Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
КМҚК № 145 «Балапан» балабақшасы



«Өзін - өзі тану»

пәні бойынша

ересектер тобында өткізілген

әлеуметтік – рольдік ойынның

конспектісі

Тақырыбы: «Көшеде»


Дайындаған: Ж.Р.Сексеналина



Қарағанды қаласы
Жақсылыққа – жақсылық адамдықтың белгісі.

Нақыл сөз
Мақсаты: әлеуметтік ойын арқылы балаларда шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіру.

Міндеттері:

  • достарға деген мейірімді қарым–қатынасқа үйрету;

  • адалдық қасиеттерін дамыту;

  • балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу;

  • үлкендерге, құрдастарына деген құрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу.

Түйінді құзіреттер: өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынасты жасау.

Түйінді құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық, әдептілік.

Ойынның әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Қажетті ойын құралдары: автобус, үйлердің, аялдама макеттері, тиым салу белгісі, жұмыскерлердің киімдері (2 жилет, 2 күрек, 2 каска), әткеншек, отбасы мүшелерінің атрибуттары.

Топтағы алдын-ала жұмыс: балалардың қалауы бойынша ойынды ойнату.

Балалар «Өзін-өзі тану» бөлмесіне музыка әуенімен кіреді.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн достар! Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!

Армысың шапағатты Күн-ана!

Армысың шапағатты Аспан – ана!

Армысың мейірімді Жер-ана!

Құт дарытып бар әлемді жарылқа.

Тәрбиеші: - Міне балалар Күн-ана өзінің мейірім шуағын төгіп біздің жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Күн сәулесі біздің бетімізге, саусағымызға, алақанымызға мейірім шуағын төгіп тұрады. Енді осы жүрек жылуымызды бір-бірімізге, қонақтарға сыйлайық.

Тәрбиеші: - Балалар, сендер мультфилімдерді көргенді ұнатасыңдар ма?

Балалар: - Иә, жақсы көреміз ......

Тәрбиеші: - Мен сендерге таныс мультфильмдерден үзінділер ассортиін көруге шақырамын. Мультфильмді көрген соң, біз сендермен сол көргендерің бойынша жеке жағдаяттарды талдаймыз.

Балалар орындыққа отырады.

Мульфильмдер үзінділерін көру.

Тәрбиеші: - Балалар, сендерге мультфильм ұнады ма?

Балалар: - Иә....

Рефлексия

Тәрбиеші: - Осы үзінділер арасында қандай байланыстар бар?

Балалардың жауаптары: ...............

Тәрбиеші: - Бұл жағдаяттар мультфильмде болды, ал өмірде осындай жағдаяттар кездесе ме?

Балалардың жауаптары: - Көшеде жүру тәртібінің ережелері бұзылған және т.с.с.ж. Тәрбиеші: - Иә, дұрыс айтасыңдар көшеде жүру тәртібі бұзылған.

Тәрбиеші: - Ал сендер осындай көшелерде, яғни қасқыр сияқты бұзақылар, қоқыстар бар жерде тұрғыларың келе ме? Біздің өмірімізде осындай жағдаяттар кездеспеу үшін, біз не істеуіміз керек? Қала көшелерінде осындай жағдаяттардың алдын ала қалай ескертуге болады?

Балалардың жауаптары: жоспарлары, ойлары, гипотезалары, ұсыныстары (балалардың қалауы бойынша).

Тәрбиеші: - Балалар, ал мен, бала жасынан үйренуге болатын тағы да бір тәсілін білемін. Бұл - ойын. Мен сендерге бүгін «Көшеде» деген жаңа ойынды ойнауды ұсынамын.

Ойын ережесі: - Мен оқиғаның авторымын, ал сендер сол оқиғаның кейіпкерлерісіңдер, әрқайсыларың өздеріңнің ролдеріңді атқарасыңдар. Оқиғаның басы менікі, мен оқиғаны бастаймын, ал сендер болса, өз аттарыңды қалай естисіңдер, сол кезде сендер роль бойынша әрекет жасауларың керек. Мұқият тыңдаңдар. Мен тоқтағанда, сендер өз ойларың бойынша әрі қарай не істеуге болатынын және қандай дұрыс шешім қабылдауға болатынын анықтауларың керек. Оның үстіне балалар, бұл әрекеттер менің көмегімсіз өтеді, бұл жерде сендер өз шешімдерінді жүзеге асыруларын керек.

