Перейти на главную страницу
ОР 1213 ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша
5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін
Семестр: 1
Тақырып: Қазіргі таңдағы тұлға туралы қағидалар. Тұлға және даралық.
Мақсаты: психологиялық тұрғылары, баға және басқару кадрларын әзiрлеу туралы бiлiм беру.
• Дәрiстiң жоспары:
1. Қазіргі таңдағы тұлға туралы қағидалар
2. Тұлға және даралық.
Психология тарихында көптеген психикалық мәліметтерді (“математикалық”, “әуездік” және басқа “томпақтар”) адамның бас сүйегінен болатыны туралы ілімді австриялық дәрігер Галль жасаған еді. Осыған орай, адамның мінезін, келешек тағдырын оның бет-әлпетінен білуге болатын “физиогномика” пайда болады. Әрине Галльдің френологиясы мен физиогномикасын ғылыми тұрғыдан “жалған ілім” ретінде сынағанмен, оның тарихи мағынасы, ғылыми тұрғыдан келісетін пайдалы жағы да бар. Мистикалық ілімді таратушылардың, балгерлердің, физиогномистердің “адамды сезетін” керемет қабілеті болады. Бұл сезімнің дәрігердің практикалық қызметінде, осындай сезімнің интуицияның атқаратын ролі зор. Интуиция дәрігердің көп жылдық және күнделікті практикалық тәжірибесіне негізделген. Дәрігерді алғаш рет көріп тұрса да оны “жақсы” не “жаман” деп айту да интуитивтік сезілуге жатады. Терапияның табысы ауру адамның алғашқы әсеріне байланысты.
Екінші жағынан, дәрігер де тірі жан, ол да ауырады, оның отбасында не жұмысында ыңғайсыз жағдайлардың болуы мүмкін. Бірақ ауруды қабылдауға келгенде барлық ойдан сейіліп, күллі ынта-ықыласын ауру адамға аударуы керек. Дәрігер өз ауруын білдіртпеуге тиіс. Дәрігердің қобалжуы мен мазасыздануын ауру адам өзінше түсінеді. Сондықтан дәрігер ауру адамның алдында өзін әртісше жақсы көңіл күйде ұстауы керек. Бірақ мұнда да сақтанған жөн, себебі тым көңілді болу ауру адамның жағдайын түсінбегендіктен деген ой тууы мүмкін. Дәрігердің тікелей борышы мен міндеті - өзін-өзі, әрбір қимыл мен сөзді бақылау. Дәрігер ауру адамға міндетті түрде оның ауруы, тексерудің қорытындысы, келешгі туралы түсіндіріп айтуы керек. Егер сөз ауруы бала туралы болса, жоғарыда айтылғандар анасымен әңгімелескенде орындалуға тиіс.
Науқастың ауруға қатынасы. “Жазылмайтын ауруға душар болған адамға шындықты айту керек пе?” деген сұрақтың төңірегінде медициналық әдебиеттерде әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Дәрігерлер осындай дертке ұшыраған адамды аяйды, сондықтан оған жазылмайтынын біле тұра, ауруы туралы ашық айтқысы келмейді, білдіртпеуді мақұл көреді. Ауру жөнінде шындықты айтпау адамда ауыр психикалық уайым тудырып, кейде қайғылы жағдайға ұшырататыны дәрігерлік тәжірибеден белгілі. Ауру адам көбінесе шындықты білгісі, күдік ойдан айрылғысы келеді. Сұрау арқылы жанына дауа болар сөз естігісі, соған үміт артқысы келеді.
Кейінгі кезде дәрігер ауру адамға келешегінің үмітсіздігі туралы жасырмау керек деген пікірлер де бой көрсетуде. Мұндай жағдай, айталық, гинекология сияқты салада жүзеге асуы мүмкін. Ірі онкологиялық мекемелердің кейбір қызметкерлері ауру адам қандай ауру туралы сөз боп жатқанын білетіндіктен, оларға шындықты айтқан жөн деген пікірде. Мұндай шындықты жайлап: “бұл ісікті уақытында емдемесек, асқынып рак ауруына шалдығуы мүмкін” деп білдіру дұрыс сияқты.
