Оқушылардың құзыреттілігін арттыруда инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын көтерү
Ж.Т.Кисанова
«№45 бейімделген орта мектебі»ММ
« ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА БІЛІМ БЕРҮ ҮРДІСІ СУБЪЕКТІЛЕРІН ДАМЫТУДА ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРҮДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»
Қазақстан Республикасының білім берүді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған даму бағдарламасында жоғары басымдылығы ретінде адам ресурстарын дамыту.2020 жылға дейін Қазақстан-білімді мемлекет,ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші.Білім беруді дамыту мемлекеттің экономикалық гүлденүдің негізі болуы керек деп айтылған. Осы стратегиялық жоспар қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне,
Жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру.
Егеменді еліміздің болашағы білім берү жүйесі мен мектептерге байланысты.
Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұның, оның құрылымдық
жүйесін жаңарту – білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.Осы талапқа сай оқушылардың белсеңділігі мен танымалдық іс-әрекеттері арқылы оқушылар шығармашылығын дамыту, осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу-мұғалімдер алдындағы басты міндет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізү »білім берү жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай талдай, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын менгермейінше сауатты жанжақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру-мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Мұғалімдер съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар, сіздер оларға қалай білім берсеніздер, Қазақстан сол деңгейде болады»деген еді.
Ендеше бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім беру, оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату, шығармашылық қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру мұғалімдерге жаңа талап қояды.
XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендірү оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады.
Ақпараттық технологиялар практика жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларына байланысты пәндерді оқытуға қатысты. Оқытуда ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану бойынша біліктілік арттырудан өткен педагогтардың үлесі 2015 жылы олардың жалпы санының 90%құрайды
деп 2020 жылға дейін арналған стратегиялық бағдарламада көзделген. Олай болса, география пәнінің мұғалімі де компьютерді жетік меңгеріп информатикада хабар болуы қажет.
Әлеүметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі күйін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру стандартында қабылдап отырған негізгі құзыреттіліктерді: проблеманың шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді дамыту қажет екендігін айта кетүіміз керек.
Стандартта ақпараттық құзырет келесі бөліктерді қамтиды:
-
оқу іс-әрекетін іске асыру үшін ақпараттарды іздеү, талдау және тандап алу
-
оқу әрекетінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес таңдап алынған оқу материалдарын жіктеу
-
оқу іс-әрекетінде пайдалану үшін алынған ақпараттарды өндеу және өзгертү
-
өнделген ақпараттарды оқу іс-әрекеті үрдісінде қолдану
-
сыни тұрғысынан талданған ақпараттар, негізінен, саналы шешім қабылдауға
-
өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеүге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жетү үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға
-
өз бетінше шешім табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндірүге және ақпараттарды тасымалдауға
География ғылымы өте қызықты да күрделі. Пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға табиғаттың күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып , сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.
Жаңа ақпараттық технологияны сабақта пайдалану, оқушының шығармашылық интеллектуалдық қабілетінің дамуына,уөз білімін өмірге пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.
Білім беру субъектілерін қазіргі заман талабына сай ,Жерсерік арнасы арқылы қашықтықтан оқыту және электрондық оқулықтарды пайдаланып география пәніне деген қызығушылығын арттыру әрбір география мұғалімінің міндеті.
Сонғы жылдарда жаңа технологиялардың көмегімен оқыту-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша емес ,дәстүрлі жуйелермен тұрақты байланыста ,оқыту процесінде оқытушы мен оқушы арасында тиімді субъектілік қатынас болып табылады .
Электронды оқулықтар оқушының білім қорымен қаруландырып қана қоймай, танымдық белсенділігін арттыруда алатын орны ерекше .Мектебімізде география пәні бойынша 6-10 сыныптарға арналған оқулықтар бар .Бұл оқулықтар Білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сай жасалынған .
География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұпжазбас бірлестікте екенің ескеріп, оқушылардың география сабағында материкпен дүние бөлігіндегі және аралдағы елдер мен халықтар жайында ,қызғылықты деректерді тек оқулық мәтіндегі берілген карта ,сызба,сүрет немесе диаграммаларды пайдаланумен ғана шектелмей,электрондық оқулықта көрсетілген бейне арқылы пайдаланған тиімдірек.
Материктердің қалыптасуын, дамуын және қазіргі табиғат жағдайындағы ұқсастықтарын, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерін көзбен көріп, есте сақтау үшін,жерсерік арнасы арқылы қашықтықтан оқыту жүйесін пайдаланған жөн .
Оқушылар оқулықпен жұмыс істеү барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, сүреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы біліктіліктерін арттыратын болса көзбен көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттырады.
6 сыныпта «Физикалық география »курсындағы карта және план тарауынан алған теориялық білімін , дағдыларын күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибеде практикамен ұштастыра білген жағдайда, оқушының іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, шығармашылыққа қабілеті жоғарлайды. Карта-
ның тілін білү барысында оқушы алдымен қарапайым планды оқи білүі керек.
