Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Бiлiм беру ұйымын мемлекеттiк аттестаттау мен аккредиттеуден өткiзудi ұйымдастыру бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2008 жылғы 5 наурыздағы N 109 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2008 жылғы 27 наурызда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5172 болып енгiзiлдi.


"Заң газетi" газетi 2008 жылғы 31 қазан, N 166 (1392), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2008 ж., N 7


      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз.

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабының 42-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Нұсқаулық

      2) Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу тәртiбi туралы Нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi (Қалабаев Н.Б.):

      1) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Күштерi жойылды деп танылсын:

      1) "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациядан өткiзу туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi мiндетiн атқарушының 2006 жылғы 28 шiлдедегi N 415 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2006 жылғы 21 тамызда N 4350 тiркелген, 2006 жылғы 10 қарашада N 197 (1177) Заң газетiнде жарияланған);

      2) "Бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi мен түрлерi бойынша мемлекеттiк аккредиттеуге арналған көрсеткiштердi бағалау тiзбесi мен өлшемдерiн және Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредиттеуден өткiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2001 жылғы 23 шiлдедегi N 602 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 шiлдеде N 1599 тiркелген).

      4. Осы бұйрық бiрiншi рет ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

      Министрдiң мiндетiн


      атқарушы

Қазақстан Республикасы  


Бiлiм және ғылым министрiнiң
2008 жылғы 5 наурыздағы 
N 109 бұйрығымен бекiтiлген

Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттауды
ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастыру және өткiзу туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 42-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесiн бекiту туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1270 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

      2. Нұсқаулық меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды (бұдан әрi - аттестаттау) ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмiнiң тәртiбiн белгiлейдi.

      3. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен халықаралық бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттiк аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау олардың меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бес жылда бiр рет жоспарлы түрде бiлiм беру саласындағы немесе денсаулық саласындағы (медициналық және фармацевтiк бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу кезiнде) уәкiлеттi орган мен өз құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және керек жағдайда орыс тiлдерiнде жүргiзедi.

      5. Мемлекеттiк аралық бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың саны бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектi саннан асатын бiлiм беру ұйымдары келесi күнтiзбелiк жыл iшiнде кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады, бұл ретте жоғары бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары белгiленген шектi деңгейден өте алмаған мамандықтар бойынша аттестаттауға жатады.


       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2009.05.12. N 211 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      6. Бiлiм беру ұйымын аттестаттау кезiнде бiлiм беру қызметiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкестiгi анықталады (бұдан әрi - МЖМС).

      7. Аттестаттау өткiзу кезiндегi зерделеу нысандары:

      1) бiлiм беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы;

      2) кадрлар құрамы;

      3) бiлiм алушылардың контингентi;

      4) оқу-әдiстемелiк жұмысы;

      5) оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме;

      6) оқу-материалдық активi;

      7) оқу және ғылыми зертханалар;

      8) ақпараттық жабдықтар мен кiтапхана қоры;

      9) бiлiм алушылардың бiлiм сапасын бағалау;

      10) ғылыми-зерттеу жұмысы;

      11) кәсiптiк практика


      болып табылады.

      8. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттаудан өткiзу үшiн ақпарат жинаудың негiзгi әдiстерi:

      1) материалдық-техникалық базаны және әлеуметтiк қамтамасыз ету нысандарын көзбен көру;

      2) бiлiм беру ұйымдары мен олардың бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын сақтауы жөнiндегi құжаттамасын зерделеу;

      3) оқу процесiнiң көрсеткiштерiн талдау;

      4) ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң, мемлекеттiк аралық бақылаудың, оқушыларды қорытынды аттестаттаудың нәтижелерiн талдау;

      5) бiлiм алушыларды, оқытушыларды, қызметкерлердi және оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң ата-аналарын, оқушылар мен жұмыс берушiлердi iрiктеп сауалнамадан өткiзу;

      6) оқу сабақтарына қатысу;

      7) бiлiм алушылармен, оқытушылармен және қызметкерлермен әңгiмелесу;

      8) бiлiм алушылардың бiлiм сапасын кешендi тестiлеу және бiлiм кесiндiлерiн бақылаудың басқа түрлерiн қолдану арқылы бағалау болып табылады.

