бөлу бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың пайда көлеміне әсері

Әдебиеттер тізімі
40. Басқарушылық есепті ұйымдастыру және өнімнің өзіндік құнын JIT «дәл мерзімінде» жүйесі бойынша калькуляциялау
Кіріспе

1. JIT «дәл мерзімінде» өндірістік жүйесінің жалпы сипаттамасы

2. JIT «дәл мерзімінде» өндірістік жүйесінің қаржылық пайдасы және релеванттық шығындар

3. JIT «дәл мерзімінде» өндірістік жүйесінің калкуляциялау жүйесіне әсері

Әдебиеттер тізімі
41. Өнімнің өзіндік құнын мақсатты калькуляциялау
Кіріспе

1. Өнімнің өмірлік циклінің бүкіл уақытындағы шығындарды калькуляциялау.

2. Өзіндік құнды мақсатты калькуляциялаудың жалпы сипаттамасы мен

қадамдары.

3.Мақсатты калькуляциялау шеңберінде өнімдердің өзіндік құнын анықтау рәсімі.

Әдебиеттер тізімі


42. Кәсіпорын қызметінің зиянсыздық деңгейін талдау
Кіріспе

1. Өндірістің зиянсыздығын талдау

2. Зиянсыздық нүктесін анықтау әдістері

3. Өндірістік леверидж түсінігі және оның кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсері

Әдебиеттер тізімі
43. «Шығындар-шығарылым көлемі-пайда» талдауының әдістемесі
Кіріспе

1. «Шығындар-шығарылым көлемі-пайда» үлгісінің мазмұны мен түсінігі және зиянсыздық нүктелері

2. Зиянсыздық нүктесін анықтаудың математикалық және статистикалық бағыттары

3. Қауіпсіздік маржасының мақсаты және мазмұны

Әдебиеттер тізімі

44. Басқарушылық есептегі зиянсыздықты талдау

Кіріспе


1. Өндірістің зиянсыздығы түсінігі

2. «Шығындар-шығарылым көлемі-пайда» талдауының қайнар көздері мен қолданылу аясы, тапсырмалары

3. Өндірістің зиянсыздығын талдау әдістемесі

Әдебиеттер тізімі


45. Қорлар деңгейін бақылау және жоспарлау

Кіріспе


1. Кәсіпорындардағы қорлар түсінігі және түрлері

2. Қорлар деңгейін жоспарлау үшін релеванттық шығындар құрамы

3. Тапсырыстың экономикалық тиімді мөлшерін анықтау әдістемесі

4. Тапсырысты орналастыру уақытын анықтау әдістемесі

Әдебиеттер тізімі
46. Кешенді өндіріс шығыстарының есебі және натуралды көрсеткіштер көмегімен әр өнімннен есептелген табысты өлшеу әдісінің қолданылу әдістемесі. Қосымша өнім есебі

Кіріспе


1. Кешенді өндірістердің, бірге өндірілетін және қосымша өнімдердің сипаттамасы

2. Натуралды көрсеткіштерді қолдануға негізделген кешенді шығындарды бөлу әдісі

3. Басқарушылық шешімдерді негіздеу үшін кешенді шығындарды бөлу жүйесін құру

4. Қосымша өнім есебі мен бағалануы

Әдебиеттер тізімі
47. Бюджеттік жоспарлауды ұйымдастыру

Кіріспе


1. Кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінде бюджеттік жоспарлаудың мақсаты мен қажеттілігі

2. Жоспарлау үрдісінің сатылары

3. Жеке шаруашылықтағы кәсіпорындарда смета құру сатылары

Әдебиеттер тізімі


48. Кәсіпорында бюджетті құру үрдісі

Кіріспе


1. Кәсіпорындардағы бюджеттеудің негізгі тапсырмалары

2. Кәсіпорын бюджетінің құрылымы

3. Кәсіпорынның негізгі бюджетін құру тәртібі

Әдебиеттер тізімі


49. Қаржылық бюджетті құру технологиясы мен мазмұны

Кіріспе


1. Негізгі бюджет құрылымы

2. Қаржылық бюджет функциялары және түрлері

3. Инвестициялық бюджетті, ақша қаражаттары бюджетін, болжамды балансты құру әдістері

Әдебиеттер тізімі


50. Кәсіпорынның қаржылық бюджетін қалыптастыру (құру) қағидалары

Кіріспе


1. Бюджеттер түсінігі және түрлері

2. Капитал шығындарының бюджетін (инвестициялық бюджет) құру әдістемесі

3. Ақша қаражаттар бюджетін құру әдістемесі

4. Болжамды баланс құру

Әдебиеттер тізімі
51. Икемді бюджет, оның шығындарды жоспарлауда және бақылауда мәні

Кіріспе


1. Бюджеттер түрлері және олардың құрылу мақсаттары

2. Икемді бюджеттерді құру реті мен мақсаты

3. Кәсіпорын шығындарын бақылау үшін икемді бюджетті қолдану

Әдебиеттер тізімі


52. Басқарушылық есеп ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін

Кіріспе


1. Басқарушылық шешімдерді қабылдау үрдістрі

2. Кәсіпорында ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлауды ұйымдастыру

3. Ұзақмерзімді басқарушылық шешімдерді қабылдау

Әдебиеттер тізімі



53. Бағақалыптасытру саласында басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттарды дайындау әдістемесі

Кіріспе


1. Бағақалыптастыру туралы шешімдерді қабылдауда шығындар туралы ақпараттардың мәні

