Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5

2.2 Кітапханалық-ақпараттық өнімдер маркетингінің маңызы мен

жалпы сипаты
Тек қана ірі және орта кітапханаларда ғана емес, сондай-ақ кішкентай кітапханаларда қолданылатын маркетингтік әдістер, олардың таңдауы нақты жағдайлары мен түсініктерге байланысты болады, яғни профильді маркетингтің басты мақсаты – кітапханалық мекеменің қызметінің деңгейін арттыру. Кітапханадағы маркетингтің басқа интерпретацияларымен салыстырғанда кешенді түсінік «кітапханалық-ақпараттық маркетинг» болып табылады.

Кітапханалық-ақпараттық маркетингшығармашылық басқару қызметінің спецификалық түрі. Ол ұйымдастырушылық-экономикалық анализ кешеніне, сұранысты қанағаттандыру және мүмкіндіктерді болжауға сондай-ақ кітапхана ұсынатын қызметті жарнамалауға, интеллектуалдық өнім мен сервиске негізделеді. Кітапханалық-ақпараттың маркетингтің басты мақсаты кітапханалық-ақпараттық мекеменің кітапханалық-ақпараттық және соған сәйкес өнімдердің сұранысты қанағаттандыруға бағытталған пайдаланушылардың нақты категориялары мен қоғамның объективті қажеттіліктеріне бейімделу.

Басқарудың маркетингтік блогы қазіргі кітапхананың күнделікті қызметінде маңызды орын алады. Кітапхана өз деңгейінде ауқымды көлемдегі ұйымдастырушылық және экономикалық шешімдерді шепіуге, көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен ұйымдармен, сондай-ақ кітапханалық-ақпараттық қызмет пен өнімдердің дамушы рыногындағы жекелеген тұлғалармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Микроэкономикалық теориясының методологиялық негізіне қарай американдық және батысевропалық ғалымдардың еңбектерінде жазылған мәліметтерге сүйене отырып кітапхананың басқару мен қызметінің концептуалдық микроэкономикалық тәсілдерін айқындауға болады. Сондықтан кітапханалық микроэкономиканың басты әдістері позитивті (белгілі бір экономикалық бейнелерді болжау) және нормативті (жеке қызметтің оңтайлы сапалы және санды нұсқаларын бөлу) анализ болып бөлінеді.

Кітапханадаға басқарушылық шешімдерді қабылдау механизмін негіздеуге мүмкіндік беретін классикалық микроэкономиканың маңызды кәсіби компоненттерінің арасынан төмендегілерді бөліп көрсетуге болады.

• сұраныс пен ұсыныс теориясы;

• пайдалылық концепциясы (қызмет, интеллектуалды өнім);

• пайдаланушылардың таңдауының белгісіздік эффектісі;

• бәсекелестік (жарысушылық) нарық идеясы;

• ақылы қызмет түрлеріне (баға нұсқаларының көптүрлілігі) баға диверсификация саясаты;

• экономикалық тиімділік теориясы.

Бұлар сондай-ақ кітапханалық-ақпараттық мекемелердің практикалық микроэкономикалық стратегиясын дамытуда тәсілдік құрал ролінде көрінеді, кітапханалардың жеке маркетингтік концепциясын жасауға әсер ететін негізгі факторлар ретінде де көрінеді.

Маркетингтің бірінші деңгейінде жинақталған және аналитикалық тұрғыдан өңделген көпаспекті мәліметтердің кешенді массивінің көмегімен кітапхананың нарықтық концепциясының негізгі импульсін анықтау мүмкін болады. Профильді рыноктың маркетингтік зерттеуі кітапханалық-ақпараттық мекеме қызметінің ұйымдастыраушылық-экономикалық циклді айқын бастап, аяқтап береді.

