Перейти на главную страницу
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы
Жалпы, «инвестиция» ұғымы XVIII ғасырда қалыптасқан.
Қазақстан Республикасының инвестициялық заңы өзінің дамуы мен қалыптасуы кезеңінде 4 негізгі кезеңді өткерді.
Бірінші кезең бұл шетел инвесторлары туралы заңмен байланыстыинвестициялық заңды форматтау кезеңі.
Инвестициялық заңды форматтау ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы уақытында болды.
ҚР ның инвестициялық заңдылығы ең алдымен шетелдердің инвестициялығы туралы заң ретінде, яғни ол шетелдердің инвестициялығы туралы заң қабылданған соң 7 айдан кейін қалыптасты.
Содан соң шетелдердің инвестициясын жүзеге асыру мен байланысты қатынастар заңдық актілермен реттелінде, ал ұлттық инвестицияға байланысты қатынастар басқа құқық салаларының нормалары мен реттелді (азаматтық, қаржылық, банктік, әкімшілік, бағалы қағаздар туралы және т.б.).
Жаңа заң Қ - ның экономикасына шетелдердің инвестициясын аударудың экономикалық және құқықтық негіздерін анықтады.
Сондай - ақ шетелдердің инвестициясын мемлекеттік кепіл ретінде біріктіру және шетелдік инвесторлардың қатысуымен дауларды шешу тәртібі мен оның жүзеге асырылуын ұйымдық құқықтық форма негізінде бекіту.
Сонымен шетелдердің инвестициясы туралы заңмен бірге ҚР ның Азаматтық кодексі қабылданды. Бұл 1995 ж 1 наурызда нарықтық қатынастарды реттейтін, құқықтық нормаларды бекітетін және ҚР ның ұлттық заңдар жюүйесіннің қалыптасуы азаматтық заңға байланысты маңызды роль атқарды.
Сондай - ақ бұл кезеңде «инвестицияға мемлекеттік қолдау» туралы 1997ж 28 ақпанда ҚР ның Заңы қабылданды. Инвестициялық заңның дамуының екінші кезеңінің жеке ерекшелігі ҚР ның нарықтық қатынастарды реттейтін, заңның әрекет етуінің негізін құрайтын құқықтық базаға байланысты.
Үшінші кезеңінің басталуы инвестициялық заңның қолдануымен байланысты болды. Инвестицияны қолдану туралы заң ҚР да инвестициялық саясаттың басталуымен болды. Бұл шетелдік инвесторлар мен ұсынылған жеңілдіктер мен көтермелеуге бағытталған. Осы шетелдік инвесторлар туралы заң үлкен өзгеріске ұшырады. Бұған негіз болған шарттар бойынша мемлекеттің қазыналық құралдарын пайдалану, яғни бұл шетелдік инвесторлар мен ұлттық заңды тұлғалар байланысты қалыптасты.
ҚР сы президентінің 2000 ж 23 тамызда бекітілген жарғы бойынша ҚР да Қлттық қор құрылды. Оның мақсаты мемлекетте ақша салымдарын ұлғайту.
Сондай - ақ қорды қолдану мен реттеудің Ережелері бекітілді. Осыған байланысты «ҚР ның Ұлттық қорын сенімді басқару» туралы ҚР сы Үкіметінің қаулысы қабылданды және 2001 ж 20 шілде де ҚР сы Ұлттық банкін басқару жөніндегі ҚР ның Ұлттық қор инвестициялық операцияларын жүзеге асыру Ережесі бекітілді.
Сонымен қатар 2003 ж 8 қаңтарда ұлттық және шетелдік инвестицияларды жалпы құқықтық тәртіпте бекіту және инвестицияға байланысты қатынастарды реттеу, нормаларды біріктіру және инвестиция туралы заң қабылданды.
Инвестициялық заңның дамуының төртінші кезеңі инвестициялық заңның заң саласы ретінде қалыптасуы және оның белгілерімен ерекшеліктерін айтуға болады. Бұл кезеңде шетелдік және ұлттық инвесторлар тең мүмкіндікке ие болған. Яғни бұл мүмкіндік біздің еліміздің экономикасына жаңа ұсыныстар енгізді. Сондай - ақ шетелдік және ұлттық инвесторлар бір бірінен тәуелсіз инвестициялық қызметтерді жүзеге асыратын болды.
