Перейти на главную страницу
(2013.08.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер |
(1-5-баптар) |
2-тарау. Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру |
(5-1-12-1-баптар) |
3-тарау. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау |
(13-20-1-баптар) |
4-тарау. Жұмыспен қамту саласындағы бақылау мен есептілік |
(21-23 баптар) |
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 1-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;
2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;
3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;
4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;
5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерi;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
3) білім беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
7) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөніндегі қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.
5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1) 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН IСКЕ АСЫРУ
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 6-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртібін, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
1) уәкiлеттi органдарға әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты жүзеге асыруға;
2) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға;
3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзiрлеуге;
4) iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарауға қатысуға;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөлуге;
7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;
8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 9) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңт
15 10 2014
1 стр.
Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi
25 12 2014
4 стр.
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағ
25 12 2014
1 стр.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағ
12 10 2014
1 стр.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңта
16 12 2014
1 стр.
Республикасының «Халықты жұмыспен қамту» Заңына сәйкес мемлекет тарапынан жұмыссыздықтан қорғау мақсатында келесі әлеуметтік шаралары көрсетіледі
25 12 2014
1 стр.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабының 5-2, 5-3, 5-5, 5-6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті ме
25 12 2014
1 стр.
Жылғы 16 сәуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 бағдар
15 10 2014
1 стр.