Екінші кезеңде қорытынды ақпараттық-библиографиялық және соған сай өнімдердің жұмыс бағыты және мүмкіндік реті қалыптасады, қызмет пен өнімдердің нормативтік сипаттамалары (мазмұнды, сапалы, санды) құрылады, қызмет көрсету жағдайы (оның ішінде тегін және ақылы, бағалы параметрлері) айқындалады, нақты қажеттіліктердің құжаттық дайындығы жүзеге асырылады. Профильді нормативті құжатты өңдеу - (қызмет) ішкі қызмет стандарты – кітапханалық-ақпараттық қызмет / өнім сапасының сәйкестігін кітапханаға дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Үшінші кезеңнің мақсаты – кітапханалық-ақпараттық мекеменің ресурстық потенциалын бөлуге негізделген кітапханалық қызметтің бағыттарын ресурстық (қаржылық, материалды-техникалық, кадрлық) жабдықтауға бағытталған.

Төртінші кезең кітапханада ақпараттық-библиографиялық және басқа қызмет / өнімдердің айқын құрылымы мен деңгей сапасын құрудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін технологиялық дайындық.

Келесі бесінші кезеңде өнімге сәйкес келетін кітапханалық ақпараттық- библиографиялық және басқа қызметтің құрылуы жүзеге асады.

Бесінші кезеңге алтыншы кезең қосылады. Ол кітапханалық-ақпараттық қызметтің немесе ақпараттық-библиографиялық өнімдердің үлгілерінің жекелеген түрлерінің сапалық параметірлеріне таңдаулы бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

Жетінші кезеңде қызмет көрсетуге қажет материялдың дайын өнімдердің массивін, кітапхананың қызметінің технологиялық банкін жинау және сақтау жүзеге асырылады.

Сегізінші кезең – маркетингтік блоктың сенімділігіне негізделуіне тікелей бағынышты кітапханалық-ақпараттық мен қызметін басқару.

Тоғызыншы кезең – кітапхананың пайдалы қызметін ақпараттық-библиографиялық қызметті алуға пайдаланушыларды (жеке оқырмандарды, ұжымдық абоненттерді) соған сәйкес әдістемелік тәсілдер мен ережелерге үйретуді қарастырады.

Қорытынды оныншы кезең алдыңғы кезеңдердің нәтижелігіне байланысты болашаққа альтернативті нұсқаларды қарастырады.

Кітапханалық маркитингте ең бастысы – екі жақты, бірін-бірі толықтыратын тәсіл. Бір жағынан бұл оқырмандардың сұраныстарын қажеттіліктерін қызығушылықтарын жан-жақты, мұқият зерттеу, осы қажеттіліктерге сәйкес қызмет көрсетуге бейімделу, ал екінші жағынан сұраныс пен қызметті, қажеттіліктерді қалыптастыруға әсер ету. Осылайша кітапханалық маркетингтің негізі анықталады.

Маркетинг жеке мүмкіндігіңді бағалауға, өзіңе және жұмысыңа пайдаланушының көзқарасымен қарауға, өз стереотиптеріңді өзгертуге бағытталған құрал.

Жоғарыда айтылғандай кітапханадағы қабылданатын шешімдерді шешуде маркетингтік зерттеудің маңызы зор. Ол кітапхананың негізгі нарығын кешенді зерттеуге, ресурстық мүмкіндіктерді бағалауға жанама сұранысқа талдау жасап, кітапханалық-ақпараттық өнімдерге деген тікелей сұранысты жоспарлауға көмектеседі.

Осыған байланысты кітапхана үш негізгі иелену нарығына (қаржы, қызметкерлер персоналы, құжаттық қор) және бір тауар нарығына (кітапханалық-ақпараттық және соған сәйкес өнімдердің) қызмет етеді.

Алғашқы ақпарат массиві қалыптастыратын маркетингтік зерттеулер қымбат тұрады және белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мұндай зерттеулердің кеңінен таралған нұсқаларына жататындар: сұрақ-жауап (жазба және ауызша, стандартталған және стандарттан тыс интервью және т.б.); бақылау (қосылған, қосылмаған, лабороториялық, жүйелік, кездейсоқ және т.б.), эксперимент, тестілеу және т.б.

Маркетингтік зерттеулерде маңызды орын алатын кітапхана орналасқан орта. Ол минимум үш ортада қызмет етеді: макроорта, қоршаған орта және ішкі орта.