      9. Мемлекеттiк аттестаттау, жалпы алғанда бiлiм беру ұйымдары бойынша, одан басқа техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары үшiн сондай-ақ мамандықтар (кәсiптер) бойынша жүзеге асырылады.

      10. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттауға арналған шығыстар бюджеттiк қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.



2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткiзу

      11. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау уәкiлеттi органдар бекiткен күнтiзбелiк жыл iшiнде аттестаттауды өткiзу кестелерiне сәйкес жүргiзiледi.


       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2009.05.12. N 211 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      12. Мемлекеттiк аттестаттауды өткiзу мерзiмi туралы ақпарат бiлiм беру ұйымдарына аттестаттау басталғанға дейiн үш ай бұрын жеткiзiледi.

      13. Бекiтiлген кестелерге:

      1) бiлiм беру ұйымдарының аттестаттаудың мерзiмiн кейiнге қалдыру қажеттiлiгi туралы дәлелдi қорытынды келтiрiлген жазбаша өтiнiштерi;

      2) жаңа заңды тұлғаларды құрумен байланысты бiлiм беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру;

      3) мемлекеттiк аралық бақылаудың нәтижелерi негiзiнде өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

      14. Аттестаттаудың бекiтiлген кестелерiне өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзiлген жағдайда бiлiм беру ұйымдары ол туралы аттестаттау басталғанға дейiн үш ай мерзiмнен кешiктiрiлмей хабардар етiлуi тиiс.

      15. Аттестаттаудан өтетiн бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк аттестаттау кестелерiне сәйкес аттестаттау басталғанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей уәкiлеттi органдарға мынадай сапалық және сандық сипаттамалар: бiлiм беру ұйымының жалпы сипаттамасы; кадрлар құрамы; бiлiм алушылардың контингентi; оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме; оқу-материалдық активтер; оқу және ғылыми зертхана; ақпараттық жабдықтар және кiтапхана қоры; бiлiм алушылардың бiлiм сапасын бағалау; ғылыми зерттеу жұмысы; кәсiптiк практика; лицензияның және құрылтайшылар туралы құжаттардың көшiрмелерi енгiзiлген өзiндiк бағалау материалдарын ұсынады.


      Уәкiлеттi органдар ұсынылған материалдарды талдауды жүзеге асырады.

      16. Аттестаттауды жүргiзу үшiн тиiстi уәкiлеттi органдар аттестаттау комиссияларын (бұдан әрi - Комиссия) құрады.

      17. Комиссияның құрамы бiлiм беру ұйымдарын аттестаттаудан өткiзу басталғанға дейiн 10 күн бұрын уәкiлеттi органдардың бұйрықтарымен бекiтiледi.
      Тиiстi уәкiлеттi органның қызметкерi Комиссияның төрағасы болып тағайындалады.

      18. Комиссияның құрамына:

      1) тиiстi уәкiлеттi органдардың

      2) егер мемлекеттiк аттестаттау мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында өткiзiлген жағдайда қарамағында бiлiм беру ұйымдары бар органдардың

      3) бiлiм беру ұйымдары мен олардың бiрлестiктерiнiң (қауымдастықтарының) өкiлдерi, Қазақстан Республикасының жетекшi педагог қызметкерлерi енедi.
      Комиссияның құрамына кандидатураларды iрiктеу бiлiм беру ұйымдарының бейiнi, даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.

      19. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттауды Комиссиялар жетi күннен аспайтын мерзiмде өткiзедi.

      20. Комиссия төрағасы Ғылыми (Педагогикалық) кеңестiң кеңейтiлген кезектен тыс отырысында комиссия мүшелерiн таныстырады және олардың арасында бiлiм беру ұйымы қызметiнiң бағыттарын кешендi зерделеу жөнiндегi нақты тапсырмаларды бөледi.

      21. Комиссияның жұмысы туралы хабарлау және тиiстi жазбаша хабарландырулар дайындау бiлiм беру ұйымының басшысына жүктеледi.

      22. Комиссия өзiнiң жұмысында бiлiм беру ұйымдарының қызметiн және бiлiм беру сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруды регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.
      Комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен қамтамасыз етедi.

      23. Комиссия мүшелерi Комиссия төрағасына аттестаттау мәселелерiн зерделеу барысы туралы ақпарат бередi және оған бiлiм беру ұйымы қызметiнiң көрсеткiштерiн жан-жақты талдап, анықталған кемшiлiктер мен бұзушылықтарды нормативтiк құқықтық актiнiң қай нақты нормасы бойынша бұзуға жол берiлгенiне сiлтеме жасалған анықтама, оларды жою жөнiндегi ұсынымдар мен қорытындылар бередi.

