Перейти на главную страницу
ОР 1213 ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша
5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін
Семестр: 1
Тақырып: Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері. Психологиядағы зерттеу әдістері.
Мақсаты: психологиялық тұрғылары, баға және басқару кадрларын әзiрлеу туралы бiлiм беру.
• Дәрiстiң жоспары:
1. Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.
2. Психологиядағы зерттеу әдістері.
Медициналық психология аурудың диагнозын белгілеу, оны емдеп-жазу жолдары секілді сан қилы кешенді-дәрігерлік қызметтің сырларын, әсіресе психикалық ауытқушылықтың себеп-салдарын, оларды болдырмау шараларын қарастырады. Ол науқас адамның санаторийлер мен клиникада, үйде, әр түрлі емдеу орындарында дәрігерлер ұжымымен, күтуші кісілермен, туыстармен қарым-қатынастарын, ғылыми-психологиялық тұрғыдан зерттейді.
Жалпы медициналық психология:
Арнайы медициналық тексеруден өткенде, ғарышкерлерге медициналық көрсеткіштермен қатар психологиялық сынақ (арнаулы мәліметтер) қорытындысы беріледі. Салмақсыздық күйге түскенде, олардың психикасында туындайтын ерекшеліктердің, сондай-ақ сурдакамераларда (ешбір дыбыс естілмейтін камера) адамның мінез-құлқы өзгеріске түсіп, түрлі үрей туатын жағдайлардың қыр-сырын медицина мен ғарыш психологиясы тұрғысынан кешенді түрде зерттеу қажет.
Медициналық психология педагогикамен, әсіресе оқу-тәрбие процесінің адамның жан дүниесіне байланысты жақтарын зерттейтін педагогикалық психологияның проблемаларымен ұштасып жатады. Соңғы жылдары балалардың психикалық өсіп-жетілуіне сай мектептерде бірінші кластан бастап оқытудың түрлі тәсілдері қолданылып келеді. Бұл жағдайда балалардың денсаулық деңгейінің қандай екені ескерілуі тиіс. Мәселен, кез келген баланың жылдамдата оқыту қарқынына шыдай алмайтыны анықталып отыр. Оқушылар арасында психикалық дамуы жағынан кешеуілдеп, не түрлі құзырларға байланысты ақыл-ойы кенже дамыған балалар кездеседі. Осындай жағдайдың алдын алу үшін педагогикалық және медициналық педагогиканың бірлескен тактикалық әдіс-тәсілдері мен шаралары қолданылады.
Мектептердегі арнайы медициналық-педагогикалық комиссиялар шәкірттерді қосалқы, не арнайы оқу орындарына іріктеу ісінде қателерді болдырмауға көмектеседі. Осындай комиссиялардың құрамына педагогтармен қатар, психолог, психиатр, невропатолог, логопед, көз және құлақ-тамақ, мұрын ауруларын қарайтын дәрігерлер де кіреді.
Медициналық психологияның психогигиена және психопрофилактика атты салалары адамның әр түрлі топтар мен ұжымдардың (ұлт, тайпа, отбасы т.б.) қарым-қатынас жасайтын саласы әлеуметтік психологиямен де тығыз байланысты. Мәселен, отбасындағылардың ұлттық ерекшеліктеріне орай, ол тұрмыстық, психогигиеналық, демографиялық жақтарын зерттеуде әлеуметтік психологияның мәліметтеріне үнемі сүйеніп отырады.
Медициналық психология, сондай-ақ спорт, педагогикалық психология сияқты ғылым салаларымен де әр түрлі мәселелер төңірегінде (спортшылар мен мектеп оқушыларының психопрофилактикалық, психогигеналық т.б.) астасып жатады.
Халқымыз денсаулықты өмір сүрудің негізгі шарты дет түсініп, ұрпақтарына айшықты, өнегелі сөздер қалдырған. Осыған орай халық: “Денсаулық – зор байлық”, “Әуелгі байлық - денсаулық”... “Басы аманның малы түгел”, “Тәні саудың жаны сау”, “Он екі мүшең сау болса, жарлымын деме, жаныңда жарың болса, зарлымын деме”, - деп денсаулықтың адамға өмірлік серік, жанның жақсы болуы тәнге байланысты екендігін, адам тәнінің байлығын еш нәрсемен теңестіруге болмайтынын дұрыс тұжырымдайды. Денсаулықтың басты шарты тазалық екендігін халқымыз жақсы түсінген. “Тазалық – денсаулықтың кепілі”, “Тазалық – саулықтың негізі, саулық – байлықтың негізі”, “Аурудың алдын ал”, “Күтінгенге кәрілік жоқ”, “Сынықтан өзгенің бәрі жұғады” деп келетін мақал-мәтелдер – осының айқын дәлелі.
