Перейти на главную страницу
6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
Қазақстан Республикасы
Қызылорда, 2013
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық- педагогикалық институты, педагогика және психология кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: |
психология ғылымдарының кандидаты А.Ж. Аяғанова |
Ресми оппонент: |
Психология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы Ш. Турдалиева |
Диссертация 2013 жылдың ______күні сағат ____Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қ, Төлеби көшесі, №36, 7 оқу ғимараты, гуманитарлық- педагогикалық институты 4 қабат, ______ дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ҒТК танысуға болады.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін жақсарту өз шешімін тауып, халыкаралық деңгейде жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетіп келеді. Қазақстандык дене тәрбиесі жүйенің тиімділігі көптеген факторлар аркылы анықталады. Олардың ішінде спортшы тұлғасының іргетасы каланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін кұру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқаруда.
Спортшылар өмірінде, іс-әрекеті мен қарым-қатынасында ерекше психологиялық жолмен шешуді қажет ететін жағдайлар аз еместігі белгілі. Тәжірибеден өз әлеуеттерін толык қолданбайтын, ерік-күштерін шамалы ғана жұмсайтын немесе еңбек іс-әрекеттері барынша нәтижелі, әлеуметтік тұрғыдан құптарлықтай болғанмен, осыған шамадан тыс күш, кажыр-кайрат жұмсалу салдарынан олардың психологиялык кажуы, титыктауы, саркылуы, яғни, жалпы тіршілік әрекетінің шыркы бұзылуы орын алған жағдайларда кездеседі. Іс-әрекетінен мәнді нәтиже алуға кеткен күш-қайраттың орнын толтыра алмау салдарынан кейбір жастардың психологиялық стресс алуы да кездеседі Сондықтан спортшылардың барлық күш-жігерін осы сәйкессіздікті жоюға ғана арнауға тура келеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі кезде психология ғылымында эмоция туралы зерттеулер және оның теориялык дамуы өзге такырыптарымен салыстырып карағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Сондықтан іс-әрекет, карым-катынас барысында немесе оларды кабылдау, жүзеге асыру ерекшеліктерімен байланысты пайда болатын кайшылыктарды спортшылар саналы түрде аңғарып, тани білуі қажет.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтер жұмысын ұйымдастыру олардың маңыздылығын айқындап, түрлі мәселелік жағдаяттарын анықтауға және өмірдің күрделі жағдайларында дәлме-дәл шешім кабылдауға машықтандыруда эмоциялық қалыпты реттеуде тиімділігінің зор екендігі дәлелденуде. Сондықтан спортшылардың эмоциялық қалпын реттеуде әлеуметтік-психологиялық треннигтерді пайдалану жолдарын анықтау өзекті мәселердің бірі ретінде алға шығады.
Біздің зерттеулеріміздің басты бағыты спортшылардың эмоциялық қалпын реттеуде психологиялық тренингтердің рөлін анықтау болып табылады.
Практикада әлеуметтік-психологиялық тренингтерді ұйымдастыру мәселесі қоғам сұраныстарынан туындап отыр. Әсіресе, спорт саласындағы жетістікке ұмтылыс жағдайында тұлғалардың көздеген межеге жетуіне сенімділік ұялату, өзіндік иландыру мен мақсатқа бағыттылықты қалыптастыру релаксациялық жаттығулармен қатар, әлеуметтік-психологиялық тренингтерді ұйымдастырумен қол жеткізілетіндігі көптеген зерттеулерде көрсетіп жүр.
Зерттеу мақсаты: Әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы спортшылардың эмоциялық қалпын реттеу жолдарын жүйелеу. Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
арқылы алынған мәліметтер негізінде әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізіп оны реттеуге болады.
Зерттеу пәні: Әлеуметтік-психологиялық тренингтер мен спортшылардың эмоциялық қалпы.
Зерттеу нысаны: Спортшылар тұлғасы.
Зерттеудің жаңалығы.