Инвестициялық жобаның дайындалуына сәйкес инвестиция туралы заң басты болып саналды. Сондай - ақ инвестициялық заңға сәйкес мемлекеттік инвестициялау немесе нарықта бағалы қағаздарды жүзеге асыру мен байланысты инвестициялық қатынастар жүзеге асырылды.
ҚР ның инвестиция туралы заңдары ҚР конституциясына негізделді. Инвестиция туралы заң ҚР ның өзге де нормативтік актілерінен тұрады. Осы заң мемлекеттік бюджет қаражатынан инвестицияда жүзеге асыруға арналған коммерциялық емес ұйымдарға, оның ішінде қайырымдылық, ғылыми, діни мақсаттар үшін капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейді.
Инвестицияны жүзеге асыру кезінде туындайтын ҚР өзге де заңының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға қатысты қатынастарға заңның ережелері ҚР осындай заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. Егер ҚР сы бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелері қолданылды.
ҚР ның заң актілерінде көзделген жағдайларды қосып, инвестордың кәсіпкерлік қызметінің кез келген объектілерінің түрлеріне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар. Инвестордың кәсіпкерлік қызметін инвестициялар жүзеге асырады. Ал, объектілердің түрлеріне қатысты инвестиция туралы заңда, ҚР ның өзге де заңнамалық актілерінде тиісті шарттарда белгіленді. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып ҚР заң актілері мен инвестициялық қызметі шектелетін, оған тыйым салынатын қызмет түрлері және аумақтар белгіленуі мүмкін.
Сондықтан инвеститцияны анықтаудан бұрын оның әрекет ететін заңдарын анықтап алу қажет.
Алымдар, кірістер мен табыстарды алу инвеститциялаудың негізгі мақсаты болып табылады. Осыған байланысты «инвестиция» және «капитал» бір термин ретінде біріктірген. Капитал салымдары кең және тар мағынада қолданылған.
Кең мағынада шығыстарды және негізгі қорларды өндірісте ұлғайтуды білдіреді. Ал, тар мағынада инвеститцияның игіліктері мен инвеститциялау шешімдерін бір уақытта жүзеге асыру әрекеттерінің нәтижесі көрсетілген.
ҚР бекіткен инвесторлардың ҚР ның ұлттық валютасымен және шет мемлекеттердің валютасымен банк шоттарын ашуына айналыстағы валютаға және еркін айналыстағы валютаны инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ҚР ның ұлттық валютасына ауыстыруына кедергі келтірмеуге, сонымен қатар инвесторларға қатысты валюталық реттеудің басқа да шектеулерін енгізбеуге кепілдік береді. Сондай ақ ҚР ның инвесторлардың инвестицияларын, пайдаларын, дивиденттерін, құқықтық және заңды мүдделерін ҚР ның заңдарымен қорғауға кепілдік берілген. ҚР Валюталық реттеу туралы Заңына сәйкес валюталық операциялар мен капиталға қатысты инвистицияны алу 120 күнге созылған. Әрекет ету мерзіміне қарай инвеститциялар ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді 10жылға созылса, ұзақ мерзімді 10 жылдан жоғары мерзім саналады.
Инвеститциялық несиені өтеудің өзіндік мерзімдері бар: қысқа мерзімді өтеу бір жылға дейін, орта мерзімді өтеу бір жылдан бес жылға дейін, ұзақ мерзімді өтеу бес жылдан жоғары.
Сонымен, инвеститция лицензия мен шарттың әрекет ету уақытын көрсете отырып, инвестордың өзімен жүзеге асырылатын және нақты жағдайдан табыстар мен кірістер алу мақсатымен, рухани материалдық игіліктерді құруға бағытталған капитал алымдары болып табылады.
Тұтыну инвеститциясы болашақта кіріспен табыстар алу мақсатымен тауарды ұзақ мерзімді қолдану немесе жылжымайтын қорларға ақша құралдарын енгізу.
Инвеститция обьектісі ретінде жылжымайтын мүлікке жататындар: жеке қозғалмайтын мүліктер, бағалы мүліктер, өнер туындылары, ғимараттар және тағы басқа діни мекемелер, үйлер.
Инвеститцияда материалдық және материалдық емес игіліктердің барлық түрлері жатады. Яғни ол кіріс алу мақсатымен өндіріске бағытталған тауарларды қолдану болып саналады.
Қаржылылық салым инвеститциялары былай бөлінеді:
Инвиститциялау обьектісі бойынша:
Нақты құқықтық қатынасқа қатысты, қазірдің өзінде дәл көрсететін анықтамасы, зерттелуге жататын теориялық мәселелер көрсетілмеген. Яғни, жоғары деңгейде қаралатын мәселелер, сұрақтар шешілмеген (зерттелмеген).
Құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарда, бар қатынастарға сәйкес негізгі және біріктірілген негіздер қарастырылады.
Осы жалпы және біріктірілген бастамалар болып мыналар табылады:
Құқық нормаларын көрсетуде жалпы құқық қатынас көмегі қоғамдық қатынастарға қатысушылардың міндеттері мен құқықтары үшін маңыздырақ. Сондықтан заң ғылымында объективті және субъективті құқық ұғымы қолданылады, яғни құқық норманың жүйесі ретінде. Объективті мінез құлыққа ие болады және оның норма құқығымен норма жүйесі сияқты құқықты, объективті құқық деп атайды.
Субъективті құқық тұлғалардың нақты міндеттері мен заңды құқықтарын белгілейтін жекелендірілген құқық. Ол құқық нормасының міндеттері мен құқықтары.
Субъективті құқық және міндетпен байланысты болғандықтан, бұл құқықтық концепция деп аталған.
Нақты қатынастың мінез құлық белгілеріне мыналар жатады:
Сондықтан жоғары аталғандарға сүйене отырып, инвестициялық құқық қатынас бұл мемлекетпен қамтамасыз етілген және қорғалатын субъективтік құқықпен заңдық мүдделер, арақатынастың қатысушылары қоғамдық қатынастың құқықтық норма негізінде туындауына қатысады.
Құқық қатынас ұғымының біріктірілуі деңгейдегі қиын оқиға. Оның өзі құрылымдық элементтерден тұрады. Сондықтан оның элементтеріне байланысты айырмашылықтары бар. Айырмашылықтарға мыналар жатады:
Құрылымдық элементтен тыс «мазмұн» ұғымның өзін, біріншіден, кеңейту. Жалпы философиялық тұрғыдан құқық қатынастың құрамы мен құрылымы мазмұндарын ажырата білу қажет. Ал жалпы құқықтық тұрғыдан орталықтандырылмаған, яғни құрылыммен құрамына сәйкес «мазмұн» ұғымын кеңейту және басқа да ұғымдармен сәйкестендіру.
Құқықтық қатынас мазмұнның құрылымының элементері маңызды және ол басқа элементтермен сәйкестендірілмейді.
Жоғарыда аталған элементтер бір бірімен тығыз байланысты. Осы элементтер құқық қатынастың құрылымын құрайды. Сонымен қатар «мазмұнның» ұғымы кең және тар мағынада қолдануға болады. Тар мағынада заңдық ұғым, ал кең мағынада фактілік ұғым болып саналады. Осы екі ұғымның мағынасы біріктірілген.
Заңдық мағына фактілік мағынаны анықтайд, ал фактілік мағына құқық қатынасқа ене отырып, қоғамдық қатынастардың фактілік формаларының сапалығын анықтайды.
Құқықтық қатынастың құқықтары мен міндеттеріне байланысты құрылымның элементтерінің өзіндік сапалығын қарау. Субъективтік құқықтар мен міндеттер құқықтық қатынастың мазмұнын құра отырып, оларды бір бірімен байланыстырады. Субъективтік заңдық құқық бұл фатілік мүмкіндік емес, мүмкіндік тәртібін мемлекет пен қорғау, яғни субъективтік құқық міндетті жақтың нақты әрекеттерін анықтау және құқық бұзылуын қорғау, мемлекеттік орган жүзеге асыратын қорғаудың бір түрі.
Сондай ақ лауазымдық тәртіппен тұратын заңдық міндет субъективтік құқықтың маңызды құралы болып табылады. Ал инвестициялық құқықтық қатынастың осы құқықтық қатынасқа қатысушылардың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды.
Ал осы инвестициялық құқықтық қатынатың негізі, басты субъектісі ол инвестор болып табылады. Осы инвестордың қызметінің жүзеге асырылу сатысы инвестициялық құқықтық қатынастың маңызды қатынастары болып табылады.
Сонымен келесі қорытындыға келуге болады. Инвестициялық құқықтық қатынас субъективтік құқықтармен міндеттер сол сияқты қатысушылардың жиынтығынан тұрады. Инвестициялық құқықтық қатынас ең басты, бірақ жалғыз емес, субъектісі ретінде инвестор болып табылады.
Инвестициялық шарт
1. Инвестициялық шарттың құқықтық мінездемесі
Инвестициялық қарым – қатынастардың туындауының, өзгеруінің немесе тоқтатылуының негізі шарт болып табылады.