Ата-бабаларымызды дерт неден келеді, тарататын қандай нәрсе деген сауалдар көп ойландырған. Олар өздерінің көп жылғы тәжірибесін қорыта келіп, салақтық, қомағайлық, жалқаулық, тамақ ішуге мән бермеушілік т.б. аурудың басты себебі екендігін ескерткен. Мәселен, “Тыймаған ауызда бәлі бар”, “Ауру астан”, “Ыңырсыған келіннің үйі ыбырсық”, “Құныға жеген құспай қоймас”, “Жұғын бар жерде шыбын бар, шыбын бар жерде шығын бар”, “Ластың досы – шыбын”, “Қотыр қолдан жұғады, таз тақиядан жұғады” деген мақалдарда жалқау, салдыр-салақ адамдардың ауруға бір табан жақын тұратындығы, әсіресе аурудың көзі салақтықта екендігі, бұзылған тағамды жеу, тағамның қандай күйде екендігіне мін бермеу мен ашқарақтықтың адамды ауруға шалдықтыратыны, ал керенау жалқаулықтың адамды салақтыққа, ластыққа, настыққа әкелетіні, жұқпалы ауруды таратушының бірі шыбын-шіркей екендігі, аурудың сау адамға жұғатыны дұрыс көрсетілген.
Сау адам үнемі шат көңілді болса, ауру кісі қандай нәрсеге болсын селқос, енжар көңілмен қарайды. Сау мен аурудың өмірге көзқарасы да, еңбекке қатысы да, тіпті сыртқы пішіндерінің өзінде айырмашылық болатыны хақ. Бұл жөнінде мақал-мәтелдер: “Ауру кісі күлкі сүймес”, “Жан ауырса тән азады, қайғы басса, жан азады”, “Ауру адам қаяушыл”, “Аш кісі ұрысқақ, ауру кісі тырысқақ”, “Ауру шықпаған жаннан дәмелі”, “Бас ауырса, жан қорқады” деп, ауру адамның көңіл-хошы болмайтындығын, ертеңгі күнім не болар екен деп сары уайымға салынатындығын, көп нәрсеге зауқы болмай, ықыласы кеміп, ынтасы төмендейтінін, ауру адамның тәнін аздырып қана қоймай, оның психологиясын да әлсірететіндігін, көп сөзді көтере алмайтын күйгелек, өкпешіл, кінәмшыл ететінін дәл басып айтқан. Көптеген мақалдарда ауырған адамның арықтап, тірі аруақтай қу сүйек болып қалатындығы, тән сұлулығынан айырыла бастайтындығы, оның дене мүшелерінің қызметі нашарлай түсетіні айтылады (“Дерт батпандап кіріп, мысқылдап шығады”, “Ауру атаңды да шөктірер”, “Ауру кірді, әлек кірді”, енді біреулерінде “Әлсіз денеге ауру ұялайды”, “Әлсіз денеге ауру үйір”, “Әлсіз дене болбыр” т.б.).
Денсаулық үшін дұрыстап тамақтанудың гигиеналық талаптарды дұрыс сақтаудың маңызы зор. Бұл жөнінде халқымыз былай дейді: “Ас – адамның арқауы”, “Ас – адамның қуаты”, “Тағам – тән семіртеді, ақ – жан семіртеді”, “Ас қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады”, “Ас тұрған жерде дерт тұрмайды”. Осы түйіндерден ас адамның өсіп-өнуінің, организмнің жақсы жұмыс істеуінің негізгі тірегі, басты шарты екенін аңғарамыз. Жақсы тамақтанудан тән мен қоса жан да толысып, өсіп жетіледі, дәмді тағам адамның тіпті жан қайғысын басуға да себебін тигізеді деген тамаша ой аңғарылады. Тамақтың жеткіліксіздігі мен құнарсыздығы адамның көңіл күйіне әсер етіп, оның жұмыс қабілетінің нашарлауына соқтырады. Мәселен, “Үйінде асы жоқтың, көңілінің де хошы жоқ”, “Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес”, “Аштық ас талғатпайды”, “Аштың ақылы тамағында”, “Қарны ашқанға қара талқан да майдай көрінеді”, “Аш адам тұрып өлмейді, жүріп өледі” деп, халық дұрыс тамақтану адамның тек көңіл күйіне ғана әсер етіп қоймай, оның аурудан тез айығуына да себебші болатынын, тамақтың шипалық қасиеті де күшті екенін ескертеді.