Зерттеуде қолданылған әдістер. Қойылған мақсаттарға байланысты спортшылардың психологиялық ерекшеліктері мен эмоциялық қалпын анықтау үшін психологиялық және педагогикалық әдебиеттер және әдістемелік құралдарды және құжаттарды теориялық талдау; психодиагностикалық әдістемелер: Санкт-Петербург әскери-медициналық академия қызметкерлері құрастырған САН (С-хал-жағдайы, А-белсенділік; Н-көңіл күй); Көңіл-күйді бағалау әдістемесі; әлеуметтік-психологиялық тренингтер.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Спортшылардың эмоциялық қалпын реттеуге бағытталған әдістемелер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп қолданылды, нәтиже көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға әкеледі. Зерттеу көрсеткіштері мен қолданылған әлеуметтік-психологилық тренингтер психолог әрекетінің құрылымы мен стратегияларының ықпалын және спорт нәтижесінің жетістігін жоғарылатуға әкеледі. Алынған теориялық қортындылар мен практикалық нұсқауларды студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында, психодиагностикалық және кеңес беруде қолдануға болады.
Ғылыми нәтижелердің дәйектілігі мен негізділігі. Спортшылардың эмоциялық қалпын әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы реттеу жөніндегі тұжырымдар теориялық-эксперименттік тұрғыдан негізделуімен, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеу әдістерін қолданумен, нәтижелерді сандық және сапалық талдауға мүмкіндік беретін эксперименттік-эмпиралық жұмыстың тұтастылығымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері республикалық конференцияларда жарияланды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері.
Бірінші кезеңде (2011 ж) тұлға құрылымы, эмоция, әлеуметтік-психологиялық тренингке байланысты әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды, зерттеу жұмысының нысаны, пәні, жалпы және жеке болжамдары, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды.
Екінші кезеңде (2012 ж) жарыс алдындағы спортшылардың эмоциялық қалпын диагностикалау жұмыстары жүргізіліп, оны реттеу үшін әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізілді. Зерттеу жұмыстары бойынша статистикалық талдау жасалып, тұжырымдар мен қорытындылар жасалды.
Зерттеу базасы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің университетінің «Сыр сымбаты» спорт клубы негізінде ашылған бокс секциясына қатысушы 1;4 курс студенттері. Респонденттер саны- N=40
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Магистрлік диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі – 92 бет, қолданылған деректер тізімі- 90 әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі «Психология ғылымында спортшылар тұлғасын теориялық зерттеу» деп аталады. Бұл бөлімде біз психология ғылымындағы спортшылар тұлғасының зерттелуі тұжырымдалды. Жалпы алғанда адам іс-әрекетінің барлық түріндегі сияқты спортта тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері маңызды мазмұнға ие болып табылады. Спортшы тұлғасының даралық және оның әрекетінің техникалық-тактикалық стиль ерекшеліктерін дұрыс ескергенде ғана олардың жетістікке жету мүмкіндігі жоғарылайтындығы сөзсіз. Осы орайда, спортшы тұлғасының даралық ерекшеліктерін білгеннен кейін оның мүмкіндігін дамытуға және қарқынды пайдалануға болады.
Спорттық іс-әрекет өзінің мәні бойынша тұлғаның жекелік қасиеттерін тәрбиелеу үшін маңызды амалдардың бірі болып табылады. Спорттық іс-әрекеттің мінез қалыптасудағы рөлі тұлғаның даралық ерекшеліктері мен ерік сипаты көрініс беретін әлеуеттің негізгі құрылым ретінде алға шығады. Бүгінгі күні жастардың бойында салауаттылықты тәрбиелеуде спорттың алар орны ерекше. Сондықтан да спортты жан-жақты зерттеу маңызды мәселелердің қатарына кіреді. Дегенмен, спортшы орындайтын жаттығу процесінің әрекеті тұрақты, сенімді болуы үшін экстремальді жарысу жағдайында әскери мінез көрініс беретін дағдылар жүйесі болуы қажет. Бұл жағдайда спортшы көп ойланбай және бөгелмей әрекет етуге қабілетті болуы қажет.