      24. Бiлiм алушылардың бiлiмiнiң сапасының МЖМС-қа сай екенiн бiлу үшiн Комиссия бiтiрушi топтарда, сыныптарда және курстарда олардың бiлiмi және iскерлiгiне бақылау өткiзедi.
      Бұл жағдайда кешендi тестiлеу технологиясы және бiлiм алушылардың бiлiмi және iскерлiгiн анықтаудың басқа да түрлерi (бақылау жұмысы, эссе, жобалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, шығармалар) пайдаланылады.
      Орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм оқу орнын бiтiрушi бiлiм алушылардың бiлiмiнiң және iскерлiгiнiң сапасын тексеру үшiн мамандықтардың оқу-әдiстемелiк секциясы (одан әрi - ОӘС) базалық және профильдiк циклге енетiн пәндердiң тiзiмiн БТМСҰО-ға ұсынып, оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Бiтiрушi курста оқитын бiлiм алушылардың бiлiм сапасын және iскерлiгiн анықтау үшiн комиссия әрбiр мамандық бойынша бiлiм мен iскерлiктi бақылауды жүргiзу үшiн "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" бағаларға оқитын бiлiм алушылардың пропорциялық қатынасына байланысты саны 50 адам болатын бiлiм алушылар контингентiн анықтайды.
      Егер, мамандық (кәсiптiк) бойынша бiлiм алушылардың саны 50 адамнан кем болса, онда бiлiм сапасын, iскерлiктi, дағдылығын бақылау жұмысымен барлық бiлiм алушылар қамтылады.

      25. Кешендi тестiлеу кезiндегi бағалау шкаласы (пайыздық қатынаспен) мынадай тәртiппен анықталады:


      "өте жақсы" - 88-100 %;
      "жақсы" - 75-87 %;
      "қанағаттандырарлық" - 60-74 %;
      "қанағаттанарлықсыз" - емтихан материалдарындағы сұрақтар санының 60 %-нан төмен дұрыс жауап берiлгенде қойылады.

      26. Бақылау жұмысы, эссе, жобалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, шығармалар жұмысын тексерудi және төрт баллды жүйемен бағалауды Комиссиясының төрағасы бекiткен бiрлескен комиссия жүзеге асырады. Бiрлескен комиссияның құрамына Комиссияның төрағасы мен мүшесi және бiлiм беру ұйымының бiр оқытушысы кiредi.


      Бес сұрақтың үшеуiне және одан көбiне дұрыс жауап берсе, онда бiлiм алушы оң баға алады.

      27. Мектепке дейiнгi ұйымдарда кешендi тестiлеу қызметкерлер мен ата-аналарды сауалнамадан өткiзумен алмастырылады.


      Мектептен тыс және арнайы бiлiм беру ұйымдарында (спорттық, әскери, өнер, психологиялық-медициналық-педагогикалық) бiлiмдi бақылаудың басқа түрлерi, оның iшiнде бақылау жұмысы, тыңдау, байқау, спорттық өлшеулер қолданылуы мүмкiн.

      28. Кешендi тестiлеудiң нәтижелерiн және бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң бiлiмдерi мен iскерлiктерiн бақылаудың басқа да түрлерiн талдауды, қызметкерлер мен ата-аналарға сауалнама жүргiзудi Комиссия жүзеге асырады.

      29. Сауалнама және басқа да сұраулар жүргiзу кезiнде Комиссия студенттiк, жастар және қоғамдық ұйымдарды тартады.

3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару

      30. Комиссияның төрағасы барлық бөлiмшелердi бағалау нәтижелерiн жинақтайды және мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындылары туралы Комиссияның тұжырымын (бұдан әрi - Тұжырым) дайындайды. Оған мына бөлiмдер кiредi:

      1) бiлiм беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы;

      2) кадрлар құрамы;

      3) бiлiм алушылардың контингентi;

      4) оқу-әдiстемелiк жұмысы;

      5) оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме;

      6) оқу-материалдық активтер;

      7) оқу және ғылыми зертхана;

      8) ақпараттық жабдықтар және кiтапхана қоры;

      9) бiлiм алушылардың бiлiм сапасын бағалау;

      10) ғылыми зерттеу жұмысы;

      11) кәсiптiк практика;

      12) шығармашылық қызметi (өнер саласындағы бiлiм беру ұйымдары үшiн);

      13) мамандықтарды (кәсiптердi) аттестаттау;

      14) сауалнама нәтижесi;

      15) кемшiлiктер мен ескертпелер;

      16) қорытындылар мен ұсыныстар.