Онкология бөлімшелері дәрігерлерінің байқауларына қарағанда, қатерлі ісігі бар адамдардың көпшілігі ауруханада жатқанына қарамай, өздерінде мұндай аурудың болуы мүмкін емес деп есептейді екен. Олардың ойынша, қатерлі ісікпен бұлар емес, басқалар ауыратын сияқты көрінеді.
Әрбір адам өзінің мамандығына байланысты жеке басындағы қасиеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды. Жұмыс істеп жүрген мамандығына қарай адамның мінез-құлқы өзгеруі мүмкін. Дәрігерлер қызмет барысында өз мамандықтарын өзгертуі ықтимал.
Жаңа мамандықта жұмыс істеген алғашқы сәтте ауру адамдардың өліміне дәрігер қатты қайғырады. Кейін, уақыт өткен сайын мұндай жағдайларға дәрігерде белгілі эмоционалдық қарсыласу пайда болады. Мұның себебі күнделікті аурухана ауқымында болып жатқан жағдайларға талдау мен қорытынды жасап дереу әрекет жасауға байланысты. Алайда дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қай-қайсында ауру адамның қайғысын түсінетін ерекше қасиет сақталуы тиіс. Өлген адамның денесін сыйлау дәрігерлердің борыштарының біріне жатады. Чех оқымыстылары Р.Конечный мен М.Боухман өздерінің “Медицинадағы психология” деген кітабында (Прага, 1983) патологиялық анатомия профессоры Нейман студенттерге прозектор бөлмесіне бас киіммен кіруге тыйым салғандығы жайында жазады.
Ауру адамға қатыгез, тұрпайы мінез көрсету, адам тағдырына бейқам қарау – дәрігерлік мамандыққа жат нәрсе. Егер студенттер секция залында шылым шексе, анекдот айтып қарқылдап күлсе, одан қандай дәрігер шығуы тиіс. Мұндай жағдай болмау үшін дәрігер үнемі өзінің мамандық деңгейін және адамгершілік қасиетін шыңдауы керек.
Дәрігердің дұрыс емдемеуінен адам соматикалық ятрогенияға ұшырайды. Психикалық ятрогения – психогенияның бір түрі (психикалық зақымнан кейінгі ауру), яғни ауру адаммен ойлап, байқап, мақсатқа байланысты сөйлеспеуінен болатын психикалық зиянды әсердің қорытындысы “Күту эмоциясы” жаңа рефлекстердің тууын үдетеді деген В.М.Бехтерев. Дұрыс жолға қойылмаған медициналық ағарту жұмысы да ятрогенияны тудырады. Қалыпты жағдайдан ауытқуды дұрыстап түсіндірмей, түсіндіргенде асығыстық жасау, аңдамай сөйлеу және басқа жағдайлар – ятрогенияның көзі.
Дәрігердің өз кінәсінен жіберілген қателік білімінің таяздығынан, ыждағатсыздығынан, жұмысқа немқұрайды жауапсыз қарайтындығынан туындайды. Дәрігерге байланыссыз болатын қателер медицина салаларының нашар дамуының не аурудың белгілі түрде білінбеуінің салдары. Мұндай қателер жоғарғы дәрежедегі мамандар мен үлгілі медицина мекемелерінде клиникалық, патономиялық диагноздардың сәйкес келмеуінен де болуы ықтимал. Клиника ішіндегі өзара дау-дамай, дәрігердің жиі ауруы, асығуы мен шаршауы көптеген қателіктерге душар етеді.
Медицинаға қатысы жоқ адам мен дәрігердің диагностикалық қателерге көзқарастары әр түрлі. Дәрігер өз қатесін шындық тұрғыдан сезінсе, ал ауру адам оны дәрігердің білмеуімен не көмектескісі келмегенімен байланыстырады. Екі дәрігердің дербес ұсыныстарын да ауру адам қателікке санауы мүмкін. Мұндай жағдайда ауру адамға дәрігерлердің әрқайсының өзіндік емдеу тәсілдерінің болатынын байыппен түсіндірген жөн.
