Перейти на главную страницу
Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар.Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды – мемлекеттік саясаттың негізгі элементтреінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру – деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми –техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 6.0 программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кезөкелген пәнді үйрететін программалар және т.б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi –дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып ,кейінгі жылдары оның бірте –бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық көрді.Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы ,6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты.5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек ,Delphi 6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген ,салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген.
Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар барлық мектеп пәндері үшін жасалуда және ол мемлекеттік, қорытынды емтихандарға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры ретінде пайдаланылуда. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушымен студентті өз мүмкіндігін есепке ала отырып, пән мазмұнын оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл кезде олардың сабаққа деген кызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық әдістемелік жүйе және оны әрбір оқытушы өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, жетілдіреді. Сонымен бірге, электрондық оқулықты пайдалану оқытушының ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі енбегін жеңілдетеді.
Осы мақсатпен мен өзімнің жұмысымда Delрhі программалау тілінде құрылған тестік программаны пайдаланып дайындаған “Функционалды анализдеу пәнінен электрондық оқулық құру” электрондық оқулығы қазіргі техниканың даму деңгейін қамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын.
Осы программаны пайдалануда студенттердің білімін жан – жақты көтеріп, есіне сақтау қабілетін жоғарылатуға жағдай жасау және олардың келешек жұмысында ЭЕМ – мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін де қажет.
Сонымен қатар соңғы кездерді компьютерді пайдаланып студенттердің білім деңгейін тест түрінде тексеру пайдаланыла бастады. Сынақ, емтихандар алу кезінде компьютерде тестілеу мұғалімдердің уақытын тиімді пайдаланып, студенттердің артық жүктеме білім сапасын дұрыс бағалауға қол жеткізеді.
1 Delphi ортасы туралы түсінік
1.1 Delphi-де жұмыс істеу
Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Borland Delphi 6 Delphi 6 командалары арқылы iске қосамыз.
Бұл кезде Delphi 6 программасы iске қосылады, (1.1-сурет) көрсетілген.
1.1-сурет. Delphi 6 программасының ашылуы.
1.2-сурет. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi.
1.3-сурет. Delphi-дің негiзгi терезесi
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.
1.4-сурет. Форма оқиғалары
1.5-сурет. Код терезесi (Unit1)
Procedure <атау> (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
end;
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ тышқан ьатырмасымен шертіп,шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады.
Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды опцияларына тез арада қол жеткізуге болады.Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген .Әр топ жеке тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде көрсетілген.
STANDARD тобы
VIEW тобы
DEBUG тобы
CUSTOME тобы
DESKTOPS тобы
Компоненттер жинағы-Delphi-дің негізгі ерекшелігі.Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып,қажетті компонентті тез табуға арналған белгішілерден тұрады.
Компонент деп белгілі –бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген,ол топтарды парақтар деп атайды.Компоненттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы құрылады.
1.2 Бағдарлама кодының терезесі
Бағдарлама (немесе модуль) кодының терезесі бағдарламаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады.
Delphi ортасы іске қосылғанда бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады:
unit Unit1;
interface
// интерфейстік бөлігі
uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics,
Controls, Forms,
Dialogs;
TForm1 = class(TForm)
Button1: TButton;
private
public
end;
Form1: TForm1;
Implementation
// орындалатын бөлігі
{$R *.dfm}
end.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы unit Unit1; және Implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал бағдарламаушыларының жұмыс аумағы - {$R *.dfm} және end қатарлар аралығы.
(1.6)-сурет. Delphi формасына шақырылған терезе.
Бос форма. Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады. File/New Application опцияларын таңдап бағдарламаны іске қосуға болады.
Форма қасиеттерін өзгерту. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін.
Delphi ортасы әр бағдарламаны компиляциалағанда кеңейтілуі PAS, DFM және DCU файлдарын құрады. PAS- файлында бағдарлама кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, DFM-файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы, ал DCU-файлында алдынғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU-файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші) осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін EXE-файлы құрылады.
Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан біздің мемлекетіміз де коғамның акпараттық мәдениет деңгейін көтеру мәселесінен шеткері кала алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын жаңа прогрессшіл бағыттарда жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы осы істі қолға алудың алғашқы қадамы болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу орындарының (ЖОО), мектептердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталды. Ендігі кезекте осы ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді жоғары деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т.с.с. мәселелер тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік дедактикалық программалар (КДП) болып табылады. Бүгінде бақылаушы, оқытушы программалар, программалық тренажерлер, дидактикалық ойындар, гипертекстік жүйелер сияқты КДП кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптау-оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолданылуда.
Мұндай программалардың көпшілігінің ортақ кемшіліктері баспа оқулықтың көшірмесі ретінде ұсынылуында, компьютердің иллюстрациялық, тестілік мүмкіндіктерін ғана пайдалануында және берілетін тапсырмалар жүйесінің өте шектеулі болуында. Бұл жағдай студенттің шығармашылық ойлау қабілетін толығымен пайдалануын жүзеге асыра алмайды, яғни оның интеллектуалдық потенциалын дамытпайды.