      Қорытындыда бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы ұсыныс берiледi.

      31. Тұжырымның екi данасына Комиссияның төрағасы және барлық мүшелерi қол қояды.


      Бiлiм беру ұйымының басшысы қол қойылған тұжырымдаманың екiншi данасы оқу орнына берiледi.

      32. Тұжырымға мыналар қоса тiркеледi:

      1) бiлiм беру ұйымының негiзгi көрсеткiштерi;

      2) бiлiм беру ұйымы бөлiмшелерiнiң құрылымы;

      3) бiлiм беру ұйымының контингенттерi сонымен қатар оқыту түрлерi және мамандықтары (кәсiптiктерi) бойынша оқитын оқушылар туралы мәлiметтер;

      4) бiлiм беру ұйымының профессор-оқытушы, педагогикалық және қызмет көрсететiн құрамының сандық және сапалық сипаттамасы;

      5) сауалнаманың нәтижелерi;

      6) кешендi тестiлеу мен бақылау жұмыстарының нәтижелерi;

      7) бiлiм беру ұйымы Жарғысының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

      8) өртке қарсы қауiпсiздiктiң және санитарлық эпидемиологиялық стансаның қорытындылары.

      33. Бiлiм беру ұйымы ұсынған өзiн-өзi бағалау материалдарының, Комиссияның қорытындысының негiзiнде уәкiлеттi органдар он күнтiзбелiк күн iшiнде тиiстi уәкiлеттi органның бұйрықтарымен (қаулыларымен) ресiмделетiн бiлiм беру ұйымын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешiм қабылдайды.

      34. "Аттестатталмасын" деген шешiм Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес заңды немесе жеке тұлғаға айыппұл салып, бiлiм беру ұйымының лицензиясының қолданысын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұруға әкелiп тiрейдi.

      35. Бiлiм беру ұйымы "аттестатталсын" деген шешiм егер бiлiм беру қызметi бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандарттарының талаптарына сәйкес болса, оның iшiнде бiлiм мен iскерлiктi бағалаудың нәтижелерi бойынша осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес анықталған контингенттiң тiзiмдегi құрамынан бiлiм алушылардың кемiнде 95%-ы қатысып, олардың кем дегенде 70%-ы оң баға алғанда қабылданады.
       Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2009.05.12. N 211 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      36 . Уәкiлеттi органдар лицензияның қолданысын тоқтатқан жағдайда тоқтату мерзiмi өткен соң аттестаттау барысында анықталған кемшiлiктердi жойғандығын анықтау үшiн уәкiлеттi органдар комиссия құрады.

      37. Лицензияның қолданысының тоқтатыла тұруына себеп болған кемшiлiктер жойылған жағдайда комиссияның оң ұсыныстарының негiзiнде уәкiлеттi органдардың шешiмiмен оның қолданысы қайта жандандырылады.

      38. Лицензияның қолданысының тоқтатыла тұруына себеп болған кемшiлiктер алты ай iшiнде жойылмаған жағдайда лицензиядан айыру әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.


       Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2009.05.12. N 211 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы  


Бiлiм және ғылым министрiнiң
2008 жылғы 5 наурыздағы 
N 109 бұйрығымен бекiтiлген

Бiлiм беру ұйымдарында аккредиттеудi ұйымдастыру
және өткiзу бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Бiлiм беру ұйымдарында аккредиттеудi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi осы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1385 қаулысымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу ережелерiне сәйкес дайындалды.

      2. Нұсқаулық кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеудi ұйымдастырудың және өткiзудiң тәртiбiн (бұдан әрi - аккредиттеу) белгiлейдi.

      3. Аккредиттеу бiлiм беру ұйымдарының қызметiн аккредиттеу органы жасаған стандарттар мен өлшемдердiң сәйкестiгiне бағалау негiзiнде жүзеге асырылады.