Бірінші оқиға «Әткеншек»

Тәрбиеші: - Биылғы жылдың көктемінде он жетінші шағын ауданына біздің кеншілеріміз балалар үшін ойын алаңың сыйлады. Ойын алаңында әдемі әрі көрікті «әткеншек» теңселіп тұрды. Сол әткеншекте күн шуағындай жарқырап Асылжан деген қыз бала тербеліп отыр екен. Асылжанның көңіл күйі өте көтеріңкі, куанышты болды. Сол аулада Мұхамед, Әділжан деген балалар тұрады екен. Олар әткеншекті көріп, қуанып қалды. Асылжан тербеліп отырған әткеншекке тақалды. Әрі қарай не болды екен? Балалар, оқиғаны аяқтап, ойынды жалғастырыңдар.

Балалардың әрекеті

Оқиғаның соңы

Тәрбиеші: - Әткеншек, балаларды достастырды. Бірақ үйге қайтатың уақыт келді, достар қол ұстасып үйлеріне қайты.

Екінші оқиға «Траншея»

Тәрбиеші: - Майқұдықтың жаңа ауданында жаңа үй салынды, сол үйдің суық су құбырын өткізуі қалды. Құрылысшылар Өмірсерік, Әлижан суық су құбырын өткізу үшін траншеяны терең қазуға кірісті. Осы уақытта Римма мен Мерейлім деген қыз балалар қош иісті тоқаштар сатып алуға дүкенге шықты. Олардың баратын жолы құрылысшылар қазып жатқан жерінен өту керек екен. Әрі қарай не болды екен? Балалар, оқиғаны аяқтап ойынды жалғастырыңдар.

Балалардың әрекеті

Оқиғаның соңы

Тәрбиеші: - Құрылысшылар қыз балаларға жолдан аман-есен өтуге көмектесті. Ал қыз балалар үйлеріне қош иісті тоқаштарды сатып әкелді.

Тәрбиеші: - Балалар, ал енді қазір сендер, өмірде кездесетін оқиғаларды немесе жағдаяттарды ойдан шығарып, өз ойындарыңда қолданып көріңдер. Сол ойындарда пайдалы және қажетті шешім қабылдап, қолдана білулерің керек. Ойнап көріңдер.

Тәрбиешінің қатысуынсыз.



Балалардың қалауы бойынша ойын әрекеті.

Конспектісі Тақырыбы : «Көшеде» Дайындаған : Ж. Р. Сексеналина Қарағанды қаласы

Мақсаты: әлеуметтік ойын арқылы балаларда шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіру

42.71kb.

13 10 2014
1 стр.


Қарағанды қаласы Әкімшілігі.Қарағанды қаласы білім бөлімі мм

Бүгінгі, оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын біз сендермен бірнеше артикуляциялық жаттығуларды жасап алайық.Қане, кім қандай жаттығу біледі?

168.22kb.

17 12 2014
1 стр.


82 жалпы білім беру орта мектебі Шығармашылық есеп Дайындаған: Абугалиева С. Н. Қарағанды қаласы Мақсаты

Дарынды бала! Осы бір сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Сол дарынның көзін ашу, ояту-мұғалімнің міндеті. «Бұлақ көрсең- көзін аш» демекші, талантты да дұрыс тани білген абзал

80.07kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласының жаңа көшесiне Зәйкен Iңкәрбаевтың есiмiн беру туралы

Бiрлескен Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 09 желтоқсандағы n 62/01 қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 09 желтоқсандағы n 292 шешiмi. Қарағанды облысы Қа

38.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесiн бекiту туралы

Хliх сессиясының 2007 жылғы 16 мамырдағы n 14 шешiмi. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әдiлет басқармасында 2007 жылғы 27 маусымда n 8-1-55 тiркелдi

452.56kb.

15 10 2014
3 стр.


Үшбұрыштардың түрлері 7 сынып Б. Ж.Қалмекеева математика пәнінің мұғалімі (жоғары санатты) Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы

«Үшбұрыштардың түрлері» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерінің терең де,тиянақты

67.85kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы

«iy шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті iy сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» №47 шешіміне өзгертулер ме

95.97kb.

25 12 2014
1 стр.


Баға ұсыныстарына сұраныс тәсілімен мемлекеттік тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алудың қорытындысын шығару №14 Хаттама

«Қарағанды қаласының №95 мектеп – гимназиясы» мм 100001 Қарағанды қаласы, Магнитогорск,43

44kb.

11 10 2014
1 стр.