Кітапхана құрылымындағы маркетингтік іс-шараларды координациялық және жүйелік циклін өткізу мақсатында ерекше мәселелі-бейімделушілік қызметтерін: орталықтар, бөлімдер, секторлар, маркетинг топтарын бөліп көрсетуге болады.

Іс-әрекеттегі кітапхананың маркетингтік құрылып атауының көп түрлілігі қызмет бағытын бөліп көрсетеді:

• кітапханалық маркетинг;

• инновация мен кітапханалық маркетинг;

• кітапханалық маркетинг пен инновациялық-әдістемелік қызмет;

• маркетинг және жаңа технологиялар;

• экономикалық анализ және кітапханалық маркетинг;

• маркетинг және координация;

• маркетинг және жарнама;

• маркетинг және паблик рилейшнз және т.б.

Кітапхананың мамандандырылған бөлімшелерінде құжат түсіміне анализ жасау жұмыстың мақсаты мен бағыттарын көрсетуге мүмкіндік береді:

• кітапханалық-ақпараттық қызмет нарығын және оның өзгеруін зерттеу;

• ақпаратқа және соған сай сервиске ағымды сұранысқа анализ жасау;

• пайдаланушылардың тікелей ақпараттық қажеттіліктерінің анализі;

• бәсекелестер мен іскерлік қатынастағы тұлғаларды бөлу;

• кітапхана ұсынатын тегін және ақылы қызмет көрсету формаларының көлемі мен ресурстық сипатын қамтамасыз ету анализі;

• кітапханалық-ақпараттық және соған сәйкес қызметтердің сәйкестелген номенклатурасын қалыптастыру;

• ақпараттық өнімдердің түрлері мен қызметінің жаңа түрлерін пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту әдістерін өңдеу;

• қызмет көрсетудің ақылы түрлеріне баға саясатын анықтау принципі (баға маркетингі);

• келісімді қарым-қатынасты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

• кітапхананың әр түрлі қызметін жарнамалау.

Кітапханалық-ақпараттық маркетинг қызметі көпаспектілі, кешенді зерттеу және аналитикалық жұмысты жүргізуге негізделген.

Басқару концепциясының маңызды бағыты болып саналатын маркетинг әрбір жеке кітапханаға ақпараттық қызметте қажетті бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді, ақылы ақпараттық-библиографиялық және басқа қызмет көрсету мен нақты ақпарат пайдаланушылардың шекарасын анықтауға көмектеседі. Кітапхананың ішкі құрылымындағы маркетингтік бөлімді келесі кестеде көрсетеміз:



Кітапхананың ішкі құрылымының маркетингтік бөлім нұсқасы

Қызмет белгісіне байланысты маркетингті ұйымдастырудың классикалық принциппін қолдану қабылданып отырған шешімге қызметкерлердің жауапкершілігін арттырып, бақылау жасауға мүмкіндік береді. Осының негізінде келесі факторларды есепке алған дұрыс:

• ішкі және сыртқы жағдай;

• мақсат және міндет (стратегия);

• өнім тарату жолдары мен құралдары (тактикасы);

• қаржылық шығындар (бюджет).

Нақты кітапхананың қызметінің мақсаты мен міндеттеріне байланысты кітапханалық-ақпараттық мекеменің алғанда ретінмен менеджерлік тапсырмаларды шешуге ат салысады:

• кітапханалық-ақпараттық және кітапхана ұсынатын басқа да қызмет түрлері мен өнімдерді қажет ететін пайдаланушылардың топтарын, санын анықтау;

• мәдени-ағарту және ақпараттық қажеттіліктерді, сондай-ақ мәліметтер, қызмет пен өнімдер сипаты мазмұнын көрсету;

• пайдаланушылардың әр түрлі топтарының арасында ұсынылатын кітапханалық сұранысты зеттеу;

• ақпараттық сұраныстар мен оны қанағаттандыру жолдарын дамытуды болжау;

• стратегиялық және ағымдық артықшылықтарды бөлу мақсатында тапсырмасы бағыт пен мазмұн жұмысын кешенді бақылау;

• кітап-журнал нарығын зерттеу және негізгі және арнайыландырылған қорды зерттеу;

• ұсынылатын қызметтің құрылымы мен көлемінің, қолда бар материалдық және кадрлық ресурстардың функционалды-бағалық анализі.