      4. Аккредиттеудi өткiзудi ұйымдастыру аккредиттеу органдарын сертификаттауды жүзеге асыру және аккредиттеуден өткен бiлiм беру ұйымдарының Тiзiмiн жүргiзу болып табылады.

2. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеудi ұйымдастырудың
және өткiзудiң тәртiбi

      5. Бiлiм беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған


аккредиттеуден өткiзудi аккредиттеу органы осы аккредиттеу органы белгiлеген стандарттар мен өлшемдерге сәйкес бiлiм беру ұйымының қызметiн бағалау негiзiнде жүргiзедi.

      6. Аккредиттеу мәселелерiн алқалы және ашық қарау үшiн аккредиттеу органының жанынан Аккредиттеу кеңесi құрылады.


      Аккредиттеу кеңесiнiң құрамын және ол туралы ереженi аккредиттеу органы бекiтедi.

      7. Аккредиттеу кеңесiнiң құрамына бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның, аккредиттеу органының, бiлiм беру ұйымдарының, мемлекеттiк емес және студенттiк ұйымдардың өкiлдерi кiредi.

      8. Институционалдық аккредиттеуден өту үшiн бiлiм беру ұйымдары аккредиттеу органына мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) аккредиттеу органы бекiткен нысандағы өтiнiш;

      2) мемлекеттiк лицензияның көшiрмесi және бiлiм беру қызметiн жүргiзуге құқық беретiн лицензияға қосымшалар.
      Мамандандырылған аккредиттеуден өту кезiнде бiлiм беру ұйымы аккредиттеу органына институционалдық аккредиттеуден өткенi жөнiндегi куәлiгiнiң көшiрмесiн қоса тапсырады.
      Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудiң бiрiктiрiлiп өткiзiлуi мүмкiн.

      9. Аккредиттеу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) бiлiм беру ұйымының өтiнiш беруi және аккредиттеу органы мен бiлiм беру ұйымының арасындағы екiжақты келiсiм-шарттың жасалуы;

      2) бiлiм беру ұйымының аккредиттеу органы тағайындаған стандарттар мен өлшемдерге сәйкес келетiнi туралы есебiн жасап, өзiн-өзi бағалауын өткiзуi;

      3) бiлiм беру ұйымының өзiн-өзi бағалауы туралы есебiн аккредиттеу органына ұсынуы;

      4) бiлiм беру ұйымының өзiн-өзi бағалауы туралы есебiн аккредиттеу органында қарау;

      5) ұсынылған есеп бойынша аккредиттеу органының бiлiм беру ұйымына ұсынымдар әзiрлеуi;

      6) аккредиттеу органы сарапшыларының бiлiм беру ұйымында болуы және олардың аккредиттеу органының стандарттары мен критерийлерiне сәйкестiгiн тексеру қорытындылары бойынша ұсынымдарымен қоса есеп жасауы;

      7) Аккредиттеу кеңесiнде бiлiм беру ұйымын аккредиттеу үшiн материалдар дайындау;

      8) Аккредиттеу кеңесiнде бiлiм беру ұйымын аккредиттеу туралы мәселенi қарау;

      9) Аккредиттеу органының тиiстi шешiмдердi қабылдауы;

      10) аккредиттеу органының веб-сайтында толық есептi жариялау.

      10. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу аккредиттеуден өту туралы өтiнiш тiркелгеннен бастап Аккредиттеу кеңесi тиiстi шешiм шығарғанға дейiн жүргiзiледi.

      11. Аккредиттеу органымен бiлiм беру ұйымының құжаттарын қарауының, бiлiм беру ұйымына сарапшылардың баруының және шешiм қабылдауының мерзiмi аккредиттелетiн бiлiм беру ұйымдарының өтiнiш берген күнiнен бастап, бiр жылдан үш жылға дейiн белгiленедi.

      12. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу рәсiмi аккредиттеу кестесiне сәйкес өткiзiледi.

      13. Өзiн-өзi бағалау рәсiмi аяқталған соң бiлiм беру ұйымы аккредиттеу органына өзiн-өзi бағалау есебiн қағаздық және электрондық нұсқада жiбередi.

      14. Аккредиттеудi өткiзу үшiн аккредиттеу органы сыртқы сараптау комиссиясын құрады. Сыртқы сараптау комиссиясы туралы ереженi аккредиттеу органы бекiтедi.
      Сыртқы сараптау комиссияның бiлiм беру ұйымына бару мерзiмi туралы ақпарат сыртқы бағалау басталғанға дейiн үш ай бұрын хабарланады.