Дәрігерлік құпияны сақтау Гиппократ антында көрсетілген. Болашақ дәрігерлер оқу орнын бітірер алдында да осы антты қайталайды. Дәрігерлік құпияны сақтаудың әсіресе психиатриялық практикада мәні зор. Психиатр дәрігердің бақылауында болу адамдарда теріс ұғым тудырады. Ауру адамдардың, не олардың туыстарына берілетін және басқа мекемелерге жіберілетін анықтамаларда дәрігер психиатрдың кеңесі мен қорытындысы көрсетілмеуі керек. Азаматтардың психикалық денсаулығы туралы мәселені шешуді куәландыру жөнінде нұсқау бар. Балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімді психиатр тек ата-анасының ықтиярлығымен қарайды. Балаларды жалпылама қараған кезде мұндай ықтиярлықтың қажеті жоқ.
Психосоматикалық қатынастар. Жалпы гигиенаның бір саласы (гигиенос – ежелгі гректердің “шипалы”, “емдік” деген сөзі) дегеніміз адамның психикалық қызметіне қолайлы жағдай жасап, оның психикалық денсаулығын сақтап, нығайтатын шаралар кешені.
Психопрофилактикада психикалық аурулардың және невроздардың алдын алу, оларды бәсеңдету. Көне заман дәрігерлері ми мен дене қызметін қамтитын жалпы гигиенаға, неке гигиенасына көп көңіл бөлген. К.Гален “Құмарлық гигиенасы немесе өнегелі гигиена” деген кітап жазды. Бағзы замандағы Ж.Э.Д. Эскироль, Морель, Э.Крепелин секілді психиатрлар психогигиена мен психопрофилактиканы дамытуда көп еңбек сіңірді. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейде психогигиена мәселелерімен шұғылдану басталды.
Психогигиена айналасындағы ортаның, әлеуметтік, өндірістік, тұрмыстық себептердің адам психикасына ететін әсерін тексереді. Экология проблемалары жалпы гигиеналық және психогигиеналық мәселелермен байланысты. Психогигиена тұрмыс, отбасы, неке және бала емізетін әйелдер, жыныстық тәрбие гигиенасын т.б. қорғауға ықпал жасайды.
Психогигиена мен психопрофилактиканың ара жігін ажырату қиын. Психогигиена және психопрофилактика мәселелерімен дәрігерлердің бәрі де, оның ішінде психиатрлар, педиатрлар мен гигиенистер шұғылданады. Бұл мәселелердің көбісі емханаларда ғана емес, сауықтыру мекемелерінде, диспансерлерде (психоневрологиялық, наркологиялық, онкологиялық т.б.) шешіледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы психопрофилактиканы үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде психикасы сау адамдарда жүйке-психикалық аурулардың алдын алу шаралары, екіншісінде басталған процесті үзу, аурудың қайталануына қарсы шаралар, үшіншісінде мүгедек болудың алдын алу шаралары жүргізіледі. Бұларды психикалық денсаулық сақтау мекемелері реттейді. Туа кемтар болған, жүйке-психикалық ауруларына шалдыққан балалардың әрі қарай дамуын бақылауда медициналық-гигиеналық лабораториялар мен кабинеттердің көмегі зор. Адамдардың психикалық денсаулығын сақтауда спорттың алатын орны ерекше. Спортқа жұртты жаппай тарту шаралары жүргізілген жерлерде адамның ұнамды қасиеттері дамып, жігерін күшейтеді, айналадағы ортаның қолайсыз жағдайларына деген қарсылықты арттырады.
Балалардың ана құрсағында жатқандағы кезінен кейін психогигиена ата-ана денсаулығынан, анасының, нәрестенің психикалық-физикалық дамуынан, тамақтандыру сапасынан, сәби мен ата-аналарының психологиялық қарым-қатынасынан басталады. Жеке адамның қалыптасуына отбасының эмоциялық іс-әрекеті де бұған әсер етпей қоймайды. Ата-анасының маскүнемдікпен, не нашақорлықпен айналысуы отбасына келеңсіз жағдай туғызып, баланың психикасының зақымдануына, оның жеке басының қалыптасуына қолайсыз әсер етеді. Дұрыс тәрбиелемеу (аз қамқорлық жасау, “отбасының табынушысы”, “жетім” ретінде) ұнамсыз әсер етеді.
Оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы ой мен дене жұмысының және дұрыс демалудың да біркелкі бөлінуінің психопрофилактикада маңызы зор. Жүйке-психикалық зақымданудың алдын алу, яғни дәрістердің белгілі бір жүйемен ауысуын көздейтін сабақ кестесін жасауға қатысу мектеп дәрігерінің міндетіне саналады. Бұл орайда ұнамды эмоцияларға толы белсенді сауықтыру ойындарын ұйымдастырудың пайдасы мол. Еңбек психогигиенасының мақсаты – жоғары автоматтандырылған, бір қалыпты ырғақты, конвейер жүйелі өндірістің зиянды жағдайларын азайту. Мұндай ұнамсыз әсерлерді азайтуда өндіріс гимнастикасының, сауықтыру кабинеттерінің орны ерекше. Адамдар арасындағы дұрыс мәдени қарым-қатынас, психикалық зақымдануды тежесе, ал өзгенің қайғысына қынжылмайтын пиғылы теріс, менмендік, тәкаппарлық, басқаларға немқұрайды қарау жарақат тудырады. Психогигиеналық проблеманың кадрларды іріктеуде, әсіресе қолында билігі бар адамдарға қатынасы бар. Кейбір лауазым иелерінің психикалық жағынан өзгеруі туралы жоғарыда айтылды. Өзіне бағынатын адамдарға немқұрайды, не дөрекі қарауға болмайды.
Психогигиенаның негізгі міндеті – адамдар қарым-қатынасында психиканы зақымдайтын жағдайлар мен себептерді азайту. Оның негізгі міндеттерінің бірі - өндірісте де, тұрмыста да шумен күресу. Көшедегі көлік, радиоқабылдағыш, теледидар мен әуез аспаптарының шуы неврология, невроз ауруларын тудырады. Психогигиеналық кешенде жыныстық өмірдің психогигиенасы белгілі орын алады. Әр түрлі үйлеспеушіліктің алдын алу үшін бала жастан саналы жыныстық тәрбие беруді енгізу қажет. Мектепте оқушыларға жыныстық тәрбие беруді енгізу қажет. Балалық – жасөспірім уақытынан әр деңгейдегі (интеллекті, инстинкті) жыныстық қарым-қатынасты білу неврозды тудыратын үйлеспеушлікті азайтады. Жыныстық сезіммен байланысты невротикалық және басқа бұзылулардың алдын алу үшін жыныстық дамудың жасқа қарай мерзімдерін, жыныстық ерекшеліктерді білу қажет. Бұл мәселелерді жыныс туралы ғылым – сексология (латынша “секс” – жыныс, “логос” - ғылым) ғылымы зерттейді.
Ғылымның урология, эндокринология, психиатрия, неврология, гинекология, дерматовенерология салдарымен байланысты бұл тарауы 1950 жылдардан бастап дамыды. Медициналық сексология, не сексопатология клиникалық медицинаның саласы ретінде жыныстық бұзылудың функционалды, эмоционалды, дербес жақтарын зерттей отырып, диагностикалық, емдеу және алдын алу шараларын белгілейді. Қазіргі кезде сексопатология жеке клиникалық пән болып саналады.