Тұлға көпшекті және глобальді ұғым болып табылады. Көп жағдайда тұға ұғымы жинақтаған қасиеттердің әлеуметтік жиынтығы ретінде анықталады. Психология ғылымында “тұлға” категориясы басты ұғымдардың қатарында. Дегенмен, “тұлға” ұғымы тек психологиялық ғана емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі. Атап өтсек, философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен және т.б. Осы орайда, психология ғылымының шеңберінде тұлғаны зерттеу ерекшелігі неде және бұл ұғымның мәні қандай екендігін анықтап аламыз.
Біз зерттеуімізде спортшылардың тұлғалық ерекшеліктерін анықтамас бұрын жоғарыда тұлға ұғымына сипаттама беріп отырмыз. Осы кезекте біз тұлғаның құрылымына түсініктеме беріп өтуді жөн санап отырмыз.
Тұлға құрылымын қарастырғанда біз психологиялық зерттеулердің негізінде оны төмендегідегі сызбада жіктеп алып отырмыз.
2-Сурет Спортшы тұлғасы қалыптасуының аспектілері
Екінші бөлім «Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің теориялық негіздері» деп аталады. Бүгінгі күні психология ғылымының қолданбалы және тәжірибелік салаларында «тренинг» түсінігі кеңінен қолданылып жүр. «Тренинг» ұғымының нақты тұжырымдап беретін анықтамасы жоқтың қасы. Сондықтан бұл ұғым психологиялық тәжірибеде әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде жиі пайдаланылып жүргені белгілі. Осы орайда, «тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие болып табылады. Кеңес ғалымы Ю.Н. Емельяновтың пікірінше тренинг іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтегі топтық динамика адам өміріндегі бағыттылықтың өзара әрекеттестігінің үлгісі болып табылады. Дегенмен, адам өмірінде өзара әрекеттестіктің басқа да түрлері бар екендігін естен щығармау керек. Бұл тұлғалардың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге нысандалған өзара әрекеттестігі болып табылады. Өйткені, мақсат қоя білу және оларға қол жеткізу үйлесімді тұлғаның маңызды қасиеттерінің бірі. Үйлесімділік өзгелермен қарым-қатынастарында өзін көрсете алу біліктілігімен байланысты болып келеді.
Ресейлік анықтамалық басылымдардың көбінде тренингтің төмендегідей түрлері жиі келтіріледі.
№ |
Тренингтің атауы |
Сипаттамасы |
1 |
Коммуникативтік дағдылар мен икемділіктер тренингі |
Қарым-қатынас дағдыларын дамыту |
2 |
Өзіндік жүйелеу тренингі |
Өзіне деген сенімділігін күшейту |
3 |
Жеке адамның тұлғалық өсу тренингі |
Жеке үйлесімділік құру |
4 |
Оқытушы тренингтер |
оқушылардың нақты категориясына арналған: мекеме қызметшілеріне кәсіби маңызды дағдылар тренингі, келіссөздер жүргізу тренингі және т.с.с. |
Әртүрлі өлшемдердің көмегімен тренинг түрлерінің басқа жіктелуін құруға болады. Нақтылайтын болсақ, мақсат өлшемдерін пайдалана отырып, кейбір авторлар тренингтік топтардың келесі алуан түрлігін атап көрсетеді:
Қазіргі таңда кеңінен қолданылып отырған медиативтік техникаларда тренингтік әдістердің қатарына жатады. Біздің зерттеуміздің эксперименттік бөлімінде бұл әдістер қолданылады. Себебі, оларды топтық та жекелік те жұмыс процесінде пайдаланудың тиімділігі тәжірибеде дәлелденген. Көбінесе, аталмыш техникалар денелік және сезімдік релаксацияға, артық психикалық күштен және стресстік күйден арылу амалдарын үйренуді оқыту мақсатында қолданылады. Себебі, спорттық жарыс кезінде оған қатысушылардың сәтсіздіктен қашу мақсатындағы қобалжулары оның нәтижесі кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да медиативті немесе жалпы психологиялық тренингтерді тиімді пайдалану тұлғаның өз әлеутетін толық көрсетуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ өзіне сенімін күшейтеді.
