Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ
«Еуразия университеті».

60, қазан, 2009 ж.


Қазақ елінің тарихында алтын әріптермен жазылып қалатын университеттің өткені мен болашағы білім мен ғылым саласының дамуы мен толағай табыстарға жетуіне толы болды. Осы жоғары оқу орнында алыптарымыз Мұхтар Әуезов, Әбікен Бектұров, Дмитрий Сокольский, Өмірбек Жолдасбеков, Зейнолла Қабдолов, Леонид Дюков, Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев тағы басқалары студенттерге сабақ беріп, өздерінің ғылыми жұмыстарының негізін қалады. Сондықтан республикамыздағы көзі ашық, көңілдерінде сәулесі бар барша халық осы оқу ордасын «білім мен ғылымнын қара шаңырағы» деп мақтаныш етеді. Университетті бітірген мыңдаған мамандар еліміздің халық шаруашылығы салаларында жетпіс бес жылдан бері үздіксіз еңбек етіп, Отанымыздың әл-ауқатының артуына аянбай қызмет етіп келеді. Олар, қай жерде болмасын, «біз Казгуденбіз» деп мақтанышпен ұялмай айта алады. Өйткені, адам боламын, білім аламын деген жастарға жоғары ғылыми атақтары бар профессор-оқытушылар дәріс оқып, оқу-әдістемелік бағдарламалары қазіргі заман талаптарына сай жасақталған. Асқақ Алатаудың әсем бөктерінде орналасқан университеттің оқу ғимараттары мен студенттер жатақханалары жастардың сапалы білім алуы мен мәдени-тұрмыстық қажеттіліктеріне сай жасақталған. Университет өзінің материалдық-техникалық базасымен, миллиондаған кітап қоры бар кітапханалар жүйесімен, зертханалары және қазіргі заманғы ең озық электронды техникалық жабдықтармен жабдықталған дәрісханалары арқасында әлемдік деңгейдегі университеттер қатарынан орын алды. Сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және танымал оқу орындарымен тығыз байланыс жасап, талапты да талантты студенттердің сапалы білім алуларына барлық жағдайлар қарастырылып отыр. Егемендігін алған елімізде алғашқылардың бірі болып халықаралық деңгейдегі білім мен ғылым ассоциациялары мен бірлестіктерінің мүшеліктеріне де өтті. Ph.D докторлық бағдарламалары шеңберінде талантты жастарды Америка, Европа, Азиядағы белгілі оқу орындарында тәжірибеден өткізіп, сол уннверситеттерде докторлық диссертациялық жұмыстарын қорғады. Осы жылдың каңтар айында өткен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атаулы мерекесі 75 жылдық мерейтойының шымылдығын ашып берді. Бұның өзі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев іргетасын қалаған Еуразия университеті үшін оның аз жылдар ішінде білім мен ғылым саласындағы жеткен табыстарына берілген жоғары баға деп санаймыз. Елімізге танымал іргелі қос университеттің бастамасымен өткізілген кездесулердегі ғылыми конференциялар мен семинарлар сапалы мамандар даярлау бағдарламасына орай жаңа оқулықтар мен әдістемеліктерге кіргізіліп, жастарымыздың толыққанды және жан-жақты білім алулары мен тәлім-тәрбиелік жұмыстарының жандануына бастама болары сөзсіз.

Еуразия университеті құрылған алғашқы күндерден бастап ҚaзҰУ-дың бір топ профессор – оқытушылары Алматыдағы жылы орындарын тастап, барлық қиыншылықтарға қарамастан қабырғасы жаңадан қаланып жатқан оқу орнына келіп қызметке кірісті. Қазақ мемлекеттік университетінің абыройын асқақтатып, республикамыздағы беделді білім мен ғылым ортасынан келгендіктерін өз еңбектерімен дәлелдей білді. Бұл белгілі ғалымдар мен педагогтардың ғажайып қасиеттері өздерінің еліміз үшін ұшан теңіз еңбек атқарғандықтарына қарамастан, мол білімдері мен тәжірибелерін студенттерге үйретуді жалғастырып отыр.



Құрметті Қазақ ұлттық университетінің еңбек ұжымы! Сіздер атап өтіп отырған 75 жылдық мереке – бүкіл Қазақ елінің білім, ғылым саласының ортақ меретойы. Өйткені бұл басқосуда университеттің тарихы ғана емес, жалпы еліміздің ғылымы мен білімінің күрделі қалыптасу кезеңдеріндегі тарихымен танысып, жоғары оқу орындарының болашақ бағдарламалары мен ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері де сарапталады.

Білім мен ғылымның қара шаңырағы, Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Білім мен ғылымның Қара шаңырағЫ

Бұл белгілі ғалымдар мен педагогтардың ғажайып қасиеттері өздерінің еліміз үшін ұшан теңіз еңбек атқарғандықтарына қарамастан, мол білімдері мен тәжірибелерін студенттерге үйретуді

32.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Оқырмандарды кітап арқылы патриоттыққа тәрбиелеу Алға қойылатын мақсат

Ххі ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады” – деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бе

30.72kb.

14 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2013. 08. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен

Р заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр ред. қара); 2012. 25. 01. №548-iv қр заңымен (бұр ред. қара); 2012. 13. 02. №

2738.8kb.

16 12 2014
14 стр.


12 жылдық білім берудегі-тәрбие жұмысының жоспарлануы мен ұйымдастырылуы

Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі –дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру. Қазіргі күні білім беру саласында он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу турасында көптенген ға

59.47kb.

25 12 2014
1 стр.


Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін

71.08kb.

17 12 2014
1 стр.


Негізгі жұмыс орны ұйымның, министрліктің, ведомствоның атын көрсетумен, қаласы, қызметі

Оқыту мен тәрбие теориясы мен әдістемесі бастауыш, орта және жоғары білім беру саласындағы бейнелеу өнері, 13. 00. 08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандықтар

255.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Мемлекеттік қызмет туралы

Р заңымен 1- бап өзгертілді (бұр ред. қара); 2010. 29. 12. №371-iv қр заңымен (бұр ред.қара); 2012. 14. 12. №59-v қр заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолда

551.73kb.

25 12 2014
2 стр.


Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта

187.96kb.

15 10 2014
1 стр.