Жыныстық қалыптасуға сәби жастағы себептер ғана емес, құрсақтағы себептер де әсер етеді. Ультрадыбыстық зерттеулер құрсақтағы нәрестенің өзінше тіршілік етіп, дыбыстарды еститінін көрсетті. Қазір жетілдірілген әдісті қолдана отырып, 8-12 апталық нәрестенің аяқ-қолы саусақтарымен ойнап, басын қасып, көзін ашып-жұмғанын көруге болады. Егер анасының жатырындағы сұйықты алу үшін ине өткізсек, нәресте инеден қашып, қарама-қарсы жаққа ауысады. Соңғы жылдары құрсақтағы нәресте мен сәбидің жағдайын зерттейтін жаңа микропсихология ғылымы пайда болды. Ата-анасынан белгілі мөлшерде ұнамды әсер алмаған нәрестенің (мәселен, “жоспарланбаған” баланың, керегі болмаған кезде пайда болған нәрестенің) орталық жүйке жүйесінің қалыптасуына келіссіз жағдайлар туады екен. Бір-үш жастағы ұл-қыздарда жыныстық сана қалыптасады. Қыз – қыз екенін, ұл – ұл екенін түсінеді. 3-4 жастағы бала басқа жыныстыны киіміне, шашына, дауысына қарай ажыратады. Ер балаларға қарағанда, 1-3 жастағы қыз балалар өз ауруын сезгіш келеді. Мұндай жағдайда қыз балаларға мейірімділік аз болса, олардың есейген кезде эрогендік және экстрагендік аймақтарының сезімталдығы кеш дамиды. Қыз бала дұрыс тәрбиеленуі үшін үш жасқа шейін анасымен болуы керек. Жезөкшеліктің, нашақорлықтың және жұқпалы жыныс ауруларымен аурудың алдын алу үшін сәби кезден дұрыс жыныстық тәрбие берген абзал. Жас кезінде шешесімен эмоциялық қарым-қатынаста болмаған жезөкше, нашақор әйелдерден туған қыз балалардың бой жетіп, тұрмыс құрып, нәресте сүйген кездеріндегі аналық сезімі күшті болмайтынын байқаулар көрсетті. Аналық мейірімге бөленген, дұрыс қарым-қатынастағы баланың тәрбиелі болатыны белгілі.
Жыныстық дамудың келесі кезеңі – 3-6 жастағы балалардың жыныстық рольдерді пайдаланып ойнауы. Ұл балалар көбіне ұшқыш, әскер, машина жүргізуші болады немесе әскери ойындармен шұғылданады. Қыз балалар “әке мен шеше”, “дәрігер”, “қызы мен шешесі”, “ұлы мен әкесі” сияқты отбасылық ойындарды ойнайды. Ойынында балалар ересектерге еліктейді. Жыныстық ойындардың бұл жаста болуы қажеттілік деп саналады. Саналы жыныстық тәрбиеде бұл жас – қауіпті. Егер бала жыныстық ойын үшін ұрысса, не ересектердің жыныстық қарым-қатынасының куәсі болса, ол балада шектен тыс тежеу болумен қатар, келешекте оның жыныстық психикалық дамуы баяулайды. 4-6 жастағы ұл балалар төбелесуге бейім тұрады, атасына, не әкесіне жақындап, олардың сөзін сөйлейді, соларға еліктейді. Отбасы толық болмаған жағдайда, 6-7 жастағы балалар бұзық балалармен жақындай бастайды. Егер 4-7 жастағы ұл бала шешесінің мейірімділігінен тайқып шықпаса, оның жыныстық қабілеті бұзылады.
Пубертаттың алдындағы мерзімде (7-13 жастағылар) жыныстық дамуы жетілген кісінің мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Бастауыш кластың ұл балалары қыздарға “қарсы” өзара топтасатыны белгілі. Ұл бала неғұрлым ерлер қауымында тәрбиеленсе, оның соғұрлым еркектік қасиеті жақсы қалыптасады. Осы мерзімде балаларда “әйел” және “еркек” деген түсінік қалыптасады. Қыз өзінің қуыршағының ең әдемі болуын, ал ұл бала басқаларға қарағанда бір нәрсені (самолет т.б. модельдерді) құрастырып жасауға қалайды. Осы жастағы балалардың жартысына жуығының жыныстық қарым-қатынас туралы түсінігі бар, үштен бір бөлігі қарама-қарсы жыныстық ойындарға қатысады. Бірақ бұл ойындар қарама-қарсы жыныстыққа құштарлықтан емес, “зерттеу” үшін жеткізіледі. Бұл жастағы балалардың арасында мастурбация (онанизм) кең тараған.