Үшінші бөлім «Спортшылардың эмоциялық қалпын әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы реттеуді эксперименттік зерттеу» деп аталады.
Эмоциялық қысым психикалық тұрақтылықтың және психомоторлық процесстердің уақытша төмендеуімен сипатталады. Бұл өз кезегінде вегетативті реакция мен эмоцияның сыртқы көріністерімен қатар жүреді. Сонымен қатар, түрлі эмоциялық реакциялар мен әсерленулер қатар жүретін эмоциялық-еріктік, психикалық, соматикалық аймаққа әсер етуші эмоциогенді, психогенді, стрессогенді және басқа да факторлармен байланысты туындайды және дамиды. Көп жағдайда қысымның тездігі мен даму дәрежесі даралық психологиялық ерекшеліктер арқылы анықталады. Жекелей айтсақ, эмоциогенді әсерлерге қарсы тұру алу қабілеті ретінде оның ықпалына даралық тұлғалық мәнділігі болып табылады. Функциялық мүмкіндіктердің ұтқырлығымен байланысты туындайтын психикалық қысымды эмоциялық қысымнан ажырата білу керек.
Қысым эмоциялық ықпал етулерге солғын түрде жауапты сипаттаушы эмоциялық қозудан ажыратылады. Күшті эмоциялық қозу қысым сияқты кернеулікке өсуі мүмкін. Кейбір авторлар қысымды операциялық қысым деп те атап жүр. Психикалық қысымнан ерекшелігі жағымсыз қалып сияқты психикалық процесстердің тұрақтылығының төмендеуімен байланысты болады.
Қысым қалпын анықтау онымен қатар жүретін төмендегі үш компонентті бағалау жолымен жүзеге асады:
Спортшының өз басындағы, өміріндегі және кәсіби іс-әрекетіндегі психологиялық мәселелерді аныктай алуы аса маңызды болып келеді. Осыған орай, спортшы-жастар өміріндегі әлеуметтік-психологиялык күрделі жағдайларды айқындау үшін эксперименттік жұмыс жүргізілді. Сауалнама, сұхбат арқылы жастардың өмірінде болатын типтік әлеуметтік-психологиялык мәселелер тізімі жасалды. Олардың жауаптарындағы айтылған психологиялык мәселелер мазмұны бойынша төмендегіше жіктеле отырып, топтастырылды:
1. Спортшылар үшін мәселе не қиындық ретінде қабылдана отырып, танылатын кейбір түлғалык ерекшеліктерге мыналар жатады:
- сенімсіздік;
2. Қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- қарым-катынас жасау дағдысының жеткіліксіз болуы;
- әркашан адамдармен тіл табыса алмау;
- бастамашылдықтың жетіспеуі;
- тұйыктык т.с.с.
3. Оку, еңбек іс-әрекетіне қатысты мәселелер:
- сәтсіздікке бой алдыру;
- іс-әрекеттеріне көңілдің толмауы;
- уақытты жеткізе алмау;
- өзара әрекеттестікгі тиімді орната алмау;
- ерік-жігердің жетіспеуі т.с.с.
4. Тұрмыс жағдайына, тіршілік әрекетіне байланысты мәселелер:
- мекен- жайдағы жағдаймен қанағаттанбау;
- дем алуға уақыттың болмауы;
- күн тәртібін сактай алмау т.с.с.
5. Материалдық жағдайлардан туындайтын мәселелер:
- қаржыны үнемдей алмау;
- материалдык жағынан тәуелсіздіктің болмауы; материалдық жағдайға
байланысты дәрменсіздікті сезіну, кредит ала алмауға және алғандардың оны өтей алмауына байланысты психологиялык тығырыктар т.с.с.
6. Өзін-озі танытуға орай мәселелер:
- өмірде өзіндік орын табудың қиыншылығы;
- болашақтың бұлыңғырлығы;
- өзіндік танымның жеткіліксіздігі
- өзіндік бағаның дәлме-дәл болмауы т.с.с.