• ақпараттық-библиографиялық және соған сай қызмет пен өнімдердің, ұсынылып отырған сервистің жарнамасын жасау;

• қоғам пікірін құру – кітапхананың көпшілік пайдаланылатын компонентті білім беретін мәдени-ағарту мекемесі ретінде имиджін құру;

• ішкі идентификацияның негізінде атқарылған жұмыс сапасын және тиімділігін бағалау;

• маркетингтік білім деңгейі жоғары мамандарға профильді жұмыстағы бағытын айқындау.

Ақпараттандыру адам өмірінің барлық жағының интелектуалды-гуманистік құрылымы ретінде танылып, ақпаратты мейлінше толығымен пайдалану оның даму ресурсы ретінде адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуының маңызын арттырды. Бүгінде ешкім де ақпаратты оперативті түрде табу мен пайдалану өмір сапасын жақсартатынына шек келтірмейді. Адамдар ақпаратты игеру нәтижесіне байланысты ойлауды және белгілі бір шешімге тоқталады. Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру жанұяда басталады, келе-келе оған балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орын және т.б. қосылады да ол өмір бойына жалғасады. Ақпаратты мәдениетті қалыптастырудағы ерекше маңызды рольді кітапхана алады.

Уақыт өткен сайын пайдаланушылардың да ақпаратқа деген қажеттілігі тереңдеп, әр түрлі сипатқа ие бола бастады. Оқырман шығармашылығының назарына ақпарат көздерінің мейлінше кеңеюі қажет болды. Кітапханада жоқ керекті әдебиетті табуға көмектесу үшін кітапханашылар оқырманға (пайдаланушыларға) басқа кітапханаларға, ақпарат орталықтарына баруға кеңес беретін болды, дәстүрлі қызмет көрсетуден басқа, мысалы интернетті пайдалануға ұсыныс жасады. Ақпарат туралы ақпарат бірнеше мәселені шешеді. Біріншіден, ол пайдаланушыға кітапхана ішінде, сондай-ақ оның жекелеген бөлімдері – оқырман залдары, абономенттер, филиалдар ақпаратты табу мүмкіндігін оңайлатады. Бұл үшін әр түрлі көрсеткіштер, хабарландырулар, құрылымдық сызбалар және т.б. шығарылады.

Ақпараттық қажеттіліктерді зерттеу үшін арнайы әдістер мен тәсілдер қажет:

1. Ақпараттандыру процесінің өзі нені білдіреді. Осыны анықтау қажет.

2. Ақпараттандырудың құқықтық жағдайын айқындау, яғни авторлық құқық, сөз бостандығы тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі және т.б.

3. Қазіргі уақыттағы ақпараттық ресурстардың, жекелеген құжаттардың, ақпарат жүйесіндегі құжаттар массивтерінің сипаты мен ерекшеліктерін түсіну.

4. Әр түрлі ақпарат тасымалдаушылардың, дәстүрлі және электрондық құралдардың, систематизацияның мүмкіндіктерін жете түсіну.

5. Қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану, өзіндік компьютерлік сауаттылықты дамытып отыруға тырысу.

Кең мағынасында ақпараттық бағалығын пайдаланушы мен ақпарат арасындағы өзара байланыс ретінде анықтауға болады. Ақпарат сапасының басты мақсаты адамның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырып, оның қызметіне көмектесу.

Кітапханада маркетингті қолдану кітапхананы басқаруды ұйымдастыру спецификасын және формасының деңгейіне байланысты болады.

Маркетинг – дамып келе жатқан ғылым, сондықтан бір ғана әмбебап түсінікте оның құрылымын, принциптері мен қызметін сипаттап бере алмаймыз. Қазіргі уақытта маркетингтің 2000-нан астам анықтамасы бар, олардың әрқайсысы маркетингті әр қырынан қарастырып, оның кешенді сипатын береді.

Ақпараттық кітапханалық қызмет көрсетуге қосымша ақылы қызмет түрлерін пайда алуға негізделген. Осылайша кітапханалық-ақпараттық маркетинг әр түрлі спецификалық келісімдер дайындауда қолданылады.

