Баяндама
«Мектеп кітапханасының көрнекті жұмысы»
Кітапхана көрмесі – арнайы іріктелген және жүйеленген құжаттарды, басқа жәдігерлерді жалпылай көрсету жолымен пайдаланушыларға басылымдар, оқиғалар, проблемалар туралы хабарлауды қамтамасыз ететін көрнекі хабарлаудың негізгі нысаны.
Көрме құжаттарды немесе олардың мазмұнын ашып көрсететін материалдарды, көзбен қабылданатын түрде тікелей көрсетуді білдіреді. Кітапхана пайдаланушысы құжаттың өзін немесе оның бейнесін көреді. Әрбір көрме нақты міндеттерді шешеді және белгілі бір оқырмандық мақсаты болады.
Көрме пайдаланушының шынайы ықылысын туғызып оны қызықтыратын немесе өзінде бар қызығушылығын және ақпараттық қажеттігін қанағаттандыратындай болып рәсімделуі тиіс.
Кітапхана көрмелерін дайындау әдістемесі:
1.Тақырып таңдау. Ол тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне байланысты. Көрме оқырмандарды қызықтыратын мәселерге жауап беруі тиіс.
2. Оқырмандық және мақсаттық міндетін анықтау.Көрменің табысты болуы көбіне оның мақсаты мен оқырмандық міндетін дұрыс түсінуге байланысты.
3. Көрменің құрылымын анықтау дегеніміз онда қандай бөлімдердің ұсынылатыны туралы шешім қабылдау.
4. Материалдарды көрмеге дайындау. Көрмеге кітаптан басқа мерзімді басылымдардың мақалалары мен библиографиялық құралдарды ұсынуға болады.
5. Көрменің безендірілуі мен дизайны тұжырымдамасын әзірлеу. Бұл өте маңызды кезең, көрменің тақырыптар мен тиімділігі көбіне соған байланысты болады . Мәнерлі тақырыптар, бөлімдер, сөздәйектер немесе бөлімдерге қосымша мәтіндер іріктеліп алынады.
6. Көрмені экспонаттау. Бұл кезең көрмені насихаттауды, яғни оқырмандарды көруге шақыратын шолулар, сұхбаттар өткізуді қамтиді.
7. Бақылау,сұрау, анкеталау әдістерін қолданып,тиімділігін есепке алу және әр алуан көрмелерге деген көзқарастың ауқымын анықтап, оқырмандар ұсыныстары мен тілектерін ескеруге септігін тигізеді .
Кітапхананың көрме жұмыстарына қойылатын басты талаптар:
1. Жайылылық
2. Көрнекілілік
3. Ұғынылықтылық
4. Тындырылымдылық
Қорға еркін кіру жағдайында сөрешілік және стеллажішілік немесе стеллаждардың бүйірлерінде көрмелер ұйымдастыруға болады.
Кітапхана көрмелері мындай бірқатар белгілері бойынша жіктеледі:
-
мазмұнына қарай –көрмелер әмбебап, салалық және дербес болуы мүмкін. Мәселен, айтулы күндерге орайлас , көрнекті қайраткерлердің мерейтойларына арналған көрмелер, жанрлық көрмелер:
-
мақсатына қарай -кәсіби және білім беру қызметіне көмек ретінде, мәдени деңгейін арттыруға арналған
-
шыққан кітаптардың жариялануы және кітапханаға түскен уақытына қарай;
-
экспонатталған орнына қарай – кітапханада және оның сыртында ұйымдастрылған;
-
қызмет ету мерзіміне қарай – тұрақты , ұзақ, жүйелі, қысқа мерзімді;
-
пайдаланылған ресурстарына қарай – сол кітапхана қорына негізделген немесе бірнеше кітапханаларға арналған
-
басылым түрлеріне қарай –кітап, басылымдардың басқа түрлері ( журнал немесе газет және электрондық)
-
құрастырылған ерекшеліктеріне қарай – витриналық, стеллажішілік, сөреішілік (тақырыптық сөре) және т.б.
-
өткізілу негізділігіне қарай- кітапханашылар бастамасы бойынша,кітапхана оқырмандарының ұсынысы бойынша, ұйым тапсырысы бойынша.
Көрмелердің негізгі түрлерінің қатарына
Тақырыптық көрмелер мен
Жаңа түсімдер көрмелері жатады.
жатады.
Жаңа түсімдер көрмесі – кітапхана қорына қүжаттардың ағымды түсуі туралы хабарламаны көрнекі түрде ұсыну жолымен қамтамасыз етілетін кітапхана көрмесі. Жаңа түсімдер көрмелері әмбебап сипаттағы, басылымдар типтері мен түрлері, білім салалары бойынша көрмелер болып табылады. .
Тақырыптық көрмелер көкейтесті мәселелер жөнінде әлеуметтік маңызды әдебиеттер ұсынуға қызмет етеді. Көрме құрылымы, оның бөлімдерінің атауы, сөздәйектері,әдебиеттерді жүйелеу сипаты оқырмандарға тақырыпты зерделеуге көмектеседі.
Тақырыптық көрмелер:
- Ғаламшардың көкейтесті проблемалары бойынша;
- оқырмандардың көпшілігінің қызығушылығын туғызатын қоғамдық өмір проблемалары бойынша;
- ғылым, мәдениет және өнер проблемалары бойынша;
- сол кітапхананың белгілі бір оқырмандар тобына бағдарланған тақырыптар бойынша;
- атаулы оқиғалар жылдығына және көрнекті адамдардың қызметіне байланысты тақырыптар бойынша;
- оқу үдерісіне көмек ретінде;
- жекелеген басылымдарды, әдебиет түрлері мен жанрларын насихаттау мақсатында.
Оқу үдерісіне көмек ретіндегі көрмелер білім беру ұйымдарында білім алушыларға арналады.Мұндай көрмелердің көмекші сипаты болады, оқушыларға жеке оқу пәні, дербес жұмыс істеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді іздестіру мен меңгеруді жеңілдетеді.
«Бір кітап» көрмесі- оқырмандардың кең тобы арасында жекелеген басылымдарды насихаттау түрі. Әдетте, «көрмелік» басылымның өзінен басқа шығарманың жасалуын ашып көрсететін жарияланымдар, сыни мақалалар, иллюстрациялық материал шығарма авторы туралы ғұмырбаяндық анықтама көрмеленеді.
№ 3жалпы орта білім беретін мектеп-кешен кітапханасында биылғы жылы мынандай кітап көрмелері ұйымдастырылды:
Қазақстан - менің Отаным
Казахстан - моя Родина
Салауатты өмір салты
Здоровый образ жизни.
Атаулы күндер
Знаменательные даты
Кітап- оқу бағыты
Книга – орентир учебы
Балалар. бұл сіздер үшін
Дети, это для вас
Тақырыптық сөрелер: «Тәуелсіздік тірегіміз», жолдау «Қазақстан-2050 стратегиясы», «Табиғатты аялайық, Берегите природу», «Бала болашағымыз» «Анықтамалық басылымдар Справочные издания», «Тәрбие тал бесік» және т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Организация работы школьных библиотек / Сост.А.С.Аманова. Алматы,
2010-306 стр.
«№3 жалпы орта білім беретін мектеп –кешен» КММ
Кітапхана
Баяндама
«Мектеп кітапханасының
көрме жұмысы»
Орындаған: Байелова М.С
№3 мектеп-кешен
кітапхана меңгерушісі
Семей қаласы, 2013жыл