7. Жеке бастың жағдайы ретінде кабылданатын, түсінілетін әлеуметтік
ортадағы мәселелері:
- отбасындағы жағдайдың ауырлығы;
- жакын адамның денсаулығындағы мәселелер;
- «қазіргі адамдардың өзгеруі» т.с.с.
8.Физикалык және психологиялық денсаулыққа
қатысты мәселелер:
- шаршау;
- кажу жәйті;
- денсаулықтың нашарлауы;
- қоркынышқа, стреске бой алдыру т.с.с.
Осыған орай спортшы-жастар арасында әлеуметтік-психологиялык жұмыс ұйымдастырудың басты бір формасы ретінде субъективтілікті дамыту тренингі алынады. Мұнда жастардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, әрекеті, қарым-катынас жасау ерекшеліктері сипатталған рөлдік ойындар, мәселелік жағдаятты талдау, пікірталас әдістері камтылған тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.
Біз эксперимент жұмысына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сыр сымбаты» спорт клубы негізінде ашылған бокс секциясына қатысушы 1;4 курс студенттері респондент ретінде таңдылды. Респонденттер саны N=40. Ең алдымен біз зерттеу бағдарламасын құрып алдық. Зерттеу бағдарламасы төмендегі кестеде көрсетілген.
2 - Кесте Зерттеу бағдарламасы
Зерттеу кезеңдері |
Мақсаты |
Міндеттері |
Мазмұны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 кезең |
Экспериментті ұйымдастыру |
- Эксперимент жүргізуші респонденттерді таңдау; - студенттермен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; - экспериментке стимулдау тәсілдерін ұсыну; - зерттеу әдістерін негіздеу; -әлеуметтік-психологиялық тренингтерді таңдау:
|
- топішілік жарыстарды ұйымдастыру арқылы респонденттермен зерттеу жұмысын жүргізу; - Зерттеу әдістері: САН әдістемесі; Эмоциялық қалыпты өзіндік бағалау. -релаксациялық жаттығуларды анықтау.
|
1 |
2 |
3 |
4 |
2 кезең |
Жарыс алдында спортшылардың эмоциялық қалпын психологиялық диагностикалау |
- САН әдістемесін жүргізу; - көңіл күйді бағалау әдістемесін жүргізу |
Психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін интерпретациялау |
3 кезең |
Әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы эмоциялық қалыпты реттеу |
|
-эксперименттік топта тренингттік сабақтар ұйымдастырылды; -тұжырымдар жасау. |
4 кезең |
Қортынды жасау |
- зерттеу жұмыстарын жүйелеу; -зерттеу нәтижелерін өңдеу; - қорытынды жасау; - тұжырымдамалар мен ой-пікірлер қалыптастыру. |
-сандық өлшемдер арқылы математикалық талдау жасау; -әдістер сенімділігі айқындау. |
Эксперимент жұмысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде спортшылардың жарыс алдындағы эмоциялық қалпын анықтау мақсатында психологиялық диагностика жүргізілді Ол үшін төмендегідей әдістемелер пайдаланылды:
- САН әдістемесі;
- Көңіл күйді бағалау;
Екінші бөлімде әлеуметтік-психологиялық тренингтер, яғни релаксациялық жаттығулар жүргізілді.
Біз зерттеу жұмысымызды бастамас бұрын экспериментке сыналушылардың эмоциясын стимулдап алдық. Ол үшін төмендегідей тәсілдер пайдаланылды. Сыналушылар үшін жеткілікті маңызды болып табылатын эмоциялық стимулдар, эмоциогенді ықпал етулер ретінде әртүрлі әсерлер пайдаланылады.
Жалпы алғанда тұлғаның эмоциялық қалпын өлшеу негізгі үш аспект бойынша жүзеге асады. Бұл аспектілер төмендегідей:
- Эмоциялық;
- Физиологиялық;
- Мінез-құлықтық.
Жоғарыда көрсетілген аспектілер өзара тығыз байланыста болады. Спорт тәжірибесінде эмоциялық реакция мен жаттықтыру қарқындылығы және жарыс әрекеті өзара байланыста меңгеру құнды болып табылады.