Халқымыз тамақты ерекше құрмет тұтумен қатар қонақжай, меймандостықты да ерекше қастерлеп келген, осы қасиетті мақтан тұтып, жас ұрпақты кеңпейілдік танытып, асты қорламай, қадір тұтуға шақырған. Мәселен, “Айға жетпес асыңды ауылдастан аяма”, “Өле жегенше, бөле же”, “Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама”, “Нан қадірін білмеген жан қадірін білмейді”, “Нан – тамақтың атасы, ынтымақ – көптің батасы”, “Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің” дейді халық.
Туысынан әлжуаз, дене бітімі қораш біткен адамдар қимыл-қозғалысты, ойын-күлкіні онша сүймейді. Осындай болбыр адамнан жақсы азамат шығуы да неғайбыл. “Арық атқа қамшы ауыр”, “Болдырған ит - болпаң”, “Әлін білмеген - әлек”, “Қайратсыз кісінің айбаты зая” деп келетін мақал-мәтелдер жетілмеген мүшенің қашан да нәзік келетінін, тар жол, тайғақ кешулерде сыр беріп қоятынын дұрыс көрсетеді.
Адамның күшті, ширақ, епті, оңтайлы болып өсуі оның түрлі әдіс-тәсілдерді, арнаулы жаттығуларды меңгеріп, кедергілерді жеңіп үйренуімен де тығыз байланысты. Бұл жөнінде халқымыз: “Айлалы батыр алдырмас”, “Палуанның жаманы шалдырған соң өкінер”, “Ерлік – білекте емес, жүректе”, “Алып та халықтан үйренеді” деген мақалдарда әуесқойлыққа, айлалылыққа, шеберлікке қатысты тамаша ойлар тоғысып жатыр. Жоғарыда келтірілген мақал-мәтелдерде психологиялық мәні бар көптеген деректердің осы күнге медициналық психологияның мәселелерімен сабқтасып жатқанын, бұлардың біразының мағынасы кеңейіп, қазіргі ғылыми тұжырымдар дәрежесіне көтерілгенін байқаймыз.
Медициналық психологияға қатысты сындарлы ой-пікірді айтқан әмбебап ғұлама әл-Фараби. Оның еңбектерінің ішінде бастылары: “Адамның дене мүшелері хақында”, “Аристотель мен Галенге қарсы айтылған дау хақында”, “Аристотель мен Галеннің арасындағы дәнекер”, “Түс көру туралы сөз” т.б. Медициналық психология оның “Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы” трактатында жан-жақты сөз болады. Мұнда айтылатын ойдың негізгі арқауы – адамның нәтижелі еңбек етіп, дұрыс дем алып, жақсы өмір сүруі үшін тән саулығына ерекше көңіл аудару, яғни тәні саудың – жаны сау. Өзінің медициналық пікірлерін ғалым психология ғылымымен байланыстырып, өз тұжырымдарын осы ғылымның негізгі принциптерінің айналасында өрбітеді. “Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі” деген еңбегінде әл-Фараби былай дейді: “тәнді емдеу, Гиппократтың сөзімен айтқанда, өмірді ұзартатын болса, жанды емдеу онан да жақсы нәтижеге жеткізуі тиіс”.
Ұлы ғұлама бұл жерде адамның психологиялық, әсіресе, физиологиялық әрекетіне тәннің, дененің, ондағы жеке мүшелердің (аяқ, қол т.б.) атқаратын қызметіне ерекше мән береді. Оның пікірінше, адамның күнбе-күнгі тіршілігінде организмнің саулығымен, дұрыс жұмыс істеумен қатар, тәндегі жүйке саласының маңызы да ерекше. Әл-Фараби медицинаның психология ғылымымен байланысын көре біліп, бұл екеуін жақындастыруды ерекше мақсат еткен. Сондықтан оны Шығыс әлемінде медициналық психологияның негізін қалаушылардың бірі деп айтуымызға әбден болады.
Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Алкмеон еді. Ол ми - “жан мен сананың құйымшағы” деген. Ал кейбіреулер адам жаны жүрекке, қарынға, диафрагмаға қатысты деген пікірлерді айтады. Материалистік көзқарас бойынша, психика дегеніміз - өз бетімен объективті шындықты бейнелеу. Әлем туралы білім негізі ең алдымен нақтылы, сезе отырып меңзей қараудан басталады. Адам өзінің сезім мүшелері арқылы айналадағы ортамен қарым-қатынас арқылы керекті деректерді қабылдайды. Қабылданған деректер организмге өңделеді. Мұндай жағдайда адамның ұзақ эволюция процесінде пайда болған ойлау қабілеті – абстракция өз көмегін тигізеді. Ал абстракциядан алынған ой қорытындылары өмір шындығымен салыстырылады. Бұл салыстыру қоғамдық практикада өз нәтижесін береді. Сондықтан қоғамдық практика меңзей қарау мен хабарладың қайнар көзі.
Психология ми физиологиясымен байланысты. 1863 жылы И.М.Сеченовтің “Ми рефлекстері” деген кітабы жарық көрді. Академик И.П.Павлов пен оның шәкірттері мидың шартты рефлекстік қызметін ғылыми тұрғыда терең зерттеді. Психиканы рефлекстік әдіс пен зерттеудің арқасында орталық жүйке жүйесіндегі объективтік заңдылықтар анықталды. Психикалық қызметтің негізі қозу мен тежеу құбылыстарына, ал психиканың физиологиялық және патологиялық жағдайлары жүйке процестерінің күшіне, жылжымалылығы мен тепе-теңдігіне байланысты. Кейіннен сигналдық жүйелер туралы ғылым пайда болды. Адамда екінші сигналдық жүйенің болатыны және оның бірінші сигналдық жүйемен әрекеттестігі зерттеледі, жоғары жүйке қызметінің типтері туралы ілім қалыптасты. И.П.Павлов ұзақ уақыт иттерге жүргізілген тәжірибелердің қорытындысын психиатриялық және неврологиялық клиникаларындағы байқаулардан кейін ғана адамдарға қолданды. 1909 жылы И.П.Павлов Галилей заманынан бері тоқтаусыз жаратылыс жолы мидың жоғары бөлімінде тоқтайды деп жазды. Жаратылысты жасаған және жасаушы мидың өзі жаратылыстану ғылымының зерттеу объектісіне айналды.
Психикалық қызмет ми жарты шары қыртысының белгілі бір орталықтарымен байланысты. Жүйке орталығы дегеніміз – орталық жүйке жүйесінде, соның қыртысында орналасқан әр түрлі қызметі бойынша шоғырланған жүйке клеткалары. Басқаша айтқанда, бұл шоғырланудың өзгешелігі – оның жылжымалылығында. Осы айтылғанға қарама-қарсы қисын ретінде Галльдың френология ілімі шықты. Галль ілімінің тиімді жағы – психикалық қызметі ми қыртысымен байланыстыруында. Әрбір психологиялық қасиеттің күшеюі ми бөлігінің дамуына әкеліп соғады да, бас сүйекті керіп тұратын бұдырмақ пен томпақ пайда болады. Галльдың айтуы бойынша, осы томпақтарды сипалай отырып, адамның қабілеті анықталады (яғни математикалық қабілетке, даңққа, әуезге, махаббатқа, балаларға деген сүйіспеншілікке, беделдікке, тәртіптілікке т.б. тән томпақтар болады).
Ми қызметінің шоғырлануы Галль ұғымынан да күрделірек. Ми қызметі оның микроскопиялық құрылымымен, цитоархитектоникасымен байланысты екен. Ми қыртысының пішін мен қызметі әр түрлі байланысқан 16 миллиард клеткадан тұрады. Оның кейбіреуі бір-бірімен он мың түрлі байланысады, соның нәтижесінде жылжымалы түрде шоғырланады. Мидың барлық бөлігінің қызметі бірдей деп санайтын эквипотенциализм теориясы бар. Ми бөліктері әр түрлі қызмет атқаратындықтан, бұл теорияны қабылдауға болмайды. Сонымен психология бір жағынан, пәлсапамен, ал екінші жағынан, ми физиологиясымен және нервтік морфологиямен ұштасып жатады.
Психология мен пәлсапа туралы идеалистік ілім өкілдері психиканы мидан бөліп қарайды. Неміс психиатры К.Ясперстің айтуы бойынша, психология рух туралы ілім, сондықтан оның физиологиямен ортақ ештеңесі де жоқ. Ясперс кейін неміс пәлсапасышы М.Хайдегер (1927) негізін салған идеалистік бағыттың экзистенциализмнің (“экзистенс” - өмір сүру) өкілі болды. Бұл бағыттың мәні бойынша, адам өзінің психикасы арқылы жасалған дүниеде өмір сүреді. Кейбір адам айналадағы ортаға “өзінің санасындағы саңылаулар” арқылы қарайды. Сондықтан айналаны жеке адам өзінше сзініп, түсінеді. Мәселен, суретшілер мен әуезшілер санасында аталған саңылаулар ерекше қызмет атқарады. Ясперс психикалық ауруларды тұрмыстың ерекше бір түрі деп қарады, сондықтан ол аурудың себептері мен патогенезіне көңіл аудармай, оның жеке белгілерін тексеру керек деді.
