Перейти на главную страницу
Әдістемелік нұсқаулар |
![]() |
Форма Ф СО ПМУ 7.18.2/05 |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Экономика және кәсіпорындағы басқару кафедрасы
«Өндірісті ұйымдастыру» пәні
бойынша 050506 «Экономика»,
050507 «Менеджмент» мамандығы
студенттерінің өздік жұмыстарына арналған
Әдістемелік нұсқау
Павлодар
Әдістемелік нұсқауларға аранлған бекіту парағы |
![]() |
Форма Ф СО ПМУ 7.18.1/05 |
Қаржы-экономикалық факультетінің деканы
___________ Т.Я. Эрназаров «____» _________ 200_ ж.
БЕКІТЕМІН
Құрастырушы: ЭжКБ кафедрасының профессоры, т.ғ.к., доцент_________
С.С. Донцов
«___» __________ 200_ж.
«Өндірісті ұйымдастыру» пәні
бойынша 050506 «Экономика»,
050507 «Менеджмент» мамандығы
студенттерінің өздік жұмыстарына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«___» _____________ 200_ ж. кафедра отырысында ҰСЫНЫЛДЫ.
Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі__________________ С. К. Кунязова
«____» ____________ 200_ ж., Қаржы-экономикалық факультетінің әдістемелік кеңесімен МАҚҰЛДАНДЫ
Хаттама №_____
ӘК төрайымы________________ Л. А. Сидорова
«Өндірісті ұйымдастыру» пәні бойынша студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулардың мақсаты: қазіргі заман кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру және басқарудың тиімді жақтарына байланысты студенттерде теориялық, әдістемелік және тәжірибелік мәселелер бойынша білім қалыптастыру.
Аталмыш әдістемелік нұсқаулардың міндеттері: Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің ғылыми-техникалық, өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік іс-әрекеттерін ұйымдастыру, жоспарлау, басқару салалары тәжірибесінде туындайтын мәселелерді тиімді шешуге жеткілікті білікті деңгейлері бар өндіріс менеджерлерін дайындау.
Студенттің өздік жұмысы құрамына берілген тақырыптарды дайындау және талқылау, сонымен қатар оқытушының берген тапсырма нұсқаларына байланысты есептік-тәжірибелік жұмыстар кіреді.
1. «Өндірісті ұйымдасытру» курсының пәніне, міндеттеріне және құрылымына анықтама беру, осы пәнді меңгерудің негізгі мақсаттарын анықтау.
2. Нарықтық қатынас қалыптасу жағдайындағы шаруашылық нысаны ретінде кәсіпорын рөлін және оның орынын анықтау.
3. Өндірісті ұйымдастыру туралы ғылымның даму тарихының негізгі кезеңдерін және шаруашылық іс-әрекеттерді жүзеге асырудың қазіргі заманғы ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын меңгеру.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 1,5,6. сәйкес
1.2 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы.
1. Кәсіпорынның және цехтың өндірістік құрылымдарының өздеріне тән ерекшеліктерімен танысу.
2. Негізгі, көмекші өндірістерге және қызмет көрсетуші шаруашылықтарға қысқаша сипаттама беру.
3. Өздерінің мамандандыру деңгейлеріне байланысты кәсіпорындардың өндірістік құрылымдарының ұлғайтылған типтерін меңгеру.
4. Қазіргі заманғы кәсіпорындардың мамандануының негізгі бағыттарын сипаттау.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 2,7,18 сәйкес
1. Қазіргі заманғы өндірістік процестердің ұйымдасуымен, құрылымымен танысу, олардың рационалды ұйымдасуының негізгі принциптерін меңгеру.
2. Өндірістік цикл және оның құрылымы ұғымдарына анықтама беру, өндірістік процестердің құрылымы мен ұзақтығын анықтайтын операциялық циклдер үйлесімділігінің негізгі түрлерін атау.
3. «Күрделі процестің өндірістік циклі» ұғымын анықтау, оның құрылымымен және оптимизациялау бойынша өткізілетін негізгі шаралармен танысу.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 3,8,10. сәйкес
1.4 тақырып. Өндірісті ұйымдастырудың типтері мен формалары.
1. Өндірістің негізгі типтерін және олардың жіктелу негізін қалаған факторларды оқу. Жеке, сериялық және көпшілік өндірістік процестердің ұйымдасу ерекшеліктерін атап өту.
2. Ағымдық өндірістің ұйымдасуын, оның жалпы сипаттамасы мен әралуандығын; ұйымтастырудың ерекшеліктері мен үздіксіз-ағымдық және үздік-ағымдық (тура) өндірістік сызықтардың есептік негіздерін меңгеру.
3. Сериялық өндірісте ағымдық сызықтарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, автоматтандырылған ағымдық сызықтарды ұйымдастыру жағдайларын меңгеру.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 1,9,15 сәйкес
1.5 тақырып. Өндірістің ғылыми-техникалық даярлығын және жетілун ұйымдастыру.
1. Өндірістің техникалық дайындық құрылымымен және ұйымдастырылуымен танысу.
2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі сатыларын, өнертапқыштық, рационализаторлық және патендік-лицензиялық жұмыстардың ұйымдастырылуын; ғылыми-зерттеу жұмыстарының экономикалық тиімділігін анықтайтын факторларды меңгеру.
3. Өндірістің конструкторлық және технологиялық дайындықтың негізгі сатылары мен міндеттерін қарастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 4,11,27 сәйкес
1.6 тақырып. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру.