Зерттеу жұмысымызда біз респонденттерге қолайлы психологиялық ахуал жасауға тырыстық. Себебі, тұлғаның жетістікке жету мотивінде айналасында болып жатқан жағдайлар міндетті түрде өзінің әсерін тигізері сөзсіз.
Әрине эксперименттік жұмысты ұйымдастыру бірнеше қиындықтар туындады. Жарыс жағдайында спортшы жастардың басым көпшілігінің жарыс жағдайына акцент жасады, соынмен қатар, психологиялық тренингті өткізуге сыртқы жағдайлардан кедергілер де кездесіп жатты. Дегенмен біз зерттеу мақсатына жетуге бар мүмкіндікті пайдануды көздедік.
Қарқынды түрде физикалық және психикалық күш түскенде эмоциялық қалыпты өлшеу үшін САН әдістемесі қолданылады. Бұл әдісті Санкт-Петербургтік академия қызметкерлері дайындаған.
3- Кесте САН әдістемесі
Мерзімі __________________ уақыты_________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 |
Өзін сезінуі жақсы Өзімді күшті сезінемін Тек солғын ... үшін аз қозғалам Көңілді Көңіл күйім жақсы Жұмысқа қабілетті Күшім толық Шабан Әрекетсіз Бақытты Өмірге құштарлы Қысымды Дені сау
Енжар Селқос
Мәз мейрам Қуанышты Демалған Жас
Маужырау Демалу ниеті Тыныш Оптимист Көнбіс Тың
Ұғу қиын Алаңғасар Үмітке толы Көңілі тоқ |
С 9 8 7 6 5 4 3 2 1 |
Нашар Әлсіз
Белсенді Қозғалғыш Мұңлы Нашар
Сыну Күшсізмін Жылдам Әрекетшіл Бақытсыз Шытулы
Босаң Ауру
Құштар Қобалжулы Жабырқаңқы Мұңды
Шаршаған Қаңсыраған Абыржыған Жарысу
Қамжеген Пессимист Қажыған Солғын
Оңай Ықыласты
Үміті үзілген Наразы
|
А 1 2 3 4 5 6 7 8 9 | |||
Н 9 8 7 6 5 4 3 2 1 | |||
С 9 8 7 6 5 4 3 2 1 | |||
А 1 2 3 4 5 6 7 8 9 | |||
Н 9 8 7 6 5 4 3 2 1 | |||
С 9 8 7 6 5 4 3 2 1 | |||
А 1 2 3 4 5 6 7 8 9 | |||
Н 9 8 7 6 5 4 3 2 1 | |||
С 9 8 7 6 5 4 3 2 1 | |||
А 1 2 3 4 5 6 7 8 9 | |||
Н 9 8 7 6 5 4 3 2 1 | |||
С 9 8 7 6 5 4 3 2 1 | |||
А 1 2 3 4 5 6 7 8 9 | |||
Н 9 8 7 6 5 4 3 2 1 |
Бұл әдістемеде әрбір әріп анкетада көрсетілгендей адамның белгілі бір эмоциялық қалпын білдіреді: С- хал- жағдай (самочувствие), А-белсенділік (активность), Н- көңіл-күй (настроение).
С әрпіне келесі жұп сөз сәйкес келеді- 1,2; 7,8; 13,14; және әрбір екі жұптан кейінгі үшінші; А әрпіне-3,4; 9,10; 15,16 және дәл сол интервал бойынша; Н әрпіне – 5,6; 11,12; 17,18 және т.б. Келтірілген жұп сөздер әрбір қалыптың бағалау суммасын құрайды.
Суммалық балл 3-3,5 жоғары болса, онда эмоциялық қалып тепе- теңдікті білдіреді.