Бүгінде білім беру саласында компьютерлік дидактикалық програм-малардың соңғы жетілдірілген түрі - электрондық оқулықтарды пайдалану қолға алынған. Электрондық оқулық оқу курсын өз бетінше игеруге мүмкіндік беретш программалық-әдістемелік комплекс. Ол жоғарыда аталған КДП-дан универсалдығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс-әрекетінің кейбір аспектілерін (студентке қажет жағдайда, дер кезінде көмек беру, білім деңгейін дұрыс бағалау, т.с.с.) жүзеге асыра алатын интеллектуалдығымен ерекшеленеді.
Біздін елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл окулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді.
Білім берудің кез-келген саласында "Электрондык оқулықтарды" пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта "Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының" "Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы "Электрондык оқулықтар" шығару болып табылады. Бүгінгі танда бұл орталықтан 11 пәннен электрондық оқулықтар жасалып, оқу жүйесіне енгізіле бастады.
Электрондық окулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:
1. Мазмүндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с. түрінде
беріледі. Сонымен қатар мүнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сиякты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схемокурс - оқулық мазмүнын қысқартылған мәтін-график қатынасы
түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының қүрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмүнды ассоциативті есте сатауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалынын мазмүны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сүрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулыктың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.
Оқу материалының бүлай үш түрде берілуі, студенттің оку материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.
2.2 Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Компьютерлік оқу кұралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қәзіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мүғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бүл щюблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Үйретуші программа қолданушыға теориялық материалды оқып үйренуді ұсынады. Бұл программадағы есептер мен сұрақтар адам мен машина диалогын ұйымдастыру үшін қолданылады.
Программаның талап ету типі 60 жылдардығы программалық үйретудің тікелей ұрпағы болып табылады, яғни қарапайым компьютерлік немесе автоматтандырылған үйретудің негізгі теориялық негізгі программалық үйрету болады. Қазіргі кезде “программалық үйрету” термині қазіргі кездегі компьютерлік технологиясымен тиісті. Программалық үйретудің негізгі элементі- есептердің тізбектелу ретін түсінетін программа. Көптеген құралдаржүйесі оқытушыларға әртүрлі жауаптар типін қолдана отырып үйретуші және бақылаушы тапсырмаларды құру мүмкіндіктерін береді.
1. Таңдаулы жауап. Үйренушіге тапсырма және дұрыс жауаптар жинағы беріледі. Дұрыс жауабын табу ықтималдығы келесілердің ең кішілеріне сәйкес келеді:
- бірнеше түрлі формада мағынасына қарай қайталануы
- таңдау үшін элемент санын көбейту
- 1-ші дұрыс жауаптың санын 2-ге немесе бірнешеге көбейту.
2. Конструкторлық бөлік жауап. Бұл типтің тапсырмасы мен жауап таңдау және бос конструкторлық арасындағы аралық. Конструкторлық бөлік жауабы оқытушы ұсынғын бөліктерден құралған.
3. Оңай конструкторлық жауап. Бұл типтің тапсырмасы автоматтандырылған үйрету және бақылау үшін қажет болып табылады. Бұл таңдаушы компьютермен өз тілінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оңай конструкторлық жауап тапсырмасы үйренуші.Оңай конструкторлық жауап. Бұл типтің тапсырмасы автоматтандырылған үйрету және бақылау үшін қажет болып табылады. Бұл таңдаушы компьютермен өз тілінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оңай конструкторлық жауап тапсырмасы үйренуші үшін қиып, себебі мүмкіндіктері не толық шек қояды және компьютерге жауап берерде ақылды жұмысты талап етеді.
Осындай құралдық программалар бар және ары қарай өңделуде.
Орындаушы программаның негізгі іс-әрекеттері:
- сұрақ және жауап нұсқалардың мәзірін беру
- анализ және жауап бағасы
Құралдық программаның көмегімен үйрету жүйесін құру 4 негізден тұрады:
1. Үйретуші программа сценарийін өңдеу. Мұнда педагог үйретуші программаға қандай оқу курсының қай бөлігін енгізу керектігіне шешім қабылдау керек.
2. Компьютерге жаңа программалардың жеке кадрлар текстік енгізу, сурет салу, бақылау фрагменттерін формалау. Мұнда, педагог компьютер функциясының кіші иелігі және енгізу және редакторлеу мүмкіндіктері болу керек.
3. Үйретуші программаның жеке элменттерін бүтін диалогтық жүйесімен байланыстыру, кадрлар арасында байланыс орнату.
4. Эксплуатация кезінде программаны қадағалау, оған жөндеулер және толықтаулар енгізу.
Құралдық жүйе тәсілдерімен үйретуші программаны құру басты кедергілерді құртуға көмектеседі. Компьютер технологиясын үйренудің бірінші қадамы бақылаушы программаларды қарастыру керек.
Үйрету кезінде компьютерді жеке бағытта қолдану – пәндік оқу құралы интегралдану және информатика. Мұнда компьютер үйрену үшін ғана емес, сонымен бірге математика, биология, физика, экология , геология пәндерін оқып үйренгенде ақпараттарды оң дейді: құралдық программалар арқылы компьютерде аналогтық түрдегі математикалық есептерді шешуге болады.