Кітапхананың әр түрлі оқырмандарының топтарына көрсетілетін ақылы қызметтері негізінде сұранысты қадағалауға болады. Ол үшін сұранысты сол кітапхананың ақылы қызметтің қандай түрі көрсетілетіні дұрыс екенін табуға болады.

Ақпарат-маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат мына мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді:

• бәсекеде басымдылықты алу;

• шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету;

• тұтынушылардың тауарға деген ынтасын анықтау;

• сыртқы ортаны терең бақылау;

• фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау;

• тұтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру;

• тиімділікті көбейту.



Ақпарат әртүрлі сипатталады. Сондықтан шығу мерзіміне, оған жүктелген міндетіне, оны өңдеуге қарай жіктеуге болады.

Шығу мерзіміне қарай мынадай ақпарат түрлерін айыруға болады:

• тұрақты ақпарат-маркетингтік ортаның ұзақ уақыт өзгермейтін көрсеткіштерін бейнелейді;

• айнымалы ақпарат-маркетинг обьектілерінің өз мәніндегі іс-әрекетін ағынды сандық және сапалық сипаттамасымен көрсетеді;

• ауық-ауық ақпарат – керек кезде ғана анда-санда ғана жиналатын мәліметтер (мысалы, тауардың бағасын өзгерту мүмкіндіктерін анықтау үшін жаңа бәсекелес фирма туралы мәліметтер жинау).

Ақпарат міндетіне байланысты ол былайша бөлінеді:

• анықтамалық ақпарат – танымды сипат алады және маркетинг объектілерінің біршама тұрақты белгілерін анықтап, анықтама жүйісі ретінде шығады;

• кепілдемелік ақпарат – арнайы жүргізген маркетинг зерттеулері қорытындысының немесе мәліметтерді талдаудың негізінде пайда болады. Оған өнім өткізуді болжау, нысаналы рынокты, делдалдарды, жабдықтау фирмалары талдау приоритеттері жүктеледі;

• нормативтік ақпарат – негізінде өндіріс саласында қалыптасады, өндірістің әртүрлі құрылым ережелері, нормативтері баяндалады;

• хабаршы ақпарат – маркетинг ортасы объектілерінің іс жүзіндегі өзгеріс бағыты жоспарға үйлеспеген кезде пайда болады;

• реттеуші ақпарат – хабаршы ақпараттың кемшілік себептерін жоюға бағытталған әрекеттерді баяндайды.



Ақпаратты өңдеуге қарай жіктеу маңызды мағына алып, мына түрлеріне бөлінеді:

• бастапқы ақпарат – нақтылы мақсатты көздей бірінші рет жиналған мәліметтерді баяндау;

• екінші ретті ақпарат – басқа мақсатпен бұрын жиналған қолда бар мәліметтер;

• туынды ақпарат – басқа мақсатты шешу үшін бастапқы, екінші ретті ақпараттың, немесе өзге ақпараттың мәліметтерін баяндау.



Ақпаратты ұйымдастыру алдында оған келесі талаптар қойылады:

1. Ақпараттың өзектілігі – маркетинг ортасының жағдайын әр мезгілде шындықпен нақты бейнелеу. Сондықтан сақтайтын құнды коммерциялық мәліметтер базаларын күнделікті жаңарту қажет.

2. Ақпараттың дәлме - дәлдігі - өндірістің, рыноктың, сыртқы макроортаның нақты жағдайын және даму өзгерісін айнытпай көрсету. Бәсеке күресі жағдайында ақиқат мәліметтері арнайы бұрмалауы мүмкін. Сондықтан ақпаратты анықтау үшін мәліметтерді әртүрлі көздерден алып, оларды салыстыру қажет.

3. Мәліметтердің релеванттілігі – алға қойылған мақсатқа сәйкес қажетті мәліметтерді іріктеп жинау және іске қатысы жоқ мәліметтерді алып тастау.

4. Толық бейнелеу – маркетинг ортаның жағдайына және оның даму өзгерісіне әсер ететін барлық факторларды объективті түрде есепке алу.