1. «Өнім сапасы» ұғымына анықтама беру және оның негізгі көрсеткіштерін атау.
2. Өнім сапасының көрсеткіштерін анықтайтын негізгі әдістерді, өнім сапасын басқарудағы стандарттау жүйелерін меңгеру.
3. Өнімді халықаралық, мемлекеттік, салалық және заводтық аттестациядан өткізудің мәнін түсіндіру; техникалық бақылаудың негізгі міндеттерін, нысандарын, функцияларын және атқарушыларды атау; техникалық бақылаудың негізгі түрлері мен әдістерін атау.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 6,12,24 сәйкес
1.7 тақырып. Табиғатты қорғауды және табиғи ресурстарды рационалды пайдалануды ұйымдастыру.
1. ҚР Президентінің «Стратегия-2030» атты халыққа Жолдауындағы Қазақстан ресурстарын бағалауымен танысу.
2. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіпорындардың негізгі міндеттерін атап өту.
3. Мына сәйкесінше нормативтік-заңнамалық актілерді меңгеру: ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы, (табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға байланысты құқықтар мен экономикалық жауапкершіліктер бөлімінде) ҚР «ҚР экологиялық сараптама туралы» Заңы.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 1,5,19 сәйкес
2 тарау. Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастырудың негіздері.
2.1 тақырып. Өндірістік инфрақұрылым бөлімшелерінің мазмұны мен міндеттері.
1. «Өндірістік инфрақұрылым» ұғымын анықтау, өндірістің техникалық қызмет көрсетуінің мазмұны мен мәні.
2. Қазіргі заманғы өндірістің техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастырудың және жетілдірудің негізгі талаптары мен принциптерін меңгеру.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 1,12,17 сәйкес
1. Қазіргі заманғы кәсіпорындардың аспаптық шаруашылығының, жалпызаводтық және цехтік бөлімшелердің аспаптық шаруашылықтарының негізгі міндеттері мен ұйымдастырылуын меңгеру.
2. Өндірісті жабдықтауды жоспарлаудың жүйесімен, аспаптар шығынын анықтаудың негізгі әдістерімен, цехтің және кәсіпорынның айналым қорын жоспарлау құрылымымен, цехтерде аспаптық шаруашылықты ұйымдастырумен танысу.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 3,17,28 сәйкес
1. Кәсіпорында жөндеу жұмыстарын рационалды түрде ұйымдастыру негіздерін, қазіргі заманғы кәсіпорындарда жөндеу жұмыстары шаруашылығының құрамы мен функцияларын меңгеру.
2. Құрал-жабдықтардың жоспарлы-ескертпелі жөндеу жұмыстары жүйесімен танысу, техникалық қызметтердің және жоспарлы, яғни ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының сипаттамалық ерекшеліктерін меңгеру; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және дайындаудың негізгі сатылары;
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 7,13,29 сәйкес
1. Қазіргі заманғы кәсіпорындарда көліктік шаруашылықты рационалды ұйымдастырудың басты жағдайларымен танысу.
2. Көліктік процестердің өтуіне қарай көліктік құралдарды жіктеу. «Жүкайналым» және «жүк ағымы» ұғымдарын анықтау.
3. Цехаралық тасымалды ұйымдастыру кезінде көліктердің қозғалыс маршруттарының негізгі жүйелерін меңгеру; көліктік шаруашылықты техникалық-экономикалық, күнтізбелік жоспарлау және оның диспетчерлік жұмыстары.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 6,9,14 сәйкес
2.5 тақырып. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру.
1. Қазіргі заманғы кәсіпорындардың қоймалық шаруашылығының негізгі міндеттерін анықтау, функционалдық бағыттары мен материалдық құндылықтарды сақтау жағдайларына байланысты қоймаларды жіктеу.
2.Көліктік-қоймалық шаруашылықты жетілдірудің негізгі бағыттарына сипаттама беру.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 2,12,17 сәйкес
1. Қазіргі заманғы кәсіпорындарда энергетикалық шаруашылықты ұйымдастырудың негізгі міндеттері мен құрылымын меңгеру; кәсіпорында энергетикалық ресурстардың негізгі түрлерімен қамтамасыз етудің әртүрлі нұсқалары.
2.Өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетикалық шаруашылығының жалпызаводтық және цехтік бөлімдерімен, оның энергетикалық шығыны құрылымымен және жетілдірудің негізгі бағыттарымен танысу.
Ұсынылатын әдебиеттер қосымша мына тізімге: 4,7,14 сәйкес
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде құпталған
10 10 2014
1 стр.
200 ж., Қаржы-экономикалық факультетінің әдістемелік кеңесімен мақҰлданды
25 12 2014
1 стр.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ОӘК мақұлданды 2012ж. № хаттама
17 12 2014
1 стр.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ОӘК мақұлданды 2012ж. № хаттама
16 12 2014
1 стр.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ОӘК мақұлданды 2012ж. «16» 11 №4 хаттама
16 12 2014
1 стр.
«Экономика», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттеріне арналған
25 12 2014
1 стр.
«Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050506 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маргетинг» мамандығының студенттеріне арналған
12 10 2014
1 стр.
«Тереңдетілген қаржылық талдау» курстiң мақсаты компаниялардың қаражат-шаруашылық қызметтiң талдау теориясын және әдістемесін тыңдаушыларымен терең меңгеру болып табылады
25 12 2014
1 стр.