Планды түсіріп, оқи білү үшін алдымен шартты белгілерді білү қажет .Осы мақсатта компьютердің көмегімен топографиялық диктант алған тиімді. Оқушының өз бетінше зерттеү жүргізүі оның көкейінде жүрген сауалға жоспарлы түрде жауап табуға үлкен ықпалын тигізеді .
7-сыныпта өтілетін материктер мен мұхиттар географиясы курсында оқушылар материктермен дүние бөліктері таруында географиялық орнынан бастап ,елдері мен халқы және жекелеген елдерімен танысумен аяқтайды .Әрбір материктің географиялық орнын анықтап, оның географиялық объектілерін (бұғаздарын, шығанақтарын, түбектерін, аралдарын, теңіздерін, өзенкөлдерін, сарқырамаларын, тауларын, жазықтарын, ойпаттарын, үстірттерін, шөлдерін және т.б.) картадан жаттанды түрде көрсетү үшін оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру электрондық оқулықтың көмегі арқылы іске асады. Материктің табиғат белдемдерін, климаттық белдеүлерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін оқулықтан игергенімен практика жүзінде картадан көрсете алмаса, білім сапасының артуы мүмкін емес.География сабағын информатикамен тығыз байланыстырып, компьютерде ақпараттық технологияларды және электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың білімін одан әрі жетілдіреді .
Географиядан мультимедиялық кабинетте электрондық оқулық және қашықтықтан оқыту желісін пайдаланып , өткізілген сабақтардан үлгі ретінде ұсынамын 9 сынып «Қазақстанның экономикалық және әлеүметтік географиясынан «Отын-энергетика кешені», «Мұнай өнеркәсібі» тақырыбын өткенде ,Қазақстандағы мұнай-газ өндірісі шоғырланған ,дамыған аймақтарын, мұнайдан алынатын өнім түрлерін, мұнай-газды өндірүдегі ірі компаниялардың жұмыс жүргізү тәсілдерін интернеттен алу арқылы сабаққа
Пайдаланып, электрондық оқулықтағы тақырып бойынша берілген тапсырма, тесттер орыдалды.
«Қара металлургия» тақырыбын өткен кезде компьютерде интернет арқылы, домна, мартен пештеріндегі өте жоғары температурада балқытылып, қорытылып жатқан руданы бейнекөрініс арқылы көріп, өздері сол металлургия комбинатының жанында тұрғандай сезініп, пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Сол сияқты, Ақтөбе облысындағы Кемпірсай, Дөн
кен-байыту кеніштерінде дүние жүзіне еліміздің атын шығарып тұрған
фосфор, хром, никель рудаларының өндірілү жүйесі жайында электрондық
оқулықтан қосымша ақпараттармен білім толықтырылып, оқушы ой-өрісін кеңейтүіне жол ашты. Мұндай мысалдарды көптеп келтірүге болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқушының субъектілігін дамытуында және білім сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері көп :
-
мәтіндік , графикалық, аудио-бейне , ақпараттық анимацияның бірігүі
-
ғалымдар мен педагогтардың дәрістеріне қатысуына , өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға күә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына , жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегүіне мүмкіндік жасады
-
оқу, көрү, материалды іріктеү, керекті жерін жазып алу, қажет рефераттарды дайындауға мүмкіндік береді
-
оқушылардың әлеүметтік қоғамның мүшесі болу қажеттілігін арттыра түседі
-
ғылыми жұмыстармен айналысу , қажетті материалдар табу мәселесін
женілдетү
-
электронды поштаны қолдану
-
телеконференция өткізү, алыс қашықтықтан ұжымдық жұмыс ұйымдастыруындағы мүмкіншілік береді
-
мультимедия жүйелері ақпаратты пайдалануға, әр түрлі параметрлер бойынша өзгертүге мүмкіндік береді
Сонымен , жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып , электронды оқулықпен білім берудегі ерекшеліктер мыналар болмақ:
-
түрлі анықтамалық ақпараттар алады
-
оқушылар өздігінен білім алады
-
пәнге қызығұшылығы артады
-
оқушының шығармашылық ізденісі жоғарылайды
-
қосымша терең білім алады және өзін-өзі тексереді
-
тақырыпқа қажетті бейнекөріністі тамашалап,талдайды
-
дидактикалық материалды қолдану тиімділігі артады
-
сарамандық жұмыстар
-
денгейлік тапсырмалар орындайды
-
тесттік тапсырмалар шешеді
Қорыта келгенде , қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінде әлеүметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді, яғни оқыту мен тәрбиелеүдің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық, оқу курстары) өтіп, екінші саты-ақпараттық технология деңгейіне көтерілү. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – білім субъектілерін дамытуда үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған даму бағдарламасы
2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана,2010ж. ҚР БжҒМ. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясы.
3.География және табиғат. №6, 2008ж
4.Қазақстан мектебі. №6,2006ж.
5.Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения. Алматы. 1995г.