2. Түсімнің тиімді бағасын есептеу әдістемесі

3. Түсім бағасы туралы шешімді ұзақмерзімді және қысқамерзімді шешімдерді дайындау

4. «Шығындар плюс» типінің бағақалыптасытру әдістемесі

Әдебиеттер тізімі

54. Тиімді өндірісітік бағадарламаларды құру үшін ақпараттарды дайындау әдістемесі

Кіріспе


1. Шығарылатын өнім ассортименті туралы шешімдерді қабылдауда шығындар туралы релевантты ақпараттардың мәні

2. Шығарылатын өнім ассортименті туралы қысқа мерзімді шешімдерді қабылдау үшін негіздемелерді есептеу әдістемесі

3. Шығарылатын өнім ассортименті туралы ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау үшін негіздемелерді есептеу әдістемесі

Әдебиеттер тізімі



55. Инвестициялық жобалар бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттарды дайындау әдістемесі

Кіріспе


1. Инвестициялық жобалар (капиталсалымдары) бойынша шешімдерді қабылдау кезінде альтернативті шығыстар туралы түсініктер

2. Өткізу мерзімдері бірдей емес өзара бір-бірін жоққа шығаратын инвестицияларды бағалау әдістемесі

3. Инвестициялық жобалар (капиталсалымдары) бойынша шешімдерді қабылдау кезінде сезімталдықты талдау қажеттілігі және оларды өткізу әдістемесі

Әдебиеттер тізімі



56. Инвестициялық жобаларды бағалау

Кіріспе


1. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау қажеттілігі

2. Капиталсалымдарының сметаларын құру реті және мақсаты. Капиталсалымдары туралы шешімдер қабылдау үлгісі

3. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Әдебиеттер тізімі



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.


  1. ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы. 28.02.2007 жыл.

  2. №2 Ұлттық қаржылық есеп стандарты

  3. №2 «Қорлар» Халықаралық қаржылық есептілік стандарты.

  4. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР қаржы Министрінің бұйрығы. 23.05. 2007 ж., № 185.

  5. Апчерч А. Управленченский учет: принципы и практика: Пер.с анг./ Под ред Я.В.Соколова, И.А.Смтрновой- М.: Финансы и статистика, 2002.

  6. Друри К. Управленческий и производственный учет / Пер с англ. Учебник- М.:ЮНИТИ-ДАНА, издание 6, 2007

  7. Назарова В.Л., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі: Оқулық –Алматы: Экономика,2005

  8. Мадиева К.С. Басқару есебі 1. Оқулық құрал. – Қарағанды 2009.

  9. Хонгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект: пер с англ, под ред. Я.В.Соколова М: Финансы и статистика, 1995

  10. Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп – оқулық/ Мадиева Қ.С. Қарағанды, КЭУ 2008.

  11. Аврова И.А. Управленческий учет. – М.: Бератор-Пресс, 2003.

  12. Карпова Т.П. Управленческий учет. Учебник для вузов. 2-ое изд. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004.

  13. Кондратьева Н.С. Основы управленческого учета: Учебное пособие-М.: Финансы и статистика, 2000.

  14. Каверина О.Д. Управленческий учет: системы, методы, процедуры.-М.: Финансы и статистика, 2003.

  15. Управленческий учет: Учебное пособие/Под ред. А.Д. Шеремета-М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2002.

  16. Кукукина И.Г. Управленческий учет: Учебное пособие-М.: Финансы и статистика, 2004.

  17. Керимов В.Э. Управленческий учет: Учебник-3-ое изд. – М.: ИТК «Дашков и К», 2004.

  18. Тасмағамбетов Т. Басқарушылық есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. Алматы: Дәуір, 2002







Басқару есебі пәнінен курстық жұмыс жазу жөнінде

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген

335.56kb.

25 12 2014
1 стр.


Аудит пәнінен курстық ЖҰмыс жазу жөнінде әдістемелік нұСҚаулар, тақырыптар

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген

293.09kb.

25 12 2014
1 стр.


Басқару есебі – 1 пәнінен тест сұрақары

Басқару есебiн ұйымдастыру негізі-бұл пайдалы ережелер мен тәсілдерді таңдау және

693.5kb.

25 12 2014
4 стр.


«Шетел халықтарының әдебиеті:Үі-хх ғ.ғ Батыс Европа және Америка елдерінің әдебиеті» пәнінен курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар

Батыс Европа және Америка елдерінің әдебиеті пәнінен курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар

240.53kb.

25 12 2014
1 стр.


Оқу жылының І жартыжылдыққа арналған 2 «Г» сынып жетекшісінің есебі. Сынып жетекшісі: Кутешова Ж. С

И-й, н-ң әріптерінің емлесін, тасымалдап жазу ережелерін меңгерту мақсатында қосымша жұмыс жасау

57.21kb.

25 12 2014
1 стр.


Курстық бағдарламасын құрастырғандар

Курстық бағдарламасын құрастырғандар: мамандықтың жұмыс бағдарламасы негізінде Кенжебекова А. И., физика кафедрасының аға оқытушысы

219.48kb.

10 10 2014
1 стр.


2012 жылғы Астана қаласы Статистика департаментінде сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі туралы есеп

Смж жұмыс жағдайда қолдау және жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді. Департаментте жүйенің жұмыс істеуінің негізгі мақсаты көрсетілетін статистикалық қызметтердің сапасын жақсарту жә

22kb.

25 12 2014
1 стр.


Курстық жұмыс. Тақырыбы: Ақуыз синтезі және оның табиғаттағы маңызы Жоспар
494.04kb.

14 12 2014
3 стр.