Тәжірибеде инвестициялық шарттың кең қолданылуына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасында оның түсінігі көрсетілмеген. Тек инвестиция туралы заң жалпы мағынада инвестициялық шарттың түсінігін белгілейді.ол бойынша инвестициялық шарт – бұл инвестициялық преференцияларды қарастыратын инвестицияларды жүзеге асыратын келісім.
Жалпы алғанда инвестициялық шарт – бұл орташа әлеуметтік жағдайға жету үшін және (немесе) немесе кірістер алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызметтердің объектілеріне қаржылық, материалдық – техникалық құралдарды, мүлік және (немесе) мүліктік құқықтарды, интеллектуалдық құндылықтарды салу туралы шарт болып табылады.
Инвестициялық шарт – ерекше шарт болып табылады. Біріншіден, инвестициялық шарт келесі талаптармен сипатталады: тараптар арасында ақша қаражатын, мүлік және (немесе) мүліктік құқықтарды, интеллектуалдық құндылықтарды беру жөнінде; тараптардың материалдық жауапкершілігі жөнінде; шартты өзгертудің және тоқтатудың жағдайлары жөнінде шарт жасалады.
Шарттарды жасасу, тараптарды таңдау, міндеттерді және жақтардың қарым – қатынасының өзге де талаптарын анықтау инвестордың құзырына жатады.
2. Инвестициялық преференциялар беру жөнінде инвестициялық шарттар
Инвестициялық преференциялар: көзделетiн инвестициялық қызмет қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес болған; осы заманғы технологиялар қолданыла отырып, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне жаңа өндiрiстер құру, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту үшiн инвестициялар жүзеге асырылған; Инвестиция туралы заңның 19-бабында тiзiп келтiрiлген, инвестициялық жобаны iске асыру үшiн тапсырыс берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерiнiң болуын растайтын қажеттi құжаттар табыс етiлген жағдайда беріледі.
Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi орган:
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшірмесі; заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариаттық куәландырылған көшірмесі; заңды тұлға жарғысының нотариаттық куәландырылған көшiрмесi; инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн құжаттардың нотариаттық куәландырылєған көшiрмелерi; инвестициялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн, құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi. Инвестициялық жобаны өз қаражаты есебiнен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi; өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi; өтiнiм берiлген тоқсанның алғашқы күнiне арналған бухгалтерлiк баланс; салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.
Уәкiлеттi орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде модельдiк келiсiм-шарттың ережелерiн ескере отырып, келiсiм-шартты қол қоюға дайындайды. Келiсiм-шартты қол қойылған күнiнен бастап бес жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi орган тiркейдi және ол тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Инвестициялық преференциялардың қолданылуы келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi бiткен соң тоқтатылады немесе келесі жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:
Келiсiм-шарттың қолданылуы:
1)тараптардың келiсiмi бойынша;
2)бiр жақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда:
Өтiнiш берушi табыс еткен мәлiметтердiң бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған және бұл инвестициялық преференциялар беру жөнiндегi шешiмге ықпал еткен жағдайда;
Қазақстан Республикасының келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғасы табыс еткен есептiлiктегi мәлiметтердiң бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған жағдайда, бұл туралы Қазақстан Республикасының келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғасына жазбаша түрде хабарлаған кезден бастап үш ай өткен соң келiсiм-шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
Бұл жағдайларда аталған заңды тұлға келiсiм-шарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұл санкцияларын қолдана отырып төлейдi.
Қазақстан Республикасының келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша келiсiм-шарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде, аталған заңды тұлға келiсiм-шарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өсiмпұлды есептей отырып төлейдi.
Келiсiм-шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғасы өзiне мемлекеттiк заттай грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай, не келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.
Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды Қазақстан Республикасының келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi орган келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік заем шарты
Мемлекеттiк заем шарты бойынша заемшы - мемлекет, ал заем беруші - азамат немесе заңды тұлға болады.
Мемлекеттiк заемдар ерiктi болып табылады.
Мемлекеттiк заем шарты заем игерушiнiң шығарылған мемлекеттiк облигацияларды, сондай-ақ заем берушiнiң заемшыдан одан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны, белгiленген сыйақыны немесе өзге де мүлiктiк құқықтарды осы заемды айналымға шығару шарттарында көзделген мерзiмде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекеттiк бағалы қағаздарды (құжаттық немесе құжаттық емес) алу жолымен жасалады.
