Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




БАСПАСӨЗ ХАБАРАЛАМАСЫ

14 мамыр 2012 жыл

Атырау қаласы

«Атырау МӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі 2012 жылдың 13 мамырында буландыру алаңындағы құрғақ қамыстың өртенгендігі туралы хабарлайды. Дабыл диспетчерлік пультке түскі 13.00 сағатта түскен. Буландыру алаңында өрт орын алған жағдайдағы іс-шаралар жоспарына сәйкес зауыттың өртке қарсы, газдан құтқару және медициналық қызметтің кезекші бөлімі, зауыттың бас мамандары мен цех басшыларына хабар беріліп, олар жедел арада өрт туындаған аумаққа жетті. Дабыл қабылғаннан соң буландыру алаңына 5 арнаулы техника, 3 өрт сөндіру техникасы жіберіліп, өрт толығымен сөнгенінше сол аумақта жұмыс жасады. Буландыру алаңына қосымша 84 зауыт жұмысшысы жіберіліп, олар сағат 13.00-тен 17.55.-ке дейін өрт ошақтарын сөндірумен айналысты. Өрт қала жақ беттен туындаған. Сектордың солтүстік-бағыты бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде кенеттен солтүстік-шығыс сектордан өрт туындап, екі жақтан орын алған өртті толығымен сөндіру үшін өрт сөндірушілер тобын екіге бөлу туралы шешім қабылданды. Өрт аумағы шамамен 5 гектарды құраған.

Өрт аумағынан арнаулы техниканың өте алмауы себебінен өртті түрлі өрт сөндіру құралдарының көмегімен зауыт өрт сөндірушілері, газдан құтқарушылар мен цех жұмысшылары сөндірді. Жанған мұнай өнімдері емес, шөп пен қамыс. Өйткені, мұнай өнімдерін тырма мен күрек көмегімен сөндіру мүмкін емес. Өрт шалу аумағы бұдан да үлкен болуы мүмкін еді, зауыттың өрт қызметінің жұмысы арқасында өрт уақытында толығымен сөндірілді.

Өрт сөндіру кезінде жарақат алғандар болған жоқ.

Буландыру алаңында ұзақ жылдар бойына өрт оқиғасы орын алып жүр. Мұның негізгі себебі – қолдан өрт қою. Мұндағы мақсат – мал бағатын орын алу, қамыс дайындау және аңшылық.

Буландыру алаңындағы өрт оқиғаларын болдырмау мақсатында зауыт «ИСА-М» ЖШС-мен аталған нысанға қызмет көрсету жөніндегі келісімге отырды. Бұл жолы компанияның өз күші аздық етті.



«Атырау МӨЗ» кәсіпорынның қалыпты тазартылған сарқынды суын және Атырау қаласының солтүстік жағалауындағы тұрғын үйлеріне арналған суы жиналатын буландыру алаңына сарқынды суларды жібереді. Буландыру алаңдарының жалпы көлемі 27 га, олардың ішінде 15 га зауытқа жалға берілген. Атырау мұнай өңдеу зауытынан басқа буландыру алаңдарына «Атыраубалық» АҚ, «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ, «Атырау Су Арнасы» КМК, «SAT Operating Atyrau» ЖШС су жібереді.

Анықтама:

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:

99,5% үлестің иесі «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.

«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.  

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.

Баспасөз хабараламасы 14 мамыр 2012 жыл Атырау қаласы «Атырау МӨЗ»

Сектордың солтүстік-бағыты бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде кенеттен солтүстік-шығыс сектордан өрт туындап, екі жақтан орын алған өртті толығымен сөндіру үшін өрт сөндірушілер тоб

21.13kb.

25 12 2014
1 стр.


Баспасөз релизі 21 қараша 2012 жыл Атырау қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жшс ішкі байланыс және ақпарат қызметі зауыттың бас директоры қызметіне Қайрденов Арман Құрметұлының тағайындалғандығы туралы хабарлайды

30.8kb.

25 12 2014
1 стр.


Баспасөз релизі 17 ақпан 2012 жыл Атырау қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»

«АМӨЗ» жшс еңбек ресурстары басқармасының бастығы Ә.Ә. Жайлашева, Атырау облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы М. Абдрахимов, Балыкшы кенті Мүгедектер спорт клубының директоры Б.

18.22kb.

17 12 2014
1 стр.


4 қыркүйек 2010 жыл Атырау қаласы Атырау МӨЗ-ындағы ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылысының іргетасына «алғашқы тас»

Атырау МӨЗ-ындағы ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылысының іргетасына «алғашқы тас» қалау рәсімі өткізу жоспарланған. Шараға Қазақстан Республикасы мұнай саласының же

37.39kb.

15 12 2014
1 стр.


Баспасөз хабарламасы 20 маусым 2012 жыл

«Атырау МӨЗ» жшс-інің қалыпты технологиялық түзімде жұмыс жасап тұрған элоу-авт-3 бастапқы мұнай өңдеу қондырғысының н-1Б сорғысында өрт шықты

11.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Баспасөз хабарламасы 6 маусым 2012 жыл Бейжің қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жшс қытайдың экспорттық-импорттық банкімен (exim) мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойды

19.42kb.

18 12 2014
1 стр.


Баспасөз хабарламасы 17 тамыз 2012 жыл Астана қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жшс 2012 жылдың 17 тамызында Астана қаласында Қазақстанның Даму Банкімен арада Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойыл

22.41kb.

15 10 2014
1 стр.


Баспасөз хабарламасы 21 маусым 2010 жыл Атырау қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен жобасының қазақстандық мазмұны»

«Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен жобасының қазақстандық мазмұны» конференциясының басты мақсаты – қазақстандық ірі машина жасаушы компания

27.83kb.

25 12 2014
1 стр.