К.Ясперс З.Фрейдтің психикалық талдауына – фрейдизмге қарсы шықты. Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның барлық мінез-құлқы мен инстинкті (соқыр сезім), атап айтқанда, жыныстық еліктеуге байланысты дейді. Ол әлеуметтік ортамен санаспай, сананың ролін төмендетіп, инстинктке ерекше маңыз берді. Оның ойынша, жас баланың шешесіне деген жыныс құштарлығы пайда болады, бірақ тәрбиенің арқасында бұл құштарлық біртіндеп өркениетті интстинктердің табиғи білінуіне қарсы тұрады. Кейіннен күңгір сезімдер, ауру, түс көру, жала, түрлі қателіктер ретінде сырттай білінеді. Ол түс көруді және жаланы талдау ретінде ауруды танып, емдеуге болатынын айтады. Фрейд түс көрудегі белгілер арқылы аурудың себебін түсіндіруге тырысады. Мысалы, түсте көрген таяқ, қолшатыр, кескіш және шанышқы сияқты заттар ер адамның жыныс мүшелерімен теңестіріліп аурулардың әртүрлі белгілерін ауытқыған жыныс сезімдерімен, жүйкенің, психиканың зақымдануымен соматикалық аурулардың пайда болуымен, ал қарындағы жара мен демікпені сәбиді ана сүтінен айырумен байланысты. Ему – жыныстық құштарлықтың ауыз арқылы болатын түрі, емшектен айырған баланың жыныстық құштарлығы бәсеңдейді деп түйіндейді ғалым.
Ол өзінің психикалық талдауында балалық шақтағы бастан кешкен уақиғалардың қалыптасуында үлкен роль атқаратынын айтқан. Мәселен, балалық шақтағы жыныстық жетілу төрт кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі – 1-ден 1/2 жасқа дейін орельдік кезең (“ор” латынша - ауыз) ауыз арқылы болады. Сәби емшек емген кезде оның ерні мен тілі қозады. Екінші кезең (3 жасқа дейін) анальдік деп аталады (“anal” – латынша артқы тесік). Бұл кезеңде сәбидің жыныстық қанағаттануы нәжіс не зәр бөлген кезде өтеді. Үшінші кезең фаликалық (“fallo” – латынша жыныс мүшесі) деп аталады (7 жасқа дейін). Ұл балаларда мұндай кезеңде шешесіне деген жыныстық қиял елес береді, ал қыз балалар еркектік жыныс мүшелері болмағанына қайғырып, шешесін кінәлап өзінің махаббатын әкесіне аударады. Төртінші кезең – 12 жасқа дейін. Бұл кезеңде жыныстық құштарлық баланың өзіне ауғандықтан аутоэротизм (ауто – латынша “мен”) деп аталады.
Мақсаты: психологиялық тұрғылары, баға және басқару кадрларын әзiрлеу туралы бiлiм беру
23 09 2014
1 стр.
Тақырып: Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері. Психологиядағы зерттеу әдістері
01 10 2014
1 стр.
Мақсаты: Стресс түсінігін,сонымен қоса оның механизмдері мен алдын алу шараларын оқыту
25 12 2014
1 стр.
Азахстан тарихы пәні бойынша оқу сабақтарының 2010-2011 ОҚу жылына арналған тақырыптық жоспары
25 12 2014
1 стр.
«Құқық негіздері» пәні 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 1 курстың студенттері үшін дәрістердің 2012-2013 оқу жылының ІІ семестріне
17 12 2014
1 стр.
Мту жексенбілік кеңес беру тыңдаушылары үшін физика пәні бойынша оқу сабақтарының 2010-2011 ОҚу жылына арналған тақырыптық жоспары
17 12 2014
1 стр.
Оқу жылының мемлекеттік емтиханына арналған мамандығы 051302 «Стоматология» «Ортопедиялық стоматологиядағы стоматология материалтану негіздері» элективті пәні емтихан сұрақтарының
25 12 2014
1 стр.
14 12 2014
4 стр.