Мемлекеттiк заем шартынан туындайтын өз мiндеттемелерi бойынша, заемшы тиiстi қазынаның мүлкiмен жауап бередi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заем қатынастарына қатысу ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру процесінде ақшы қаражаты бойынша қажеттілікті қанағаттандыру жолдарының бірі болып оларды шарт бойынша алу, яғни банк заемы шарты бойынша заем берушi заемшыға төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен қарызға ақша беруге мiндеттенедi.
Банк заем шартының мынадай ерекшелiктерi бар:
1) заем берушi ақша нысанында заем беруге уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға болады;
2) шарттың нысанасы алдағы уақытта берiлуi мүмкiн ақша болып табылады. Соңғы жағдайда шарт, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, оның жасалған кезiнен бастап күшiне ендi деп есептеледi;
3) шарт жазбаша түрде жасалуы тиiс. Жазбаша түрдi сақтамау банк заемы шартының жарамсыздығына әкеп соғады;
Банктерге осы банк эмитенті болып табылатын акциялармен қамтамасыз етілген заемдар беруге не осы акцияларды сатып алуға арналған заемдар беруге тыйым салынады.
5. Лизинг шарты
Инвестициялық шарттың жекелеген түрі ретінде лизинг шартын атауға болады.
Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.
Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүзеге асырады деп көзделуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен лизинг шартының жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
Лизинг нысанасы: үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушы лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, лизинг алушы орналасқан жерде тiкелей бередi.
Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiк осы шартта аталған мерзiмде лизинг алушыға берiлмеген жағдайда, егер мерзiмiн өткiзуге лизинг берушi жауап беретiн мән-жайлар бойынша жол берiлген болса, лизинг алушы шартты бұзуды және шығынды өтеудi талап етуге құқылы.
Шетелдік инвесторлар қатынастарын реттеу.
Қазақстан Республикасында арнайы шетелдік инвесторлар туралы заңнама 13 жыл қызмет етті. «Қазақ ССР-дағы шетелдік инвесторлар туралы» 7 желтоқсан 1990 жылы қабылданған Қазақ ССР-нің алғашқы заңнамалық актісі болып танылды. Кейін 27.12.1994 жылы «Шетелдік инвесторлар туралы» Қазақсатан Республикасының заңын қабылдауына орай алғашқы заңнамалық акт жойылды. Енді 8 қаңтар 2003 жылы «Инвесторлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданып, 27.12.1994 жылғы заңның күші жойылды.
Шетел инвесторлардың қатысуымен құқықтық реттеудің проблемасы, біздің ойымызша, шетел инвесторларының жақсылық режимінің пайда болуы мен бірге қоғамның қызығушылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан мемлекет шетел инвесторларын қалыптастыруда белгілі бір шектеулер қоя алады.
Жалпы, валюталық реттеу және валюталық бақылау шетел инвесторларының Қазақстан экономикасының дамуына әсері зор. Валюталық реттеу салықтық реттеуден өзгешеленеді. Себебі, валюталық реттеуде шетел инвесторлары өте аз бақылауда болып, мемлекетпен қадағаланып отырады.
Бұл аталғандардан мынаны көруге болады: салықтық реттеу – мемлекеттің бөлігі болып саналады.
Кеден алымдары мен салымдарының бос сауда аумағымен салыстырғанда Кеден одағы біріктірудің жоғары деңгейінде маңыздырақ.
Республикасының инвестициялық заңы өзінің дамуы мен қалыптасуы кезеңінде 4 негізгі кезеңді өткерді
25 12 2014
1 стр.
К. А. Әлиханова Қмма мсс және реабилитация курсымен ждп кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор
14 12 2014
13 стр.
Азақстан республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘне ұйымдастырушылық негіздері
14 12 2014
5 стр.
Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 55 б
16 12 2014
3 стр.
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 73 б
16 12 2014
5 стр.
Дәрістер курсына “Қазірігі жаратылыстану концепциялары” пәні бойынша оқылатын дәрістер (материалдары) бірнеше тақырыптар бойынша жинақталып, құрастырылған
16 12 2014
8 стр.
А. К. Карибаеваның Университеттің профессор-оқытушы құрамының штаттық кестесіне «оқытушы-стажер» лауазымын енгізу туралы баяндауы бойынша
25 12 2014
1 стр.
Продолжительность занятий: 72 часа. Курсы проводятся в очно-дистанционной форме
04 09 2014
1 стр.