Қатысушы № |
С |
А |
Н |
Эмоциялық қалып |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
1,9 |
1,8 |
1,3 |
0,5 |
2 |
2,1 |
1,4 |
2,1 |
0,6 |
3 |
1,3 |
2,2 |
1,9 |
0,5 |
4 |
2,0 |
1,9 |
1,5 |
0,5 |
5 |
1,4 |
2,1 |
2,3 |
0,6 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1,1 |
3,4 |
5 |
1 |
7 |
3,5 |
3,2 |
3,1 |
1 |
8 |
2,4 |
1,9 |
2,3 |
0,7 |
9 |
2,5 |
2,0 |
1,7 |
0,6 |
10 |
1,7 |
2,5 |
3,0 |
0,7 |
11 |
2,9 |
1,8 |
1,6 |
0,6 |
12 |
2,6 |
2,1 |
2,0 |
0,7 |
13 |
1,5 |
2,0 |
2,5 |
0,6 |
14 |
2,4 |
2,6 |
1,9 |
0,7 |
15 |
3,1 |
1,3 |
1,6 |
0,6 |
16 |
1,5 |
2,1 |
3,3 |
0,7 |
17 |
2,4 |
2,7 |
2,9 |
0,8 |
18 |
1,6 |
1,9 |
2,0 |
0,6 |
19 |
2,1 |
2,8 |
2,0 |
0,7 |
20 |
1,5 |
3,0 |
2,4 |
0,7 |
21 |
1,1 |
3,4 |
5 |
1 |
22 |
3,5 |
3,2 |
3,1 |
1 |
23 |
2,4 |
1,9 |
2,3 |
0,7 |
24 |
2,5 |
2,0 |
1,7 |
0,6 |
25 |
1,7 |
2,5 |
3,0 |
0,7 |
26 |
2,9 |
1,8 |
1,6 |
0,6 |
27 |
2,6 |
2,1 |
2,0 |
0,7 |
28 |
1,5 |
2,0 |
2,5 |
0,6 |
29 |
2,4 |
2,6 |
1,9 |
0,7 |
30 |
3,1 |
1,3 |
1,6 |
0,6 |
31 |
1,9 |
1,8 |
1,3 |
0,5 |
32 |
2,1 |
1,4 |
2,1 |
0,6 |
33 |
1,3 |
2,2 |
1,9 |
0,5 |
34 |
2,0 |
1,9 |
1,5 |
0,5 |
35 |
1,4 |
2,1 |
2,3 |
0,6 |
36 |
1,1 |
3,4 |
5 |
1 |
37 |
3,5 |
3,2 |
3,1 |
1 |
38 |
2,4 |
1,9 |
2,3 |
0,7 |
39 |
2,5 |
2,0 |
1,7 |
0,6 |
40 |
1,7 |
2,5 |
3,0 |
0,7 |
∑ |
2 |
2,2 |
2,4 |
0,7 |
Эмоциялық қалыпты анықтау үшін төмендегідей формула пайдаланылды:
Бұл жерде n- суммарлық нәтиже болып табылады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей эмоциялық қалыпсыздық жарыс алдында өте жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Екінші әдістемеде көңіл-күйді бағалау әдістемесі пайдаланылды. Бұл әдістеме тұтастай алғанда эмоциялық қалыпты тұтастай бағалайды. Әдістемеде 21 сұрақ беріледі. Сұрақтарға «ия», «жоқ», «керісінше» («кері сезімдер») деген жауаптар беріледі. Жауаптар бойынша зерттеу сәтіндегі басым көңіл күй туралы тұжырым жасалады. Зерттеуді талдауда қарапайым, эйфориялық немесе негативті (астеникалық) пікір жасалады.
Сұрақтар тізімі:
Қатысушы саны |
Көңіл күй |
Астеникалық қалып |
Эйфория қалпы |
N=40 |
3 |
5 |
2 |
Біз жоғарыда екі әдістеме бойынша спортшылардың эмоциялық қалпын анықтап алды. Келесі кезекте біз әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргіздік.
“Гипотония” босаңсу жаттығуы.