5. Мәліметтердің мақсаттылығы – тауарды өндіру, оны сыртқы және ішкі рынокта өткізу арналары мақсаттарына сәйкес мәліметтер жинау.

6. Ақпараттың біртұтастығы және сәйкестігі - мәліметтер.

Қорытынды
Бүгінде, көпшілік пайдалана алатын кітапханаларды оқырмандарға ақпарат кеңістігінде жұмыс істеуге үйрету, кітапхананың сапасын, деңгейін, имиджін көтеруде маркетингтік қызметтің алар маңызы ерекше.

Меркетинг уақыт ағымымен бірге жүреді, ал маркетингтік қызмет кітапханалардың оқырман қажеттіліктеріне сәйкес жұмыс жүргізуіне ат салысады. Маркетинг – бұл екі жақ та тиімді ұтатын әлеуметтік жағынан қажет құбылыс. Маркетингтің арқасында кітапханалар ұтады, яғни олардың жұмысы нақты жағдайда бағаланады, беделі өседі, материалды-техникалық базасы жақсарады. Екінші, жағынан пайдаланушылар ұтады, яғни кітапханашылар пайдаланушылардың қызығушылықтарын, қажеттіліктерін айқындап, осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын қызмет түрлерін ұсынады.

Бұл айтылған процестер кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық шешім тұрғысынан қарастырып, кітапханалық маркетингтің мәнін құрайды. Сонымен, кітапханалық маркетинг кітапхананың нарықтық жағдайда өз қызметін дұрыс жолға қоя білуіне ат салысады, қаржылық және экономикалық мәселелерді оң шешуге көмектеседі, пайдаланушыларға ақпарат көздерін пайдалануға тиімді түрде бағыт-бағдар беріп, олардың қызығушылықтарын арттыруға, кітапхананың имиджін көтеруге септігін тигізеді.

Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетінде маркетингті дұрыс пайдалану үшін біз келесі мақсаттарды (міндеттерді) айқындадық:

1. Кітапхананы тиімді басқаруды жүзеге асыру үшін маркетингтің теориялық негіздері талданды;

2. Кітапханалық қызмет көрсету деңгейін жоғарылату мақсатында маркетингті пайдаланудың маңыздылығы көрсетілді;

3. Нарықтық экономика жағдайында кітапхананы басқарудың өзекті мәселелері талқыланды;

4. Пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуде ақпараттық маркетинг қызметінің қажеттілігі анықталды.

Кітапхааналық қызмет маркетингі теориялық тұрғыдан қанша зерттелгенімен, практика жүзінде әлі де қолданысқа енбей келеді. Алысқа бармай-ақ өзіміздің оңтүстікті алып қарасақ бірен-саран кітапханаларда болмаса, маркетинг бөлімі жұмыс істеп жатқан кітапханалар жоқтың қасы. Неге? Өйткені бізде маркетингтік талапқа сай жұмыс істейтін маркетологтар, менеджерлер жоқ. Сондықтан да дәстүрлі кітапханалық қызмет көрсетумен айналысып үйреніп қалған кітапханашыға да, пайдаланушыға да маркетинг түсінігі жат нәрсе. Ал егер маркетингті кітапханаларға практика жүзінде енгізсек, ол тек қана қызмет көрсетудің сапасын арттырмайды, кітапханаға деген пайдаланушының қызығушылығын оятады, кітапхана имиджін көтереді. Тағы бір айта кететін жай біздің бұл зерттеу жұмысымыз әлі аяқталған жоқ. Кітапханалық маркетинг саласы жайында бірқатар жұмыстар жүргізілгенімен бұл әлі де болса зерттеуді қажет ететін тың тақырып. Сондықтан біз өз зерттеу жұмысымызды одан әрі қарай жалғастыруды алдымызға мақсат етіп қоямыз.

Әдебиеттер тізімі:
1. Арзуханов, А.С., Дера, В.Г. О маркетинговой ориентации в деятельности библиотечно- информационных систем // Науч. - техн. информ. Сер. 1. - 1991.-№6.-С. 22-24.

2. Аветисян, Д.О. Проблемы информационного пойска. М.: Финансы и статистика, 1981. - 208с.