      15. Сараптау комиссияның бiлiм беру ұйымына баруы аккредиттеу органы бекiткен және жарияланған сыртқы бағалау стандарттарына сәйкес екi-төрт жұмыс күнi iшiнде өткiзiледi.

      16. Сыртқы сараптау комиссиясы өзiн-өзi бағалау есебiн бiлiм беру ұйымына барғанға дейiн зерделейдi.

      17. Бiлiм беру ұйымына бару есебiн сараптау комиссиясы аккредиттеу органында бiр-екi күн iшiнде жазады.

      18. Аккредиттеу органы өзiн-өзi бағалау есебiн, сыртқы сараптау комиссиясының есебiн зерделейдi және бiлiм беру ұйымын аккредиттеудi Аккредиттеу кеңесiнде қарау үшiн материалдар дайындайды.

      19. Аккредиттеу кеңесi мынадай шешiм қабылдайды:

      1) аккредиттелсiн;

      2) аккредиттеуден бас тарту.

      20. Аккредиттеу органы Аккредиттеу кеңесiнiң оң шешiмi негiзiнде бiлiм беру ұйымын бес жыл мерзiмге әсерi бар аккредиттеу туралы куәлiктi (бұдан әрi - куәлiк) рәсiмдейдi.

      21. Куәлiктiң қолданыстағы мерзiмiн созу үшiн бiлiм беру ұйымы куәлiктiң қолданыс мерзiмiнiң бiтуiне бiр жыл қалғанға дейiнгi мерзiмде аккредиттеу органына өтiнiш бередi.

      22. Аккредиттеуден бас тартқан жағдайда бiлiм беру ұйымына жазбаша хабарлама берiледi. Бiлiм беру ұйымының қайта берген өтiнiшi бiр жылдан аз болмайтындай уақыт өткеннен соң жалпыға бiрдей негiзде қарастырылады.

      23. Аккредиттеу туралы куәлiктер бланкiлерiнiң нысанын белгiлеудi, оны бекiтудi, дайындауды, есепке алуды және сақтауды аккредиттеу органы жүзеге асырады.

      24. Аккредиттеу куәлiктерiн алған бiлiм беру ұйымдары туралы ақпарат уәкiлеттi органға берiледi және аккредиттеу органының сайтына орналастырылады.

      25. Аккредиттеу туралы куәлiктiң күшi 5 жыл өткеннен кейiн жойылады.

      26. Бiлiм беру ұйымы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда, сәйкес өзгерiстер уәкiлеттi органы аккредиттелген бiлiм беру ұйымдарының Тiзiмiне енгiзедi.

      27. Бiлiм беру ұйымын аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм заңнамада белгiленген тәртiп бойынша шағымдалады.



      28. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған жағдайда аккредиттеу органы бiлiм беру ұйымының жазбаша өтiнiшi негiзiнде он жұмыс күнi iшiнде оған аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi.
      Бiлiм беру ұйымын аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын рәсiмдеу бiлiм беру ұйымының өз қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

Бiлiм беру ұйымын мемлекеттiк аттестаттау мен аккредиттеуден өткiзудi ұйымдастыру бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы

Азақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2008 жылғы 5 наурыздағы n 109 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2008 жылғы 27 наурызда Нормативтiк құқы

154.37kb.

09 10 2014
1 стр.


Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргiзу және тiркеу жазбаларын жүргiзудi ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдiснаманы бекiту туралы

Республикасы Статистика агенттiгi Төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы n 136 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 15 шiлдеде Нормативтiк құқықтық кес

1382.88kb.

12 10 2014
5 стр.


Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды

Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi №319 Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы»

3587.57kb.

12 10 2014
23 стр.


Программаларын және Тестiлеу нәтижелерiнiң шектi мәнiн бекiту туралы

Азақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы n 02-01-02/11 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2008

631.15kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2318, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мем

157.22kb.

12 10 2014
1 стр.


Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларына қол жеткiзу ережесiн бекiту туралы

Азақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 2007 жылғы 25 мамырдағы n 154 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы Нормат

115.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Қызмет стандарты Жалпы ережелер

«Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк

1584.04kb.

16 12 2014
8 стр.


Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларын бекiту туралы

Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 4-бабы 25 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi

82.19kb.

25 12 2014
1 стр.