∑ |
Әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргізгенге дейін |
Әлеуметтік-психологиялық тренингтен кейін | ||||
С |
А |
Н |
С |
А |
Н | |
40 |
2 |
2,2 |
2,4 |
3 |
3,5 |
4,6 |
Тұлға өміріндегі әртүрлі эмоциялық реакциялар мен әсерленулер қатар жүретін эмоциялық-еріктік, психикалық, соматикалық аймаққа әсер етуші эмоциогенді, психогенді, стрессогенді және басқа да факторлармен байланысты туындайды және дамиды. Көп жағдайда қысымның тездігі мен даму дәрежесі даралық психологиялық ерекшеліктер арқылы анықталады. Жекелей айтсақ, эмоциогенді әсерлерге қарсы тұру алу қабілеті ретінде оның ықпалына даралық тұлғалық мәнділігі болып табылады. Функциялық мүмкіндіктердің ұтқырлығымен байланысты туындайтын психикалық қысымды эмоциялық қысымнан ажырата білу керек.
Көңіл-күйді бағалау әдістемесі бойынша қорытынды төмендегі кестеде беріледі.
7- Кесте Көңіл-күйді бағалау әдістемесі бойынша салыстырмалы қорытынды (N=40)
∑ |
Әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргізгенге дейін |
Әлеуметтік-психологиялық тренингтен кейін | ||||
Көңіл күй |
Астеникалық қалып |
Эйфория қалпы |
Көңіл күй |
Астеникалық қалып |
Эйфория қалпы | |
40 |
3 |
5 |
2 |
5 |
2 |
4 |
Зерттеу қорытындысы бойынша біз әлеуметтік-психологиялық тренингтердің тұлғаның эмоциялық қалпын реттеуде маңызды рөл атқаратынын байқап отырмыз. Тренинг өткізгеннен кейін спортшылар өздерінің мазасыздану күйін жеңіп, өзіне сенімділігінің арта түскендігін байқатты.
Біз өз зерттеу жұмысымыздың эксперименттік бөлімінде спортшылардың эмоциялық қалпын бағалау мақсатында мемлекеттік тілде модификацияланған әдістемені пайдалана отырып, олардың жарыс алдындағы көңіл-күйін, белсенділігін және өзіндік сезімін анықтадық. Анықтау қорытындысы бойынша мәліметтерді негізге ала отырып, біз әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргіздік. Зерттеу қорытындысында спортшылардың эмоциялық қалпына әлеуметтік-психологиялық тренингтердің жағымды әсер ететіндігі анықталды.
Бұл бөлімде жарыста ситуативтік басқару резервтік мүмкіндіктерді ашатындығы тұжырымдалады. Сонымен қатар, спортшыдардың жарысқа психологиялық дайындаудың практикалық мәселелерін шешуде оны жоспарлау маңызды сұрақтардың бірі болып табылатындығы нақтыланады. Бұл жерде сөз психологиялық жалпы дайындық болып отыр. Нақты жоспарды жаттықтырушы өзі құруы және ерекшеліктер жиынтығынан шығуы қажет: спорт түрі, спортшының жасы және шеберлігі, оның жасы және т.б. Міне осы мәселелері маңызды орынға шығады.
Зерттеу жұмысының нәтижелері кестеде, сызбаларда ұсынылды. Сонымен, спортшыларды жарысқа психологиялық дайындау олардың эмоциялық қалпына жағымды әсерін тигізетіндігі эксперименттік тұрғыда дәлелденді.
М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
25 12 2014
2 стр.
Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі
17 12 2014
6 стр.
Табиғи монополиялар тарифтерін реттеу жөніндегі уәкілетті органдардың мемлекеттік жұмысы және тарифтерді негізсіз өсіруді болдырмау шаралары туралы шешім
01 09 2014
1 стр.
Табиғи монополиялардың тарифтерін реттеу механизмдерін жетілдіру жұмыстары туралы және тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті уәкілетті органмен шара қабылдау туралы ше
12 10 2014
1 стр.
Балалардың логикалық ақыл – ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр тү
08 10 2014
1 стр.
Тимуршылар қозғалысы оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың психологиялық әдісі ретінде
16 12 2014
3 стр.
«бота» Қоғамдық қорының негізгі миссиясы – Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік қор
25 12 2014
1 стр.
Мақсаты: әлеуметтік ойын арқылы балаларда шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіру
13 10 2014
1 стр.