3. Академия рынок: Маркетинг. М.: Экономика, 1993.

4. Басовский, Л.Е. Маркетинг: курс лекции. - М.: ИНФРА - М, 2000 - 218с.

5. Борхард, П., Флодель, Ш., Мильц, М и др. Концепция маркетинга для публичных библиотек / НВЦ Библиомаркет, Пер. с нем. Е.М. Ястребовой. - М.: 1993. - 144с

6. Бубекина, Н. Экономические аспекты деятельности библиотек на современном этапе: Метод. пособие. - М.: Либерея, 1992. - 87с.

7. Блюменау, Д.И. Информация и информационньш сервис. - Л.: Изд-во «Наука», 1989. - 190с.

8. Бірәлиева, Н.Б. Ақпараттық менеджмент негіздері: Оқу құралы. - Алматы. Экономика, 2000. - 96 б.

9. Воробьев, Г.Г. Документ: информационный анализ. М.:Наука, 1973. -225с.

10. Горшков, Ю.А Бюджетное планирование библиотечных услуг в новых условиях хозяйствования: [В условиях рынока] // Советское библиотековедение. - 1990. - ГУТ. - С. 39.

11. Герасимова, Л.Н. Маркетинг информационных продуктов и услуг: Учеб. Пособие: в 2 ч. М.: 1997 - 115с.

12. Голодлева, В., Киреева, Л. Маркетинг - движущая сила // Библиотека. - 1997. - №8. - С. 27 - 29.

13. Дворкина, М.Я. Зачем нужна библиотечная реклама? // Сов. Библиотековедение. - 1992. - ІҮ2. - С. 86 - 91.

14. Джафар, Ш. Маркетинг информационных продуктов и услуг. // Библиотека. - 1999. - №7.

15. Джерелиевская, И.К. Библиотека - субъект рыночных отношений (постановка проблемы) // Науч. и техн. б-ки СССР. - 1992. ІУЗ. - С. 4-12

16. Казина, Г.Ғ. Облыс кітапханаларының жұмыс тәжірибесіне маркетинг енгізу // Кітапхана. - 2005. - ГУТ. - 236.

17. Карпова, Н. Следуя философии маркетинга: [В условиях рынок] // Библиотека. - 1995. №2. - С. 22.

18. Клюев, В.К. Маркетинговая орментация библиотечно – информационной деятельности (маркетинг в системе управления библиотекой): Учеб. пособие. - М.: Профиздат, 2002. - 144с.

19. Котлер, Ф. Основы маркетинга: Пер. с англ. - М.: Прогресс. 1992. - 736с.

20. Котлер, Ф. Маркетинг негіздері: Оқулық-Алматы. Жазушы, 2000. -552 б.

21. Крылов, И.В. Маркетинг. Социология маркетинговых коммуникаций. - М.:Центр, 1998.-189с.

22. Қамшыбаев, Р.А. Халықаралық маркетинг: Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2003.-152 б.

23. Ленский, Б.В. Издательство - книготорг - библиотека: путь книги к читателю // Науч. и техн. б-ки. - 2001. №3. - С. 57 - 61.

24. Матлина, С.Г. Привлекательная библиотека, или что может реклама: Практ. пособие. -М.: Либерея, 1997. - 96с.

25. Мешалкина Ю.В. Библиография и маркетинг//Мир библиографии. - 2005. - №2. -С. 32-36.

26. Минкина, В.А. Информационный маркетинг // Науч. и техн. б-ки СССР. -1999. - №8.-С. 8-12

27. Маркетинг - современная концепция управленйя библиотекой: Науч. - реф. сб. / РГБ; Сост. С.Д.Колегаева. - М, 1994. - 148с.

28. Матлина, С.Г. Библиотечный маркетин: Практ. Пособие для работников публичных библиотек / РГБ; Пермская обл. б-ка. - Пермь, 1993 - 66с.

29. Михнова, И.Б., Пурник, А.Б., Антонова, О.И. Библиотека и бизнес - М.: НВЦ «Библиомаркет», 1994- 168с.