Балалардың жыныстық жетілу кезін пубертаттық мерзім дейді (латынша – Pubertus – жыныстық жетілу). Жеке адамның ерекшелігіне байланысты бұл мерзім созылмалы (11-15 жас). Бұл мезгілде жасөспірімдерде физикалық және психикалық өзгерістер қалыптасады. Пубертаттық мерзімнің ерекшелігі сол, жыныстық клеткалардың (гонадтардың) белсенділігі пайда болады (қыздарда етеккір, ал ұлдарда жыныстық заттар бөлінеді).
Жыныстық жетілудің екінші бір белгілері қыздардың төсі өсіп, ұлдардың бетіне түк шығып, дауысы өзгеруінен білінеді. Бұл кезде қуыс сүйектер қатайып, организмнің өсуі тоқтайды.
Пубертаттық дағдарыста психикалық өзгерістер көрініс бере бастайды. Бала қайсар не болар-болмасқа өкпелегіш болып, айналадағылары мен ата-анасына қарсы шығып, мінез көрсетеді. Бұл кезде жыныстық сана ерекше нәзік келеді.
Жыныстық сана платондық, эротикалық және сексуалдық болып үш кезеңге бөлінеді. Платондық мерзімде қиялда білінетін махаббат болады. Эротикалық кезеңде қарама-қарсы жынысқа жақындасу туралы ой келеді, 7 жасар балалар қыздардың шашынан тартып, қолынан ұстап, жай ғана жанасады. Қыздар эротикалық кезеңде тоқтап қалуы мүмкін. Бұл кезеңде және басқа кезе парнографиялық фильмдер зиянды әсер етеді.
Жеке адамның жыныстық қажеттілігі, басқаша айтқанда, жыныстық қабілетінің деңгейі жыныстық конституциясымен айқындалады. Жоғары жыныстық белсенділік 9-12 жастағы пубертаттық мерзімде басталады, егерде 16 жастан кейінгі мерзімде басталса, төменгі деңгейде көрініс береді.
Ер адамдардың жыныстық белсенділігі 18-20 жастан басталып, 60-65 жасқа дейін, кейде 70 жасқа, тіпті одан да ұзаққа созылады. Жыныстық қабілеттің шыңы 20-25 жастағы еркектерде байқалады. Әйелдерде ең жоғарғы түрде жыныстық қабілет 44-50 жастағыларда болады. Кейінгі кезде әйелдердің жыныстық қабілетіндегі үзіліс (етеккір тоқтайтын мезгілі) жоғарыда айтылған жастан кешірек болатыны анықталды (53-55 жас). Бірақ мұнан да кейін төмендеген түрде гоммоналдық қызмет сақталады. Әйелдердің жыныстық қабілетінің еркектерге қарағанда биологиялық талғамы бар. Қалыпты жағдайда әйелдердің аналық инстинкті жыныстық құштарлыққа қарағанда басым келеді.
Жыныстық қабілеттің сөну шегін айқындау қиын. Бұл сөну біртіндеп жыныстық құштарлықтың азаюымен байланысты. Медициналық сексология туралы қазақ тілінде әдебиет жоқтың қасы. Белгілі қазақ ғалымы Ишанбай Қарақұлов “Сырласу” атты кітабында “Қазақтар нақ бүгінге дейін жыныстық тәрбиені сөз етуді ұят көреді” деп жазды, сөйте тұра, басы қосылған кезде “Ұлы сөзде ұят жоқ” деп, қай-қайдағыны әңгіме қылады. Біздіңше, ұят санаудың жөні жоқ дейді. Жыныстық тәрбиенің мәселелерін автор жалпы жұртшылыққа арнап жазған. Мәселен, мұндағы “Әр елдің салты басқа”, “Келіндерге не айтар едіңіз?” атты тарауларда жас буынға құнды кеңестер берілген.
