Саға мектеп-бала бақшасы
Ашық сабақ
8-сынып
Тақырыбы:
Допты төменнен қабылдау
Өткізген: Р.Құрманғазин
2008 -2009 оқу жылы
Бекітемін:
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Қосбаева
Саға мектеп-бала бақшасының 5 сыныбына дене шынықтыру сабағының
Жоспар конспектісі.
Күні: 13. 02.2009 ж.
Тақырыбы: Алаңда ауысу техникасы.
Сабақтың мақсаттары: 1. Сабаққа оқушыны ынталандыру
2 . Оқушылардың шапшаңдығын,ептілігін нығайту.
3. Спорттық шеберлігін одан әрі шыңдау.
Сабақтың міндеті: Үйрету,жетілдіру,қабылдау.
Керекті құрал –жабдықтар . Секундомер, ысқырық ,доптар.
Өтілетін орны: Спорт залы.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, үйрету, қайталау, жаттығу, ойын.
Уақыт:1сағат(45 минут)
Сабақты өткізген : Құрманғазин Р .
№
|
Кіріспе бөлімі
|
Жүктеме
|
Әдістемелік
нұсқаулар
|
1
|
Дайындық кезеңі - минут
|
15 м
|
|
а)
|
- Сынып оқушыларының бір қатарлы сапқа тұруы, ретімен саналу, баяндама қабылдау, амандасу, түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын көріп шығу. Оқушыларға сабақтың мақсаттарын хабарлау. Қауіпсіздік ережесі.
|
|
Оқушылардың спорт киімін тексеру.Оңға,солға,кері бұрылу.
|
ә)
|
- Баяу жүру және жүгіру
|
|
Айналымдағы жүгіріс.
|
б)
|
- Саптық жаттығулар: Бір лекпен жүріп 2 қатарлы сап құру.
|
|
|
в)
|
- Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында орындау:
|
4-6 рет
|
|
|
Б. Қ. Аяқ алшақ, қол белде. Басты оңға, солға айналдыру.
|
4-6 рет
|
Аяқ бүгілмеиді
|
|
Б. Қ. – қол иықта. Қолды алға, артқа айналдыру.
|
4-6 рет
|
|
|
Б.Қ. – қол желкеде. Денені оңға 1 – 2, солға 3,4 айналдыру.
|
4-6 рет
|
|
|
Б.Қ. – қол кеуде алдында. 1 – 2 қолды бүгіп артқа 3 – 4 оңға, (солға) бұрылып сілтеу.
|
4-6 рет
|
|
|
Б.Қ. - қол белде. Белді оңға – солға айналдыру.
|
4-6 рет
|
|
|
Б.Қ. – аяқ бірге, қол алда. 1 – оң аяқты сол қолдың ұшына, 2 – сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу.
|
6-8 рет
|
Тізені тік ұстау.
|
|
Б.Қ. – қол белде, 1 – отыру қол алда, 2 – тұру қол белде.
|
6-8 рет
|
|
|
Б.Қ. - қол белде. 1 – артқа шалқайып қолды жоғары көтеру. 2 – еңкейіп қолды еденге тигізу.
|
4-6рет
|
Аяқ бүгілмеиді
|
| Негізгі бөлімі. |
25 м
|
|
|
Алаңда ауысу техникасын үйрету үшін
алдымен оқушылар орындарын білу керек .1-ші оқушы допты ойынға қосу .6-ші оқушы ортанғы қорғаушы.5-ші оқушы қорғаушы.4-ші оқушы шабуылшы. 3-ші оқушы көтеруші. 2-ші оқушы шабуылшы. Алаңда алмасудың түрлері. 1-ші мен 6-шы ойыншылардың алмасуы. 3-ші мен 6-шы ойыншы. 1-ші мен 3-ші ойыншының алмасуын үйрету.4-ші мен 2-ші ойыншының ауысуы. 5-ші мен 3-ші ойыншының алмасуын. 6-ші мен 5-ші ойыншының алмасуын үйрету. Оқушылардың алаңда толық ауысуын, ауыса алатынын қадағалау. Төмендегі суретте көрсетілген волейбол алаңы.
|
|
| Қорытынды бөлімі |
5 м
|
|
| Оқушыларды сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру, оқушылармен қоштасу. |
|
|