30. Михнова, И.Б., Цесарская, Г.Л. Как делать рекламу библиотеки: теория, методика, практика. - М.: НВЦ «Библиомаркет», 1996 - 220с.

31. Николаева, М.А., Карташова, Л.В. Средства информации о товарах. - М.: Экономика, 1997 - 176с.

32. Нуриев, М. А., Петрова, И.В. Маркетинг (Учебно-метод. пособие). - Алматы. МГП «Демеу», 1991.

33. Нысанбаев, С.Н. Маркетинг негіздері: Оқулық. - Алматы. Қазақ университеті, 2002.- 2006.

34. Сатыбалдыұлы, С. Маркетинг - нарықтану: ЖОО-ң студенттеріне арналған оқулық. - Алматы: «Білім», 1999, 288 б.

35. Соломатин, Н.М., Беляев, В.А. ЭВМ и поиск инфоррмации. М.: Машиностроение, 1977 - 127с.

36. Соколов, А.В. Информационно - поисковые системы: Учеб. Пособие для вузов / Под. ред. А.Б.Рябова. ІУІ.: Радио и связь, 1981 - 152с.

37. Суслова, И. М. Практический маркетинг в библиотеках: Учебно - методическое пособие. -М.: Издательство «Моберея», 2004 - 144с.

38. Соколов, А.В. Библиотеки и рыночная экономика // научные и технические библиотеки. - 1991. - №10. - С.3

39. Есімжанова, С.Р. Маркетинг: Оқу құралы. - Алматы. Экономика, 2003. -466 6.

40. Уткин, Э. А. Маркетинг. - М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем», 1998.-320с.

41. Хожаназаров, Қ. Маркетинг негіздері: Оқулық. - Алматы.Экономика, 1996.-288 6.

42. Цуккан, В.В., Лященко, И.П. Автоматизировання обработка информации в библиотеках: Учеб. пособие. - М.: 1983. - 88 с.

43. Швальбе, X. Практика маркетинга для малых и средних предприятий. - М.: Республика, 1995 - 156с.

44. Ястребова, Е.М. Учимся маркетингу.[Зарубежный опыт] // Библиотекарь. - 1990. №6. с.76.



45. Ястребова, Е.М. Внутренний маркетинг в библиотеке. // Науч. и техн. библиотеки. 1993. №10. - С. 40 - 46.


<предыдущая страница


Дипломдық жұмысының тақырыбы: «Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг»

Студент дипломдық жұмысының тақырыбы: «Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг»

921.23kb.

25 12 2014
5 стр.


Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары»

Сынылып отырған дипломдық жұмыс қазіргі балалар кітапхананың орны, оның дәстүрлері мен жаңа мүмкіндіктері қандай бар екендігі бүгінгі уақытта аса қажет

1094.7kb.

17 12 2014
5 стр.


-

Елеусизова Дана Саркенқызының дипломдық жұмысының тақырыбы «хх ғасырдың екінші жарытысындағы Қытай». Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер шізімінен

684.83kb.

16 12 2014
3 стр.


Дипломдық жобаның тақырыбы «fastwel контроллері негізінде мыс штейнін алудың автоматтандыру жүйесін және ақпараттық қамтамасыз етуін әзірлеу»

Дипломдық жобада қоршаған ортаны қорғау, тіршілік қауіпсіздігі, экономикалық есептеулер келтірілген. Дипломдық жоба М. О. Әуезов атындағы ОҚму – дің «Автоматтандыру, телекоммуникац

1926.68kb.

16 12 2014
14 стр.


Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу»

Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін негіздеу

1095.33kb.

14 12 2014
10 стр.


Дипломдық жұмысы Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында дарынды балалармен бастауыш сынып мұғалімінің жұмысының ерекшеліктері
809.62kb.

14 12 2014
4 стр.


Диплом жұмысының тақырыбы: ««ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары»

Дипломдық жұмысты атқарушы дайындаған диплом жұмысына

1204.69kb.

25 12 2014
5 стр.


Диплом жұмысының тақырыбы

Фк-03-3к2 тобы студенті Бегалиева Лейла Жанаталиевнаның «Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» тақырыбында орындалған д

1790.4kb.

25 12 2014
7 стр.