Жалпы мемлекеттік психопрофилактикалық және психогигиеналық шаралар халықты салауатты түрде тәрбиелеу, маскүнемдіктің, нашақорлықтың және уланудың алдын алуды көздейді. Алдын алу шаралары әсіресе балалар, жасөспірімдер, жігіттер, қыздар мен әйелдер арасында тиімді жүргізілуі қажет. Зерттеулер маскүнемдіктің кейінгі кезде әйелдер арасында көптеп таралуын, кемістігі бар балалардың санын көбейтіп, жүйке-психикалық аурулардың көбейіп отырғанын анықтады. Сондықтан болашақ аналарға арақ-шарапты, улы және есірткі заттарды қолдануға болмайды (жүктіліктің алғашқы үш айында дәрігерді, әсіресе психотропты, ұйықтататын препараттарды ішу нәрестеге зиян келтіреді). Маскүнемдікке салынған ананың нәрестесі физикалық және психикалық кеміс болып туады. Мұны “Нәрестенің алкогольдік синдромы” дейді. Маскүнемдіктің “жасаруы”, яғни оның 14 жасқа дейінгі балаларда, 15-18-дегі жасөспірімдерде, 19-20 жастағы жігіттерде, әсіресе қыздарда өте қауіпті. Біз маскүнемдіктен және мерезден (сифилистен) емделген 15 жастағы қызды бақылаудан өткіздік. Жасөспірімдір мен жігіттерде маскүнемдіктің белгілі үш сатысы қысқарып, жылдам дамып, қатерлі болады.
Өткен тақырыптарда ауруды қалыпты деп бағалау, ауруды ескермеу, ауруды асыра бағалау сияқты теріс көзқарастардың болатыны анықталған-ды. Ал ауруға деген қалыпты көзқарас оны жеңуге ыңғайлы жағдай жасайды. Ауруды ескермеу уақытымен диагноз қоюға әрі оны емдеуге зардабын тигізеді. Ауруды асыра бағалау да зиянды. Бұл жағдайда адам қауіпті ауру туралы ойдан арыла алмайды. Өз ауруы туралы қалыптан тыс алдағы жағдайын елестетіп, қиялдайды. Мұны ипохондриялық қайғыру дейді.
Иллюстративтик материал: Таблицалар «Жалпы психология», «Медициналык психология».
Әдебиеттер
Негізгі:
1.Карвасарский Б.Д. Клиническая психология : Учебник/Карвасарский Б.Д. - СПб.: Питер, 2007.
2.Конфликтология. Учебник для вузов/ред.Ратников В.П. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007.
3.Столяренко Л.Д. Психология: учебник для вузов/Л. Д. Столяренко. - СПб.: Питер, 4.Столяренко, Л.Д. Основы психологии: Учеб. пос. для вузов/Столяренко, Людмила Дмитриевна. - Изд. 17-е, 19-е изд. - Ростов н/Д : Феникс, 2007, 2008.
1.Гарибян, С.А. Школа памяти: Суперактивизация памяти через возрождение эмоций/Гарибян, С.А. 2007.
Мақсаты: психологиялық тұрғылары, баға және басқару кадрларын әзiрлеу туралы бiлiм беру
23 09 2014
1 стр.
Тақырып: Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері. Психологиядағы зерттеу әдістері
01 10 2014
1 стр.
Мақсаты: Стресс түсінігін,сонымен қоса оның механизмдері мен алдын алу шараларын оқыту
25 12 2014
1 стр.
Азахстан тарихы пәні бойынша оқу сабақтарының 2010-2011 ОҚу жылына арналған тақырыптық жоспары
25 12 2014
1 стр.
«Құқық негіздері» пәні 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 1 курстың студенттері үшін дәрістердің 2012-2013 оқу жылының ІІ семестріне
17 12 2014
1 стр.
Мту жексенбілік кеңес беру тыңдаушылары үшін физика пәні бойынша оқу сабақтарының 2010-2011 ОҚу жылына арналған тақырыптық жоспары
17 12 2014
1 стр.
Оқу жылының мемлекеттік емтиханына арналған мамандығы 051302 «Стоматология» «Ортопедиялық стоматологиядағы стоматология материалтану негіздері» элективті пәні емтихан сұрақтарының
25 12 2014
1 стр.
14 12 2014
4 стр.