Оқу активизациясы компьютердің диалогтық қасиетімен байланысты. Дәстүрлі кластық оқу үшін ақпараттарды оқушылардың ауызша формада қабылдауы басты болып табылады. Бұл жағдайда оқушыларға сабақта белсенділік көрсету керек емес және мұғалім әр оқушының белсенді жұмысын, бақылауға ұйымдастыруға мүмкіндігі болмайды. Сондықтан дәстүрлі оқудың білімі 20-30% -ке төмен көрсеткіш береді. Егерде компьютерлік класта жүрсе, онда диалогтық компьютердің қасиеті оқушының іскерлігін қадағалайды және оның нәтижесін бақылайды.
Оқу индивидуализациясы компьютерді қолдану кезінде интерактивті компьютер жұмыстарының қасиетімен байланысты. Оқушылардың индивидуалды ерекшеліктерін тереңдету түрінде есепке алуан компьютерлік бағдарламалар орындай алады. Ғылыми білімді қолданғанда әрқашан теория мен практикаға тиісті сұрақтар болады. Дәстүрлік оқу бұл теориялық болып табылады. Шын мәнәнде кез келген педагог тақтада теорияны оқи отырып, оның орындалуын оқушылардан талап ету оңайырақ болады. Конструкторлық және функционалдық негізделген персоналды компьютер бұл өз мүмкіншіліктерін машинамен үйретуші болып табылады. Персоналды компьютер мүмкіндіктері мынадай:
- интерактивті жұмыс реті
- персоналдық
- графикалық, кляюстративтің жақсы мүмкіндіктері
- регистрация жеңілдігі, процесті оқу туралы ақпаратты сақтау, көшіру және программаны үйретуді көбейту мүмкіндіктері
Персоналды компьютерлік техникалық мүмкіндіктері:
- оқу процесін активтеу
- үйретуді индивидуалдау
- берілген материалдық көзқарасын дамыту
- теориялық білімдегі акцентті практикалыққа қосу
- оқушылардың оқуға деген көз қарасын дамыту
Жақсы оқудың негізгі шарттары бұл оқушылардың оқып үйреніп жатқан пәнге қызығушылығы болып табылады. Бұл қызығушының көптеген факторлармен байланысты. Олар:
- оқып үйреніп жатқан пән мазмұны
- оның күрделі деңгейі
- оқу процесінің ұйымы
- ұстаудың қолданатын жүйесі
- ұстаудың жеке сапасы және т.б.
Сонымен, компьютер – бұл мүмкіндіктері күшті үйретуші машина
Электрондық оқулықтың титул беті көкшіл түсті келген. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне. түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршататынын білеміз. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді екен. Мұнда тек титул беті ғана емес бүкіл оқулық көкшіл түсті етіп таңдалды, себебі бүл түс және оған жақын түстерді де адамды демалдыратын түстерге (Негізінен көк түс - уақытты” және кеңістікті” сезімін, тағы сол сияқты салның сезім береді. Адамдардың тәртібін рационалды және ойластыра алатындай күйге келтіреді. Бір әалыптылыә және салмақтылық сезім силайды.) жатқызуға болады.
Оның титул беті (обложкасы) (3-сурет) келесі бөлімдерден тұрады
Оқулық жайында бөлімі аннотациядан - программа жөнінде қысқаша мәліметтен және электрондық оқулықтың авторы жөнінде мәліметтер, оқулықты құрастыруға қатысқандардың аты-жөндері, жұмыс орындары, телефоны, бар болса электрондық почта адресі т.с.с. тұрады:
Оқулықпен жұмыс бөлімінен гипермәтінді шерту арқылы электрондық оқулықтың мазмұнына көшеміз. Мазмұн - электрондық оқулықтың ең маңызды кұрылымдық элементі. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтып, екінші жағынан екі экранға сиятындай көлемде құрылды.
Кіріспе Delphi ортасы туралы түсінік
14 12 2014
4 стр.
Арнайы курс «Delphi ортасындағы мәліметтер қорымен жұмыс істеу негіздері» қолданбалы курсын оқыту
05 09 2014
1 стр.
Орындалу түрі: Әдебиетпен жұмыс істеу, интернетте жұмыс істеу, жобаны дайындау, жобаны қорғау
18 12 2014
1 стр.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау ша
25 12 2014
1 стр.
Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: Дәстүрлі оқыту: жұптасып жұмыс істеу, оқулықтармен жұмыс, ситуациялық есептерді шешу, өздік жұмыстарын, тестілеу, препарат
15 12 2014
1 стр.
Бұл нұсқау мемлекеттік қызметті алудың, соның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарымен жұмыс істеу үшін Tumar csp криптопровайдерін міндетті орнатуды талап етпейтін, ө
13 09 2014
1 стр.
Тақырыбы: “Delphi программалау ортасында графикалық компоненттерді пайдалану әдістемесі”
14 12 2014
5 стр.
Сабақ мақсаты: массивтермен жұмыс істеу кезінде циклдерді қолдану дағдыларын практикалық иелену
05 09 2014
1 стр.